Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.

Оглавление

Кіріспе
І. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Негізгі бөлім:
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты
ІІ. Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы.
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы
2.2. Қазақстан экономикасының глобализациясы
2.3. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру болшағы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курсовая - халыкаралык экономикалык катынастар.DOC

— 186.50 Кб (Скачать)

      - біріншіден, дүниежүзілік нарық  абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде карастырылады.

      -    Екіншіден, дүниежүзілік нарық  заттық аспектіде карастырылады.

      Сыртқы  сауда дегеніміз- белгілі бір  елдің баска елдермен сауда жасауы. Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі турі бар:

      1   Экспорттық операциялар - шетке шығару арқылы шетелдік контингентке тауарды сату;

      2   Импорттық операциялар - шеттен  әкелу арқылы шетелдік контингенттен  тауарды сатып алу;

      3   Реэкспорттық  операциялар -  бұрын   импортталған  және  қайта   өңдеуден өтпеген тауарларды  шетке шығару арқылы сату.

      4   Реимпорттық  операциялар -  бұрын  экспортталған  және  қайта  өңдеуден өтпеген тауарларды  шеттен әкелу арқылы сатып  алу. 

      Сыртқы  сауданың дамуын анықтайтын факторлар:

      1  Тенгенің тұрақтылығы

      2 Инфляцияның денгейінің томендеуі

      3  Өндірістін құлдырауының тежелуі, макроэкономикалық ахуалдың барынша тұрақтануы

      4 Экспорт өнімдерінің тұрақты  түрде ұлғаюы.

      Сыртқы  саудада негізгі операцияларды  бірнеше субьекттер қамтамасыз етеді. Олар: брокер, дилер. маклер, коммивояжер, комиссионер, бонус, консорциум және т.б. Осыларға түсініктеме беретін болсақ:

      Брокер - сауда делдалы, ол сату-сатып алу  келісімдеріне белгілі бір жақ  ретінде қатыспайды, тек ғана қызығушы екі жақ - сатушы және сатып алушы  арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

      Брокер  бір реттік тапсырма негізінде және өз клиенттерінің инструкциялары шегінде әрекет жасайды.

      Брокердің негізгі артықшылығы - келіссөз жүргізу  барысында брокер өз клиентінің атын жасыруына яғни конфеденциалдылықты  сақтауына болады. Сондықтан кейбір клиент брокерді делдал өтіп алу себебі - олар өз операцияларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.

      Брокер  делдалдыкпен қатар баска қосымша  қызметтерді де көрсетеді, мысалы, нарықты  зерттеу жарнама жоніңдегі акпараттар несие беру. Брокер қызметін жеке адамдар, фирмалар мен ұйымдар жүргізеді.

      Дилер- өз атынан және өз есебінен тауарларды кайта сатумен айналысатын жеке тұлға немесе фирма.

      Дилердің  пайдасы тауарларды саткан және сатып  алған багалардың айырмасынан турады. Тауарларды өткізу жүйесінде дилар  өз қызметінде сонгы тутынушыларға жақын болады.

      Коммивояжер - бұл сауда окілеттілігін жүзеге асыратын сауда касіпорныңын қызметкері.

      Коммивояжер касіпорынмен жедел немесе жедел  емес еңбек квлісімдері негізінде  әрекет етеді. Коммивояжердің функциясы - белгілі бір аймакта касіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген тапсырысты жинап, сатып алушылыр шенберін курады, бұл кезде ол келісім жасауга өкілетті емес. Ол қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады, немесе орындалған тапсырыстар сомасынан алынған процент мөлшерінде сыйақы алады.

      Комиссинер - сауда келісіміндегі делдал; белгілі  мөлшердегі сыйлық үшін, комитент пайдасы  үшін соның есебінен, бірақ та өз атынан делдалдық жасайтын адам.

      Тауар нарығында тауарды сату кезінде  комиссионер оның меншік иесі бола алмайды.

      Бонус - бұл көрсетілген комиссиялық  қызметтер үшін төленетін комиссиялық  сыйақы. Бонус мөлшері сатылған ( айырбасталған немесе сатып

      алынған   )  тауарлардың  құнына  қатысты  процентпен -   анықталады  және мыналарға қатысты өзгеріп отыруы мумкін;

      •   Тауарлардың күйіне қатысты;

      •   Оған деген сұранысқа;

      •    Сату каналдарына ( дүкен немесе тікелей  сату арқылы);

      •   Комиссиялық келісімдерге деген  сұраныс пен ұсыныстын арақатынасына;

      •   Комиссионерлер арасындағы бәсеке денгейіне.

      Бонустың  нақтыы мөлшері мен есептеу жолдары  комиссиялық келісімдерде анықталады.

      Консорциум - бірнеше банк немесе өнеркәсіп  касіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы қаржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім.

      XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың  басында қосымша пайда табу  мақсатында заемдар мен бағалы  кагаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге асыратын бірнеше банктердің банкирлер үйінің және қаржыландыру когамдарының бірлестігі турінде әрекет етті. Қазіргі танда халықаралық консорциумдар оте кен түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында касіпорындар курған.

      Консорциум  ұйымы қатысушылар арасындағы келіссөз арқылы ашылады.

      Консорциумға  кіретін қатысушылар өзінің зандылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты  қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.

      Консорциум лидері басқа мүшелердің оған берген өкілеттілігі шегінде әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен курес жүргізу үшін және оларды бірлесе отырып орындау үшін курылады.

      Консорциум  тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте болады.

      Консорциумга  қатысушы көп жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі шегінде мүліктік жауапкершілікте  болады, ал қалған сома басқа қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойынша өзара  пропорционалды түрде бөлінеді.

      Сауда үйі- күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан оның мәнін ашу үшін ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту керек: 1. Ірі сауда үйінің типі, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:

      •   Тауар өндірісі сферасына белсенді түрде енуі;

      •    Өндіріс кооперациясын ұйымдастыру;

      •   Несие - қаржы операцияларына қатысуы.

      Дүние жузінде қызмет ететін сауда уйлерінің  негізгі мақсаттарына жататындар:

      •   Делдалдык операцияларды концентрациялау  есебінен сыртқы экономикалық қызметтІ белсенді түрде жүргізу;

      •  Дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъюктурасына жедел түрде жауап кайтару;

      •   Өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік кабілеті бар тауарларды өткізу;

      •   Ұсақ және орташа фирмаларды біріктіру  және олардың өткізу қызметін қаржыландыру;

      •   Айналым   шығындарын,   маркетингтік   зерттеу   және   жарнама   куның төмендету.

      Сауда үйлері акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік фирмаларында құрылады.

      Сауда үйлері және басқа шаруашылық субьектілері арасындағы байланысатын негізгі формаларына мыналар жатады: агенттік келісімдер; ынтымақтастық жөніңдегі келісімдер; сату - сатып алу контрактілері; консигнациялық келісімдер және т.б.

      Сауда үйлері өз қызметін белгілі бір тауар  тобы шенберінде шектемейді, олар тиімділігі және өзара есеп айырсуы бойынша өзара байланысқан келісімдердің толық кешенін жүзеге асырады.

      2. Брокерлік фирма, ол өз есебінен  немесе белгілі бір тауарлардың  саудасымен айналысатын өндіруші, тұтынушы немесе басқа тұлғалар  есебінен нақтылы тауарлар бойынша  келісімдер жүргізумен айналысады.

      Көптеген  сауда үйлері сонымен бірге саудагерлерден тапсырма алады және фьючерстік биржада  өздері келісімдер жүргізеді.

      Бас жабдықтаушы - өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық  және басқа да обьектілерді салу кезінде  технологиялық құрал - жабдықтардың толық комплексін құрылыс ауданыңа жеткізіп беретін фирма тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша, ең басты жеткізуші келісім бойынша жеке машиналарды жеткізіп беру үшін басқа кәсіпорындарды немесе фирмаларды жұмсайды. Ондай жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.

      Субжабдықтаушылардың  тапсырмаларды орындаған - орындамағанына қарамастан, тапсырыс беруші алдында  бас жабдықтаушы жауап береді.

      Халықаралық сауда әр ел экономикасы үшін маңызды  бір элемент деп айтуымызға болады. Өйткені халықаралық сауданы  дамыту үшін ең бірінші ауыл шаруашылығын, өндірісті, және т.б. дамыту қажет. Ал оларды дамыта отырып халықаралық аренаға шыға алады. Халықаралық сауданың дамуы сонымен қатар елдер арасындағы достық қатынастарды күшейтуге және елдің экономикасын жақсартуға ықпал жасайды. 

    1. Халықаралық сауданың қазіргі  кездегі құрылымы мен саясаты

      Халықаралық сауда - мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар  арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - географиялық жағдайларына сайкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың натижесі ретінде көрінеді.

      Дүниежүзілік  сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда  айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік  және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-тен 1/3- ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ке өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал - жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.

      Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми - техникалық жетістіктер айырбасы қосылды (лицензиялар және ноу-хаулар мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10% құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда - саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүние жүзілік экспорттағы көлемі 2,4 - 2,7 млрд. доллар болса, 80-жылдардын екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд. доллардан асты.

      Халықаралық сауда обьектілерінің қатарына қазіргі  уақытта жобалау жұмыстары, лизинг ( жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға алу ), инжиринг (инженерлік - құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер ) жатады.

      Халықаралық саудада «жаңа индустриалды елдер» ( Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань ) үлкен роль аткара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік күресте ұлттық мүддені қорғаудың ар түрлі мемлекеттік формалары бар.

      Әр  түрлі елдерде жалпы әлемдік  экономикада жалпы және оның жекелеген  тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әрбір  қатысушысы өз мудделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс - әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

      1 Халықаралық сауда саясаты;

      2 Сыртқы сауда саясаты.

      Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда  саласында жалпылама қабылданған  саясат.

      Дүниежүзілік  сауда ұйымы жүргізеді және ол әлем елдері тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

      Сыртқы  сауда саясаты атауымен мемлекеттің  басқа елдерімен сауда қатынасына бағытталған іс - әрекеті түсіндіріледі.Сыртқы сауда саясатының мақсаттары:

      -    осы елдің  халықаралық еңбек  бөлінісіне  кіруінің дәрежесі  мен  әдісін өзгерту;

      -    экспорт пен импорт көлемдерін  өзгерту;

      -    елді қажетті ресурстармен қамтамасыз  ету;

      -    экспорт пен импорт бағаларының  арақатынасын өзгерту.

      Сыртқы  сауда саясатының негізгі екі  бағыты бар:

Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда