Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70

Файлы: 1 файл

дипломка.doc

— 1.79 Мб (Скачать)

Сыртқы қаржылық талдау – бұл кәсіпорынға қатысы жоқ , яғни оның ішкі мәліметтер базасына кіруге рұқсаты жоқ, басқа шет аналитик тұлғамен жүргізілетін талдау.

2. Аналитикалық зерттеу көлеміне байланысты толық және тематикалық болып бөлінеді (1-қосымша ).

          Толық - қаржылық талдау қаржылық қызметтің барлық аспектілерін кешенді түрде зерттеу мақсатыңда жүргізіледі.

Тематикалық - қаржылық талдау қаржылық қызметтің жеке бөліктерін және  кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді түрде зерттеу болып  табылады.

3.Аналитикалық зерттеу  тереңдігі бойынша экспресс –  талдау және фундаменталды талдау  деп  жіктеуге болады.

Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.

Фундаменталды талдау кәсіпорынның қаржылық қызметінің көлемінің динамикалық көрсеткішін факторлы зерттеуден тұрады.

4. Қаржылық талдау  объектісі бойынша келесі түрлерге  жіктеуге болады;

Кәсіпорынның қаржылық қызметін толықтай талдау. Бұндай талдау кезіңде кәсіпорынның құрылымы мен  бөлімшелерін бөлек қарастырмай  оның қаржылық қызметін толық зерттеу  болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметін жекелеп талдау. Бұндай зерттеудің пәні инвестицияларымен байланысты немесе нақты инвестициялық жобаларды

өткізуді қаржыландырумен  және тағы басқа операцияларды талдау.

5. Өткізу уақытына  байланысты:

Алдын-ала қаржылық талдау. Бұл талдаудың мақсаты қаржылық қызметті іске асыру шартын зерттеумен байланысты талдау.

Ағымдағы қаржылық талдау. Іске асырылып жатқан қаржылық қызметтерге  және оған уақытында ықпал жасай  алу мақсатында жүргізілетін талдау.

Кейінгі талдау. Ол кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін толық және тереңдеп зерттеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық талдаудың  тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі  ережелерін қалыптастырды. Олардың  ішінен алты негізгі әдісті бөліп  қарастыруға болады (Cурет 1):

  1. көлденең талдау,
  2. тікелей талдау;
  3. салыстырмалы талдау;
  4. факторлық талдау;
  5. қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең талдау-есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.Оның келесідей түрлерін атап кетуге болады.

  • Есепті кезеңдегі көрсеткіштердің динамикасын өткен кезеңдегі көрсеткіштерімен салыстырып зерттеу. Мысалы өткен аймен, кварталмен салыстыру.
    • Есепті кезеңдегі көрсеткіштердің динамикасын осыған ұқсас өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырып зерттеу.

Мысалы есепті кезеңнің 2-ші кварталын өткен жылдың 2-ші кварталымен салыстыру.

  • Бірқатар жылдың көрсеткіштерінің динамикасын талдау. Оның мақсаты

кәсіпорынның қаржылық қызметін сипаттайтын жеке көрсеткіштерінің өзгеру тенденциясын талдау.

Тікелей (құрылымдық) талдау-әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.Оның келесі түрлерін атап кетуге болады.

  1. Активтердің құрылымын талдау. Бұл талдау кезіңде айналым және айналымнан тыс активтердің үлестерін, айналымдағы активтердің құрамындағы элементтерді және т.с.с көрсетеді.


 

                                                                                                             




 

 

 



 


 




 

 


 


 


 

 



Сурет 1. Қаржылық талдаудың әдістері

 

  1. Баланс құрылымын талдау. Бұл талдау кезіңде меншікті және қарыз капиталының ара салмағын көрсетеді. Қолданып жатқан қарыз капиталының құрамындағы займдардың түрлерін көрсетеді – банк несиесі, тауарлық несиелер және т.б.
  2. Ақша ағымының құрылымын талдау. Бұл талдау кезінде жалпы ақша ағымының ішінен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен ақша ағымын бөліп көрсетеді. Әр біреуінің құрамына ақша қаражаттарының келіп және кетуі және  қалдығын көрсетеді.

Тікелей және көлденең талдаулар  бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан  да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау-бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің  және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.Оның келесідей түрлерін атап кетуге болады.

  1. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін ортасалалық көрсеткіштермен салыстыру. Бұл салыстыру кезіңде кәсіпорынның ортасалалық көрсеткіштен қаншалықты ауып кеткенін көруге болады.
  2. Берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін бәсекелес кәсіпорынның көрсеткіштерімен салыстыру. Бұл салыстыру кезіңде бәсекелестік деңгейін жақсарту мақсатында кәсіпорынның әлсіз жақтары аңықталады.
  3. Есепті және жоспарлы көрсеткіштерді салыстырмалы талдау. Бұл салыстыру кезіңде нақты көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштен ауытқу себебін көруге болады.

Қаржылық талдаудың  нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың  пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге  байланысты болады. Бұл -қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың  рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне  назар аударылмайды. Нәтижесінде  бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысына салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды  тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Факторлық талдау-бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде –тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық  жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

 

2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы

 

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеңде тұрған өнімдермен (оның ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кино компания. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм және «Ленфильм» киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеңінде отандық көркем фильмдердің 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы «Қазақфильм» атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді [4].

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 06 маусым айында №563 «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне қарасты және кәсіпорындарды қайта құру туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта құру негізінде Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы құрылды. Өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жарлықтар мен ішкі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қоғам 2006 жылдың 27 маусымында Әділет департаментіменде тіркелді, мемлекеттік тіркелі куәлігі №78776-1910-АО.

Қоғамның мекен жайы: ҚР Алматы қаласы Аль-Фараби даңғылы 176, РНН 600400026389.

Акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес заңды тұлға  болып табылады, дербес балансы, банк есеп-шоттары бар, өз атынан сатып  алуға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруға, сотта ізденуші және жауапкер болуға мүмкіндігі бар. Акционерлік қоғамның өзінің мөрі, өз атауы бар бланктері және өзінің қызметтерін атқаруға қажетті басқа да деректемелері болады.

Атқаратын қызметіне  байланысты ұжымдық құрылым сұлбасы бекітілген (2-қосымша ). АҚ-ның органдары:

  1. жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиналысы;
  2. басқару органы – директорлар кеңесі;
  3. атқарушы орган – Президент.
  4. қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган ішкі аудит қызметі.

Президент акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің айрықша құзіретіне жатқызылғандардан басқа оның ағымдағы қызметінің барлық мәселелерін шешетін Қоғамның жеке дара атқарушы органы болып табылады және акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің алдында оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Президенттің кеңесшісі және бір орынбасары бар [5].

Киностудияның негізгі қызметі-көркем, деректі және анимациялық фильмдер өндіру.

Қызмет:

− түсіру техникасы;

− түсіру павильоны;

− түсіру алаңын таңдау;

− жарық аппаратурасы;

− дыбыс құрал-жабдығы;

− фильмдер монтажы;

− декорациялар құру;

      •   костюмдер прокаты;
      •   кастингтер.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ құрылымы мынадай бөлімшелерден  тұрады [5]:

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау