Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70

Файлы: 1 файл

дипломка.doc

— 1.79 Мб (Скачать)

Кәсіпорынның төлем  қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін  талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы  белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді  және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін  талдаудың мәні-активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері  келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік  тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен  құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін  активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне  байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:


 

 

 

 

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген  жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. 

Баланстың топтастырылған баптарын 1 кесте түрінде көрсету орынды болады.

 

Кесте  1

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның мәліметтері негізінде   баланс активінің өтімділік дәрежесі*

 

Актив

Сомасы 

( мың теңге)

Пассив

Сомасы

(мың теңге)

Активтің пассивтен артылған бөлігі немесе тапшылығы

2009

2010

2009

2010

2009

2010

1. Неғұрлым өтімді активтер

677

1 325

1.Неғұрлым жылдам өтеуге тиісті  міндеттемелер

1 022

1 864

-345

-538

2.Жылдам өткізілетін активтер

1 823

1 744

2.Қысқа мерзімді міндеттемелер

0

0

1 823

1 744

3.Баяу өткізілетін активтер

887

2 617

3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

2 216

3 355

-1 330

-738

4.Өткізілуі қиын активтер

2 524

3 139

4.Тұрақты міндеттемелер

2 673

3 606

-148

-468

Жиыны

5 911

8 825

Жиыны

5 911

8 825

0,00

0,00


* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген

 

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады (1):

К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3) (1)

 

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

2009 жыл соңы К = 1 854 850,9/1 686 919,1=1,10

2010 жыл  жыл соңы К = 3 505 695,5/2 870 042,4=1,22

 

Бұл «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылы активтердің, яғни А1,А3<П1,П3; А2 >П2 болғандықтан, осы мерзімде кәсіпорынның балансының өтімділігі төмен және төлем қабілеттілігі де төмен көріп отырмыз, бірақ та төртінші теңсіздік А4<П4 болғандықтан, қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. 

Таза айналым капиталы (1.1)-бұл көрсетіш кәсіпорынның сырттан қаражат тартпай, өзінің меншікті қаражаттарының есебінен шаруашылық қызметін ұйымдастыруға айналым қаражаттарының жеткіліктілігін көрсетеді (Кесте 2).

 ТАК = АА – ҚММ=(А1+А2+А3)-(П1+П2+П3) (1.1)

мұндағы: ТАК - таза айналым капиталы;

  АА - ағымдағы активтер (айналым қаражаттары);

  ҚММ -  қысқа мерзімді міндеттемелер.

 

Бұл көрсеткіш оң шамамен шығатын болса, онда бұл кәсіпорынның ақша қаражаттары жеткілікті, керісінше теріс шығатын болса, яғни ақша қаражаттары жетпейді. Сол себептен кәсіпорын банктен несие алуға мәжбүр болады.

 

Кесте 2

Таза айналым капиталы*

 

Көрсеткіштер

Жылдар

31.12.2009

31.12.2010

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мың теңге)

3386944

5686117

Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)

3238453

5218388

Таза айналым капиталы

148 491

467729

* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген


 

Осыдан кейін кәсіпорынның ағымдағы өтімділік коэффитиентін  есептеуге болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (1.3) (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді  (Кесте 3).

Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:

Кағ.ө 

2

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден  2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.   

Кағө = АА/ҚММ = (А1+А2+А3)/(П1+П2+П3)≥2 (1.3)

мұндағы, Кағө - ағымдағы өтімділік коэффициенті;

       АА - ағымдағы активтер (айналым қаражаттары);

       ҚММ  -  қысқа мерзімді міндеттемелер.

 

Кесте 3

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті*

 

Көрсеткіштер

Жылдар

31.12.2009

31.12.2010

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мың теңге)

3386944

5686117

Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)

3238453

5218388

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

1,05

1,09

* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген


 

Мерзімді өтімділік  коэффициенті(1.4)-кәсіпорынның неғұрлым өтімді активтердің есебінен өзінің мойнына алған қысқа мерзімді міндеттемелердің өтеу қабілеттілігін көрсетеді.

Кмө=АА-ТМҚ/ҚММ=((А1+А2+А3)-А3)/(П1+П2+П3))≥1 (1.4)

мұндағы, Кмө мерзімді өтімділік коэффициенті;

       АА - ағымдағы активтер (айналым қаражаттары);

       ТМҚ  - тауарлы материалдық қорлар;

       ҚММ  -  қысқа мерзімді міндеттемелер.

Кесте 4

Мерзімді өтімділік  коэффициенті*

 

Көрсеткіштер

Жылдар

31.12.2009

31.12.2010

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мың теңге)

3 386 944

5 686 117

Тауарлы материалдық қорлар (мың  теңге)

886 648

2 447 664

Қысқа мерзімді міндеттемелердің қорытындысы (мың теңге)

3 238 453

5 218 388

Мерзімді өтімділік коэффициенті

0,77

0,84

* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген


 

Абосолютті өтімділік  коэффициенті шаруашылық субъектісінің  қысқа мерзімді қарыздарын қайтару  үшін қажетті ақша қаражаттарын қысқа уақыт аралығында жинақтау мүмкіндігін көрсетеді (Кесте 5).

Кабс.ө. = АҚ /ҚҚ=А1/П1≥0,25

мұндағы, Кабс.ө. - абсолютті өтімділік коэффициенті;

  АҚ  - ақша қаражаттары;

  КҚ  -  кредиторлық  қарыздар.

 

Кесте 5

Абосолютті өтімділік  коэффициенті*

 

Көрсеткіштер

Жылдар

31.12.2009

31.12.2010

Ақша қаражаттар (мың теңге)

677417

1325274

Кредиторлық қарыздар (мың теңге)

1021976

1863630

Абосолютті өтімділік коэффициенті

0,66

0,71

* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген


 

Қаражаттарды сырттай  тарту коэффициенті(1.5) кәсіпорынның сырттан тартылған қарыз қаржаттарынан қаржылық тұрғыдан тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым төмен болған сайын, шаруашылық субъектісінің

несиені қайтару қабілеттілігі  соғұрлым жоғары деп есептілінеді.

Ксқт= КҚ/АА= П1/(А1+А2+А3) (1.5)

мұндағы, Ксқт-  сырттан қарыз тарту коэффициенті;

  КҚ -  кредиторлық  қарыздар;

  АА - ағымдағы активтер (айналым қаражаттары).

 

 

 

 

 

Кесте 6

Қаражаттарды сырттай  тарту коэффициенті*

 

Көрсеткіштер

Жылдар

31.12.2009

31.12.2010

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мың теңге)

3386944

5686117

Кредиторлық қарыздар (мың теңге)

1021976

1863630

Қаражаттарды сырттай тарту  коэффициенті

0,30

0,33


* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген

 

2009 жылы = 1021976/3386944=0,30

2010 жылы =1863630/5686117=0,33

Кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау