Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.

Оглавление

Кіріспе
І. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Негізгі бөлім:
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты
ІІ. Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы.
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы
2.2. Қазақстан экономикасының глобализациясы
2.3. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру болшағы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курсовая - халыкаралык экономикалык катынастар.DOC

— 186.50 Кб (Скачать)

      Басқа сұрақтар ҚР-ң ТМД елдерімен қатынасына, Қазақстанның  интеллектуалды меншік туралы келісімінің орындалуына  және қызмет жасау сферасындағы саясатқа қатысты болды.

      ҚР  ІІМ ақпараттары бойынша, келіссөздер  бойынша контрсеріктестер болыпЕвропалық одақ және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі  жөніндегі 12 мүше мемлекттердің жұмыс  топтары: Жапония, Канада, Австралия, Швейцария, Польша, Болгария, Пәкістан, Латвия, Грузия, Бразилия, Куба, Мексика.

      Ақпаратта айтылғандай  “Келіссөздер Қазақстандық тауар және қызмет рыногына кіру шарттары, отандық ауыл-шаруашылығын қолдау мәселелеріне қатысты болды ”. ҚР  ІІМ ақпаратында, Қазақстандық делегацияның “ алдында келісілгенді күшейтіп” және “ДСҰ-ға кіруде қолдауды алды” деп айтылады.

      Женевадағы  Қазақстанның делегациясының жұмысының  қорытындысы бойынша, “негізгі серіктестерімен  белсенді келіссөздер өзінің практикалық  жолын табады” деп келісілді. Келесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіру 2 жақты келіссөздері ағымдағы жылдың сәуірінде болады. (15;17;18)

      ДСҰ-ға кіру проблемалары.

      ДСҰ-ға кіру көптеген елдердің мұқтажы және әлемдік глобализация тенденциясына  объективті сәйкес келеді.  ДСҰ-ның  негізгі мақсаты – шетелдік баж салығының деңгейін төмендету тарифтік әдісі бойынша, халықаралық тауар және қызмет айырбасындағы кедендік және басқа да кедергілерді жою әлемдік сауда либерализациясы болып табылады. Бірақ ДСҰ-ға кіру барлығына бірдей гүлдену әкелмейді. Сондықтан кірушілердің болашақтағы тиімділігі қазіргі кездегі негативтігінен артық болатынына көз жеткізуі керек.  

      Бұл жерде Қытайдың көрсеткіштерін мысал  ретінде көрсетсек болады, ол осы  көпжақты сауда жүйесіне кіру үшін он бес жылдан астам мерзім дайындалды. Бұл жылдардың қорытындылары едәуір: электроэнергия, түсті металл, қант, химикалық жіп және тыңайтқыш өндіруде Қытай, ірі өндірушілердің тобына кірді, ал бидай, мақта, шемішке майын цемент өндіру көрсеткіші бойынша әлемде абсолютті бірінші орында. Сату көлемі бойынша-тоғызыншы. Бұнда өндіріс өнімінің экспортына 85%  келеді, ал бірінші ретті өңдеуден өткен өнімдер 13% .

      Cонымен  қатар, әлемдік экспорт құрылымының  анализі көрсеткіштері бойынша   дайын өнімдер (87%) шикізаттан (13%) басым. Ал Қазақстан экспорт-импорт  құрылымы өзгеше: экспорттың елеулі бөлігін шикізат тауарлары, ал импортта- дайын  өнімдер мен қызметтер.

      2001 жылдың жартысында сыртқы сауда  көлемінің 19,5% өсуі, алдыңғы жылдың  сәйкес периодымен салыстырғанда  импорттың экспорттан 8 есе үлкендігін  көрсетті, бұл сыртқы сауда сальдосының төмендеуін әкелді. Осылайша, 2000 жылдың қаңтар-маусым  периодындағы 2019,7млн. долл.  ағымдағы жылдың осы периоды 1263,9 млн. долл. құрады. ТМД елдерімен сауда сальдосы  теріс болып –409,5 млн.долл. құрады алдыңғы жылдың осы периодына сәйкес  -22,8 млн.долл. құрайтын, сәйкесінше 18 есе төмендеді. Сондықтан ДСҰ-ға кіру қарсыластары, мемлекеттің экономикасына қауіп төніп тұр деп есептейді және алдымен тиімді экономика құруды ұсынады. Әрине, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі дайын өнім және қызмет экспорт үлесінің төмен болуы бәсекегежарамсыз салалар мен кәсіпорындарды қатты соғады. Бірінші ретте, тамақ өнеркәсібіне, машинақұрылысына теріс әсер ететіні анық. Импорт ағымы, көбіне енді аяғына тұрып жатқан мұнай қондырғыларын басып тастайды. Кедендік баж салығының алынып тасталуы, тауар транзитінен түсетін табыстың қысқаруына әкеледі.

      Көптеген  эксперттердің пікірінше, глобализация (ал ДСҰ олардың біден-бір құралы) бәсеке әлсіздерді сауықтандырудың  орнына, оларды жояды, ол дамушы мемлекеттердің табысынан айырып қана қоймай-оған даму мүмкіндігін бермейді. Тәжірибе көрсеткендей, ДСҰ кіру , біріншіден, ішкі рынокты тауарларға ашады, ол мемлекеттің дамуының баяулауына әкеледі. 

      Бұл бағытта отандық кәсіпорындардың  трансұлттық технологиялар тізбегіне орналасу болашағы тұманды.

      Біріншіден, технологиялық деңгейі ТҰК-дың  талаптарына сәйкес келетін кәсіпорындар, олардың құрамында және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі еш әсерін тигізбейді. Екіншіден, ТҰК құрамына кіргендер  әсерлі инновациялар және инвестициялар  ағымын сезінген жоқ.

      Жоғарыды  айтылғандай, ДСҰ-ға кіру көп уақыт  дайындықты қажет етеді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы көрсеткендей, бізге (Ресейге  де) қытайлықтардың алған жеңілдіктерінала алмай отырмыз. Сондықтан, көптеген мемлекеттер кірер алдында жеке рынокты қорғауды нығайтуды: Ұйымға кіргеннен кейін импорттық тарифтерді көтеру мүмкін емес. Қазақстан керісінше жасауда.

      Сонымен қатар, ДСҰ-ға кіргеннен кейін өмірлік  қажеттігі бар региондық трансферттерді және табиғи монополистердің қызметіне  төмен тарифтері алынып тасталады, өйткені ол ДСҰ талаптары бойынша, экспортты субсидиялау б.т. Бұл бізгежақсы ештеңе әкелмейтіні түсінікті.

      Тағы  да туындап тұрған проблемалардың бірі регионалдық интеграция. Глобализация жағдайында көптеген елдердің саны соған  бағытталады. Мысалы ретінде Еуропада-ЕО, Америкада-НАФТА (Канада, АҚШ және Мексиканы құрайды), бізде-ЕурАзЭС айтуға болады.

      Регионалдық протекционизмді күшейту жағдайында ДСҰ тәртіптерін және оның шешімдерін елемеу сиректік емес. Осындай жағдайда Қазақстан ДСҰ кіріп және өзі үшін глобальді бәсекелестікті ашу, тек шығынға ұшыратады, өйткені шикізаттан басқа ешнәрсе ұсына алмайды. Бұның барлығы негативті жағдайға алып келеді, онда Қазақстан экономикасында экспорттың қысқаруы, импорттың өсуі және сыртқы қарызды өтеу алтынвалюта резервін  қысқартады және масштабты девальвация қаупін тудырады. Тек қана бір шығу жолол мемлекет үшін ауыр экономикалық және саясаттық ізі қалатын жаңа сыртқы  қарыздар алу.

      Осылайша, бірауыздан қорытынды шығарамыз: бізге  ДСҰ-ға кіруге асығудың қажеті жоқ, ол біздің мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Қытай мақалында “ Есік бір немесе келесі жаққа ашылуы мүмкін, бірақ екі жаққа да бірдей ешқашен”. Сондықтан бұл жауапты қадамның позитивті және негативті жақтарын таразылау қажет. Сонымен қатар, ТМД елдеріне бір-бірлеп емес, қазірдегідей, алдын-ала экономикалық параметрлерін өлшеп, топтармен кіру керек (мысалы, ЕурАзЭС).

      ДСҰ-ға кіруінің оң және теріс жақтары.

      Теріс жақтары

      ДСҰ кірудің қандай теріс жақтары  бар? Біздің еліміз тек өнімді бірінші ретті өңдеу және ресурстарды өндіру секторында бәсекегежарамдылығы бар екені түсінікті. Ал экономикамыздың қалған салалары бәсекегежарамсыз, әсіресе, ауылшаруашылығы және жеңіл өніркәсіпке қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргісі келер еді, бірақ оның пайдасы көп емес. Экономика министрі Жақсыбек Кулекеевтің сөзіне қарағанда, бұл мемлекеттің экономикасына ауырға түседі. Ол үшін ішкі рынокты квоталау және лицензиялау сияқты қорғау тұтқаларын жоғалтады. Кейбір эксперттердің пайымдауынша, ДСҰ-ға кіру Қазақстанның кейбір халық шаруашылығының салаларының толық жойылып кетуіне әкелуі мүмкін дейді. Бұл жағдайда қазақстандық  ауыл шаруашылығының өнімдері сыртқы рынокта “артық” болуы мүмкін. Айтқандай, ДСҰ-ға кіру республикамызға ұйымның 140 қатысушы-мемлекеттерімен жақсы сауда режимін әкеледі. Бірақ, Қазақстанға ЕурАзЭс әріптесімен келісілген саясат бойынша жүргізуі керек. ДСҰ-ның     56-шы негізгі келісіміне қосылмағанға дейін , мемлекет әртүрлі  экономикалық дискриминацияларға ұшырайды. Сондай-ақ, Қазақстан кедендік тарифтердің деңгейін төмендетуін және болашақта оны көтеру құқын жоғалтуын талап етеді. Бұл біздің мемлекетіміздің бюджетіне қатты сын болатыны түсінікті. Бірақ тауар сатудың либерализациясы-бұл әлі жарты қайғы. Қызмет сату ортақ келісіміне сәйкес, 100 қызмет сатуға жуық кедендік шектеулер алынып тасталынады.1997 жылдың желтоқсанында қаржы қызметінің нарығын либерализациялау келісіміне қол қойылды, оған  102 мемлекет қатысты. Бұл глобальді рынок банк несиелерінің 38 трлн. дол. жэне  сақтандыру жарналарының  2 трлн.долл. . құнды қағаздарының  трлн.долл. қамтиды. Және біз барлық сферадағы шектеулерді алып тастауымызкерек, әсіресе, қаржылық. Бірақ отандық қаржылық институттар тұрақсыс және бәсекегежарамсыз, оны жақында болған қаржылық  ағдарыстан көруімізге болады, ал сақтандыру бизнесі, бізде енді ғана жандануда.

      Біз ДСҰ кіру халық шаруашылығының кейбір салаларын толық жойылып кетуі  мүмкіндігін әлі  сезінгеніміз жоқ. Көптеген мемлекеттерде бұл қауіпті  тереңірек сезінеді әсіресе, Шығыс Еуропада, кімнің ауыл шарушылығы өнімі “кездейсоқ” керек емес болып қалуы мүмкіндігімен күреседі. Сондықтан саясаткерлер шешім қабылдап, құжаттарға қол қояр алдында сәйкес шаралар қолдону қажет. Егер ДСҰ-ға кіргендегі міндеттерде аграрлық секторды мемлекетт ік қолдауды азайту болса, ол ҚР үшін әділетті болып саналмайды. 1990 жылы ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің  34%құрайтын, ал реформалау жылджары ауыл шаруашылық өндірісі 2,5 есе қысқарды және қазіргі таңда ЖІӨ 8,4%  ғана құрады. ҚР  ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, дамыған мемлекетте қалыптасқан деңгейден өзгеше. Осылайша, Швейцариядағы агроөнімдеріне дотация мөлшері 80%, Еуропалық Одақ мемлекетеріндегі орташа деңгейі-45% . Ал Қазақстанда 1995-1997ж.ж. мәліметтері бойынша 20% төмен болатын. ЕО және Жапониятамақ нарығын американдық тауарлардан қорғауда. ЕО мемлекеттік бюджеттің жартысын ауыл шаруашылығын субсидиялауға жұмсайды. Осындай жағдайда Қазақстанға ішкі өндіріс, ауыл шаруашылығын арнайы қорғау шараларын талап етуі керек. Бірақ, ДСҰ талабы бойынша, егерде мемлекет, сондай шаралар қолданғысы келсе, онда салмақты зерттеулер негізінде өндірушілерге импорт арөылы залал келетінін дәлелдеу керек.

      ДСҰ қарсыластарының пікірінше-бұл ұйым жәй халықтың күйі емес, трансұлттық  корпорациялардың мұқтажы қызықтырады дейді.

      Оң  жақтары 

      Ең  басты оң фактор- әлем рыногына кірудегі жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Мысалыға, Индиядағы Бангалар қаласы, американдық  корпорациялардың келісім-шарты арқасында  әлемдегі бағдарламалық қамсыздандыруды  ұйымдастыру орталықтарының біріне дейін өсті.

      ДСҰ мүшелігі мемлекеттің инвестициялық  қызығушылығын көтеретіні құпия  емес, өйткені, бұл ұйымның негізгі  қағидаларының  бірі  “транспаренттігі”, яғни мемлекеттің толық ашықтығы, заң базасының мөлдірлігі б.т. Әрине, инвестицияларының қорғаныста екенін сезінетін, шетелдіктер, экономикаға өздерінің  ақшаларын  бар ынтасымен салатын болады.

      Регионалдық блок арасындағы ұшқыр бәсеке “банандық  соғысқа”  әкеледі.  Бірақ ДСҰ, саудалық соғыс нағыз әскери конфликтке әкелмеу инструменті болады. Бұл әсіресе қазіргі тынышсыз жағдайда Қазақстан  және ТМД мемлекеттері үшін өте маңызды.

      ДСҰ-ға кірмеу, Қазақстанды әртүрлі экономикалық дискриминацияларға еріксіз соғады.  Өйткені әлемдік рынок ойын тәртібі  бізсіз құрылады, ал кейде –бізге қарсы.  

      Санкциялар, квоталар, Джексон- Веник түзетулері және т.б, Қазақстан Республикасының  мұқтажын төмендететін шаралар, біз  ДСҰ кіргенше жалғаса береді. Қазіргі  таңда Қазақстан күшті бәсекелестер үшін рынокты толығымен ашуға  әлі дайын емес. Біздің өндіріс, ауыл-шаруашылық, қаржылық секторлар протекционистік қорғауды керек етеді.

      Отандық өндіріске зиян тимейді деген  пікір бар. Қазақстан  кіруден  мынадай себептер бойынша ұтады: біріншіден, бүгінгі таңда Қазақстандық өндірістің импорттық жабдықтаушылармен  көбейген, сондықтан ол кіргізілер кезіндегі баж салығынан ұтылып отыр, екіншіден, біздің отандық өндіріс көрсетіп жатқан арақатынасы төмен баға және нашар сапасының өнімдерін, шетелдік фирмалар ұсына алмайды, өйткені олар репутациясын бағалайды. Бұндағы теңгенің төмен бағамы, шетелдік баж салығынын он есе күшті қорғаныс.

      Қазақстан үшін ең маңыздысы қатысушылары арасында сауда қатынастарын дескриминациясыз негізде жүргізу, өйткені біздің республикамыздың әлемдік үлкен  мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ, электроэнергия және көмір экспорттаушы ретінде қабылданған. ДСҰ кіру бізге 144 мемлекет-қатысушылармен қарым-қатынасын жақсартып, экспортты лицензиялау, стандарттау және компенсациондық баж салығын қолдануда жақсы мүмкіндіктер береді және жалпы мемлекттің сыртқы экономикалық белсенділігін көтеруге жағдай жасайды. ДСҰ қосылу әлемдік қоғамдастыққа сауда жүйесінің көп жақты келісімінде тең құқықты қатысушысы ретінде интеграциялануға бірден бір айырмас қадам және республиканың заңын халықаралық деңгейге шығарады. 

               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды  

      Біздің  қалауымызға қарамастан, біздің республикамыз  глобализациялау процесіне қосыолы, енді біз осы алып әлемдік қозғалыста өз орнымызды анықтауымыз керек. Болашағы болмағандықтан автономды, тұйық  уақыт өтті. Әлем ашық. Яғни тәуекелді және біріккен ағза. Осы ағзаның әр өлігі, яғни мемлекеттер, аудандар жалпы глобалдық жүйеге, әлемдік саяси конъюнктураға тікелей тәуелді. Сондықтан К.Р. әлемдік тенденцияларға сәйкес дамуы өте маңызды. 

      Осылайша, сыртқы сауда саясатының сыртқы реформадағы прогресс, макроэкономикалық тұрақтану және шартты жүргізудегі рыноктық қағидаларға көшу барысында қол жеткізген прогреспен тығыз байланысты. Бірақ сыртқыэкономикалық  сферадағы реформалардың жетістігі жалпы макроэкономикалық жағдайды жақсартуға өзінің әсерін тигізу керек, яғни жалпы экономикалық реформалардың тез жүзеге асуына жағдай жасау керек. Сауда саясаты Қазақстанның стратегиялық рөлін орындауы керек және міндетті.

     Қайта құру қорытындысы бойынша экономика және сауда режимін жаңарту көпжақты сауда жүйесінде Қазақстанға ДСҰ арқылы кіру өте маңызды. ДСҰ Қазақстанға глобальді сауда жүйесіне толық интеграциялануды ұсынады. ДСҰ ұсынған тәртіпті нығайту және кеңейту, даулы сұрақтарды шешудің тиімді механизмі және сауданың дамуына жаңа мүмкіндіктер орнату барысында, Қазақстан экономикасының сыртқы реформалық бағдарламаларын қолдау болып табылады. Қазақстан үкіметі осыны мойындап, ДСҰ қосылуға ресми арыз жасады. Ұйымға кіру процесінің өзі экономиканың либерализациялануына қолдауды маңызды рөл атқарып, ал батыл бастау шетелдік инвесторларды Қазақстанның  реформа ұстанғыштығына сендіруге болады. ДСҰ кіру барысындағы күш-жігер және шаралар Қазақстанның еркін рынок, ашықтық және бәсекелестік құру бағытындағы экономикалық реформамен қатар жүреді. Бұның барлығы жағымды халықаралық деңгейге және кіру процесінің аяқталуына, ДСҰ жүйесінің шеңберінен тыс мүмкін емес жаңа сауда мүмкіндіктерін ашады.

      Қазақстан ДСҰ-ға кіруге үміткерлердің ішіндегі маңызды мемлекеттердің  арасында өзінің орнын алады. Әрине бұл мәселеде Қазақстанға келіссөздер жүргізгенмен, әлі де көптеген күшті қажет етеді.Бұл бағытта Қазақстанға кездесетін қиындықтар айдай анық. Осы қиындықтарды артта қалдыру үшін әлі қаншама еңбек ету керек. Сыртқысауда сферасындағы реформалардың жүзеге асуына жауапкершілік әрине Қазақстанның Үкіметіне жүктеледі. Бірақ Қазақстан экономикасының  көпжақты халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану процесін халықаралық  деңгейде  қолдаудың маңызы зор.

Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда