Халықаралық қаржы қаражат жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 22:08, лекция

Краткое описание

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.

Файлы: 1 файл

Белгілі валюталардың таңбалары.docx

— 25.99 Кб (Скачать)
 
 

Белгілі валюталардың таңбалары. 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.

  Халықаралық валюталық  қатынастар

Халықаралық валюталық  қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті  саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда  валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің  айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық  валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі  ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.

Ұлттық  валюта

Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде  қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық  валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді.

Әлемдік валюталық  жүйе ұлттық және аймақтық валюталар  жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде  қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын  операциялар төлемі бойынша үш орталық  — Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.

Резервтік валюта

Резервтік валюта — ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік  валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік  нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады.

Дүниежүзіндегі  резервтік валюта құрылымы, % есебімен

Валюта  түрлері Әлемдік нарықтағы үлесі (2008 ж.)
АҚШ доллары 55
Еуро 40
Басқа валюталар 5

Резервтік валюта қоры көп елдер қатарына экономикалық даму дәрежесі жоғары елдер жатады.Соңғы  жылдары жаңа индустриялық елдер  де осы тізімге енуде. Солардың ішінен Тайвань мен Сингапурді ерекше атауға болады. Халықаралық валюталық қатынастар өте ірі банктер арасында жаңа электрондық құралдар көмегімен  жүргізілетін несие беру, валютамен  есеп айырысу және инвестиция салу сияқты операциялар түрінде жүреді.[1]

Халықаралық несие нарығы

Халықаралық несие  нарығы — елдер арасындағы өзара  қарыз бен несие беру, төлем  жасауды ұйымдастыратын келісімдер жүйесі болып табылады. Несие мемлекеттік  және жеке болып ажыратылады. Мемлекеттік  несие — несие беруші мемлекеттің  стратегиялық саясатына негізделеді, яғни сыртқы саяси басымдылығына  тәуелді. Жеке несиелер өте жиі беріледі және ол экономикалық тиімділікті көздейді.

Халықаралық инвестиция нарығы — экономикалық даму дәрежесі жоғары елдердің өз қаражатының комақты  бөлігін неғұрлым даму дәрежесі төмен  елдердің алдыңғы қатарлы өндіріс  саласын дамытуға салу. Осы арқылы өздеріне де пайда табу мақсатын көздеген, ұзақ мерзімге жоспарланған экономикалық саясат. Ол тікелей және портфельдік инвестиция деп белінеді. Халықаралық инвестиция нарығында тікелей жеке инвестициялардың маңызы зор. Оларды ірі ұлтаралық бірлестіктер басқарады.[1]

Тікелей инвестиция

Тікелей инвестицияға шетелде кәсіпорындар ашу, оның ішінде еншілес компаниялар жүйесін  ұйымдастыру, өзара келісім негізінде  бірлескен кәсіпорындар ашу, табиғат  байлықтарын бірлесіп барлап-зерттеу, шетел қаржысын қабылдаған кәсіпорындарды сатып алу немесе жекешелендіру  жатады. Тікелей инвестицияның осы  кезге дейін жинақталған мөлшері 2 трлн доллар, оның тең жартысы АҚШ (үлесі 1/4), Ұлыбритания және Жапонияға (әрқайсысының үлесі 1/10) тиесілі.[1]

Портфельдік инвестиция

Портфельдік инвестиция — шетелдік кәсіпорынның қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік  бермейтін акциялар, облигациялар және басқа да күрделі қаржының жұмсалу  түрі.[1]

Халықаралық инвестиция нарығы

Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтың үлесі күннен-күнге артып келеді. Алғашында еуронарық XX ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерінде пайда болып, қазіргі танда бүкіл дүниежүзін қамтып отыр. Бірақ жетекші орын әлі де Еуропа еншісінде. Оның ең ірі орталығы — Лондон. Оның үлесіне еуропалық қаржының 1/5-і келеді. Бұл көрсеткішке мүмкіндігі жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды. Әсіресе Токио мен Нью-Йоркте орналаскан ішкі офф-шорлық орталықтар күшеюде. Нью-Йорктегі бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Офф-шорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүниежүзінің кез келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылауынан тыс, ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан кейінгі ірі қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ақ Кариб теңізі аймағындағы елдер: Багам және Кайман аралдары, Панама жатады.

Қазақстан экономикасының дамуында егемендік алғаннан бастап, шетелдік несиелер мен инвестициялар  белсенді пайдаланыла бастады. Ресми  көмек ауқымында Қазақстан 2,8 млрд доллар көлемінде несие туралы 49 келісім жасады. 1993—1999 жылдары оның 1,7 млрд доллары игерілді. Республикаға көрсетілген көмектің 53%-ы Әлемдік  Банкке, 18,3%-ы Азиялық Даму банкіне, 17,3%-ы Жапония мемлекетінің үлесіне  тиеді. Ал тәуелсіздік алғаннан бергі  Қазақстан экономикасына шетел  инвестициясының келуі 10 млрд доллардан  асты. Жарияланған деректер бойынша, инвестиция құрылымының 49%-ын тікелей, 1%-ьш портфельдік инвестиция, ал 28%-ын несие, 22%-ын халықаралық қаржы ұйымдарының  заемы құрайды. Тікелей инвестицияның 60%-ы мұнай өндіру мен өңдеуге, 10%-ы түсті металлургия, 5%-ы газ  өндіру саласына, ал қалған белігі қара металлургия, пайдалы қазбаларды барлау, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы  және жаңа технологияларды енгізу мен ғылымды қолдау салаларын дамытуға салынды. Шетелдік инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну мөлшері бойынша 1-орынды Жапония — 25,4%, 2-орынды АҚШ — 21,5%, 3-орынды Ұлыбритания — 17%-ын иеленеді.

ТМД және Балтық жағалауы елдері бойынша халықаралық  несиелік рейтинг берілген елдер  арасында Қазақстан Ресейден кейінгі 2-орын алады. Әлемдік Банктің мәліметі бойынша, дүниежүзілік несиелік рейтингте  Қазақстан алғашқы 20 мемлекеттің  қатарына енгізілген.

Информация о работе Халықаралық қаржы қаражат жүйесі