Халықаралық шарт жасаудың негiзгi сатылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 17:40, доклад

Краткое описание

Халықаралық шарт жасау дегенiмiз- бiрнеше жүйелi сатылардан құралатын күрделi процесс. Халықаралық шарт процесiнiң теориясында осы процестi техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пiкiрлер қалыптасқан. Халықаралық шартты жасау өте күрделi, оның күрделiлiгiн шарт обьектiлерiнiң күрделiгiмен, қатысушыларының табиғаты мен көлемiнен, кейбiр жағдайларда - саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсiндiруге болады. Осы шарт процесiне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттерi мен тұтастай бiрқатар нақты сатылары кiргiзiледi, олар: келiссөздер жүргiзуге өкілетті тұлғаларды тағайындау; өкілеттердіi ұсыну және тексеру; шарттың мәтiнiн үйлестiру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түп нұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулердi жариялау; шартты ратификациялау; ратификациялық грамоталарды ауыстыру және депоненттеу; шартты промульгациялау (жариялау); Бiрiккен Ұлттар Ұйымына шартты тiркеу. Кейбiр заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшiне енуiн де жатқызып жүр. Шарттың процесiне жоғарыда аталған сатылардың бәрiн енгiзу мiндеттi емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын-ала келiсулерiне байланысты.