Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:02, курсовая работа
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.
Кіріспе
І. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Негізгі бөлім:
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты
ІІ. Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы.
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы
2.2. Қазақстан экономикасының глобализациясы
2.3. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру болшағы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Еркін сауда саясаты
2 Протекционизм
Еркін сауданы ең алғаш А.Смит өзінің "Салыстырмалы артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол : "айырбас қандай елге болса да колайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады",- деп жазған.
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттін сыртқы саудаға тікелей араласуынан бас тартып рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуінен көрінеді.Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекеттерінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субьектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім шарттарға отырады. Еркін сауда он саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп бір-біріне дұшпандық әрекеттерінің мүмкіндігін төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
Протекционизм отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мумкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономикалық тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мумкін.
Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына комектеседі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустрализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарлатуға ынтасы төмендейді.
Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.
Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.
Протекционизм саясаты негізінде әрбір дамушы және дамыған ел өзінің өндірушілерін ынталандыру мақсатында колданып, басқа елден келетін тауарларға карсы тура отырып экономиканы дамытуға және басқа елдермен тұрақты түрде қатынас жасауға мүмкіндік алады.
Протекционизм саясатын жүзеге асыру барысында белгілі бір көлемде кедендік баж салықтары немесе үлкен проценттік қойылым коя отырып жүзеге асыра алады.
Мамандардың болжауы бойынша, 21 ғасырдың алғашкы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер саналатыны АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездеседі.
Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп- мемлекеттің шекараны өту кезінде тауарлардың импорты және экспортына салынатын салығы түсініледі.
Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсыныска қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.
Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарлатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттаушы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын еңгізген ел табыс алады.
Дүниежүзілік сауданың ен қарқынды және өскелен дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатка сұраныстын көбейгенімен шикізат саудасымен қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі, біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процестерін қолдану.
Дүниежүзілік азық - түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалды. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық -түлікпен қамтамасыз ету денгейінің жоғарылауымен байланысты.
Дүниежүзілік сауданың 90-жылдардың орта шеніңде жедел өсуі АҚША-тың Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық конъюктурасының жақсарғаны да әсер етті.
Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6% - ке өсері анық.
Жекелеген елдердің дүниежүзілік саудадағы ролін қарастырсақ, онда дүние жүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚША жатады.
Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда экономикалық одақтар денгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтын сауда одактарының құрамы мынадай:
1. Еуропалық Одак - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
2.
Еуропалық еркін сауда
3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім- АҚША, Канада, Мексика.
4. Азия - Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы - Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жана Зеландия, Папуа- Жана Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг,Жапония, Онтүстік Корея, Қытай АҚША, Мексика, Чили.
5. "Меркосур"- Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
6.
Онтүстік Африкалық даму
7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одак - Кот'д Ивуар, Буркина-Фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
8. Онтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық асоциациясы - Индия, Пакистан, Шриланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал.
9. Анд пакті - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.
Аталған
одактастықтарды құрудың
Біртұтас, әлемдік рыноктар жүйесінде әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда - экономикалық одақтастықтарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде.
Халықаралық сауда - экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ
- тарифтер мен сауда туралы басты
келісім. Оған қатысушылардың сауда
қатынастары қабылданған
ЕАСТ
- Еуропалық еркін сауда
ЮНКТАД - БУУ - ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170 - ке жуық мемлекет, сондай - ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД -халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.
Осы
көрсетілген халықаралық
ІІ. Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы.
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы
Дүние жүзілік сауда ұйымы - әлемдік нарықтағы ойын ережелерін реттеуші институт болып табылады. ДСҰ-ның негізгі мақсаты: бұл халықаралық сауданың әмбебап ережелерін қалыптастыру, тауар мен қызметтердің қозғалысына деген шектеулерді қысқарту, бәсекелестік шарттарын түзету. ДСҰ құру туралы шешім қабылдау кезінде, шартталған жақтар келесі ортақ шешімдермен жетекшеленген: Біріншіден, ерекше маңызды, халаықаралық сауданың әлеуметтік деңгейінің өсуі көзқарасынан дамуы; Екіншіден,әділеттілік және еркін сауда қағидаларын ұстану; Үшіншіден, бұған дейін қызмет еткен халықаралық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) саудадағы ерекше рөлінің маңызы.
Өзінің әсеріне қарамастан, ТСБК бастапқы құрылу сатысының өзінде-ақ оның статусының жетілмегендігі көзқарасы болды және ДСҰ құру сәтсіздікке ұшырады. Әсіресе бұл Бас келісім мүшелері елдерінің міндеттерінің орындалмауы проблемаларымен байланысты болады.
ДСҰ-ң құрылымының негізгі мақсаты, сәтсіз жүйесінің жаңа, ТСБК сауда келісімінде келісілген, халықаралық сауда ережелері мен қағидаларын уәкілеттілік қызметпен ұстанатын, интеграцияланған халықаралық ұйымды өмірге келтіру болып табылады. ТСБК көпжақты келісім шегі арқасында жеткен барлық келісімдер мен шарттар, ДСҰ мекеме туралы келісімді тұтастыққа әкеледі. Юридикалық көзкарас бойынша, "уругвайлық" раундты, ТСБК жағдайларының барлығын есепке ала отырып және әсіресе "токиалық" раунд шарттарын практикалық колдану, егерде мүмкін болмаса, қиындықка соғар еді. Сондыктан келісім қатысушыларының барлық Бас келісімде көпжақты сауда келіссөздер оның бөлінбес бөлігі болып табылады яғни ДС¥-ныкіде, барлық келісімге қатысушылар өзіне барлық міндеттерді орындады,
ДСҰ жүйесі келесі қызметтерді орындауы жүктелді:
- саудада
қатысатын мемлекет-мүшелері
қимылдарын көпжақты
комплекс ережелері негізінде реттеу
болып табылады. Негізінде, бұл мемлекет
және олардың сатушы субъектілерінің
әлемдік рыноктағы мінезінің ережесі;
- ол сауданы либерализациялау және оған ұлттық рынокты ашу жолымен немесе ережелері негізінде ұлғайту және нығайту жолымен сәуегөйлік жасауға бағытталған сауда келіссөздер форумының рөлін атқарады;
- ДСҰ
мемлекет - мүшелерінің арасындағы
дауларды өзара шешу
халықаралық сот қызметін аткарады,
ДСҰ кұрыларға дейін ТСБК жүйесіне 125 мемлекет кіретін, оларға әлем тауар айналымының 90% жуығы келетін. Ірі елдер ішінде тек қана Ресей мен Қытай олардың шегінен тыс болатын, бірақ Қытай, ТСБК құрушылардың бірі болатын, қазір де өзінің бұл ұйымда мүшелігін қайта ашуды көздейді. Сондай-ақ 25-ке жуык мемлекет, әртүрлі себептермен тыста қалған ДСҰ кіру туралы келіссөздер жүргізуде.
ДС¥ құрылымы.
Тұрғылықты жері: Женева, Швейцария
Негізделді: 1995 ж 1 қаңтар.
Құрылды: Уругвайлық раунд (1986-94) келіссөздер нәтижесінде
Мүшелік: 144 мемлекет (2002 ж қаңтар бойынша)
Бюджет: 80 млн АҚШ доллары бойынша
Секретариат штаты: 500 қызметкер
Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда