Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 00:07, реферат
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
I. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Агроөнеркәсіптік кешен.
2. АӨК тің дамуын қамтамасыз ету саласы.
3. Ауыл шаруашылығы саласы.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу
және сақтау саласы.
5. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту
жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған
бағдарлама(Агробизнес-2020).
6. Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның
шешу жолдары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ № 2
Агроөнеркәсіпті дамыту. «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Алматы 2013 жыл
ЖОСПАР:
I. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Агроөнеркәсіптік кешен.
2. АӨК тің дамуын қамтамасыз ету саласы.
3. Ауыл шаруашылығы саласы.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу
және сақтау саласы.
5. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту
жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған
бағдарлама(Агробизнес-2020).
6. Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның
шешу жолдары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Агроөнеркәсіптік кешеннің
негізгі міндеті:
Еңбек өнімділігін көтеруді, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік
кешендердің экспорттық әлеуетін күшейту.
Агроөнеркәсіптік кешен.
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Нарықтық экономика жағдайында
ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі
айтарлықтай деңгейде халық шаруашылығының
басқа да бірнеше салаларының дұрыс қызмет
етуіне тәуелді. Ең алдымен ауыл шаруашылығын
техникамен, ауыл шаруашылығы машиналарымен,
жанар-жағар маймен, улы химикаттармен,
құрылыс материалдармен, көлік құралдарымен
және т.б. жабдықтайтын салаларға байланысты.
Ауыл шаруашылығының даму динамикасы
мен қарқыны көбінесе оған өндіріс құралдарын
дайындайтын өнеркәсіп салаларының өндіріс
деңгейімен анықталады. Сонымен қатар
ауыл шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарына қызмет көрсететін өндіріс
пен салалардың іс-әрекеттерінің тиімділігімен
тығыз байланысты. Бұған бірінші кезекте
техникаларды жөндеу, ауыл шаруашылығы
объектілерінің құрылысы, өндіріс құралдарымен
жабдықтау, материалдар мен өнімдерді
тасымалдау салалары жатады.
Ауыл шаруашылығы шикізатынан соңғы өнім
алу үшін аталған салалармен қоса өнеркәсіптің
тамақ, жеңіл және текстильді және т.б.
салалары маңызды орын алады.
Халық шаруашылығы салаларында мамандандыруды
тереңдету өз кезегінде олардың арасындағы
өзара тығыз байланысқа әкелді. Салалардың
өзара байланысты дамуының мынадай негізгі
бағыттары бар:
Агроөнеркәсіптік
кешен немесе қысқаша АӨК, ауыл шаруашылығының
дамуымен байланысты, оның өндірісіне
қызмет ету мен ауыл шаруашылық өнімін
тұтынушыға жеткізу сияқты халық шаруашылығының
салалар жиынтығы болып табылады.
«Агроөнеркәсіптік кешен» термині айналымға
70-жылдар ортасында енді, бұл кезде ол
біртұтас болып қалыптасты. Агроөнеркәсіп
кешенінің қалыптасуына тарихи тұрғыда
ғылыми-техникалық революция әсер етті.
Онда ауыл шаруашылығына жетістіктердің
енуімен қатар, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің
арасындағы байланыс беріктеді.
Батыс дәстүрі бойынша ауыл шаруашылығымен
байланысты салаларды агробизнес деп
атайды. Бұл терминді 60 жылдары американдық
экономист Р. Голдбергн енгізді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің соңғы өнімін
жасауда өндірістің әртүрлі сатыларында
халық шаруашылығының 70-тен аса саласы
тура әрі жанама түрде қатысады.
Агроөнеркәсіптік кешенінің құрамына
тек өндіріс процесінде, әрі соңғы өнімді
тұтынушыға жеткізуге қатысатын технологиялық
және экономикалық жағынан өзара байланысты
салалар кіреді. Азық-түлік өнімдерін
өндіруге және азықтық емес тұтыну заттарын
жасауға қатысатын салалар сәйкестігі
агроөнеркәсіптік кешенінің салалық құрылымын
құрайды.
Агроөнеркәсіптік кешен дамуының негізгі
әлеуметтік- экономикалық мақсаттары:
АӨК-нің соңғы мақсаты былай тұжырымдалуы мүмкін: өндіріс құралдары мен еңбек шығынын ең төменгі мөлшерде жұмсай отырып, халықты ауыл шаруашылығы шикізатынан алынатын азық-түлік және басқа тауарларымен айтарлықтай толық қанағаттандырылуы.
Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға сәйкес келеді. Қазақстанның агоөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеруәсіптік кешеннің негізгі міндеті: елімізді азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізаттарымен қамтамасыз ету.
Агроөнеркәсіптік кешен негізгі 3 саладан тұрады.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларына: тамақ өнеркәсібі (тағам, ет, сүт, балық, ұн, жарма) мен жеңіл өнеркәсіп (былғары, аяқкиім, киім)жатады.
Жұмыскерлердің саны женінен
(2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық
кешен болып табылады. Ол елдегі
ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді.
АӨК өнімдері барлық тауар саудасының
50%-дан артығын
АӨК тің дамуын қамтамасыз ету саласы.
Бірінші сала агроөнеркәсіптік
кешенді өндіріс құрал-жабдықтармен қамтамасыз
ететін, сонымен қатар ауыл шаруашылығына
өндірістік-техникалық қызмет көрсететін
салалардан тұрады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бірінші саласы
мынадай салаларды қамтиды:
Агроөнеркәсіптік кешеннің
бірінші саласына кіретін салалар өндіріс
үрдісін ресурстармен қамтамасыз етуге
бағытталады, ауыл шаруашылығын индустрияландыруға,
кешеннің барлық бөлімдерінің қалыпты
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ауыл
шаруашылығы өнімдері өндірісінің және
тұтас соңғы өнімді алудың ырғақтылығы,
ағымдылығы және біртұтастығы осы салалардың
іс- әрекетіне байланысты.
Қазіргі кезде республикада 132,6 мың тракторлар,
44,3 мың егін жинайтын комбайндар бар. Кейінгі
жылдары 2002 жылмен салыстырғанда тракторлар
саны 4 %-ке, егін жинайтын комбайндар 3,7%-ке
өсті. Республикадағы егін жинайтын комбайндар,
тракторлар және басқа да ауыл шаруашылығы
машиналары нарығы ТМД елдерінің жетекші
өндірушілері Ресей. Белоруссия, Украина
елдерімен жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы машина жасауды дамытудың
басымдылық бағыттары:
Республикадағы ауыл шаруашылығы
машиналарын жасау саласының
тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы
техникаларын лизингке алу арқылы мемлекет
тарапынан қолдау машина-тракторлар
паркін толықтыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде 137 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының
ішінде шамамен 56 кәсіпорын ауыл шаруашылығы
техникаларын, құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер шығарады, ал қалған 81-і ауыл
шаруашылығы техникаларын жөндеу- қалпына
келтіру жұмыстарымен айналысады.
Ауыл шаруашылығы саласы.
Ауыл шаруашылығы —
шаруашылық салаларының ішіндегі ең
ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей
тәуелді саласы. Сонымен қатар
ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп
тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде
халқы ауыл шаруашылығының түрлі
салаларымен айналыспайтын
Агроөнеркәсіптік кешеннің екінші саласы тікелей ауыл шаруашылығы салалары:
1. Өсімдік шаруашылығы, оған көкөніс шаруашылығы,
бау-бақша шаруашылығы, астық өндірісі,
мақта шаруашылығы, зығыр шаруашылығы
және т.б. жатады.
2. Мал шаруашылығы, оған ірі қара мал шаруашылығы,
шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс
шаруашылығы жатады. Сонымен қатар мал
шаруашылығы салалары өнім өндіру сипаты
бойынша: етті-жүнді қой шаруашылығы, сүт
бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы,
ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы
және т.б.
Бұл сала – агроөнеркәсіптік кешенінің
басты бөлімі болып табылады. Елдегі азық-түлікті
өндіруде ауыл шаруашылығы 95-96 %-ды құрайды,
қалған 4-5%-ы өзен, көл, орман, теңіз өнімдері.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы табиғи
шикізатты, яғни жүнді, зығырды, қант қызылшасын,
түрлі өсімдіктерді шығарады.
Ауылшаруашылық өнімі ешқашан басқа салада
басқа өнім түрімен ауыстырылмайды.
Аграрлық реформаның нәтижесінде Қазақстанның
Азаматтық кодексіне сәйкес елде және
экономиканың аграрлық секторында шаруашылық
субъектілерінің жаңа құрылымдары пайда
болды: акционерлік қоғамдар, серіктестіктер,
өндірістік кооперативтер және басқа
да кәсіпорындар.
Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.
Егін шаруашылығы
Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіруге көп мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентінің көмегімен анықтайды.Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады.