Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 17:40, доклад
Халықаралық шарт жасау дегенiмiз- бiрнеше жүйелi сатылардан құралатын күрделi процесс. Халықаралық шарт процесiнiң теориясында осы процестi техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пiкiрлер қалыптасқан. Халықаралық шартты жасау өте күрделi, оның күрделiлiгiн шарт обьектiлерiнiң күрделiгiмен, қатысушыларының табиғаты мен көлемiнен, кейбiр жағдайларда - саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсiндiруге болады. Осы шарт процесiне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттерi мен тұтастай бiрқатар нақты сатылары кiргiзiледi, олар: келiссөздер жүргiзуге өкілетті тұлғаларды тағайындау; өкілеттердіi ұсыну және тексеру; шарттың мәтiнiн үйлестiру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түп нұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулердi жариялау; шартты ратификациялау; ратификациялық грамоталарды ауыстыру және депоненттеу; шартты промульгациялау (жариялау); Бiрiккен Ұлттар Ұйымына шартты тiркеу. Кейбiр заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшiне енуiн де жатқызып жүр. Шарттың процесiне жоғарыда аталған сатылардың бәрiн енгiзу мiндеттi емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын-ала келiсулерiне байланысты.
Ратификациялау (ratificatio және ratus деген латын сөздерiнен шыққан - шешiлген, бекiтiлген деген мағынада) шарт процесiнiң маңызды сатыларының бiрi, ол мемлекеттiк билiктiң жоғарғы органының халықаралық шартты бекiтуiн көрсетедi. Ратификациялау шартқа заңдық күш бередi. Кейбiр елдерде, мәселен АҚШ-та ратификациялау конституциялық түзетулердi бекiтудiң ерекше тәртiбi болып саналады. Ратификациялаудың екi түрлi тәсiлi бар: ратификациялық грамоталар түрiндегi - халықаралық және заң немесе жарлық нысанындағы және мемлекет iшiндегi. Ратификациялау халықаралық шарт жасаудың мiндеттi сатысы болып есептелмейдi. Ратификациялау арқылы - халықаралық шарттың қатысушысы - мемлекеттiң тыныш жағдайда халықаралық шарт мазмұнын ойлау мүмкiндiгi, өзiнiң өкілетті тұлғаларының әрекеттерiн тексеру, қоғамдық пiкiрмен үйлестiру мүмкiндiгi пайда болады. Халықаралық тәжiрибеде мемлекеттiң халықаралық шартқа қол қойғанымен, оны ратификациялаудан бас тартатын жағдайлары болып тұрады. Ратификациялаудан бас тарту халықаралық құқықты бұзу болып есептелмейдi. Сонымен бiрге, халықаралық бiрлестiк мұндай бас тартудың негiзделген болуын көздейдi, өйткені бұл халықаралық құқықтың үдемелi дамуына кедергi келтiруi мүмкiн. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, Конституциялық Кеңес халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестiгiн оларды ратификациялауға дейiн тексередi. Мұндай іс-жосық үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттарының көпшiлiк санының кем дегенде 1/5 бөлігі және Премьер-министрдiң үндеулерi қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттар ратификацияланбайды және қолданысқа енгiзiлмейдi.
Қазақстан
Республикасы Президентiнiң “Қазақстан
Республикасының халықаралық
орындалуы қолданылып жүрген заңдардың өзгертiлуiн немесе жаңа заңдардың қабылдануын талап ететiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегiденөөзгеше ережелердi белгiлейтiн;
Қазақстан
Республикасының басқа
мемлекетаралық қатынастардың негiздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ бiтiм шарттары мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттары;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық Ұйымдарға және өзге де бiрлестiктерге қатысуы туралы, егер мұндай шарттар Қазақстан Республикасының егемендi құқықтарының бiр бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық мiндеттiлiгiн белгiлейтiн болса;
Мемлекеттiк заемдар немесе Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсетулерi туралы халықаралық шарттары ратификациялауға жатады.
Ратификациялау процесiнiң белгiлi бiр заңи салдарлары бар. Бiрiншiден, ратификация мемлекеттiң шарттық мiндеттемелердi мiндеттi орындауға келiсiмiн бекiтедi. Екiншiден, ратификация шартты ратификациялаған мемлекетке егер шарт заңды күшiне енбеген болса, оның объектiсiн, мақсатын жойып жiберетiн әрекеттердi тоқтата тұруды мiндеттейдi. Үшiншiден, шартта алдын-ала уағдаласқан ратификациялық грамоталардың жеткiлiктi көлемi жиналған жағдайда шарт өз күшiне енедi. Ең соңында, төртiншiден, мемлекет ратификациялау сәтiнен бастап, халықаралық шарттың тең құқықты қатысушысына айналады.
Қазақстандық тәжiрибеде Парламент өз Палаталарының жеке мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi ратификациялауға ұсынған халықаралық шарттарды қарайды және тиiстi заң қабылдайды. Президент халықаралық шартты ратификациялау туралы заңға қол қойылғаннан кейiн және оны жариялаған соң ратификациялық грамотаға қол қояды.
Егер мемлекет, әу бастан-ақ шарт жасауға қатыспаған болса, онда оған шартта көзделген мән-жайлар бойынша қосыла алады. Мұнан басқа, егер мемлекеттiң шартқа қатысу құқығы болмай, кейiнiрек ондай мүмкiндiгi болған жағдайда, ол да қосылу болып есептеледi. Қазақстан Үкiметi Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Президентке мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шартқа қосылу туралы ұсыныс енгiзедi. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне үкiметаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныс жасайды. Ал, министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және өзге де орталық атқару органдарына, сондай-ақ тiкелей Қазақстан Республикасы Президентiне бағынатын және оған есеп беретiн мемлекеттiк органдарға келетiн болсақ, онда бұл органдар Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрiгiп немесе онымен келiсiп, өздерiнiң құзiреттерiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне қосылу туралы ұсыныс енгiзедi. 1995 жылғы аталмыш Жарлықтың 18 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы шешiмдерi мынадай болып қабылданады:
1) Қазақстан
Республикасының Президентi
2) Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
Ведомствоаралық
сипаттағы халықаралық
Халықаралық шарттарды тiркеу институты құпия дипломатияны ығыстырып жiбердi. Тiркеудiң мәнi заңды күшiне енген халықаралық шарттардың шарт қатысушылары айқындайтын құзіретті органдарға тiркеуге берiлетiндiгiнде. Халықаралық тәжiрибеде тiркеудiң мынадай түрлерi жиi кездеседi: а) бiртарапты - бұл ең кең таралған түрi, тараптардың бiреуi тiркеудi дербес түрде жүзеге асырады; б) қайталама - тiркелген шарт келiсушi тараптың бiрiне тiркеуге берiледi; в) бiрлескен - бiрнеше депозитарийлер болғанда; қосарланған - бiр шарт екi халықаралық ұйымның хатшылығында тiркеледi.
Халықаралық
шарт процесi тәжiрибесiнде халықаралық-
тiркеу тәртiбiмен берiлген серия номерi;
шарттың немесе келiсiмнiң аты;
келiсушi тараптардың атауы;
4) қол
қою, ратификациялау, ратификациялық
грамоталармен ауысу, қосылу
және заңды күшiне ену
5) шарттың немесе келiсiмнiң қолданыста болу мерзiмi;
6) шарт немесе келiсiм жасалған тiл немесе тiлдер;
7) актiнi
тiркейтiн тараптардың атауы
8) БҰҰ
шарттарының серияларын
Тiркелген шарт немесе келiсiм шарттардың арнаулы Тiзiмiне енгiзiледi. Тiркелген және шарттар тiзiмiне енгiзiлiп, сақталған шарттарды БҰҰ хатшылығы өз тiлiнде немесе түпнұсқа тiлiнде, олардың ағылшын және француз тiлдерiндегi аудармаларымен бiрге қысқа мерзiм iшiнде жариялап жiбередi. Хатшылық Тiзiмге тiркелген немесе сақталатын немесе енгiзiлген шарттар туралы мәлiметтердi ай сайын жариялайды және таратады. Халықаралық жариялаудан басқа iшкi мемлекеттiк - промульгацияда бар promulgatio деген латын сөзінен - жалпылама жариялау деген мағынада) - ол қатысушы мемлекеттiң баспасөз құралында халықаралық шартты ресми жариялауды бiлдiредi. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған және заңды күшiне енген халықаралық шарттар Парламенттiң ресми басылымдарында жарияланады. Ратификациялауға жатпайтын, Қазақстан Республикасы үшiн заңды күшiне енген шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы белгiленген тәртiпте қосылған үкiметаралық шарттар “Қазақстан Республикасы Президентi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында” жарияланады. Қазақстан Республикасы үшiн күшiне енген халықаралық шарттар, ведомствоаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан белгiленген тәртiпте қосылған шарттарды қоса алғанда, олар “халықаралық шарттар, келiсiмдер және Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актiлерiнiң Бюллетеньдерi” жинағында жарияланады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалық мәтiнi шетел тiлдерiнде жасалса, осы тiлдердiң бiрiнде, қазақ және орыс тiлдерiндегi ресми аудармаларымен жарияланады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды тiркеу мен есепке алудың Қазақстан Республикасының қарауындағы бiртұтас мемлекеттiк жүйесi бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының хатшылығында және басқа да халықаралық ұйымдардың тиiстi органдарында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудi жүзеге асырады.
Халықаралық шарт процесiнiң қатысушылары шарт мәтiнiнiң түпнұсқасын және соған қатысты барлық құжаттарды сақтауға тапсырады. Бiр немесе бiрнеше мемлекеттер, халықаралық ұйымдар немесе осындай ұйымның бас атқарушы лауазымды тұлғасы депозитарий бола алады (depositaire деген француз сөзінен шыққан). Депозитарийдi процесс қатысушылары айқындайды. Көп жағдайда аумағында шартқа қол қойған немесе осы шарт қабылданған халықаралық конференция өткiзiлген мемлекет депозитарий болып тағайындалады. Егер мәселе халықаралық ұйымның құрылтай актiсiн сақтауда болса, онда мұндай жағдайда атқарушы орган депозитарий болып табылады. Мысалы, БҰҰ-ның 1945 жылғы Жарғысының депозитарийi БҰҰ хатшылығының Бас хатшысы болса, ал Беларусь Республикасының Үкiметi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1993 жылғы Жарғысының депозитарийi болып табылады.
Депозитарийдiң негiзгi міндеттеріне мыналар жатады:
халықаралық
шарттың түпнұсқа мәтiнiн
түпнұсқа
мәтiннiң куәлендiрiлген
шартқа қол қойғызу; шартқа қатысты құжаттарды хабарландыру, хат, хабарламаларды тапсырып алу және сақтау;
шартқа қатысты қойылатын қолдар мен өзге де құжаттардың тиiстi нысаны жөніндегі мәселелердi зерттеу және қажет болған жағдайда бұл мәселенi тиiстi мемлекетке мәлiмдеу;
шартқа
қатысты барлық құжаттар
шартты БҰҰ Хатшылығында немесе басқа халықаралық ұйымдарда тiркеу.
Депозитке беру деп депозитарийге халықаралық шарттың, ратификациялық грамоталардың, халықаралық шартқа қосылу туралы құжаттардың немесе шарттың бұзылғандығы туралы құжаттардың түпнұсқасын сақтауға берудi айтады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы” 1995 жылғы заң күшi бар Жарлығының 30 бабының 2,3-бөліктеріне сәйкес, “Қазақстан Республикасының атынан және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасалған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының түпнұсқалары (куәландырылған көшiрмелерi, ресми аудармалары) оларға қол қойылған (депозитарийден куәландырылған көшiрмелер, ресми аудармалар алынған) күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы шарттардың көшiрмелерiн олар күшiне енген күннен бастап екi апта мерзiмде тиiстi мемлекеттiк органдарға жолдайды. Қазақстан Республикасының ведомствоаралық шарттарының түпнұсқалары тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың мұрағаттарында сақталады, ал осы шарттардың куәландырылған көшiрмелерi, оларға қол қойылған (депозитарийден куәландырылған көшiрмелер, ресми аудармалар алынған) күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi.
Информация о работе Халықаралық шарт жасаудың негiзгi сатылары