Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:15, дипломная работа
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22
2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28
2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32
2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59
Қорытынды..............................................................................................................66
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68
Қосымшалар.............................................................................................................70
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден
түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын
өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген
бөлігінің қалдықтарының
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д
мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д - жалпы табыс;
Р - кезең шығындары.
Кесте 10
«Қазақфильм» АҚ – ның қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер*
Көрсеткіштер |
Қатар коды |
2010ж. мың.тг |
2009 ж.мың.тг |
Өзгеріс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Өнімден өткізуден түскен табыс (түсім) |
010 |
3 312 521,00 |
2 722 355,21 |
590 165,79 |
Өнімнің өзіндік құны |
020 |
2 998 032,00 |
2 459 887,15 |
538 144,85 |
Жалпы табыс (қатар 010 - қатар. 020) |
030 |
314 489,00 |
262 468,06 |
52 020,94 |
Қаржыландырудан кіріс |
040 |
- |
- |
|
Басқа да кірістер |
050 |
180 642,00 |
888 252,93 |
-707 610,93 |
Өнімге өткізуге жұмсалған шығындар |
060 |
- |
250,00 |
|
Әкімшілік шығындар |
070 |
535 892,00 |
498 918,38 |
36 973,62 |
Қаржыландыруға кеткен шығындар |
080 |
- |
- |
|
Басқа да шығыстар |
090 |
25 413,00 |
22 167,61 |
3 245,39 |
Пайда еншісі |
100 |
- |
- |
|
Негізгі қызметтен түскен табыс (шығын) (қ. 030+қ. 040+қ. 050-қ.060 – қ. 070 - қ.080 - қ. 090+/- қ. 100) |
110 |
-66 174,00 |
629 885,00 |
-696 059,00 |
Қызметті тоқтатумен байланысты табыс (шығын) |
120 |
- |
- |
|
Салық салынған жылға табыс (шығын) (қ.110+/-қ. 120) |
130 |
-66 174,00 |
629 885,00 |
-696 059,00 |
Корпортаивтік табыс салығы бойынша шығындар |
140 |
4 095,00 |
-4 095,00 | |
Таза табыс (шығыс) (қ.130-қ. 140) |
150 |
-66 174,00 |
625 790,00 |
-691 964,00 |
Азшылықтың еншісі |
160 |
- |
- |
|
Жылдық табыс (жылдық шығын) (қ. 150-қ. 160) |
170 |
-66 174,00 |
625 790,00 |
-691 964,00 |
Акция бойынша табыс |
180 |
- |
- |
* «Қазақфильм» АҚ-ның 2010 жылдың қаржылық есебінің мәліметтері негізінде есептелген
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 590 165 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 52 021мың теңгеге көбейген. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағымдағы кезеңдердегі таза табыс тауып отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда – 696059 мың теңгеге көбейген және ол -66 174 мың теңгені құрады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шығындардың өсуін білдіреді.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарастырайық:
Жалпы табыс коэффициенті(3)-
КЖТ=ЖТ/Түсім (3)
мұндағы, КЖТ - жалпы табыс коэффициенті;
ЖТ - жалпы табыс;
Түсім - өнімді өткізуден түскен табыс.
2010 жылы КЖТ = 314 489/3 312 521=0,095
2009 жылы КЖТ = 262 468,06/2 722 355,21=0,096
Шаруашылық қызметтің рентабельділігі (3.1):
R = П/Ш*100% (3.1)
2010 жылы R = 314 489/2998032*100%=0,11%
2009 жылы R = 262468,06/2459887,15*100%=0,
2010 жыл мен 2009 жылдары АҚ рентабельділігі бір қалыпты 0,11% болғандықтан, бұл АҚ ның әрбір жұмсалған 100 тг. үстінен 11 тиын пайда көретіндігін көрсетеді.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал) (3.2)
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі 2009 ж. – 0,106 (625790/5911058)болса, ал 2010 ж. оның мәні – -0,007 (-66 174/8824769) болды.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д
мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі 2009 жылы – 0,185 (625790/3386944) болса, ал 2010 жылы оның мәні – -0,011 (-66 174/5686117) болды.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш-меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Д
мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;
Д - таза табыс;
С - меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.
Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі 2009 жылы–0,234 (625790/ 2672605) пунктке өскен болса, ал 2010 жылы оның мәні – -0,018 (-66 174/3606431) болды.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы (3.5) деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д
мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;
Д - таза табыс;
Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі 2009 жылы – 0,248 (625790/2524114) болса, ал 2010 жылы оның мәні – -0,021 (-66 174/3138652) болды.
Сату көлемінің табыстылығы (3.
Д
мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;
Д - Жалпы табыс;
Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейі 2009 жылы – 0,096 (262468,06/ 2722355,21) болса, ал 2010 жылы оның мәні –0,095 (314489/3312521)болды.
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қызметі шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда .
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік
белсенділігінің көрсеткіштерін
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
К