Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
− Продюсерлік орталық − киностудия жобаларына алдыңғы қатарлы продюсерлік компаниялардың, киноиндустрияда жетістікке жеткен продюсерлер мен режиссерлердің қатысуын қамтамасыз етеді;
− Кинопрокат пен дистрибуция орталығы − кинокартиналардың прокатымен, ТМД мен әлемнің алдыңғы қатарлы дистрибьюторлық компаниялармен байланыс орнатумен айналысады;
Қоғам қызметінің негізгі түрлері:
Акционерлік қорының жарғылық қорының 100 пайызы мемлкеттік меншікте. АҚ-ның жарғылық қоры 113502 мың теңге, оны өзгерту тек акционерлердің шешімімен ғана болады. Жарғылық қорға бекітілген активтер, яғни негізгі құралдар АҚ-ның балансына акт арқылы қабылданған. АҚ негізгі қызметі мемлекеттік тапсырыс орындау болса да, коммерциялық және коммерциялық емес кино,бейне көрсетілмдерді ұйымдастыру.
Бүгінгі таңда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ел мәдениетінің дамуына зор үлес қосып келеді. «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мемлекеттік және халақаралық деңгейде тойланатын көптеген мәдени шараларды ұйымдастырып өткізуде іскерлік көрсетуде.
Акционерлік қоғамның алға қойған басты мақсаттары – ұлтымыздың төл, мәдени құндылықтарын елімізде және халықаралық кеңістікте тереңінен тарта насихаттау, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыру, мәдени мұраны сақтау, рухани қатынастардың қалыптасуына әсер ету, еліміздің мәдени кеңістігінде ерекше серпілістер туғызу.
Еліміз тәуелсіздік алғалы қоғамда, елдің сана сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Әлеуметтік экономикалық саланың дамуы нарықтық қағидаларға негізделіп, жаңа өндірістік қатынастар қалыптасты. Бұл жағдайда киноөнерінің рөлі бұдан да жоғары көтерліп, оның барлық салаларының жұмысына талаптар күшейе түсті. Кинематография мәдениеттің маңызды саласы ғана емес, ол үлкен экономикалық кешен. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Кино әрі өнер, әрі индустрия екнін естен шығаруға болмайды. Шет елдерде киноиндустрия деп айтатыны тіпті тегін емес. Тек істі ұйымдастыра білу керек» [7]. Мәдени шаралар продюсер, PR, жарнама, маркетинг мамандарының алдын-ала жоспарлы түрде дайындалып, алға қойылған мақсат жетілдіріліп, жүзеге асады.
Мемлекетіміздің аталған
әлеуметтік экономикалық саясатын іске
асыруда кинематографияның
Қазіргі уақытта аппараттық сандық кешен жұмыс істейді. Дәлірек айтқанда, мәтінді дыбыстау студиясы, фильмдердің түс коррекциясы, заманауи бейне монтаж бөлмелері, компьютерлік графика аппараты, DOLBY жүйесіндегі фонограммалар көшірмесі студиясы, фильмдерді қосалқы дыбыстандыру студиялары жұмыс істеуде. Заманауи сандық кинотүсірілім камералары және операторлық техникасымен жабдықталған.
Фильм өндірісі қазіргі заманғы ғылым мен ехниканың жетістктерімен тікелей байланысты. Химия, физика, нақты механика, радиотехниканың дамуынсыз жақсы фильм шығару мүмкін емес. Жаңдан шыққан техника киноны әсерлі көрсету жабдықтарымен қамтамасыз етіп, режиссерлердің, сценистердің шығармашылық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Бұрынғы кездері фильм бір камерамен, бір нүктеден, бір өріспен түсірсе, қазір көптеген күрделі әдістерді қолданады. Мысалы: қозғалыс кезінде бірнеше камерадан, кранмен, арнайы автомобильдер, көптеген жарық аппараттарымен түсіру кең таралып кетті. Соңғы жылдары киноематографияның техникасы үлкен жетістіктерге жетті. Киностудияны модернизациялау жобасы нәтижесінде киностудия тарихында алғаш рет пост-өндірістің толық технологиялық циклы қалыптасқан, атап өтетіні, пост-продакшнның бұл қызметтеріне әр картинаға жалпы қордан 30 пайыз қаржы Ресей, Чехия, Түркия және де т.б. елдерге жұмсалып отырған. Енді, бұл қызметтер толықтай «Қазақфильм» киностудиясында жүзеге асады. Орта Азия аумағындағы киноиндустрия саласында барынша жабдықталған жалғыз орталық болып есептелуімізге жағдай туғызып отыр.
Жылдың соңына дейін киностудияға жаңа ІТ-технологияларды қолдана отырып, толықметражды анимациялық фильмдер өндіруге арналған жаңа қондырғы кешені орнатылады.
Заманауи техникамен жабдықталған және менеджмент сапасын жақсартуда жасалған еңбек, болашақта қазақстандық фильмдердің отандық және әлемдік кино нарықта беделді орынға ие болатынына сенімдіміз.
АҚ-ның деректірлік кеңесімен 2010 жылы 17 сәуірде отырыстың №5 протоколымен бекітілген есеп саясаты бар.
2.2 «Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ фильм өнідірісімен айналысатын творчествалық өндірістік қызметті жасаумен байланысты мамандандырылған мекеме. Негізіг қызмет бөлігінің 92% 009 «Ұлттық фильмдерді өндіру» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындау болып табылады. Қазақстан Республикаының «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның
болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан,
ол осы кәсіпорын жұмысының оң
нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын
мүлік құныньщ өсу себептерін
талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық
есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына
әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру
қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны
есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде
өндірістік қорлар, дайын өнім және
тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді.
Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен
болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Қазақфильм АҚ-ның
бухгалтерлік баланс (3-қосымша ). мәліметтерінен активтердің
нақты құнын көрсететін баланс валютасының
есепті жылы 2 913 711,00 мын теңгеге немесе
49,29%-ға артқанын көруге болады. Бұл кәсіпорын
дамуының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда балансын талдай отырып, олардың
қалай таратылғанын және есепті жылы неге
көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның
өндірістік потенциалы мен оның негізгі
құралдарының жағдайын және кәсіпорын
мүлкінің мобильділігін (іске тартылу
деңгейін) анықтау қажет.
Қазақфильм АҚ-ның
бухгалтерлік баланс (3-қосымша ).) мәліметтері көр-сеткендей
қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзімді
активтер арасына тарату 2010 жылдың пайдасына
шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі
2009 жылы 14,60 пайызға аз болса (42,70%-57,30%),
2010 жылы ол 28,86 % (35,57%-64,43%) дейін жоғарлады
және 35,57%-ды құрады.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы
ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды:
ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның
барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын
кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды
өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды.
Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның
үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен
есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.
Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив
құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді
(іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының
жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің
өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда
бұл коэффициенттің деңгейі 2009 жылы
0,43 (2 524 114,00: 5 911 058,00), ал 2010 жылы 0,36 (3 138 652,00:
8 824 769,00) құрады. Кәсіпорын активтерін
таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі
көрсеткіш-мобильді және иммобильді қаражаттар
қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы
активтер құнын ұзақ мерзімді активтер
құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті
көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне
байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда
берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен
төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында
бұл көрсеткіш деңгейі 2009 жылы - 0,75 (2 524 114,00:
3 386 944,00), ал 2010 жылы – 0,55 (3 138 652,00: 5 686 117,00)
құрайды. Бұл коэффициент деңгейі иммобильді
қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардың
өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп
отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді
қаражаттар 1,7 есеге (5 686 117,00: 3 386 944,00) өссе,
екіншілері мобильді қаражат - 24,35%-ға
(614 538,00: 2 524 114,00
100) өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық
тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері
кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен
өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі
шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың
белгісі болып табылады: ағымдағы және
ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті
қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының
коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің
жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық)
үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар
аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның
кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы
басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын
мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі
құралдардың нақты құнының коэффициентінің
мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының
50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің мысалымыз бойынша
баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық
құнының үлесі 2009 жылы - 2 486 764 теңге, ал
2010 жылы – 3 026 389 теңгені құрайды, яғни бұл
көрсеткіштің теориялық мәнінен 539 625 теңгеге,
яғни 21,70 пайызға артып отыр.
Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары бір жылда 647 856,50 мың теңгеге немесе 95,64%-ға артқанын байқауға болады.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 2010 жылы 195,15%-ға жоғарлады және ол жыл аяғында 2 616 930 мың теңгені құрады. Олардың үлесі-14,65%-ға (15,00-29,65) көбейген. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттарының құрамында сұраныстың барын және де сол себептен өтімділігі жоғары екенін көрсетеді.
Есепті жылы дебиторлық
борыш та әжептеуір көбейген. Егер оның көлемі 2009 жылы - 37285
мың теңгені құраса, 2010 жылы ол - 134068 мың
теңгені құрайды немесе 259,58%-ға жоғарлаған,
ал ағымдағы активтер құрамындағы оның
үлесі 0,89 пайызға (0,63-1,52) көбейген.
Айта қеткен жөн, кәсіпорынның
қаржы жағдайына дебиторлық борыштың
нақты бар болуы емес, онын көлемі,
қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың
пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың
пайда болуы кредиторлық борыш сияқты
ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі
кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті
процесс болып табылады. Дебиторлық борыш
барлық уақытта есептеулер тәртібінін
бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта
да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге
болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты
толығымен айналымнан шығару деп есептеуге
болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік
несиелендірудің нысаны болып табылады
да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне
ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық
борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге
бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа,
төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу
құжаттары бойынша тиеліп жіберілген
тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген
дебиторлық борыш айналым қаражаттарының
заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің
бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты
талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде
өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы
тиіс.