Дәрістік кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:49, методичка

Краткое описание

ДӘРІСТІК КЕШЕН
1 модуль

Файлы: 1 файл

8 Дәрістік кешен.doc

— 552.00 Кб (Скачать)

2.Аудиторларды  кәсіби аттестациялау және лицензиялай  жүйесі 

Негізгі түсініктемелер: аудиторлық стандарт, лицензиялау, кәсіби аттестациялпу, жалпы стандарттар, жұмыс стандарты, аудиторлық этика. 

Дәрістің қысқаша мазмұны 

1.Аудиторлық  қызмет және ҚР  нормативтік құқықтық  реттелуі

     Қазақстандағы аудиторлық қызметті реттеу ұрдісіне келесі мемлекеттік ұйымдар тікелей  қатысады:

  • ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелік департаменті;
  • ҚР ұлттық банкі;
  • ҚР аудиторлар Палатасы;
  • Аудиторларды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясы.

    Қазақстанда аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі жасалған деуге болады. 1993 жылдың 18 қазанында «ҚР аудиторлық қызмет туралы» бірінші заң қабылдаған. Бес жылдан кейін 1998 ж. 20 қарашада «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР екінші заңы кабылданды. 18.12.2000 ж., 15.01.01ж., 02.03.01ж., 26.12.02 ж., 16.05.03 ж., 11.06.03 ж., оған өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. 2006 жылдың 5 мамырында барлық өзгерістерімен қоса жаңа заң қабылданды. Бұл Заң аудиторлық қызметті реттейтін құжаттардың бірінші деңгейіне жатады.

      Заң (ҚР аудиторлық қызметті атқару ұрдісінде) мемлекеттік үйымдар, жеке және заңды  тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында пайда болатын қатынастарды реттейді.

     Екінші  деңгейдегі құжаттарға ҚР аудиттің халықаралық стандарттары жатады. ҚР аудиторлар Палатасының 2000 ж. наурыз айында болған бесінші Республиқалық конференциясында ҚР аудиттің халықаралық стандарттарға көшуі және оларды ұлттық ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды.

   Ұшінші  деңгей – аудиторлық қызметтің ішкі фирмалық стандарттары; оларды аудит тәжірибесі негізінде аудиторлқ фирмалар жасайды. Бұл деңгейдің құжаттары жоғары деңгей құжаттарын бөліп, айқындай түседі. Бұндай құжаттардың мазмұны мен үлгісі аудиторлық қызмет нарығы нығайып және кеңіген сайын жетіле береді.

2.Аудиторлық  қызметтің аттестациялану  мен лицензиялануы

     Аудиторларды  аттестациялау бойынша біліктілік комиссиясы аудиторлар палатасының республиқалық конференциясында мекемелік (коммерциялық емес мекеме) ұйымдастыру – құқықтық түрінде ұйымдастырылады. Біліктілік комиссиясыныњ құрамына кіретіндер:

  • жалпы санының 2/3 қөп емес - әр аудиторлар палатасынан өкілдер;
  • жалпы санының 1/3 бөлігінен кем емес ҚР ұқіметі анықтаған мемлекеттік  ұйымдар өкілдері;

     Біліктілік  комиссиясының негізгі функциясы:

Біліктілік  талабы негізінде емтихандар өтқізу жолымен аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтау; «аудитор» біліктілігін куәлік және аудитордың жеке мөрін беру арқылы «аудитор» біліктілігін беру жөнінде шешім қабылдау; біліктілік куәлігін жою туралы шешім қабылдау және ол шешім туралы департамент және ҚР  Ұлттық банкке ақпарат жеткізу;

    Аудиторлықтан үміткерлерді аттестациялау туралы ереженің 1.2 п. көрсетілгендей “аттестациялау бұл біліктілік комиссиясының аудиторлықтан үмітқерлердің біліктілік деңгейін өқілетті ұйымның бекіткен біліктілік талаптары негізінде емтихан өтқізу арқылы анықтау”.

    Аудиторлардың білімінің элементтері: базалық білімі; іскерлік тәжірибесі; арнайы кәсіптік білім. Базалық білімі ол жоғары экономикалық немесе заңгерлік білім болуы керек

    Іскерлік  тәжірибесі сәйкесінше еңбек өтілі  мен сәйкес лауазымдарда жұмыс атқаруды қамтиды.

    Арнайы  кәсіби білім алу ұшін аудиторларды дайындау және қайта дайындау бойынша оқу-әдістемелік орталықтар мен ұйымдарда білім алулары керек, сол сияқты аудиторлық фирмаларда сынақтан өтуі қажет.

    Аудит қызметі басқа қызметтер сияқты пайдасы көп болу керек. Осы мақсаттарыды жүзеге асыруда аудитор алдында келесідей негізгі міндеттер тұр:

  1. Кәсіпорынның финанстық есеп берушілігінің нақтылығын қамтамасыз ету және финанстық есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелділіктің деңгейін төмендету.
  2. Компоненттік мәліметтерді жинау жәнеыч бағалау.
  3. Кәсіпорынның немесе оның жеке түрлерінің экономикасын жүйелі және жан-жақты талдау.
  4. Кәсіпорын қызметінің оның уставына, бизнес-жоспарына сәйкестілігін тексеру.
  5. Заңдылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп, есеп берушіліктердің жүргізілуін және мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектінің финанстық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуін бақылау.
  6. Алғашқы құжаттарды тексеру.
  7. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және жүргізуде клиенттерге консультациялық қызметтер көрсету.
  8. Клиенттермен қатынасты нығайту және өсуіне әрекет жасау.

    Шаруашылық  субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады.

      Аудит қызметінің  негізгі мақсаты – ол те жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсеті. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этикадеген сөзі, оның мағынасы – нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы крек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзқарасыда ерекше орын алады.

      Ғылыми  тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың  этикалық бейнесі бар. Сондықтан  да этика кодексі арнайы категория  ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған. Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі трүге бөлінеді. Ол – жалпы жан дүние этикасы және мамандық этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігне негізделген әдептілік,ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған. Аудитор өз жұмыында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қаап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет.

      Мамандар  этикалық кодексінде аудитордың дербес, туелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу.

      Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тіуелді  болу жағдайына немесе аудит принциптерін бұзу жағдайына жол бермеу керек. Әрине, аудит қызметнің барысында  аудитор тапсырушымен үздіксіз байланыста боады, ал жеке аудиторла болса гонорар алу үшін тәуелсіздік жағдайда болады деуге де болады. Сонда да болса аудитор өзінің тәуелсіздігін, тапсырушыларын сақсатуға тиісті.

      Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуесіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен  туыстық, семьялық, таныстық қатынасының  жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Себебі, тапсырушы мен аудитор  фирмасының немесе жеке аудитордың жоғарыда айтылғандай байланысы болса онда аудит қызметінің тәуелсіздігіне күмән туғызады.

    Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол – аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы  кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Ол кәсіпорынмен инвестициялық немесе акционерлік қарым-қатынаста болса оны үзуге міндетті. Сол сияқты аудитордың әйелі немесе балаларының инвестицияға, акцияға, құнды қағаздарға қатысы болмауы керек.

    Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.

    Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол – соттасу немесе сол  тергеуінен алуақ болуы керек.

    Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты  Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр.Этика кодекснің анықталған тәртібі мыналар:

  • адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет;
  • конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ;
  • білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет;
  • аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандығы жағыан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.

    Қорыта  келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит  этикасын қарастырғанда, оған үлкен  мағына берілетіні қатал талап қойылатыны айқындалады. Олар өз кезегінде әділетті экспорт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға міндетті.

    Талап қоятын ереже 

    Аудитордың  алдына қойылатын осы топтағы  талап-міндеттер:

  • біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру;
  • шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу;
  • тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу;
  • ұжымдағы қызметкерлерімен сенімді, сыйлы қатынаста болу;
  • өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделн көтеру;
  • келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру;
  • аудит тапсырушыға үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру;
  • аудитті тексеру барысында анықталған шаруашылық, зұлымдық қылмыстар туралы заң, тергеу мекемелеріне хабарлауды – тапсыруды ұсыну;
  • аудиторлық тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығында нақты қылмыстық фактілер анықталса аудит қызметін жүргзуден бас тартуы қажет;
  • аудит қызметін төлем ақысына, орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес анықтау.

    Аудитор этикасы дегеніміз – аудит  қызметінің сапалы жүргізілуіне тікелей  әсерін тигізеді. Сондықтан, сол аудит  этикасына, тәртібіне бір жүйелі бақылау жасап отыру үшін Қазақстан Республикасының, аудитор Палатасының жанынан тәртіптілік-бақылау комиссиясын ұйымдастыруға дұрыс бола еді ол тапсырушының шағым-арыз, аудиторлармен келіспеушілік болған жағдаларын талдап, қажет болған жағдайда аудиторларды жазалап, айыптап отырады.

    Бухгалтерлік  стандарттар бойынша комитет  әзірлеген «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың негіздерінде» «елеулілік» ұғымына былайша анықтама берілген: «Егер ақпаратка рұксатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының каржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін болса немесе акпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалык шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулілік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалануына катысты уәж-пікір қабылданады. Яғни, елеулілік көбінесе есеп берудін табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және кандай да бір пайдасын тигізетін акпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» (15).

   Елеулі  белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұнын білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық катынастағы елеулі бұрмалауларды анықтау максатында елеуліліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

   Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылык есептемелерде  елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есеп шоттардың сальдосымен және операциялардың кластарымен байланысты елеуліліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу кажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мэселелерге катысты аудитордң бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл колайлы деңгейге дейін аудиторлык тәуекелдікті кемітетін аудиторлык процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

   Елеулілік пен аудиторлык тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліліктің денгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым тө.мен немесе осыған керісінше болады. Елеулілік пен аудиторлык тәуекелдіктің арасындагы кері байланысы аудитор аудиторлык процедураның сипатын, орындалу мерзімін жэне көлемін анық-тау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулілік»). 

Өз  білімін тексеру  сұрақтары

Информация о работе Дәрістік кешен