Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының
үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық
борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай
жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.
6.Баланста кәсіпорынның
Баланс жиыны кәсіпорын
7.Баланс және қаржылық есеп
берудің басқа да нысандары
шаруашылық субъектісі
Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік
баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің
бірден-бір басты көзі болып табылады,
ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы
болып табылады.
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына
талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен
қатар қаржылық есеп берудің басқа да
нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе
кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің
қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық
шығындар сомасымен салыстырудан
тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепті қолдану
керек, оның баланстан айырмашылығы ол
кәсіпорынның мезеттік суреті және
қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол
капитал козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің
қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан
кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл
құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды
және ақпараттық болып табылады. Ол бұл
кәсіпорын табыс немесе зиян (шығын) әкелетіндігін
анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы
жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған
анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі
бір кезеңдегі кәсіпорынның кызмет нәтижесіне
баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты
есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп
карастыратын біздің елге қарағанда, табыс
және зиян туралы есепке біршама басымдылық
берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда,
дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық
және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық
есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның
түп тамырын психологиялық тұрғысынан
іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі
маңызды көрсеткіш болып табылады, олар
сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға
әйгілеп көрсетуге тырысады.
Субъект қызметінің
қаржылық нәтижесі туралы есеп
бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы
есеп" стандартымен анықталады. Онда
заңды тұлғаларды рет-ретімен
құру және ұсыну мақсатында
қаржы-шаруашылық қызметінің
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.
Кiрiстер мен шығыстар
пайда мен зиян туралы есепте қызмет
нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкеле
Кiрiстер
- есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi
немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы
нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы,
олар капиталға қатысушы тұлғалардың
жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше
капиталдың ұлғаюына әкеп соғады. Шығыстар
- есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан
кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң
пайда болуы нысанында экономикалық пайданың
азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға
бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың
азаюына әкеп соғады. [3] Табыстар мен шығындар
баптарының арасын ажырату да субъектінің
жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік
береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар
жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы
табысты, салық салынғанға дейін және
салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен
алынған табысты және таза табысты көрсетуі
мүмкін.
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың
барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын
немесе шығынын анықтау барысында есепке
алынады. Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық
есептің қалған екі элементі туралы - яғни
табыс пен шығындар туралы мәліметтерден
тұрады. ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№234 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік" заң күші бар Жарлығына сәйкес
дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық
негізінде айтылғандай, бұл элементтер
субъектінің қаржылық көрсеткіштерін
өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар
активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің
азаюын көрсетеді, ал шығындар - активтердің
азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің
көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар
баптарынын арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы
қабылданған болып табылады. Бұл шектеу,
баптың қалыптасу көзі осы субъектінің
ақша қаражаттарын болашақта айналдыру
мүмкіндігін бағалау барысында белгілі
бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
№3 "Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің
қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып
табылады. Бұл есеп-те кәсіпорынның белгілі
бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері
анықталады және оларды пайдаланылу жолдары
көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі
қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді.
Ол сондай-ақ қаражаттары жеткілекті ме,
соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды
кәсіпорынның операциялық, инвестициялық
және қаржылық қызметінің белгілі бір
бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының
келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның
қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға
мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және
банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп субъектің
табыс алу жөніндегі негізгі
қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық
және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада
бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл
ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және
сату, өтелінетін несиелерді беру және
алу.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде
меншікті капитал мен қарыз
Сонымен, кәсіпорынның қаржы
жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік
баланс мәліметтері ғана емес сонымен
бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының
көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер
және де есеп берудегі қосымша ақпараттар
мәліметтері де қолданылады.
Қаржылық есеп берудің
жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық
құпиясы болып табылатын
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі-басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші рөл атқарады. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық
жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі
жөнінде көптеген параметрлерді
сырттан бекітетін
Қаржылық талдауды өткізу мақсатына байланысты қаржылық талдаудың келесі түрлерін атап кетуге болады:
1. Қаржылық талдауды өткізу бойынша ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.
Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның өтімділігін аңықтауға немесе өткен кезеңдегі нәтижелерге баға беруге бағытталған талдау. Мысалы кәсіпорын басшылары немесе қаржылық аналитиктері кәсіпорынның өңдірістік ұлғаюына қаржы бөлуге мүмкіндігі барма екенін білгісі келгенде жүргізілуі мүмкін.