Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:49, методичка
ДӘРІСТІК КЕШЕН
1 модуль
Екінші құрылымы - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бас-шылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпа-раттың дүрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.
Үшінші құрылымы - бүл аудитті жүзеге асырушы түлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің қүзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек жэне осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете үғуы қажет. Одан тэртіптің (мінез-қүлықтың) белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тэуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы түра білу керек.
Аудиттің төртінші құрылымына техникалық тұрғыда. аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру үтымды жүргізілген зерттеудің нэтижесі ретінде қабыл-данбайды.
Бесінші құрылымы ретінде аудит мазмүны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер (өлшемдер) алдыға шығады. Бүл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.
Аудиттің
алтыншы құрылымыі - аудиторлық есеп
беруді жасау. Аудитор осы арқылы
тексеру барысында ашылтан
2. Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби қүзырет-тілік, қүпияны сақтай білетіндік, тэуелсіздік, жинақылық, мүқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық жэне т.б.
Мысалы, аудитор өзінің кэсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау эрі нығайту ретінде адалдық, объек-тивтілік және тәуелсіздік қағидаларынің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырылған жүмысты мінсіз эрі адал орындауы талқылауда білдіретін пікірінің объективтілігі мен тэуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылымилық принциптің мағынасы - аудиттің қорытынды-лары аудит теориясы жэне басқару ғылымының бар ережесімен эрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мэліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді. Сондықтан да аудиттің теориясы мен іс-тэжірибесін терең меңгерген жоғары білікті маман немесе ғалым аудиторлық іспен жиі айналысады.
Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты эрі уақтылы жүргізілуін білдіреді.
Ол аудиттің іс-тәжірибе талаптарына жауап беруі керек, деп ұйғарады. Сондықтан да келіп түскен ұсыныстың жүзеге асуы қаншалықты анықтығын, яғни іс жүзінде асыруға келетінін анықтап алу қажет.
Аудиторлық бақылаудың объектісі болып табылатын жүйе-лердің сақтау принципі аудит барысында белгілі бір ықпал ету сапалы сипаттамаларды жэне іс-жұмыс тэртібін бұзбайтындай шекте жүзеге асырылуын талап етеді.
Жариялылық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нэтижесіне де қатысты. Жариялылықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруде пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.
Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тэуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқа да принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау (жүзеге асыру) аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.
3. Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдаманы қарасты-райық.
Концепция (латын сопсерііоп - тұжырымдама) - белгілі кұбылыстар жайындағы көзкарас жүйесі, негізгі пікір.
Қорытынды
Аудит негізін (профессор Робертсонның ойынша) үш элемент құрастырады: концепция, постулат, стандарт.
«Концепция» латынның концептио сөзінен шыққан, аудармасында көзқарастар жүйесі және құбылыстарды білдіреді.
Аудит
5 концепциядан тұрады:
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқау
Дәріс
сабағын толығымен игеру үшін
нормативтік-құқықықтық құжаттармен танысу
қажет. Дәріс тақырыбын оқу барысында
негізгі түсініктемелерге аса зор мән
бере отырып, оларды түсіне білу керек.
Өз бетімен дайындалуға арналғансұрақтар
Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі
Аудиттің жалпы және жұмыс стандарттарын қолдану
Есеп беру стандарттарында қандай ережелер көрініс табады
Аудиттің халықаралық
стандарттарын жіктеу
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Тақырып
5. Аудиттің постулаттары
мен нормалары
Сабақтың мақсаты Постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелерін және аудит стандарттарының маңызы мен әр стандартың өзіндік қасиеттерін ажырата білу.
Дәріс сұрақтары:
Дәрістің қысқаша мазмұны
Дж. Робертсон мынадай анықтама ұсынады: «Постулат - бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту». Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады.
Постулаттар ғылым және ғылыми тэртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мэселелерді түсінуге болады.
Тіпті олардың шынайылығы толық дәлелденбесе де постулаттар анық болуы керек. Кез келген постулат немесе аксиомалар білімнің даму процесінде өзгерістерге үшырауы ықтимал болғандықтан олар соңғы инстанциясында шынайы болмауы да мүмкін. Осы.жөнінде Дж. Робертсон былай деген: «Аудиторлық тексерудің белгілі бір жағдайларын ескермей түрып, постулаттарға көзсіз ере беруге болмайды. Постулаттар белгілі бір жағдайда жалған болып, соған сәйкес (нақты жағдайларды назарға алмай) эрекет етеді - яғни, аудиторлық тексеруде жүргізуге қалай болса, солай ұқыпсыз қарайды».
Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц жэне Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады.
1982 жылы америкалық ғылым Т.А. Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж. Робертсон, Р.К. Мауцпен пен Х.А. Шараф постулаттарын «экономикалық тиімділіктің максимасы» Деп аталатын тагы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А. Белкаоуи, Р. Адамс, Я.В. Соколов, К.Ш. Дүй-сембаев, М.С. Ержанов жэне басқалары жекелеген постулат-тардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды .
Әр түрлі ғалымдар мен маман-практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделеген постулаттар болып мыналар саналады:
11. Бүрынғы (алдыңғы)
ақпараттың қүндылығы.
12.Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді
үдайы
сақтау (30, 34, 36, 39, 44, 47 жэне т.б.).
Осылайша, аудит саласын стандарттау жэне теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тэжірибелік жүмыстарына міндетті түрде қажет болады. Оларды күнделікті іс-тэжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмү-нын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолданылуы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң эсер' ететін, кэсіби маман топтар талқыға салатын посту-латтардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.
2 Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тэжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп үғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі эрі аудиторлық қызметтің нэтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің үлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талап-тарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін үдайы жетілдіруге мэжбүрлейді, жекелеген аудиторлық үйым-дардың жүмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жүмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.
Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нор-малармен жэне негізгі постулаттармен реттеледі.
Аудиторлық стандарттар эрбір тексеруші органға кәсіп-орынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тэжірибелерді қорытындылаудан алынған ірікте-мелер негізінде эзірленген.
Әрбір нақты аудиторлық (ревизиялық) орган сыртқы тексеру стандарттары оның мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты дэрежеде сэйкестігін дербес анықтауы керек.
Стандарттардан бір айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды:
- бейаудиторлық есеп берулерді дайындау жэне т.б.
Нормалар көз жеткізіп иландыратындай болуы керек, бірақ олардың тура нүсқаулық (директивалық) сипаты жоқ. Ауди-торлар нормадан ауытқуы мүмкін, бірақ олардың сақталмау себептерін түсіндіріп беруге әрдайым дайын түруы керек.