Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:49, методичка
ДӘРІСТІК КЕШЕН
1 модуль
1. Аудиторлық қызмет қандай нормативтік-құқықтык құжаттармен реттеледі?
2. Аудиторларды кәсіби аттестациялаудың тәртібі
3. Аудиторлық
қызметті лицензиялау тәртібің түсіндірініз
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқау
Дәріс
сабағын толығымен ігеру үшін ҚР аудиторлық
заңға сәйкес аудиторлық қызметтін мәні
мен маңызына ерекше мән беру қажет. Дәріс
тақырыбын оқу барысында негізгі түсініктемелерге
аса зор мән бере отырып, оларды түсіне
білу керек.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Тақырып 3. Аудит жүргізгенде екі жақтың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары
Сабақтың мақсаты: аудит жүргізгенде аудит немесе аудиторлық ұйымдар мен клиент кәсіпорындар арасындағы құқықтық қатынастар мен олардың құжаттық реттелу жолдары.
Негізгі түсініктер: міндеттеме хат, келісім шарт, аудиторлардың этикалық кодексі
Дәріс сұрақтары
1.Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі - ол, аудиторлар және аудит фирмалары деп корсетілген.
Аудитор - ол, маман, біліктілік комиссиясының шешімі бойьшша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам, куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
Аудиторлар - аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық қызметін жеке немесе аудитор фирмаларыңда атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауга құқылы. Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мүғалімдер де аудит қызметін атқара алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан ғана жұмыс атқаруына болады. Шаруашылық субъектілерінде қызмет жасаушылар немесе соларға сыбайлас қоғамдық жеке кәсіпкерлік мекемелер кызметкерлері аудит қызметін атқаруға құқысы жоқ.
Аудитор фирмасы - шаруашылық субъектілеріне аудит қызметін көрсететін мекеме. "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы" заңының үшінші бабында; "мемлекет заңы мен нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес келісім-шарт бойынша белгіленген төлем үшін аудиторлық тексеру, сараптау, аудиторлық түсініктеме беру, бухгалтерлік есебіне, табыстылық көрсеткіштеріне, салық есептеу-төлеу, құқылы қ аспектісіне, банк операциясына, әлеуметтік қамсыздандыру, экология мәселесін қарастыру, маркетинг жұмысына, қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап, келешектегі қаржылық деңгейіне болжау жасау, өндіріс барысының ұйымдастыруына талдау жасап, оның тиімді даму жолдарын анықтап, шаруашылық субъектілерінің нарықты қатынас экономикасының қарсаңында олардың потенциалдық мүмкіншіліктерін анықтап, аудиторлық қызмет көрсету" - делінген.
Аудит фирмасы әр түрлі меншіктегі қорлар негізінде құрыла береді. Онын негізгі мақсаты кәсіпкерлер арасында шаруашылықты басқаруға қажет дұрыс, мүлтіксіз, сенімді мәліметтермен қамтамасыз ету. Олар өзара қарым-қатынасын сенімді жүргізу үшін аудитор олардың шаруашылық барысының заңдылығын, мемлекет тарабынан шығарылған нормативтік ереже-нұсқаларды мүлтіксіз орындайтындығын, қаржы операцияларының тиянақты, сенімді түрде жүргізілетіндігіне өз тарапынан аудит принциптеріне негізделген жазбаша түрінде өзінің қорытындысын беруі қажет. Ол аудитор қорытындысы кәсіпкерлер үшін кепілдік мәлімет болады.
Аудит фирмасы осы анықталған негізгі мақсатын орындау үшін әр түрлі кәсіпорындармен келісім-шарт жасайды және нақты төлем арқылы олардың каржылық-шаруашылық жұмысына аудиторлық тексеру жүргізеді.
Осы орайда аудит фирмасының тағы басқадай да мақсаттары анықталады. Оған жататындар:
- кәсіпорын шаруашылығы мен оның мүлкінің қалпына, нақты материалдың түріне сараптау жасау; шаруашылық субъектілерінің жұмысының даму жолына дәйекті ұсыныс, түсініктемелер беру, кәсіпорын шаруашылығының даму жолдарына бағдарлама жасап, келешегіне баға беру; кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау әдістемесінің мәліметтін құжаттау, оны жинау және жүйелі түрде тапсыру, жалпы ғылыми-әдістемелік көмек көрсету; бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың, аудиттің автоматтандырылған жүйесін дайындап, іске қосу; бухгалтерлерді, басқарушылар тобын, экономистерді арнайы оқыту мекемелері арқылы оқытып, семинарлар откізу, мамандык-біліктілігін көтеруді ұйымдастыру; еліміздегі аудит жұмысының алдыңғы қатардағы жетістіктерін, әдістемелік жазылымдарды, нормативтік құжаттарды, тапсырушылардың жазбаша сенімдерін арнайы басылымға шығару.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын шаруашьшық есеп түрінде жүргізеді. Аудит жұмысының барысы, көлемі, қызмет көрсету жұмысы, жалпы орыңдалатын аудит жауапкершілігі келісім-шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, ақшалай қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды, пайдаланады, өзінің балансы болады. Дербес шаруашылық субъектісі ретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет болған жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды. Мемлекетіміздегі заң талабына сәйкес аудит фирмалары өзінің қалауынша әр түрлі ассоциацияларға, күрделі бірлестіктерге қосылуға құқығы бар. Өзінің қалауынша негізгі және айналым қорларын, әр түрлі арнайы қорларды (өндірісті дамыту, әлеуметтік қор, резервтік,) қарастыруға құқылы. Аудит фирмасы өз шаруашылығына байланысты материалдық қаржылық жағдайдағы барлық құбылысқа тікелей жауапкершілікте болады. Аудит фирмасының бастығы директор болады, ол өз бұйрығымен жұмыскерлер алады, жұмыстан босатады, фирма жұмысына байланысты барлық заңдылықты сақтай отырып басқару жұмысын атқарады.
Жұмыс фирманың құрылымымен байланысты болмаса аудитор фирмалары аудиторлар өндіріс барысымен немесе коммерциямен айналыспайды. Аудитор фирмасьг аудиторларды тексеруге келісім-шарт жасап аудит жүргізуге келіскен жағдайда аудит жүргізуге құқысы жоқ жағдайлар: аудитор сол шаруашылық субъектісіне құрылтайшы немесе басқару қызметіне қатысты болса, туыскандық қатысы және бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға немесе есеп ақпаратын жасауға қатысты болса; шаруашылық субъектісінің меншігіне үлестес болса немесе беруден қатысы болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін жүргізсе, ақпаратын және қаржылық акпаратын жасауға қатысқан болса.
Бұл жағдайлар анықталған кезде келісім-шартты бұзу қажет. Осы жұмыстар туралы тапсырушылар материалдық, қаржылық шығын болған жағдайда, оны аудитор фирмасы немесе аудиторлар түгелдей төлеуге міндетті.
Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқысы
Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына сәйкес аудиттің шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған: бухгалтерлік есеп кітабын және құжаттарды тексеруге; нақты ақша қаржысын, құнды қағазын, материал-мүлкін тексеруге; шаруашылық субъектілерінің барлық қызметкерлерінен аудит жүргізу барысында қажет болған материалдарды талап етуге, түсініктемелер алуға құқылы; аудит барысында қажет болған жағдайда үшінші жақтан (адамнан) мәлімет, түсініктеме алуға құқылы; аудит барысында қажет болса әр түрлі мамандарды жалдауға құқылы; шаруашылық субъектілерінің банк есеп-шоттарындағы операцияларды тексеру үшін банк мекемелерінен анықтама талап етуге құқылы.
Аудит заңында тікелей көрсетілмесе де олардың: өз бетінше аудит жүргізу әдісін, түрін анықтауға құқысы бар; аудит жұмысы барысында шаруашылық субъектісі тексеруге қажет құжаттарды бермей қойған жағдайда аудит жұмысын жүргізуден бас тартуға құқылы.
Шаруашылық субъектілері ретіндегі аудиторлардың міндеттері
Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына, аудит туралы нормативтік құжаттарына сәйкес жоғары сатыдағы біліктілік пен тиянақтылықты өте жоғары сатыдағы жауапкершілікпен аудиттік тексеру жүргізуге; тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы, Қазақстан Республикасының заңын бұзушылық туралы мәліметтерді, шаруашылық субъектісінін кәсіпкершілігіне қауіп төнген жағдай болса аудитор тапсырушыға жедел түрде хабарлауға міндетті; тапсырушылардан, үшінші жақтан тексеру барысында жасалган есептеу, анықтама жасауға арналған тағы баска құжаттардың мұқият сақталуын қамтамасыз ету; тексеру барысында анықталған шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілігі туралы мәліметтердің коммерциялық құпиялылығын сақтау, үшінші жаққа мәлімет тек қана тапсырушының (бастығының) рұқсаты бойынша және Қазақстан Республикасының заңды талабына сәйкес жағдайда ғана беріледі: аудитор қорытындысы тек қана келісім-шарт бойынша көрсетілген тапсырушыға ғана беріледі. Аудитор қорытындысындағы көрсетілген кемшіліктерді немесе түсініктемелерді тапсырушы өз тарапынан орындайды. Ал егерде аудит Мемлекеттік Заң құрылымының талабына (тапсыруына) сәйкес жүргізілсе онда аудитор қорытындысына көрсетілген кемшіліктердің түзетілуін заң орындары бақылайды.
Аудиторлар,
аудит фирмалары Қазақстан
Дүниежүзілік қалыптасқан тәртібі бойынша аудитор фирмаларының, аудиторлардың жұмыс барысында сәтсіздіктер, нақты төлем жасауға мәжбүр болған жағдайда кепілдік қостыруға міндетті болган кезде сенімді болуы үшін оның қамсыздандыру қоры болуға тиісті. Ол өзінің ақшалай қаржысы немесе құрылтайшылар қаржысы, банк несиесі болуы мүмкін. Яғни, тапсырушылармен келісім-шарт жасаған кезде аудитор фирмасы қандай мөлшерде, қайда қамсыздандыру қоры бар екенін көрсетуге міндетті.
Аудиторлар,
аудитор фирмалары өзінің жұмысы
барысында Қазақстан
Аудиторлар,
аудитор фирмалары шаруашылық субъектілері
ретінде өздерінің
Қысқаша, аудит субъектілерінің құқы, міндеті, жауапкершілігі осы жоғарыда айтылғаңдай.
2.Аудит қызметінің негізгі мақсаты - ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның мағынасы - нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы ушін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. Этикада мамандардың әлеуметтік көзкарасы да ерекше орын алады.
Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.
Арнайы мамандар тілімен айтқаңда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол - жалпы жан дүние этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұргыдан анықталған. Профессор Дж. Робертсонның айтуынша: "мамандық этикасының кодексінің жалпы этика теориясынан айырмашылығы онда нақты мамандық проблемаларына жауап анықталған. Мамандық этикасының кодексінде нақты мамандарға қойылатын талаптар анықталған. Онда мамандарга қойылатын этикалык, талаптармен қатар әдептілік, ізеттілік түсініктері де анықталған. Ал мамандар өз кезегінде сол көрсетілген этика талаптарын орындауға міндетті болған. Оны орындамаған жағдайда мамандық саласында тәртіп болмайды". Осы келтірілген мамандар этикасы аудит қызметкерлеріне де тән.
Батыс елдерінде этика мәселесінің шешімі арнайы мамандар этикасының кодексімен қарастырылған. Онда аудитор этикасынын құрамы, оларға қойылатын этикалық талаптар атап көрсетілген. Осындай мамандар этикалық кодексінің бірі ол -Ұлыбритания елінде қалыптасқан. Онда ең алдымен аудиторға қойылатын талаптар: адалдық, дербестік және объекттивтік қасиеттер.