Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың
қалыптасу көздері сапалық
Баланстың актив бөлімінің құрылымына
сай ерекшелік-бұл яғни баланс бөлімдері
мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде)
қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы-яғни
олардың өтімділік дәрежесіне байланысты
мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі
аз активтерден өтімділігі көп активтерге
дейін, демек басында баланстың өтімділігі
жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады,
содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне
байланысты жоғары өтімді активтер жазылады.
Осы принцип бойынша активтің қорытынды
баптары ең өтімді айналым қаражаттары
(ағымдағы активтер) болып табылады олар
қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы,
есеп айырысу және валюталық шоттардағы
ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша
қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен
баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке
сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі
аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға
дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады.
Активтер дегеніміз бұл
Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құралында былай жазылған: Баланс-бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Әрі қарай олар баланстың негізгі
элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер-бұл ұйымға тиісті немесе
ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер
- басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив"
термині таза бухгалтерлік ұғым болып
табылады және ол кәсіпорынның қарызы
дегенді білдіреді.
Капитал-пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен
қызметте қалдырылған табысты қоса
алғандағы меншік иесінің бизнестегі
үлесі болып табылады.
Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық
есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар"
оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді:
"Баланстық есеп - бұл белгілі бір кезеңде
жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы
қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын
фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей
байланысқан баланстық есеп элементтері
дегеніміз бұл активтер, пассивтер және
капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның
әрі қарайғы жұмысын камтамасыз ету үшін
қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы
ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді
қаржыландыру көздері туралы ақпараттан
тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған
ба, жоқ, әлде меншікті ме".
Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың
бөлімдері (жақтары) мен эле-менттері келесідей
анықталады:
«Актив дегеніміз-бұл өткен жағдайлардың
нәтижесінде кәсіпорынмен ба-қыланатын
және болашақта кәсіпорынға экономикалық
табыс әкелетін ресурс.
Пассив-бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.
Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал-бұл пассивтерді активтерден
алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік
қаражаты».
Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік
баланс және оның элементтері туралы
бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік
есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда
берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды
жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының
еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің,
субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен
байланысқан негізгі элементтері-активтер,
меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі"
болып табылатынын айта келе, олар қаржылық
есептің бұл элементтеріне келесідей
сипаттама береді.
«Активтер-бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын
мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі
және құқығы болып табылады.
Міндеттеме-бұл тұлғаның (қарыз адамның)
белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның
(несие берушінің) пайдасына жасайтын
міндеті-мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша
төлеу және басқалар немесе белгілі бір
іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің
қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын
талап етуге құқығы бар.
Меншіктік капитал-бұл субъектінің өз
міндеттемелерін шегеріп тастаған-нан
кейінгі активтері». Сонымен, қаржылық
есептің негізгі элементтерінің анықтамасын
түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай
айырмашылық жоқ деп айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы
міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады.
Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді
және олардың жиынтық сомасын анықтау,
қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді
басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет
болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС-2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген [11]. Онда былай жазылған: "барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс".
Алайда айта кеткен жөн,
балансты құрудың түрін таңдау (көлденең,
яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық
субъектілерінің шексіз құқы болып
табылады.
Баланс активі мен
пассивін құру принциптері бұрынғы
қалпында қалып отыр, яғни активтер
олардың өтімділік деңгейіне
байланысты, өтімділігі төмен активтерден
өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер
принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік
деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі
азынан көбіне қарай.
Тікелей түрде құрастырылған баланс
5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті
сипаттайды: активтер, меншікті капитал
және міндеттемелер. Қалған екі элемент
- табыс және шығын - қаржы - шаруашылық
қызметі нәтижелері туралы есеп беруде
көрсетіледі.
Қаржылық жағдайды талдау барысында
тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне
ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл
біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік
баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан
емес, олардың ең маңыздылары келесілер
болып табылады:
1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта
болады. Баланста келтірілген мәліметтер
оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің
нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс
ақпараттары ретроспективалық және перспективалық
талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
2.Баланс кәсіпорын қаржысында және
міндеттемелеріңде статусквоны си-паттайды,
яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына
сай осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы қандай
жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді,
бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде
жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа
жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер
ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп
беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың
талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техникалық
прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар
және басқалар).
3.Баланста салыстырмалы
4. Баланста кәсіпорынның
қаражаттарының айналымы
5.Баланс есепті кезеңнің басы мен
соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы
болып табылады, яғни онда осы балансты
толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының
жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның
есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын
көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың
динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар",
"дайын өнім", '"тауарлар", "дебиторлық
борыш" және басқалар.