Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70

Файлы: 1 файл

дипломка.doc

— 1.79 Мб (Скачать)

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.                                                                                                             

Жоғарыдағы кестенің мәліметтері негізінде кәсіпорынның автономия коэффициентін есептеуге болады. Басқаша айтқанда, бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан тәуелсіздік коэффициенті (2) деп аталады. Бұл көрсеткіш қарастырылып отырған кәсіпорынның сырттан тартылған қарыз қаражаттарынан тәуелсіздігін және меншікті қаражаттардың жеткіліктілігін көрсетеді. Келесі формуламен есептеледі:

КА=МҚ/БҚ≥0,6 (2)

мұндағы: МҚ - меншікті қаражаттар

       БҚ - баланс қорытындысы

2009 ж.б. К = 1,03

2009 ж.с. К = 0,45

2010 ж.б. К = 0,45

2010 ж.с. К = 0,41

 

Бұл АҚ-ның 2010 ж.б. К = 0,45, ал 2010 ж.с. К = 0,41,яғни 0,04 –ке азайған. Бірақ КА арнайы нормативтен төмен болғандықтан, бұл акционерлік қоғамның сырттан тартылған қарыз қаражаттардан тәуелді және меншікті қаражаттарының жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Икемділік коэффициенті (2.1) кәсіпорынның меншікті қаражаттарының ішіндегі неғұрлым икемді, яғни күнделікті қаржылық шаруашылық қызметінде пайдалану үшін қол жетімділігі жоғары қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ки=(МҚ-(НҚ+АТА))/МҚ≥0,5 (2.1)

мұндағы Ки – икемділік коэффициенті

      МҚ -меншікті қаражаттар

      НҚ - негізгі қорлар

      АТА  - айналымнан тыс активтер

2009 ж.б. Ки = (2672117 -( 452071 +106628))/ 2672117=0,79

2009 ж.с. Ки = (2672605 -( 2486764 +37 350))/ 2672605=0,06

2010 ж.б. Ки = (2672605 -( 2486764 +37 350))/ 2672605=0,06

       2010 ж.с.  Ки = (3606431 -( 3026389 +112 263))/ 3606431=0,13

Бұл АҚ-ның талданып отырған мерзім ішіндегі Ки арнайы нормативтен жоғары болғандықтан, кәсіпорынның меншікті қаражаттрдың ішіндегі неғұрлым икемді қаражаттардың үлесінің біршама жоғары екендігін көрсетеді.

Қарыз коэффициенті (2.3)-кәсіпорынның өз кредиторларының алдындағы қарыздарының ақшалай көлемін көрсетеді. Қарыз коэффициентінің ұлғаюы кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің өскендігін білдіреді. Ал азаюы қаржылық тұрақтылыққа оң ықпалын тигізеді.

Кқ = ҚММ/БҚ (2.3)

мұндағы: КҚ  - карыз коэффициенті;

       ҚММ  -  қысқа мерзімді міндеттемелер;

       БҚ  -  баланстың қорытындысы.

2009 жыл Кқ = 1021976/ 5911058=0,17

2010 жыл Кқ = 1863630/ 8824769=0,21

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау 10-кестесі құрылады.

 

Кесте 9

 «Қазақфильм»АҚ-ның  авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы*

МІНДЕТТЕМЕ ЖӘНЕ КАПИТАЛ

2009 (мың.тенге)

Құрылымы,%

2010 (мың.тенге)

Құрылымы,%

Өзгерис (+;)(мың.тенге)

Үлес салмағы%

III. Қысқа мерзімді  міндеттеме

           

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттеме

-

 

-

     

Салық бойынша міндеттеме

13 478,00

0,23

11 827,56

0,13

-1 650,44

-12,25

Басқа да міндетті төлемдер және ерікті төлемдер

4 884,00

0,08

5 572,87

0,06

688,87

14,10

Қысқа мерзімді кредиторлық  берешек

109 076,00

1,85

187 629,00

2,13

78 553,00

72,02

Қысқа мерзімді бағаланған міндеттеме

76 385,00

1,29

161 549,00

1,83

85 164,00

111,49

Басқа да қысқа мерзімді міндеттеме

818 153,00

13,84

1 497 051,00

16,96

678 898,00

82,98

Қысқа мерзімді міндеттеме жиынтығы

1 021 976,00

17,29

1 863 630,00

21,12

841 654,00

82,36

IV. Ұзақ мерзімді міндеттеме

           

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме

-

 

-

     

Ұзақ мерзімді кредиторлық  міндеттеме

2 969,00

0,05

2 519,00

0,03

-450,00

-15,16

Ұзақ мерзімді бағаланған міндеттеме

-

 

-

     

Кейінге қалған салық  міндеттеме

4 095,00

0,07

4 095,00

0,05

0,00

0,00

Басқа ұзақ мерзімді міндеттеме

2 209 413,00

37,38

3 348 094,00

37,94

1 138 681,00

51,54

Ұзақ мерзімді міндеттеме жиынтығы

2 216 477,00

37,50

3 354 708,00

38,01

1 138 231,00

51,35

V. Капитал

           

Жарғылық капитал

4 736 592,00

80,13

5 736 592,00

65,01

1 000 000,00

21,11

Төленбеген капитал

-

 

-

     

Сатып алған меншікті улестік инструменттер

-

 

-

     

Эмиссияляқ кіріс

-

 

-

     

Резервтер

-

 

-

     

Таратылмаған пайда (өтелмеген  шығын):

-2 063 987,00

-34,92

-2 130 161,00

-24,14

-66 174,00

3,21

Азшылық үлесі

-

 

-

     

Капитал жиынтығы

2 672 605,00

45,21

3 606 431,00

40,87

933 826,00

34,94

БАЛАНС( қатар 300 + қатар 400 + қатар 500)

5 911 058,00

100,00

8 824 769,00

100,00

2 913 711,00

49,29





* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген


 

9-кесте мәліметтерінен кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 2 913 711,00 мың теңгеге немесе 49,29%-ға жоғарлағаны көрініп тұр.

Тәуелсіздік коэффициенті 0,827-ден 0,789-ге дейін төмендеген. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) нашар екенін көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті (2.4) деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 – Ктс (2.4)

мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

  Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                              

  Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

  Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.                                                                                           

 

Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы  қарыздың үлесін сипаттайды.                                                                                                                               

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі 2009 жылы 0,173 (1-0,827), ал 2010 жылы 0,211 (1-0,789) болды, яғни тәуелділік жағдайы төмен.

 Келесі, кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті (2.5) болып табылады.

Кқ = Мк:Қк (2.5)

мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

  Мк - меншікті капитал;                                                                                                              

  Қк - қатыстырылған капитал.                                                                                           

 

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен  инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

Бұл коэффициент кәсіпорын  қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:              

2009 жылы – 2,62 (2672605: 1021976);

2010 жылы – 1,94 (3606431: 1863630).                                                                            

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің (2.6) кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кқ/м = Қк:Мк      (2.6)

мұндағы: Кқ/м-қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;                                                                                                                       

                   Қк - қатыстырылған капитал;                                                                                                     

                   Мк-меншікті капитал.                                                                                                                            

 

Бұл коэффициент кәсіпорын  активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:            

2009 жылы - 0,38 (1021976: 2672605);                                                                     

2010 жылы - 0,52 (1863630: 3606431).                                                                                 

Арнайы әдебиеттерде [2, 10] бұл көрсеткіш үшін қалыпты  шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні  1-ден  асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффи-циенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпо-рынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет [10].                                           

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті (2.7) деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк  + ҰМ ) / Ак (2.7)

мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;                                                        

  ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                     

  Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                                                                                                       

 

Бұл дербестік коэффициентімен  салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті [6]. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуелсіздік коэффициентінің мәніне тең.:                                                                                    

2009 жылы - 0,827 ((2672605+2216477): 5911058);                                                                    

2010 жылы - 0,789 ((3606431+3354708): 8824769).                                                                                             

Капиталдың құрылымын  қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген  көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде (2.8) қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.

Ки=Мк / Нк (2.8)

мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;      

                 Мк – меншікті капитал;                                                                                                                       

                 Нк -  негізгі капитал;                                                                                                                                       

 

Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 1,07-ке тең (2672605: 2486764), соңында  1,19-ға тең (3606431: 3026389) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым каражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады [23].

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау