Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Қаржылық жағдайды талдау
кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы
кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны
қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу;
бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік
және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның
қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған
капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы
ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен
тиімді пайдаланылуына, есеп және несие
тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның
тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы
тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық,
өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік
бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі,
көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді
және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді
сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды
ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті
деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты
өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру
және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының
қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс
процесінде өнім сапасының төмендеуі
және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын
шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне
кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс
та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің
іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің
қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу
үшін қажетті жағдайларды туғызады,
оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып
табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және оған
мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің
құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
•кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің
құрамдық және құрылымдық динамикасын
талдау;
•кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін
талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №234 "Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік" заң күші
бар Жарлығына сәйкес, 2007 жылдың 12 наурызынан
бастап мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық
есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк
мыналарды қамтиды [3,9]:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы
есеп;
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба.
Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiк көлемiн, оны жасау нысандары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, дара кәсiпкер қол қояды. Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды.Қаржылық есептiлiктi жасауды ұйымдар Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi жөнiндегi қаржылық есептiлiктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға және ұсынуға мiндеттi. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтiзбелiк жыл болып табылады.Жаңадан құрылған ұйым үшiн бiрiншi есептi жыл ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
Қаржылық есептiлiктi табыс
ететін ұйымдар [3]:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға
(қатысушыларға);
2) Қазақстан Республикасының статистика
органдарында тiркелу орны бойынша Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк статистика
органдарына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес қаржылық есептiлiктi ұсынады.
Қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiлiп ұсынылады.
Ұйымдар жылдық қаржылық есептi есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей ұсынады.
Жария мүдделi ұйымдар (қаржылық ұйымдардан
басқа) жылдық қаржылық есептiлiктi уәкiлеттi
орган бекiткен тiзбеге, нысандарға
сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарында
жариялауға мiндеттi. Қаржылық ұйымдар
жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан
Республикасының заңдарын-да
Сонымен қатар кәсіпкерлік ұйымдағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті мемлекеттік реттеу туралы айта кетейін. ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №234 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік" заңның 21 бабына сәйкес [3] кәсiптiк ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) кәсiби ұйымның құрамында бухгалтерлiк есеп немесе аудит саласында кемiнде екi жыл расталған жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз мүшесiнiң болуы;
2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;
3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жүйесiнiң болуы;
4)аккредиттеу ережелерiне
Кәсiби ұйымға аккредиттеу
туралы куәлiк берiлген кезден бастап бiр
жыл өткеннен кейiн оның құрамында кемiнде
елу кәсiби бухгалтер болуға тиiс.
Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
Кәсiби ұйым:
1) Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен
3) уәкiлеттi
органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң
қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
4) халықаралық
және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi
сауалдарды қарауға мiндеттi.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген
отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бойынша халықаралық есеп стандартының
талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы
жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық
тәжірибеге бейімдей отырып реформалау
процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден,
негізін құраушы нарықтық қатынастар
болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің
әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен
байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау
процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына
жаңа көзқарастар пайда болды және оның
бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты
- бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі
ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей,
бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық
жағдайы және оның қызметінің нәтижелері
мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында
болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды
әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады. Қаржылық есеп негізінен
өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін
және де кәсіпорын үшін инвестициялық
шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы
ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп
тапсырылған ресурстар мен басқарушы
органдардың жұмыстарымен байланысты
ресурстар мен міндеттемелерді бағалау
үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды.
Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін
қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды.
Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын
экономикалық шешімдер субъектінің ақша
қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды,
сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу
және нәтижеге сенімді болуын талап етеді.
Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына
және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды
төлеу, несиені қайтару және табысты тарату
қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар
тек қана субъектінің қаржылық жағдайын,
қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі
қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын
ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық
қажетті ақпараттармен жабдықталған болса,
онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының
айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды.
Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы
заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа
шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері
(тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар)
өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте
көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды
талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі
қаржылық есепке қаржылық ақпараттың
басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика
жағдайында қаржылық есеп шаруашылық
субъектілерінің қызметі
Баланс - есепті жылдың басындағы
және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер
атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін
шаруашылық субъектісінің мүліктік
жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті
нені иеленеді, материалдық құралдардың
сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын
жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін
ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден,
басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар
жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық
бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиімділігінің салыстырмалы
сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша
әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау
туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты
сыртқы қолданушыларға да пайдалануға
мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар
жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау
үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда,
сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі
есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі
жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер
аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін
көмек алады, ал талдаушылар қаржылық
талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің
негізгі түрі бола отырып, ол есепті
кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы
мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы
мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық
және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие
қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері
кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық
қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі
мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру
тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау
үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады.