Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С.
Сайфуллин өте ықшам түрде
анықтай-ды. Олардың ойынша "Қаржылық
тұрақтылық-бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі
бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова
бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
- бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие
қабілеттілігін сақтай отырып, табысты
өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану
арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін
қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық
өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде
қалыптасады және кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып
табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық
тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың
шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша
ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық
жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс,
қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын
талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен,
жабдықтаушылармен, несие берушілермен,
жұмысшылармен және тағы басқалармен
есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде
болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар
мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет
мен В.С.Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың
мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.
Кәсіпорынның қаржылық
2) нәтижесінің маңыздылығына
байланысты-негізгі және
3) құрылысы бойынша
- қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты
және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның
өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын
еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және
өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан
қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының
бірі -активтердің тиімді құрамы мен құрылымы,
сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын
дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды
факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы,
оларды басқару стратегиясы мен тактикасының
дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз
қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы
қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін
жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың
көлемі ғана емес, сонымен қатар
оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті
дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты
көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері
де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен
бірге қаржылық тәуекелділік те өседі
- яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу
қабілеттілігінің қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль
берілген.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық
жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен
(салық органдары, банктер, жабдықтаушылар,
сатып алушылар, акционерлер және
тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы
үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен
реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып
табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ
қорларын тұрақты тиімділікке ие және
дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық
тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі
күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның
қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда
жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын
өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен
уақытта-облигация құнын толық өтеуді
талап ететін облигация иелеріне де қатысты.
Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты
банктер де өз несиелерімен тәуекел ете
отырып несие алушының өз қарызын уақытында
және толық өтеуін қалайды, сондықтан
оны беру туралы шешім қабылдай отырып,
кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда
- қандай пайызбен және қанша мерзімге
деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі
болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар
сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен
ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі
тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен
басқа да міндетті төлемдерді уакытылы
және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге
дейінгі уақытта қаржы
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады: