Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 00:07, реферат

Краткое описание

Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Оглавление

I. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Агроөнеркәсіптік кешен.
2. АӨК тің дамуын қамтамасыз ету саласы.
3. Ауыл шаруашылығы саласы.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу
және сақтау саласы.
5. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту
жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған
бағдарлама(Агробизнес-2020).
6. Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның
шешу жолдары

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

эк срс 2.docx

— 108.26 Кб (Скачать)

Еліміздегі егіншіліктің басты  саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қарабидай.

Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар.Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.

Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік  өсімдік — күріш, бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді.

Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.

Жылу мен жарықты сүйетін  жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.

Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.

Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.

Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары.

Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-і Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің  бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады.

Бау-бақша шаруашылығы республикамыздың оңтүстігінде кеңінен таралған.

Сонымен бірге, бау бақша  дақылдарының тез пісетін және суыққа төзімді түрлері Ортылық Қазақстан  мен Солтүстік Қазақстанда, Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Жайықтың төменгі  сағасында өсіріледі. Елімізде бау  бақша дақылдарын өсіуге мамандандырылған аудандар бар. Көкөніс шаруашылықтары, Алматы, қарағанды, Өскемен, Шымкент, Ақтөбе, т.б қалалар мен облыс орталықтарында шоғырланған. шу өзенінінің құмдауытты аңғарында, Семей мен Алматының  төңірегінде тамаша қарбыз, ал Сырдарияның  төменгі ағысында Қызылорда мен  Қазалы аудандарында балдай тәтті қауын  өсіріледі.

Жүзім шаруашылығымен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары, Арыс, Сырдария өзендерінің төменгі сағасындағы аумақтар, сонымен бірге Іле және Жоңғар Алатауы бөктерлерінде орналасқан аудандар айналысады. Жемшөптік дақылдар мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету мақсатында өсіріледі. Оған шөптесін өсімдіктер, көпжылдық өсімдіктер, жоңышқа т.б жатады.

Өсімдік шаруашылығының проблемалары

Негізгі дақылдар бойынша  өнімділік әлемдік өнімділік  көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен  деңгейде.

  1. Негізгі а/ш дақылдарының өнімділігін салыстыру


Негізгі ауыл шаруашылығы  дақылдарын жинау 2011 жылы жеткілікті жоғары деңгейге (мың тонна) жетті: бидай  – 22732,1, жүгері, – 482, 
арпа – 2593, күріш – 347, соя – 133, күнбағыс – 409, рапс – 149, мақта – 336, картоп – 3076, көкөніс – 2878, жемшөптік жүгері – 1053, жемшөп (тамыр жемістер, бақша, дәнді дақылдар, жүгерісіз сүрлем) – 279, алма – 115 мың тонна.

Бидайдың 2011 жылғы жоғары өнімі кезінде оны аса өндіру орын алды, бұл өнімді экспорттау кезінде  қиындықтар, сондай-ақ астық тасығыштар мен сақтау қуаттарының тапшылығын туғызды. Майлы дақылдар бойынша  сақтау қуаттарының тапшылығы және ауыл шаруашылығы өндірушілері білімінің  жетіспеушілігі айқын көрінді. Соя  мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы жоғары емес өнімділікке  әкеледі, сондай-ақ қайта өңдеу саласында  проблемалар бар. Жеміс-көкөніс өнімдерін  өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар  ұсақ тауарлы өндірушілер арасында бөлінген суарылатын жерлердің тапшылығы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта  өңдеу өнеркәсібі үшін шикізаттың жетіспеушілігі болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің  жоғары дәрежесіне әкеледі.

Жемшөп дақылдары егілетін жыртылған жерлер ауданы 2011 жылы 2619,9 мың гектарды құрады, оның ішінде 79,6 мың гектар жемшөпке арналған жүгері, 310,3 мың гектар – бір жылдық шөптер және 178,2 мың гектар көпжылдық шөптер. Жемшөп дақылдарының өнімділігі төмендеуде, бұл жер пайдаланудың тиімсіз  құрылымымен байланысты. Мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері сапалы күрделі жемшөппен жеткіліксіз  қамтамасыз етіледі.

Мал шаруашылығы 

Қазақстандағы мал шаруашылығының дамыған негізгі салалары: қой, ешкі, ірі қара мүйізді мал, жылқы, түйе шаруашылығы.

Шаруашылық  түрі

Түрлері

Негізгі өсіретін аудандар

Қой шаруашылығы

Биязы, жартылай биязы жүнді, арқар-меринос, еділбай, қаракөл.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс  Қазақстан, Шығыс Қазақстан.

Мүйізді ірі қара (сиыр.т.б.)

Асыл тұқымды алатай сиыры, сүтті етті қырдың қызыл сиыры, талас  сиыры, қазақтың етті сүтті ақбас  сиыры.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік қазақстан, Қостанай,Ақмола, Солтүстік  Қазақстан.

Жылқы шаруашылығы

Адай жылқысы, Қостанай жылқысы, Көшім жылқысы.

Атырау,Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл.

Түйе шаруашылығы

 

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда.

Шошқа шаруашылығы

Ақ шошқа

 Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Марал шаруашылығы

 

Шығыс Қазақстан

Жібек құрты

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Құс шаруашылығы

 

Молтүстік, Оңтүстік, Орталық  Қазақстан

 Омарта шаруашылығы

бал жинау

Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау бөктері.


 

 

Мал санын көбейту, олардың ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлес салмағы, генетикалық әлеуетін дамытудағы көрсеткіштер.

Мал саны

2009

2010

2011

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының  үлес салмағы, %

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының  үлес салмағы, %

мың бас

а/ш құрылымдарының үлес салмағы, %

асыл тұқымды мал басының  үлес салмағы, %

Ірі қара мал

6095,2

18

5,6

6175,4

19,3

6,1

6280,0

20,5

6,8

Қой және ешкі

17369,7

30,8

12,0

17988,1

31,7

12,2

18650,0

32,8

12,9

Шошқа

1326,3

22,3

12,1

1344,0

24,7

13,0

1375,0

26,5

13,8

Жылқы

1438,7

30,4

5,5

1528,3

33,5

6,0

1625,0

36,3

6,5

Түйе 

155,5

33,1

10,6

169,6

34,4

9,8

180,0

35,6

9,8

Құс

32686,5

56

10,7

32780,6

56,3

11,0

33220,0

56,7

11,3

Марал

9,6

100

99

10,2

100

98

10,5

100

99,0

Бұғы

1,3

100

100

1,5

100

74

1,7

100

88,0

Ара

58,8*

55,9

0,1

64,8*

12

3,8

66,2*

13

4,1


Мал шаруашылығының проблемалары

Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке үй шаруашылықтарында  өндіріледі, бұл төмен өнімділікке  әкеледі, ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік  бермейді, жоғары өзіндік құнына және бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне  әкеледі, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына әкеп соқтырады. Осылайша, барлы ет түрлерін негізгі өндірушілер әлі  күнге дейін халықтық жеке үй шаруашылықтары болып табылады, оларда 82,4% ірі қара мал басы, 70,2% қой мен ешкі, 78,6% шошқа, 72% жылқы және 47,6% құс ұсталуда. Мал шаруашылығы өнімділігінің  көрсеткіштері халықаралық көрсеткіштерден  бірнеше есе төмен.

Мал шаруашылығы өнімділігінің  көрсеткіштері 


Асыл тұқымды мал басының  төмен үлесі (мысалы, етті бағыттағы  малдың үлесі – 2,5%-дан артық емес), сапалы жемшөптердің тапшылығы, күтіп-бағудың  сәйкес емес шарттары негізгі себептер болып табылады.

 

Ауыл шаруашылығы  өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу  және сақтау саласы.

АӨК – нің үшінші саласында  тамақ, ет, сүт және балық, ұндық-жарналық, азықтық өнеркәсіптерді қамтиды. Берілген ортаға шаруашылық шикізаттарын қайта  өңдеу жөніндегі жеңіл өнеркәсіп  те жартылай кіреді.  
Агроөнеркәсіптік кешеннің үшінші саласына мыналар жатады:

  1. Тамақ, сүт және ет өнеркәсіптері;
  2. Жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, аяқкиім, тері-былғары және т.б.).

Олар ауылшаруашылығы  шикізаттарының алғашқы өнеркәсіптік өңделуін, оның дайындалуы мен сақталуын, сонымен қатар шикізаттың екінші рет қайта өңделуі мен  халықтың тұтынуы үшін дайын болу деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Олар сонымен қатар дайын өнімді сақтау және сату орындарына жеткізуді жүзеге асырады. 
Елдегі тұрғындардың өмір сүру деңгейі өнеркәсіптік кешеннің даму қарқыны мен жағдайларына, әсіресе оның үшінші саласы – тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне тәуелді. Агроөнеркәсіптік кешеннің үшінші саласының кәсіпорындары мен салаларының үлесіне өнім өндірісінің жалпы көлемінің 38 %-ы, барлық өндірістік қордың 19 %-ы, жұмысшылар санының 18 %-ы келеді. 
Осылайша, ауыл шаруашылығымен қатар АӨК-не өндіріс құралдарын жеткізетін және қызмет көрсететін немесе дайындайтын, өнімдерін қайта өңдейтін, тұтынуға дайын азық-түлік өнімдері мен ауылшаруашылығы шикізаттарының азықтық емес тауарларын өндіретін, оларды тұтынушыға жеткізетін салалар кіреді.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас  салалар кешені. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз  байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған  немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына  оң ықпал жасайды.Оның орналасуына  шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Тамақ өнеркәсібі салалары:

Ет өнеркәсібі

Ірі ет комбинаттары: Семей, Алматы,Орал, Петропавл, Қызылорда. Өндіретін  аудандар: Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан.

Ұн тарту жарма  өнеркәсібі

Ұн тарту зауыттары: Солтүстік  Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс  Қазақстан.Макарон зауыттары: Алматы,Қарағанды, Семей, Шымкент, Петропавл.

Қант өнеркәсібі

 Зауыттары: Алматы, Жамбыл  облыстары, Тараз, Боралдай, Шу, Мерке.

Сүт өнеркәсібі

Зауыттары: Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент.

Балық өнеркәсібі

Атырау, Балқаш.

Кондитерлік комбинаттар

Алматы ( «Рахат» ), Қостанай ( «Баян Сұлу» ), Қарағанды.


 

Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын  әр түрлі өнім түрлерін шығарады. Бұл  индустрияның ің қарқынды саласы. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркөсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенін дамыту