Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [30].
Негізгі көзі меншікті капитал
болып табылатын капитал
Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми-зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспарлардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн [27].
Мен 2.2 ««Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау» параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.
Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
Осылайша кәсіпорынның
өз жабдықтаушылары мен
М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:
а)жарғылық капиталды арттыру;
ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;
б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;
в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
д)активтерді қайта құрылымдау,
сонымен қатар активтердің
е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда).
Мен бұл дипломдық
жұмыста активтердің
1) Қысқа мерзімді қарыздарды
ұзақ мерзімді қарыздарға
2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражаттарының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін арттыруға қол жеткізу болады.
Жоғарыдағы айтылған жолдардың бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.
Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қосымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша облигациялар шығарумен алуға болады.
Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2011 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.
Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.
Қорытындай келе екі әдісті қатар пайдалану кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттырады. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.
Мен 2.3 ««Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылы-ғын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау» параграфында кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігі қанағаттандыратындықтай екенін анықтадық.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы-бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [31]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның
өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын
еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның өндірілетін
өнім және өндіріс технологиясымен
тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс
таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың
ішкі, маңызды факторларының бірі
- бұл қаржы ресурстарының
Сонымен бірге тек
таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы,
әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған
бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығы әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі-яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің
қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге
үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды
қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық
топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің
(жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
төлем қабілеттілігі бар
•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
•шығындардың көлемі,
олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
•қорлар мен резервтерді,
олардың құрамы мен құрылымын
қоса алғандағы мүлік пен қаржы
ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару
тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынандай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.
Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсе-тілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай оты-рып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рен-табельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады [26].
Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.
Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс [28].
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:
1.Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.
2. Активтердің айналымдылық
жылдамдылығын арттыру, яғни
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады. Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та, уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысу қажет. Табыс алудың негізі бағыты көрерменге жол тартатын фильмдердің санын күрт көбейтіп, сапаға жету керек. АҚ ның Президенті Е.Аманшаев мырзаның «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында: «Егер біз ала қарай дамып, отандық кинонарығында өз орнымыз болсын десек, онда әлемдік стандартқа сай технологиялық базасында кем дегенде қойылымы күрделі он фильм өндіріске жіберіліп отыру керек» деген сөзі бар [31].Статистика мәліметі бойынша алдыңғы жылдары еліміздің кинотеатрларынындағы прокатта 254 картина көрсетілсе, оның тек 8 қазақстандық, 5-уі «Қазақфильмдікі» болған. Прокатта шетелдік картиналардың бағы жануда. Көрерменнен неге айырылды? Себебі ешкім көрерменнің сұранысын, оның қажет мұқтажын зерттеген жок. Осы жағдайды ескеріп, 2010 жылы он фильмнен аса картина шығарыла бастады. Бұл киноөндірісінде болмаған жағдай. Осының негізінде соңғы 2010-2011 ж. арнайы бөлімшелер ашылды, негізгі көрермендердің талабын, мұқтажын зерттеуге.Сонымен қатар көрермен талабынан шығатын фильмдер түсірілім үстінде. Түсірілген фильмдердің тиімділігін ескеріп қаржылай және маркетинг жоспарлауын, жарнамалық стратегияны анықтайтын Киножобалардың даму орталығы жұмыс істей бастады. Алғашқы орындалып жатқан шараның бірі деуге болады.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет;
-баға саясатын өзгертуі
қажет, яғни өнім бағасына
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.