Халықаралық шарт жасаудың негiзгi сатылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 17:40, доклад

Краткое описание

Халықаралық шарт жасау дегенiмiз- бiрнеше жүйелi сатылардан құралатын күрделi процесс. Халықаралық шарт процесiнiң теориясында осы процестi техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пiкiрлер қалыптасқан. Халықаралық шартты жасау өте күрделi, оның күрделiлiгiн шарт обьектiлерiнiң күрделiгiмен, қатысушыларының табиғаты мен көлемiнен, кейбiр жағдайларда - саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсiндiруге болады. Осы шарт процесiне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттерi мен тұтастай бiрқатар нақты сатылары кiргiзiледi, олар: келiссөздер жүргiзуге өкілетті тұлғаларды тағайындау; өкілеттердіi ұсыну және тексеру; шарттың мәтiнiн үйлестiру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түп нұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулердi жариялау; шартты ратификациялау; ратификациялық грамоталарды ауыстыру және депоненттеу; шартты промульгациялау (жариялау); Бiрiккен Ұлттар Ұйымына шартты тiркеу. Кейбiр заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшiне енуiн де жатқызып жүр. Шарттың процесiне жоғарыда аталған сатылардың бәрiн енгiзу мiндеттi емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын-ала келiсулерiне байланысты.

Файлы: 1 файл

Б.docx

— 32.20 Кб (Скачать)

  Халықаралық шарт  жасаудың негiзгi сатылары 

Халықаралық  шарт жасау дегенiмiз- бiрнеше жүйелi сатылардан құралатын күрделi  процесс. Халықаралық  шарт процесiнiң теориясында  осы процестi техникалық жаққа қарай  жатқызу туралы пiкiрлер қалыптасқан. Халықаралық шартты жасау өте  күрделi, оның күрделiлiгiн шарт обьектiлерiнiң  күрделiгiмен, қатысушыларының табиғаты мен көлемiнен, кейбiр жағдайларда - саяси жағдайдың жағымсыздығымен  түсiндiруге болады. Осы шарт процесiне халықаралық шарттың қатысушылар  тарапының заңи әрекеттерi мен тұтастай бiрқатар нақты сатылары кiргiзiледi, олар: келiссөздер жүргiзуге өкілетті тұлғаларды тағайындау; өкілеттердіi ұсыну  және тексеру; шарттың мәтiнiн үйлестiру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түп нұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулердi  жариялау; шартты ратификациялау; ратификациялық  грамоталарды ауыстыру және депоненттеу; шартты промульгациялау  (жариялау); Бiрiккен Ұлттар Ұйымына шартты тiркеу. Кейбiр заңгерлер шарт жасауға  шарттың заңды күшiне енуiн де жатқызып жүр. Шарттың процесiне жоғарыда аталған сатылардың бәрiн енгiзу мiндеттi емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын-ала  келiсулерiне байланысты.

Халықаралық шартты жасау процедурасын қарастыру  халықаралық-құқықтық  әдебиеттерде әдетте, өкілеттілiктердi беруден басталады. Кейбiр қайнар көздерде өкілеттіктердi беру, шарт бастамашылығы сияқты халықаралық шартты жасаудың алдында болады деп көрсетiлген.

Егер  халықаралық шартты халықаралық  конференцияларда немесе халықаралық  ұйымдарда ұсынуға мемлекет өкiлдiк  берген мемлекеттiң басшылары, үкiметтiң  басшылары, сыртқы iстер министрлерi, дипломатиялық  өкiлдiктердiң басшылары жасайтын болса, онда халықаралық шарт құқықтары  туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының 7 бабының 2 бөлігіне сәйкес, жоғарыда аталған  тұлғалар өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктерiн  жүзеге асырғанда шарттық процеске қатысу үшiн арнайы өкілеттіктердiң  берiлуiн қажет етпейдi. Қазақстан  Республикасы Президентiнiң “Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарын  жасасу, орындау және күшiн жою  тәртiбi туралы” 1995 жылғы  Заң күшi бар Жарлығының 9 бабына сәйкес, “Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан  Республикасының Премьер-министрi, Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрi арнаулы өкілеттіксiз-ақ келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға құқылы. 

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы  немесе Қазақстан Республикасының  халықаралық ұйым жанындағы өкiлдiгiнiң  басшысы тиiсiнше өзi барған мемлекетпен  немесе осы халықаралық ұйымның  шеңберiнде Қазақстан Республикасының  халықаралық  шартын жасасу жөнiнде  арнайы өкілеттіксiз келіссөздер  жүргiзуге құқылы.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегi дипломатиялық  өкілдігі басшысының немесе Қазақстан Республикасының  халықаралық ұйым жанындағы өкілдігі басшысының арнайы өкілеттіктерi болған ретте ғана Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарына қол қоюға  құқығы бар.

Қазақстан Республикасының министрi, Мемлекеттiк  комитетiнiң төрағасы, өзге де орталық  атқару органының басшысы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн  мемлекеттiк органның басшысы өз құзырындағы мәселелер жөнiнде  арнайы өкілеттіксiз-ақ келіссөздер  жүргiзуге және Қазақстан Республикасының  ведомствоаралық  шарттарына қол  қоюға құқылы.         

Арнайы  өкілеттіктердi беру қажет болған жағдайда, келіссөздер жүргiзу, шартты қабылдау, оның түпнұсқасын бекiту, қол қою  құқығы құжатта куәландырылуы тиiс. Мұндай өкілеттіктер жасалатын шарттың  барлық сатыларына таралмауы мүмкiн, мысалы,  тек қол қоймай келіссөздер  жүргiзуге берiлуi мүмкiн. Бұл мәселелер  өкілеттіктердi тексеру жөнiндегi комитеттiң  құзiретiне жатады. Өкілетті тұлғаның, тегі, аты, әкесiнiң аты, оның өкiлеттерiне кiретiн мәселелер аясы көрсетiледi. Егер екi тарапты шарт жасалса, онда қатысушылар өкілеттілiктерiнiң түпнұсқаларымен  ауысады. Ал, көп тарапты шарттарда  өкілеттіктер конференцияның немесе ұйымның  хатшылығына тапсырылады. Конференцияда  баяндама ұсынушының өкілеттіктерiн  тексеру үшiн арнайы комитет құрылады.

Халықаралық шарттың келiсiлген мәтiнiн жасау шарт процесiндегi мiндеттi саты болып табылады. Осы сатыға тағы да шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекiту де кiредi. Келіссөздер жүргiзу келiсiлген мәтiндi дайындаудың негiзгi сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың келiсiлген мәтiнiн дайындаудың мынадай сатыларынан өтедi:

 әдеттегi  дипломатиялық  көздердi пайдалану;

 халықаралық конференциялардың қызметi;

 халықаралық  ұйымдардың қызметi.

Әдеттегi дипломатиялық жолдар, келiсушi тараптардың  дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қызметiмен ұсынылады. Келiсушi тараптар шарттың жобасы бойынша келiп түскен ұсыныстарды талқылап, компромисс, өзара жол беру арқылы өздерiнiң позицияларын үйлестiредi. Жүргiзiлген келіссөздердiң нәтижелерi бойынша халықаралық шарттың бiртұтас келiсiлген мәтiнi жасақталады. Халықаралық шарттың жобасын дайындау процесiнде тараптар негiзгi мәселелер жөнiнде алдын-ала  келiсiмдерге қол жеткiзедi.

Халықаралық конференциялардың қызметi халықаралық  шарт мәтiнiн үйлестiрудiң маңызды  нысанының бiрi болып табылады.   Жоғарыда халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының мәтiнiн үйлестiру жөнiндегi Вена конференциясының жұмысын айтқан едiк. Қарусыздану, соғыс құрбандарын қорғау мәселелерi жөнiндегi кодификациялық жұмыстар Гаага, Женева конференцияларының жұмыс нәтижесi болды. Мұндай нысанның ерекшелiгi халықаралық шарт жасау процесiн алдын-ала ұйымдастырып, дайындауда. Қазiргi кезде шарттың келiсiлген мәтiнiн дайындау үшiн мемлекеттер мен үкiмет басшыларының жоғарғы деңгейдегi кездесулерi кеңiнен таралып келедi. Мысалы, Шанхай кездесуi, Давостағы экономикалық форум, Алматы саммитi және т.б.

Қазiргi кезең тәжiрибесiнде халықаралық  шарт мәтiндерiн жасау халықаралық  ұйымдардың қызмет аясына кiредi. Бұл, көбiне халықаралық ведомствоаралық шарттарға байланысты болып келедi. Шарттың мәтiнiн үйлестiрудiң мұндай  нысаны шарт тәжiрибесiнiң арнаулы мәселелерiн толықтай қамтиды, шарт процесiнiң қатысушыларының құзiреттерi мен кәсiбилiгiн жақсартады.

Шарт  мәтiнiн қабылдау - дауыс берудiң қажеттi іс-жосығы, соның көмегiмен мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың мәтiнiмен келiсетiндiктерiн бiлдiредi.

Екi тарапты  шарттар және аз мемлекеттер қатысатын  шарттардың мәтiнi келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердiң дауыс беруi арқылы қабылданады. Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжiрибесiнде халықаралық  конференцияларда шешiм қабылдау іс-жосығы бiлiктi дауыстар санына, атап айтқанда 2/3 дауысқа келтiрiлген. Консенсус жолымен шешiм қабылдануы да мүмкiн (латын сөзiндегi consensus  келiсiм, бiртұтастық деген мағынада), яғни, пiкiрталас нәтижесiнде даулы мәселе бойынша қол жеткiзетiн ортақ келiсiмге келу және халықаралық келіссөздердiң қатысушыларының позицияларының жақындасуы, шарттың мәтiнi ресми дауыс берусiз қабылдау.

Іс-жосық  ережелерi дауыс беру нысанын да айқындайды. Соның iшiнде ең көп қолданылатыны - қол көтеру арқылы дауыс беру. Маңызды шешiмдер қабылданатын жағдайда конференцияға қатысушы  барлық мемлекеттер алфавиттi тәртiпте жеке-жеке дауыс бередi, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды. Дауыс беру қорытындысы көпшiлiкке дауыстап айтылып, конференцияның хаттамасында бейнеленедi.

Мәтiндi үйлестiру және қабылдау іс-жосығынан кейiн, осы мәтiндi түпкілікті деп тану және өкілетті тұлғалар тарапынан өзгертiлмейтiндей бiр тәсiлдi анықтау қажеттiлiгi туындайды. Шарттың қабылданған мәтiнi түпкілікті деп танылатын іс-жосық мәтiннiң түпнұсқалығын бекiту деп аталады (грек сөзi authentikos - түпнұсқа; түпнұсқаға сәйкес , алғашқы қайнар көзден  шығатын деген мағынаны бередi). Түпнұсқалық мәтiн дегенiмiз - бiр немесе бiрнеше тiлде жасалатын мәтiн, олар бiрдей түпнұсқалық деп қарастырылады және бiрдей заңдық күшi болады. Қазiргi кездiң шарттық тәжiрибесiнде мәтiннiң түпнұсқалығын бекiтудiң мынадай нысандары қолданылады:

 парафирлеу (paraphe деген француз сөзі қысқартылған  жазу мағынасында) - халықаралық  шартқа өкілетті тұлғаның аты-жөндерiнiң бас әрiптерiмен алдын-ала  қол қою;

 халықаралық  конференцияның Қорытынды Актiлерiне  шарттың мәтiнiн енгiзу;

 халықаралық  конференцияның резолюциясына шарттың  мәтiнiн енгiзу.

Халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттi болатындығына мемлекеттiң келiсiм беруiнiң маңызды тәсiлдерiнiң бiрi оған қол қою. Халықаралық шарт жасаудың қазiргi кезең тәжiрибесiнде шарттың қол қою сатысынан өтпейтiн кездерi де болады. Мысалы, халықаралық Еңбек ұйымының кейбiр көп тарапты конференцияларын мемлекеттер қол қоймай-ақ ратификациялайды. Дегенмен де, қол қою шарт жасаудың маңызды сатысы болып  қала бермек, сондықтан болар шартқа қол қойған күн шарттың жасалу мерзiмi болып есептелiнетiндiгi.

Халықаралық шартқа қол қоюдың екi түрi бар; түпкілікті және аяқталмаған (немесе шартты, немесе ad referendum, яғни одан әрi қарастыру үшiн қол қоюды кейiнге қалдыру). Ad referendum шартқа қол қою, егер шарт кейiн үкiметтiң бекiтуiн немесе ратификациялауын қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтiнiн бекiтуi қажет болған жағдайда өкілетті тұлғамен жүзеге асырылады. Алайда, қол қоюдың бұл түрi соңғы емес және парафирлеуден мынадай айырмашылықтары бар:

ad referendum - мемлекеттiң шарттың өзiне мiндеттi екендiгiмен келiсу тәсiлi; ал парафирлеу тек түпнұсқалықты анықтау мақсатымен ғана шектеледi, яғни парафирлеуден кейiн қол қойылады.

ad referendum-ға  қол қоюды растаудың керi күшi  бар, яғни, қол қойғаннан кейiн  мемлекет шарттық мiндеттемелердiң  субьектiсi болып табылады; ал  парафирлеуде ондай керi күш  болмайды.

ad referendum -ға қол қою, парафирлеудегi  сияқты өкілетті тұлғаның аты-жөнiнiң бас әрiптерiн қоюмен шектелмейдi; мұнда алдын-ала  қол қою (шартты түрде) үшiн өкілеттіктiң болуы шарт.

ad referendum-ды, мемлекет мақұлдағаннан кейiн ол аяқталған болып табылады, ал шартты парафирлегенде мемлекет оған қол қоюға мiндеттi.

Екiтарапты  шарттарға қол қойған кезде қол  қою балама немесе кезектесу негiзiнде   жүзеге асырылады, (alternat деген француз сөзінен шыққан алма-кезек мағынасында) яғни, шарттың мәтiнiне оның қатысушыларының қол қою кезегiн реттейтiн тәртiп. Мысалы, егер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында шартқа қол қойылатын болса, онда Қазақстан жағына берiлетiн шарттың нұсқасында қазақ тiлiндегi мемлекеттiң атауы, өкілетті тұлғаның қолы, мөрі, шарттың мәтiнi бiрiншi орынға қойылады. Қойылатын қолдар үшiн бiрiншi орын болып шарттың мәтiнiнiң астындағы сол жақ, егер мәтiн араб тiлiнде болса - оң жақ есептеледi...Егер қойылған қолдар бiрiнiң астында бiрi орналасқан болса, онда өкiлiнiң қолы жоғары орында тұрған мемлекет бiрiншi орын құқығын иеленедi.

Көп тарапты шарттарға қол қойған кезде өкілетті тұлғалардың қолы бiрiнен кейiн бiрi қойылады, орысша, ағылшынша немесе шарт қатысушылары таңдаған өзге де  алфавиттiк тәртiпте қойылады. Балама ережесi шарт саясатындағы мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидаларының бiр көрiнiсi. Егер өкілетті тұлға өзiнiң өкiлетi көлемiнде әрекет етсе және олар жарамды болса, қойылған қол жарамды болып есептеледi.

Шарт  жасаудың барлық сатыларында мемлекеттiң  ескертулер жасау құқығы бар. Ескерту дегенiмiз - мемлекеттiң кез-келген нысанда және кез-келген атауда жасайтын бiр тарапты жариялауы. Ескертудi  өтiнiштен айыра бiлу керек, өтініш келiсiм беру немесе келiспеудi айту болып есептеледi. Ескерту арқылы мемлекет белгiлi бiр ережелердiң әрекет күшiн жояды немесе өзгертедi, алайда шарттың негiзгi мазмұны өзгерiссiз қалады. Егер бiртарапты өтініш халықаралық шартты жасаудың бастапқы сатыларында жасалатын болса, онда олар ескертулер болып есептелмейдi. Себебi олардың ескерпелер сияқты заңдық салдарлары жоқ. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының 2  бөлiмiнде (19-23 баптар) ескертулердiң құқықтық табиғаты айқындалған. Вена Конвенциясының 19 бабына сәйкес, мемлекеттер шартқа қол қойғанда, қабылдағанда немесе бекiткенде ескертулер жасайды. Ескертулердi қолданудың кейбiр ерекшелiктерi бар. Мысалы, егер нақты ескертуге шартта тыйым салынса; егер шарттық ережелердiң талабы бойынша белгiлi бiр ескертулер ғана жасауға рұқсат етiлсе; егер ескерту шарттың көлемi мен мақсаттарына сай немесе, онда ескертулерге қатысты  іс-жосық (Вена Конвенциясының 23 бабы) мемлекеттерден ескертудi жасағанда, оларға қарсылықтар жасағанда, оларды алып тастағанда жазбаша нысанды қолдануларын талап етедi. Әйткенде ескерту жасалмаған деп есептеледi. Шартты ратификациялағанда жасалатын ескерту ратификациялық грамотаның  өзiнде ауысу жөнiндегi хаттамада немесе ратификациялық грамотаны өткiзу хаттамасында мазмұндалуы мүмкiн. Сонымен, ескертулердi тұжырымдап айту - әр тараптың өзiнiң тәуелсiз құқығы, бiрақ ескерту шарттық ережелердiң мәнiне әсер етпеуi керек. Ескерту жасау құқығы мемлекеттерге шарттың қатысушысы болуға мүмкiндiк бередi. Олар оның негiзгi ережелерiн, мiндеттерi мен мақсаттарын қабылдайды, бiрақ түрлi себептерге байланысты шарттың кейбiр ережелерiмен, ал кейде болымсыз  ережелерiмен де келiсе алмай қалады. Мысалы, Қазақстан Республикасы 1993 жылы соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949 жылғы Женева Конвенциясына кейбiр ескертулер беру арқылы  қосылды. Бұл ескертеулер Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Кресттiң геральдикалық белгiлерiн ақ фонда эмблема ретiнде және армияның санитарлық қызметiнiң айырма белгiлерi ретiнде қолдануға байланысты болатын.

Информация о работе Халықаралық шарт жасаудың негiзгi сатылары