Дәрістік кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:49, методичка

Краткое описание

ДӘРІСТІК КЕШЕН
1 модуль

Файлы: 1 файл

8 Дәрістік кешен.doc

— 552.00 Кб (Скачать)
 

ДӘРІСТІК  КЕШЕН

1 модуль 

Тақырып 1. Аудиттің маңызы,  мақсаты  және түрлері.

Сабақтың  мақсаты: аудиттің мәні, мақсаты, маңызы, зерттеу объектісі және функциясың ашып көрсету. Сонымен қатар, аудиттін Қазақстанда қалыптасуы мен дамуын көрсету.

Дәріс сұрақтары:

  1. Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы.
  2. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы.
  3. Аудит объектісі мен фунқциясы. Аудит түрлері және қосарлы қызмет түрлері.

  Негізгі түсініктемелер: аудит, аудиторлық бақылау, ішкі аудит, сыртқы аудит, еріқті аудит, аудиторлық қызмет

Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы

      “Аудит” сөзі латынның “audit” – тыңдау деген  сзінеөн шыққан. орта ғасыр бойында  аудиторлардың белсенді іс әрекетін дәлелдейтін тарихи айғақтар аз емес. он үшінші ғасырдан бастап  аудитор мен бухгалтер әр түрлі қєсіп түрі бола бастады.

      Акционерлік қоғамдарға аудиторлық қызмет қµөрсетудің  ережесін заңды тұрде алғашќы  бекіту Англияда 1844 жылы болды; ол жылы компаниялар туралы заң –компаниялардың  шоттары мен есептеріне 1 жылда  бір рет міндетті аудиторлық тексеріс жүргізуді реттейтін құжат - өз құшіне енді.

 ҚР 20.11.1998ж. № 304-1“Аудиторлық қызмет  туралы ” заңының 2 бабының  1п.сәйқес аудиторлық қызмет аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық  есебін аудитін өтқізу бойынша  кәсіпқерлік іс-әреқет. Аудит заңды тұлғалардың қаржылық есебінің   ҚР заңдарының талаптарына (ҚР “Аудиторлық қызметі туралы ” заңының 4 бабы 1п.) сәйқес сенімді және  әділ жасалғандығы  туралы тәуелсіз піқір беру мақсатында теқсеру.

      Аудиторлық  бақылау қаржылық-эқономиқалық бақылаудың басқа түрлерінен (ревизия, мемлеқеттіік ұйымдардың және басқа да аудиторлардан бөлек тұлғалардың тексерісі) мақсаты мен талабы; тексеруді жүргізетін тұлға; тесерілетін мекемелерге (клиентке) экономикалық және заңгерліқ қарым- қатынасы және сол  сияқты параметрлері бойынша ерекшеленеді.

      Қаржылық  есеп беру аудитінің мақсаты –  аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды беру мүмкіндігін беру.

 Аудит  пен ревизияның арасында  айырмашылықтар  көп болғанымен, тексеру әдістеріне, тәсілдеріне деген ортақ көзқарас  бар.

2. Аудиторлық қызметтің Қазақстандағы даму бағыты

            Қәсіпкерлік қызметтің  жаңа тұрі ретінде аудит Қазақстанда  ХХ ғасырдың 90 ж. басында пайда болды. Аудит біздің елімізде  жаңа құбылыс ретінде  әлі қалыптасу үстінде болса да сол кезден бастап тез дами  бастады. Қазақстандағы аудиторлық қызметтің  осы уақытқа дейінгі дамуын талдау нәтижесінде  аудит елдің экономикалық даму ұрдісінде маңызды рөл атқарады және өз орнын тапты деген қорытынды жасауға болады.

      Бухгалтерліқ  есепті реттеу, есепті шет елдік  серіктестеріне беру қажеттілігі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен қаржылық есепті дайындаудың бірталай маңызды  өзгерістерге әқелді. ҚР қолданылып жұрген  “Бухгалтерліқ есеп жєне қаржылық есеп беру туралы” заңына сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметі анықтаған жекелеген мекемелер, ал 2004ж.1 қаңтарынан басқа мекемелер қаржылық есептерін халықаралық қаржылық есеп стандарттарына (ХҚЕС) сай жасауы керек. Бұл талап қазіргі кезеңде қаржылық есеп жасау және оны халықаралық стандарттарға ауыстыру  бойынша аудиторлық қызметке деген сұранысты туындатады.

      Есепті  ХҚЕС ұлгісіне ауыстыруға мекемелерге  жоғары білікті аудиторлардың кеңесі тұрақты түрде қажет болады деп болжануы мұмқін, яғни аудиторлық фирма жүйелі түрде әр тоқсан сайын аудиторлық тексеріс және бухгалтерлік-қаржылық қызметкерлеріне кеңес береді, ал жылдық есеп нәтижесі бойынша аудиторлық есеп құрастырады.

      ҚР  “Аудиторлық қызмет туралы” заңына сәйкес аудиторлық фирманың жұмыс жасауының 4 міндетті шарты бар:

      бірінші  - аудиторлық фирма құрамында аудиторлар саны (ҚР аудиторының біліктіліқ куәлігі бар) 3 адамнан кем болмауы керек;

      екінші - жарғылық капиталда аудиторлардың немесе басқа аудиторлық мекемелердің үлесі 51% кем болмауы керек;

      үшінші  – аудиторлық фирманың басшысында ҚР аудиторының біліктілік  куәлігі міндетті тұрде болуы керек;

      төртіншіҚР қаржы министрлігі берген лицензияның болуы (банктік және сақтандыру аудиті үшін ҚР ұлттық банкі берген).

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін аудиторлық фирмаларды төрт топқа бөлуге болады:

  1. “Ұлкен төрттіктің” аудиторлық фирмалары;
  2. бірнеше жетекші ұлттық аудиторлық фирмалар;
  3. ұсақ ұлттық аудиторлық фирмалар;
  4. жеке кәсіпкерлер.

   Қазақстандық  рынокта жұмыс атқаратын аудиторлық фирмалар өз сипаттары бойынша өте әр тұрлі, олардың көрсететін қызметтерінің сапалық деңгейі де әртүрлі. Бірақ аудиторлық фирмалар қызмет көрсетіп жүрген біздің эқономиқалық жағдайымызды да есепке алу қажет.

      Аудиторлық  қызмет нарығының дамуының  маңызды бір  бағыты олардың кеңес беру ұрдісімен қиюласуы.  Аудиторлар аудиторлық есептеріне анықталған қателер мен дәлсіздіқтерден басқа қолданылып жүрген есеп саясатының, бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың және бағдарламалық өнімдердің  тиімділігі туралы қорытындыны, сол сияқты оларды өзгерту мен жақсарту бойынша ұсыныстарды қоса бастады. Соған байланысты  аудиторлық есептің талдамалы бөлімінде кеңес беру элементтері пайда болды.

      3.Аудит объеқтісі мен фунқциясы. Аудит тұрлері және қосарлы қызмет тұрлері

   Аудиттің  түрлерін зерттеудің зор әдістемелік  маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект  ретінде ішкі және сыртқы аудит болып  бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай  толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

     Халықаралық тәжірибеде аудит ішқі және сыртқы болып бөлінеді.

      Ішқі  аудит - мекеменің әкімшілік мүддесіне қарай шаруашылық іс әрекеті нәтижесін тексеру және бағалау бойынша ұйымдағы  тәуелсіз қызмет. Ішкі аудитті осы мекемені тікелей өзінде істейтін аудиторлар немесе бухгалтерлер жүргізеді. Ішкі аудит есепте бұрмалаушылық пен заң бұзушылыққа жол бермейтін тиімділігі жоғары бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жұйесінің құрылуына жағдай жасайды.

         Сыртқы  аудит – сыртқы тәуелсіз аудиторлармен немесе аудиторлық фирмалармен мекеменің қаржылық есебінің дұрыстығын әділ бағалау мақсатында келісім шарт негізінде  жүргізіледі. Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері. Сыртқы аудит қызметін атқарушылар - жеке аудиторлар және аудит фирмалары.

            Аудиторлық  қызмет - ол мекемелердің қаржылық есебінің дұрыстығын тексеріп, ресми аудиторлық есеп беру.

Аудиторлық  тексеріс міндетті немесе ерікті болуы мүмкін.

      Жылдағы міндетті аудиторлық тексерістен өтуі қажет мекемелер шеңбері “Аудиторлық қызмет туралы ” ҚР заңының 4 бабында келтірілген.

      Еріқті  аудит тексерілетін ұйымның еркімен жүргізіледі.

Аудиторлық  тексеріспен қатар аудиторлық ұйымдар  аудитқа қосымша қызмет те көрсете алады. Қосымша қызмет деп аудиторлық ұйымдардың аудиторлық тексерістен баска жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметін айтады. Олардың түрі “Аудиторлық қызмет туралы ” ҚР заңының 2 бабымен қатањ белгіленген. Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға бұл бапта көрсетілгеннен басқа іс әрекет түрлерімен айналысуға тиым салынған.

      Кесте - Қосымша қызметтер түрлері

Қызмет түрлері
1 Бухгалтерліқ  есепті жүргізуді ұйымдастыру,қалпына  келтіру және жұргізу,қаржылық және статистикалық есеп жасау
2 Салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларацияларын толтыру
3 Қаржылық-шаруашылық іс әрекетті талдау
4 Қаржылық, салықтық, банктік және басқа да шаруашылық заңдары бойынша кеңестік және ақпараттық қызмет көрсету
5 Қосымша кәсіби білім ретінде бухгалтерлік есепті, салықтық есепті, аудит және қаржылық-шаруашылық іс әрекетті талдауды оқыту
6 Оқытушылық, ғылыми қызмет
7 Бухгалтерлік  есепті автоматтандыру, автоматтандырылған бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша  ұсыныстар беру
8 Ғылыми жұмыстар, бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша әдістемелік көрнекті құралдар мен ұсыныстарды жасау
9 Бизнесті бағалау
10 Бағалау қызметтері
11 Бағалы қағаздар нарығындағы іс - әреқет
12 Адвокаттық  жұмыспен байланысты емес заңгерлік  көмек көрсету

 

    Қорытынды

      Аудит Қазақстан Республикасы заңында  белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді. 

Дәріс сабағына әдістемелік  нұсқау

      Дәріс сабағын толығымен ігеру  үшін ҚР аудиторлық заңға сәйкес аудиторлық қызметтін мәні мен маңызына ерекше мән беру қажет. Дәріс тақырыбын оқу барысында негізгі түсініктемелерге аса зор мән бере отырып, оларды түсіне білу керек. 

Өз  білімін тексеру  сұрақтары

1. Аудит  дегеніміз не?

2. Аудиттың  мақсатына сипаттама берініз

3. Аудиттың  маңызы мен міндеттерің түсіндірініз

4. Аудиттің қандай түрлерің білесіз?

5. Аудиторлық  қызмет көрсету түрлерін көрсетініз

6. Қазақстанда  аудит қалай дамып отыр 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

      Негізгі әдебиеттер:

  1. Богатая И.Н., Хахонова Н.Н. Аудит. Серия «Высшее образование». – Ростов н/Д: Феникс, 2003, стр.108 – 114.
  2. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ Аудит: Оқулық.- Алматы: 2006ж. 31-48  б.
  3. Ажибаева З.Н. Аудит. Учебниқ. Алматы 2005
  4. Ержанов М.С. Аудит 1. Базовый учебник Алматы 2005
  5. Абленов Д. Аудит негіздері . Оқулық. Алматы 2005
  6. Шарипов А.Қ. Аудит. Оқулық. Алматы, 2010 жыл 

Қосымша әдебиеттер:

  1. ҚР «аудиторлық қызмет туралы заңы» 20.11.1998 жыл (2009 ақпан айындағы өзгертулер мен толықтырулар)
  2. Аудиттің халықаралық стандарттары Алматы:  Раритет 2001.
 

    Тақырып 2. Аудиторлық қызмет және оны нормативтік – құқықтық реттеу

     

Сабақтың  мақсаты:  білімгерлерге ҚР- да аудитті нормативтік-құқықтық реттеу, аудиторларды  кәсіби аттестациялау лицензиялау тәртібін көрсету болып табылады. Аудиттің халықаралық стандарттарына тұсңнңк және сипаттама бері дәрістін мақсаты болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Қазақстан  Республикасында аудитті нормативтік-құқықтық  реттеу

Информация о работе Дәрістік кешен