Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.
Жоғары көрсетілген мәліметтерді негіздей отырып «Қазақфильм» АҚ-ның таза айналым капиталы 2009 жылы қалыпты болып, 2010 жылы бірнеше есеге артқан, яғни айналым қаражаттары жеткілікті. Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2010 жылы өскен, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге қажетті ағымдағы активтердің жеткілікті екенін көріге болады. Мерзімді өтімділік коэффициенті және абсолютті өтімділік коэффициенті 2010 жылы арта түскен. Сырттан қаражат тарту коэффициенті жылдан жылға төмендеген, яғни бұл шаруашылық субъектісінің несиені қайтару қабілеттілігі біршама жоғары деп айтуға болады.
2.3 «Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табысты-лығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау
Қаржылық тұрғыдан тұрақты кәсіпорын деп келесі шарттарға жауап беретін кәсіпорындарды айтамыз:
«Қазақфильм» АҚ-ның бухгалтер
Кесте 7
«Қазақфильм» АҚ-ның активтері*
Активтер |
2009 (мың.тенге) |
2010(мың.тенге) | ||
Жыл басы |
Жыл соңы |
Жыл басы |
Жыл соңы | |
І. Қысқа мерзімді активтер |
||||
Ақша қаражат |
17 217 |
677 417 |
677 417 |
1 325 274 |
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция |
- |
- |
- |
- |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
42 370 |
37 285 |
37 285 |
134 068 |
Қорлар |
1 766 899 |
886 648 |
886 648 |
2 616 930 |
Ағымдағы салық активтері |
69 292 |
101 740 |
101 740 |
144 448 |
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
- |
- |
- |
- |
Басқа қысқа мерзімді активтер |
142 759 |
1 683 854 |
1 683 854 |
1 465 397 |
Қысқа мерзімді активтер жиынтығы |
2 038 537 |
3 386 944 |
3 386 944 |
5 686 117 |
II.Ұзақ мерзімді активтер |
||||
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция |
- |
- |
- |
- |
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
80 |
66 |
66 |
66 |
Үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестиция |
- |
- |
- |
- |
Инвестициялық жылжымайтын мүлік |
13 |
- |
- |
984 |
Негізгі құралдар |
452 071 |
2 486 764 |
2 486 764 |
3 026 389 |
Биологиялық активтер |
- |
- |
- | |
Бағалау активтер |
- |
- |
- | |
Материалдық емес активтер |
37 284 |
37 284 |
37 284 | |
Кейінге қалған салық активтер |
- |
- |
- | |
Басқа ұзақ мерзімді активтер |
106 535 |
- |
- |
73 929 |
Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы |
558 699 |
2 524 114 |
2 524 114 |
3 138 652 |
БАЛАНС (строка 100 + строка 200) |
2 597 236 |
5 911 058 |
5 911 058 |
8 824 769 |
* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген
7-кестенің мәліметтері негізінде АҚ активтерінің өсу қарқынын анықтауға болады:
А=((НҚЖС+ААЖС)/(НҚЖБ+ААЖБ))*
А - кәсіпорын активтерінің талдау мерзіміндегі өсу қарықыны;
НҚЖС - жыл соңындағы негізгі қорлар;
ААЖС - жыл соңындағы ағымдағы активтер;
НҚЖБ - жыл басындағы негізгі қорлар;
ААЖБ – жыл басындағы ағымдағы активтер.
2009 жыл А =(2 486 764 + 101 740)/( 452 071 + 69 292)*100-100= 2 588 504/521 363*100-100=396,49
2010 жыл А = (3 026 389 + 144 448)/ (2 486 764 + 101 740) *100-100=3 170 837 / 2 588 504*100-100=22,50
Кәсіпорынның нақты активтерінің өсу қарқыны бұл кәсіпорынның мүлкі мен айналымда пайдаланатын қаражаттардың жыл көлеміндегі өзгерту динамикасын анықтайды.
Кесте 8
АҚ ның қаржылық тұрақтылығын талдау*
Қаржылық нәтиже көрсеткіштері |
2009 (мың.тенге) |
2010(мың.тенге) | ||
Жыл басы |
Жыл соңы |
Жыл басы |
Жыл соңы | |
Меншікті қаражаттардың көздері |
2 672 117 |
2 672 605 |
2 672 605 |
3 606 431 |
Негізгі қорлар және басқа да айналымнан тыс активтер |
558 699 |
2 524 114 |
2 524 114 |
3 138 652 |
Айналым қаражаттарының меншікті көздерінің болуы (Мк) |
2 113 418 |
148 491 |
148 491 |
467 779 |
Ұзақ мерзімді несиелер және қарық құжаттары |
0 |
0 |
0 |
0 |
Кәсіпорынның қосалқы қорлары мен шығындарын қалыптастырудың меншікті және ұзақ мерзмді көздерінің болуы (МҰМк) |
2 113 418 |
148 491 |
148 491 |
467 779 |
Қысқа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары |
0 |
0 |
0 |
0 |
Кәсіпорынның қосалқы қорлары мен шығындарын қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасы (ЖНк) |
2 113 418 |
148 491 |
148 491 |
467 779 |
Кәсіпорынның қосалқы қорлары мен шығындарының жалпы шамасы |
1 766 899 |
886 648 |
886 648 |
2 616 930 |
Меншікті айналым |
346 519 |
-738 157 |
-738 157 |
-2 149 151 |
Кәсіпорынның қосалқы қорлары мен шығындарын қалыптастырудың меншікті және ұзақ мерзмді көздерінің артылған бөлігі |
346 519 |
-738 157 |
-738 157 |
-2 149 151 |
Кәсіпорынның қосалқы қорлары мен шығындарын қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы шамасының артылған бөлігі немесе тапшылығы (ЖНк") |
346 519 |
-738 157 |
-738 157 |
-2 149 151 |
* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген
8-кестеден көріп отырғанымыз АҚ-ның қаржылық тұрақтылығы нашар екендігі.
Талдау жүргізушінің
келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады.
Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі,
оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның
өзінің де, қарызға алынған капиталдың
да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін
есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы
қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында
кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі
қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың
көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал
жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған
капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса
маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине
мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп
берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу
көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі
өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету
үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы
активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша
қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа
мерзімді несиелерімен және коммерциалық
несиеле-рімен жабылады.
Активтердің қорлану
көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған
капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп,
есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру
себептері анықталып, оларға баға беріледі.
Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты
назар аударылады, себебі өз қаражаттарының
қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының
барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың
көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы
сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау
маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде
әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік
коэффициенті, автономдық коэффициенті),
бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке
қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан
қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз
қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын
көруге болады. Бұл коэффициенттің өсуі
кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары
екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық
қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік
коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде
болғаны дұрыс деп санайды. Себебі
бұл қаржы көздерінің тұрақты
құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.
Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды
таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің
міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады.
Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса,
соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп,
нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі.
Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді
құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген
табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды
көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан
кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді
қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың
оның жалпы сомасы-на қатынасының ең аз
мәні 0,6 болып табылады деп есептейді [21,22].
А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев;
В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқалар бұл
көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның
барлық міндеттемелерін өз қаражатымен
жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі
көрсеткіш бола алады [2,18,6] деп санайды.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің
жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең
болатын меншікті капиталдың баланс валютасына
қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие
берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды:
өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің
жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар
салынған, екінші жартысы кейбір себептермен
құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің
қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен
сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер
қатаң сақталатын және фирманың атағына
үлкен мән берілген нарықтық экономикасы
дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне
мұндай жоғары талаптарды қоймайды.
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады.