Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:49, методичка
ДӘРІСТІК КЕШЕН
1 модуль
Аудитордың адалдығы объективтілік қасиеттері мамаңдар этикалық кодексінде оте қысқаша қарастырылган. Тек онда аудитор кәсіпкер ретінде әрқашан адал, шыншыл болу керек екені қарастырылған. Осы орайда аудитор тек өзі гана адал, шыншыл болып қана қоймай ол өзімен қатар қызметтестерінен де сондай адалдықты талап етуі қажет. Сонымен қатар тапсырушылармен сондай адал, шыншылдық қатынаста болуы керек. Мысалы, тапсырушының жұмысына біліктілігі жетпейтін болса, кәсіпкерлік пайдасын ойламай ондай жұмыстан алдын ала бас тартуы тиіс.
Аудитор өз жұмысында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қарап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет.
Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Себебі, көптеген факторлар күдіктілік туғызады, содан кейін ол объективтілікке әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар этикалық кодексінде күдіктіліктен алшақ болу жолын, оған жол бермеу үшін не істеу керек екенін қарастырған.
Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тәуелді болу жағдайына немесе аудит принциптерін бұзу жағдайына жол бермеу керек. Әрине, аудит қызметінің барысында аудитор тапсырушымен үздіксіз байланыста болады, ал жеке аудиторлар болса гонорар алу үшін тәуелсіздік жағдайда болады деуге де болады. Сонда да болса аудитор өзінің тәуелсіздігін, тапсырушыларын сақтауға тиісті. Осы орайда мамандар этикалық кодексінде көрсетілгендей аудитордың еңбеқақы мөлшері кәсіпорын пайда сомасынан 15 %-тен аспауы қажет. Егер де одан жоғары мөлшерде аудитор еңбекақы алатын болса, ол оның тәуелсіздігіне күдік туғызады.
Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Себебі, тапсырушы мен аудитор фирмасының немесе жеке аудитордын жоғарыда айтылғандай байланысы болса онда аудит қызметінің тәуелсіздігіне күмән туғызады. Сондықтан да 1989 жылы Ұлыбритания елінде арнайы заң шыққан. Онда: "тапсырушы аудит директорымен, фирмасымен туыс болса немесе жакын жолдастық қатынаста болса, аудит фирмасының директоры екі жыл бұрын қызметтес болса онда аудит фирмасының тапсырушыдан жұмыс қабылдауға құқысы жоқ" - делінген.
Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол - аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Ол кәсіпорынмен инвестициялық немесе акционерлік қарым-қатынаста болса оны үзуге міндетті. Сол сияқты аудитордың әйелі немесе балаларының инвестицияға, акцияға, құнды қағаздарға қатысы болмауы керек.
Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.
Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол - соттасу немесе сот тергеуінен аулақ болуы керек. Ондай жағдайға душар болған кезде тапсырушының жұмысы туралы коммерциялық құпиялар жария болады да, тапсырушы кәсіпорынға үлкен моральдық және материалдық зиян келтіреді, ол жағдай аудит фирмасына да тиімді болмайды. Ондай жағдай болса ол аудит фирмасының беделін түсіріп, тәуелсіздігіне күдік туғызады. Сонымен қатар ондай аудит фирмасы тапсырушылардың сенбеушілігіне, күдікті болуына, жұмыс беруден бас тартуына әкеліп соқтырады.
Ұлыбритания елінің аудит этикасы кодексінде қойылған қатал талаптың бірі ол - конфеденциалдық принципті сақтау.
Аудит қызметінің құпиялылығын қатал сақтау қажет. Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстылық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыга хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстылық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет. Яғни, тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек. Ұлыбритания аудит этикасының кодексі бойынша аудитор аудиторлық тексеру материалын үшінші бір жаққа немесе мемлекет құрылымына тек қана тапсырушының келісімі, рұқсаты бойынша немесе мемлекет заңының талабына сәйкес жағдайда ғана хабарлайды немесе жазбаша түрінде береді.
Аудит фирмаларының, жеке аудиторлардың жұмысына сонымен катар аудит этикасының талабына сай сақталуына арнайы құрылған "Бақылау комиссиясы", "Тәртіптілік комиссиясьг", Бірлескен тәртіптілік комиссиясы бақылау жасайды. Тапсырушылар аудит қызметінің барысына немесе қорытындысымен келіспеген жағдайда өзінің шағымын "Бақылау комиссиясына" тапсырады, комиссия өз тарапынан тапсырушының шағымын орынды және белгілі шара қолдану керек деп тапса, бақылау комиссиясы сол шағымды "Тәртіптілік комиссиясына" тапсырады. Олар оз кезегінде тәртіп сақтау жүйесінде жаза шығарады. Тапсырушылардың шағымы күрделі болған жағдайда "Бақылау комиссиясы" ол шағымды "Бірлескен тәртіптілік палатасына" тапсырады. Олар өз кезегінде тәртіптілік жаза қолданады. Тапсырушылар "Бірлескен тәртіптілік палатасының" шешіміне келіспеген жағдайда, одан ары өз шағымын "Аппеляциялық комиссияға" тапсыруға құқысы бар. Аппеляциялық комиссияны бірлескен тәртіп палатасы құрайды.
Қорыта келгенде, Ұлыбритания аудитор этикасының кодексі өзінің мазмұны жағынан Еуропа экономикалық бірлестігі шығарған "аудит маманыны этикасының" анықтаған талабына көп жағынан үйлеседі.
Ал, Германияда аудитор палатасы шығарған "Экономиканы бақылаушылар мен бухгалтерлік кітапты тексерушілердің оз қызметін орындауы туралы нұсқауда" аудитор этикасын анықтап тұр. Тәуелсіздік және әділеттілік". "Шын пейілділік", "Жеке жауапкершілік", "Конфиденциалдық - құпиялық", "Ұстамдылық", "Құрметті маман мінезділік", "Үйлеспейтін басқа түрлі кәсіпкершілік", "Аудит кызметін көрсетуге мәжбүрлемеу", "Аудит қорытындысы мен актілер", "Өз мөрін пайдалану ережесі" тарауларында алдымен аудитор мамандық этикасын мұқият орындауы керек екенін, тапсырушылармен ашық келісім жасауға шакырады. Одан кейін тиянақты тапсырушымен қалай келісім жасау керек, екенін толық қарастырады. Мысалы, аудитор фирмасының директоры немесе жеке аудитор ғылыми атағын, дәрежесін, мемлекеттік құрметті атақтарын тапсырушыға атап айтып келісім-шарт жасағанда өз дәрежесін толық көрсетіп кол қоюына құқысы бар. Көп жағдайда қызмет бабындағы аты-жөнімен келісім-шарт жасасып қол қояды.
Аудит фирмасы және аудиторлар оздері туралы басылымға жарнама бергенде фирма туралы нақты мәліметтер беруге тиісті. Ол жарнамада өзі туралы, немесе артық жетістіктері туралы дәріптеушілік, өзін-өзі мақтау сөзі болмау керек.
Газет, журнал, радио, теледидар журналистерімен, жалпы мәлімет қызметкерлерімен аудит қызметі туралы хабарласып, байланыста болу тікелей, қатал түрде рұқсат етілмейді. Жұмыс бабында журналистерге хабар беру қажет болған жағдайда ол әңгіме өте қысқа, тұжырымды болуы қажет. Тапсырушы өз тарапынан аудит фирмасы, оның қызметкерлері туралы білгісі келсе оған толық жазбаша түрде мәлімет беруге аудитордың құқысы бар.
Еуропа этикасының кодексінде тағы бір ерекше орын алатын нәрсе олардың өзара қарым қатынасы. Ол елдердегі аудит фирмаларының үлкен бәсекелестігіне қарамастан олар өзара сынаушылық немесе сыйласпаушылыққа бармайды. Мүмкіншілігінше бір-біріне көмектесу жолымен аудит жұмысын жүргізеді.
Американың дипломды бухгалтерлер қоғамының институты 1988 жылы жаңа вариантпен аудитор мамандарының тәртібі кодексін қабылдады. Оның алты түрлі қарастырылған анықтамасы аудитор мамадарының этикасын дәріптейді. Оларға жататындар: дипломды бухгалтерлер қоғамының институт мүшесі, аудиторлар міңдетті түрде жоғарғы деңгейдегі маман және моралді болуы кажет; қоғам мүддесі, аудитор өз мойнына қоғамдық мүддені алып, соны актау үшін қайта жоғары білгірлігін танытуы керек; адалдық, қоғамның сенімін ақтау үшін аудиторлар адал қызмет істеп өзінін білгір маман екенін көрсетуі қажет; тәуелсіздігі және объективтілігі. Дипломды бухгалтерлер қоғамындағы аудиторлар өзінің объективтілігін сақтау үшін қызығушылықтан, құмарлықтан аулақ болуы керек. Сол жағдайда ол өзінің тәуелсіздігін сақтай алады; зейінділікпен көңіл қою. Аудитор жұмыс барысында техникаға және аудит стандарттарына зерек бөліп, аудит қызметін көрсетудін сапасын арттыруға ынталануы қажет; аудит қызметінің түрі және көлемі. Аудитор фирмасы аудит қызметінің түрлерін жане көлемін анықтау барысында аудит маманының тәртіп кодексінің қоятын талабын білгірлікпен өте қатал түрде орындауы қажет.
Сонымен, Америкадағы аудит фирмалары, жеке аудиторлар, дипломды бухгалтерлер қоғамы институтының шығарған аудитор тәртібі кодексінің талабын орындауға міндеті.
Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықталған тәртібі мыналар:
адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандықты жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.
Қорыта келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит этикасын қарастырғанда, оған үлкен мағына берілетіні қатал талап қойылатыны айқындалды. Олар өз кезегінде әділетті эксперт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға міндетті.
Аудит мамандығының өзгеше ерекшелігі олар қоғам алдында үлкен міндетті мойнына алады. Сондықтан да аудитор стандарттары қоғам мүддесін қорғауға тиімді түрде шығарылады. Аудитор тек қана тапсырушы үшін ғана жұмыс істемейді, ең алдымен қоғам мүддесіне қызмет көрсетеді де, содан кейін тапсырушының жұмысын атқарады. Ол туралы этика кодексінде арнайы "аудитордың ең негізгі мақсаты білгір маман ретінде, кәсіпорын шаруашылығын тексеру барысында алдымен оның қоғамға тиімділігін анықтауға міндетті" - деп жазылган. Сонымен қатар аудитор қызметінің сапалы болуына үлкен талап қойылатыны айтылған. Ол үшін аудит мамандары үздіксіз өздерінің біліктілігін үзбей оқу, дайындалу арқылы көтеріп отыруға міндетті.
Осы қарастырылған шет елдердегі аудит этикасының кодексі Қазақстан Республикасында ойдағыдай зерттеліп, іс жүзінде толық қолданылмай отыр.
Талап қоятын ереже (міндетті этика).
Аудитордың алдына қойылатын осы топтағы талап-міндеттер: біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру; шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардын, қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу; тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу; ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы катынаста болу; өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру; келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру; аудит тапсырушның үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Аудитордың
қандай міндеттері мен
2.Аудиторлық қызметтің құқықтық негіздері қандай?
3.Аудиторлық қызметтің этикалық нормалары қандай?
4.Аудиторлық
фирмалардың қандай құқықтары
мен жауапкершіліктері бар?
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқау
Дәріс
сабағын толығымен ігеру үшін
ҚР аудиторлық заңға сәйкес аудиторлық
қызметтін мәні мен маңызына ерекше
мән беру қажет. Дәріс тақырыбын оқу барысында
негізгі түсініктемелерге аса зор мән
бере отырып, оларды түсіне білу керек.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Тақырып
4 Аудиттің құрылымы,
тұжырымдамасы мен қағидалары (200
ХАС)
Сабақтық
мақсаты: Аудит теориясы мына элементтерден
тұрады: құрылымдар, тұжырымдамалар,
мен қағидалар аудитке қойылатын бірегей
талаптарды және аудит өткізу
тәртібін анықтаушы принциптері белгілейтін
нормативтік құжаттар болып табылатынын
есекер отырып оларды студенттерге
түбегейлі, түсінуін қамтамасыз ету.
Негізгі
түсініктер: аудит постулаттары,
жалпы стандарттары, есеп стандарттары,
ерекшелінген стандарттар.
Дәріс сұрақтары
Бірінші құрылымы - бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.