Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 00:07, реферат
Краткое описание
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Оглавление
I. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Агроөнеркәсіптік кешен.
2. АӨК тің дамуын қамтамасыз ету саласы.
3. Ауыл шаруашылығы саласы.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу
және сақтау саласы.
5. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту
жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған
бағдарлама(Агробизнес-2020).
6. Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның
шешу жолдары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Файлы: 1 файл
эк срс 2.docx
— 108.26 Кб (Скачать)Жеңіл өнеркәсіп құрылымы:
Шикізат өндірісі |
Жартылай дайын өнімдер |
Дайын өнімдер |
Мақта
Шитті мақта
Мал терісі |
Жіп иіру
Тоқыма
Былғары тері |
Тігін
Тоқылатын бұйымдар
Кілем Аяқкиім галантерея |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу проблемалары
Шешуші қайта өңдеу өнімдері экспорты-импортының теңгерімі бірқатар өнімдер бойынша Қазақстанның үлкен импортқа тәуелділігін көрсетеді. Ішкі тұтыныстағы негізгі азық-түлік тауарлары импортының үлесі, %
Тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі, тауарлар импортының құрылымы, 2011 ж., %
2011 жылы негізгі азық-түлік тауарлары импортының көлемі 1 093,7 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың негізгі үлесін қант, шикізатын қоса алғанда (31%), өсімдік майы (13%), сүт және қоюлатылған кілегей секілді өнімдер алады.
Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісінің құрылымында негізгі үлесті астықты қайта өңдеу (31,1%), етті қайта өңдеу (9,4%), сүт өңдеу (10,2%), балықты қайта өңдеу (3,2%), жеміс-көкөніс (2,2%), май-тоң май (2,6%) салалары, сусын өндіру (9,5%) алады.
Қайта өңдеу секторының дамуын
негізгі тежеуші факторлар
- шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымағандығы, бұл, қайта өңдеу қуаттылықтарының толық жұмыс істемеуіне әкеледі;
- отандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;
- өндірілген өнімдерді сату мен өткізудің қиындығы.
Сондай-ақ салық салумен
байланысты проблемалар бар –
салықтар бойынша 70% жеңілдік ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілер мен қайта
өңдеушілердің бір бөлігіне ғана
таралады. Ол формальды түрде таралатын
белгілі бер өнім түрлері өндірісіне
жергілікті салық органдары толық
салық салады, бұл іс жүзінде аталған
норманың әрекетсіздігіне әкеледі.
Сондай-ақ ҚҚС бойынша жеңілдіктер
қайта өңдеу үшін шикізат жеткізушілерге
таралады, бірақ қайта өңдеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2013-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарлама.
Мақсаты |
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің АӨК-тік қалыптастыруы үшін жағдай жасау |
Міндеттері |
АӨК-ні қаржылық сауықтыру; АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту; АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру. |
Іске асыру мерзімі |
2013-2020 жылдар |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
2013-2020 жылдары Бағдарламаны іске
асыруға арналған 2013 жылы – 354,3 млрд. теңге 2014 жылы – 497,6 млрд. теңге 2015 жылы – 307,6 млрд. теңге 2016 жылы – 336,6 млрд. теңге 2017 жылы – 385,4 млрд. теңге 2018 жылы – 415,1 млрд. теңге 2019 жылы – 429,6 млрд. теңге 2020 жылы – 468,4 млрд. теңге |
- Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің 10%-дейін ұлғайту;
- 2015 жылға дейін 300 млрд. теңге қайта құрылымдау барысында қолданыстағы пайыздық ставкаларын төмендету есебінен АШТӨ борыштық жүктемесін төмендету;
- 2020 жылға дейін карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қауіпінің коэффициентін 0,88 дейін төмендету;
- 2020 жылға дейін мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 0,4 % көбейту;
- 2020 жылға дейін ұтымсыз пайдаланылатындар санынан қосымша ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға 6,8 млн. га енгізу;
- 2015 жылға дейін электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 62%.
Қазіргі сәтте АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады:
- АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алу және т.б. басқа түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;
- негізгі өндірістік құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркін, мал басын жаңарту үшін жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;
- АӨК субъектілері үшін қаржылық-несиелік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- АӨК дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау;
- өнім экспортын қолдау;
- ветеринариялық және санитариялық қауіпсіздік, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
- ҚР АӨК дамыту үшін қажетті – көлік, су, сақтау және басқа инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту
- салалық ғылымды дамыту және агротехникалық білімді тарату;
- ҚР АӨК дамытуды білікті басқару.
АӨК мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру;
- Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынаудың тиімділігін арттыру;
- Салық салу жүйесінің дамуы;
- АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
- Ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
- АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Ауыл шаруашылығының ақпараттық қамтамасыз етуiн дамыту
Ауыл шаруашылығының ішкі мәселесін шешу, әсіресе мал шаруашылығының қарқынды дамуы мен топырақтың тұздалуынан жердің шөлге айналуы, ауылшаруашылық өндірісінің табиғи жағдайларға байланысты болуы ауылшаруашылық өндірісін тиімді дамытатын жаңа әдістерді тұрақты іздестіруіне итермелейді.
Мүндай әдістердің бірі дәл егін шаруашылық технологиясы болып табылады. Нақты мәлiметтер негiзiнде бұл егiн шаруашылық түрi, өнiмдiлік пен өнiм сапасының өсуіне бағытталған тәптiштелген бақылауларды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығына
Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту
Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімнің қауіпсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске қысымды төмендету, нарыққа импорттық өнімнің түсуін шектеу мақсатында техникалық регламенттер қабылданған.
Техникалық регламенттер тұтынушылар үшін тұтынылатын өнім қауіпсіздігінің кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің талаптарын толық қамтитын құжат болып табылады.
Қазіргі таңда АӨК саласында
Қазақстан Республикасының
19 техникалық регламенті қабылдаған.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден одағындағы ықпалдастыру Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру процестерін тереңдету және жеделдету мақсатында АӨК саласында Кеден одағының 6 техникалық регламенті бекітілді, қосымша Кеден одағының тағы 6 техникалық регламентін әзірлеу қажет.
Кеден одағының техникалық регламенттерінің кеден аумағында тікелей әсері болады және барлық үш ел үшін бірыңғай талаптар белгілейді. Кеден одағының техникалық регламенттерін қабылдаумен осы техникалық регламентті сақтай отырып өндірілген өнім Кеден одағының аумағы бойынша қандайда бір шектеулерсіз, қосымша растамаларсыз және құжаттарды қайта ресімдеусіз орны ауыстырылуы мүмкін.
Техникалық регламенттердің
Сондай-ақ республикалық ветеринариялық зертханалардың сынау зертханаларын АӨК өнімін бірдейлендіру үшін қажетті жабдықтармен және қосалқы материалдармен жарақтауды жүргізу қажет.
Ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с № |
Көрсеткіштің атауы |
Іске асыру жылдары | |||||||
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 | ||
1 |
АӨК өнімдеріне КО техникалық регламенттерін әзірлеу, % |
58,3 |
75 |
83,3 |
91,7 |
100 |
|||
АӨК-дегі мемлекеттік бақылау
және қадағалау жүйесінің
Мемлекет Басшысының мемлекеттік
бақылау және қадағалау жүйесінің
тиімділігін арттыру жөніндегі
тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ
АӨК-дегі мемлекеттік органдар тарапынан
тексерулерді жоспарлау жүйелігі бөлігінде
кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды төмендету
және олардың санын төмендету мақсатында
Министрлік мыналарды жоспарлап отыр:
- Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру
Алдын алу-профилактикалық
сипаттағы шаралардың тиімділігін
арттыру бұзушылықтарды анықтау
кезіндегі бақылау – қадағалау
жүйесінің акценттерін
Нұсқамаларды қолдану бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды нұсқамада белгіленген мерзімдерде уақытылы жоюға және, тиісінше, әкімшілік жаза салудан қашуға мүмкіндік береді.
Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № |
Көрсеткіштің атауы |
Іске асыру жылдары | |||||||
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 | ||
1 |
Өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық
қауіпсіздік саласындағы |
85 |
87 |
88 |
89 |
90 |
91 |
92 |
95 |
2 |
Ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі |
86 |
88 |
89 |
90 |
91 |
92 |
93 |
96 |
- Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру
Қазіргі уақытта тексерулер
жоспары тәуекелдерді басқару жүйесін
ескере отырып жасалады, яғни тексерулерді
жүргізу критерийлері айқындалған,
бақылау және қадағалау субъектілері
тәуекел топтары бойынша
Сонымен бірге, қазіргі уақытта тексерулер жоспарларын қалыптастыру кезінде субъективті тәсілді қолдану ықтималдылығы бар. Жоспарларды қалыптастыру кезінде субъективизмді барынша болдырмау үшін бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізуді тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып автоматтандыру ұсынылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін
ескере отырып, бақылау-қадағалау
Р/с № |
Көрсеткіштің атауы |
Іске асыру жылдары | |||||||
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 | ||
1 |
Ақпараттық жүйелерді |
50 |
60 |
70 |
80 |
90 |
100 | ||
2 |
Ақпараттық жүйелерді |
50 |
70 |
80 |
90 |
100 |
100 | ||
2013-2020 жылдарға арналған
АӨК-ні дамыту бағдарламасы
Бірінші кезең: 2013-2015 жылдар
Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың мығым іргетасын қалау қажет:
- Мақсаттарға жету, міндеттерді шешу және осы бағдарламада көзделген іс-шаралар үшін заңнамалық база қалыптастыру;
- төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредиттерін қайта құрылымдау жолымен АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;
- Өсімдік шаруашылығындағы және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен қайта өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
- Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін арттырудың экстенсивті әдістерінен интенсивті әдістеріне көшу;
- Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- Қолдау құралдарының кең спектрін қолдану есебінен қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық климат құру;
- Инвестициялық және пилоттық жобалардың пулын, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру;
- Агралық ғылымдағы трансферт, бейімделу және коммерцияландыру технологияларын пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;
- Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- Сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту;
- Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
- Маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;
- Көліктік-логистикалық қуаттылықтарды, оның ішінде, сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру;
- Салық салу, мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;
- АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.