Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:23, курсовая работа
Фирма деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару сыртқы экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шетелдік нарықтағы фирманың тәртібін, сыртқы сауданың жоспарын құру, сыртқы экономикалық қызметті басқару органдарының тиімді құрылымын қалыптастыру, оның фирманың басқа қызметтерімен үйлестіру, шетелдік серіктестермен экономикалық қатынастар шешімін ақпаратпен қамсыздандыру сияқты мәселелерді шешуді талап етеді.
Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде
Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары
Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері
Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
2.1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі
2.2. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)
2.3. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2008 – 2010 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау
3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері
3.2. Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
2010
жыл ағымында Бірлескен кәсіпорын қаржыландыру
бойынша міндеттемелерін жабу үшін 39 499
мың АҚШ доллары және Қатысушыларға таза
табысты бөлу түрінде 14 127 мың АҚШ доллары
көлемінде төлем жасады (сурет 4).
Өтімділікті бағалау
Ағымдық
өтімділік көрсеткіші 2008, 2009, 2010 жылдары
өзінің қабылданған мәнінен (2) кері ауытқушылықты
көрсетпейді. Бірақ көрсеткіштің төмендеу
үрдісі байқалады, 2009 жылы ол 2008 жылмен
салыстырғында 0,5, ал 2010 жылы 2009 жылмен
салыстырғанда 0,8-ге төмендеген. Бұл қысқа
мерзімді міндеттемелер көлемінің 2009
жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 989 000 АҚШ
долларына, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда
3 430 000 АҚШ долларына өскендігімен түсіндіріледі
(сурет 5).
Іскерлік белсенділікті бағалау
Қорқайтарымдылық коэффициентінің 2008, 2009, 2010 жылдар ішінде өсу үрдісі байқалады. Үш жыл ағымында бұл көрсеткіш өзінің төмен деңгейін 2008 жылы қабылдаған. Ол негізгі құралдардың орташа жылдық құнының жоғары деңгейімен түсіндіріледі, 2009 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2008 жылмен салыстырғанда 52 681 000 АҚШ долларына кеміген, сәйкесінше өнім өткізуден түскен табыс 39 126 000 АҚШ долларына артқан, 2010 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2009 жылмен салыстырғанда 72 827 000 АҚШ долларына кеміген, өнім өткізуден түскен табыс 25 363 000 АҚШ долларына өскен
Дебиторлық берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш деңгейі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 5,27% , ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3%-ке кеміген. Соңғы екі жылда дебиторлық берешек көлемі едәуір төмендеген (2008 жылы – 5 097 000 АҚШ доллары, 2009 жылы – 30 000 АҚШ доллары, 2010 жылы – 43 000 АҚШ доллары). Сәйкесінше әр жылдағы дебиторлық берешектің орташа көлемі де кеміген
Кредиторлық
берешек айналымдылығы
коэффициценті.
Бұл көрсеткіш 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда
0,24% , ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда
0,7% өскен. Бұл өсім әр кезеңге сәйкес кредиторлық
берешектің орташа көлемінің өсу үрдісімен
түсіндіріледі. 2010 жылы ол өзінің жоғары
мәнін қабылдаған. Жағдайды бірлескен
кәсіпорынның мұнайды тасымалдау жұмыстары
бойынша «Уральскнефтегазгеология» АҚ
алдындағы (972 000 АҚШ доллары) және «Транс
Азия Констракшн» АҚ алдындағы (187 000 АҚШ
доллары) міндеттемелерімен түсіндіруге
болады
3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК шетелдік қатысушысы бар кәсіпорын бола отырып, салыстырмалы түрде шағын компанияға жатады және өз дамуында белгілі кедергілерге, проблемаларға ие.
Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінде шағын бизнес формаларының пайда болуына бірнеше жағдайлар әсер етті. Біріншіден, шикізаттық базаның мұнай өндірісі динамикасындағы ірі ашылулар маңызының төмендеуі, жаңа, әлі игерілмеген, ескі кен орындарындағы қиын өндірілетін қорлар көлемінің өсуін сипаттайтын дамудың өрлеу сатысына өтуі болып табылады. Мұндай қорларды игеру әрбір объектіге жеке назар аударуды талап етеді. Яғни жаңа ұсақ кен орындарының пайда болуы ірі тік интеграцияланған компаниялардың жоғары шығындары мен кен орындарының көлеміне байланысты үнемдеуге бағытталуы олардың стратегиялық экономикалық қызығушылықтарына қайшы келеді. Өнімділігі аз объектілерді игеру шағын, аса жоғары шығындарға ие емес, инновацияға икемді және бейім, тәуекелге дайын кәсіпорындарға қолайлырақ. Мұндай объектілер көлемінің өсуі жеке мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайда болуы мен олардың тез қарқынмен өсуін талап етеді[19].
Келесі бір жағдай, яғни шағын компаниялардың және қазақстандық интеграцияланған компаниялардың пайда болуына себеп – ескі мұнай өндіру аймақтарындағы және мұнай өндіру қызметінің нәтижесінде қалыптасқан көппрофильді елдімекендердегі жұмысбастылық проблемасы.
Ірі компаниялар көп жылдар бойы кен орындарын әзірлеу, игеру және олардың тозуына байланысты өз қызметтерін жаңа аймақтарға ауыстырып отырады. Яғни бұл бұрынғы ескі аймақтарда белгілі кәсіби топ жұмыс күшінің артықшылығын туғызады. Жұмыс күшінің төмен мобильділігі, олардың жеке өз тарапынан аймақаралық ағымдарының шектеулі көлеміне байланысты массалық қайта орналастыру проблемасы мемлекеттің мойнына артылады. Бюджет құралдарының жетіспеушілігі салдарынан мемлекет бұл проблеманы шешуде осы территориялардағы шағын кен орындарын әзірлеуге шетелдік инвесторлар арасында тендерлер ұйымдастырады.
Әр түрлі мұнай өндіруші елдер тәжірибесінде мұнай өндіру саласындағы шағын және орта бизнес – бұл біріншіден, саланың шектен тыс монополизациялануына қарсы әрекет етуші фактор, екіншіден, шағын, рентабельділігі өте төмен, қиын игерілетін қорларға ие кен орындарын игеруге және қалдық мұнай қорларын игеруге әсер етуші негізгі өндірістік күш. Шикізаттық базаның табиғи тозу процесі, максималды көлемде көмірсутектерді алуға кепілдік беретін пайдалы қазбаларды рационалды пайдалануға ұмтылу, жеке мүддені қолдаудағы мемлекет саясаты мұнай өнеркәсібіндегі шағын компаниялардың пайда болуына, даму және өркендеуіне себеп болған факторлар болып табылады.
Мысалы, АҚШ-та тік интеграцияланған компаниялармен қатар он мыңға жуық құрамында көбінесе тәулігіне бірнеше тонна мұнай өндіретін ұсақ, тәуелсіз фирмалар бар. Олардың негізгі қызмет ету сфералары – мұнайды барлау, игеру, қызмет көрсету және инновацияларды енгізу. Олардың көбі рентабельділігі төмен скважиналардағы қиын өндірілетін және қалдық қорларды игерумен айналысады. Мұндай тәуелсіз компаниялар елдегі мұнай өндірісінің 40%-ін, табиғи газдың 65%-ін қамтамасыз етіп, сала құрылымындағы маңызды звено болып табылады. Американдық мұнай өндіруші компаниялардың жемісті қызмет етуі бір жағынан Энергетикалық реттеу бойынша федералдық комиссияның елдегі антимонополиялық заңнаманың орындалуын қадағалауы, мұнай өндіруші нарықтағы бәсекелестік күреске ықпал етуі, екінші жағынан икемді салық және жеңілдіктер жүйесі арқылы шағын кәсіпорындарды қолдап, олардың іскерлік белсенділігін ынталандырудан көрінетін мемлекеттің мақсатты бағытталған саясатына байланысты жүзеге асырылып отыр.
Тәуелсіз кәсіпорындар үшін жеңілдіктер енгізу немесе қысқарту сияқты салық жүйесіндегі өзгерістер алдын ала мұнай өнеркәсібінің өкілдерімен талқыға салынады[19].
Бұл ойластырылған саясат американдық мұнай өнеркәсібінің жалпыға мәлім феноменін қалыптастырды: кезеңдік баға толқулары мен энергетикалық әлемдік дағдарыстарға қарамастан, 8-10 мәрте қорлармен қамтамасыз етілген АҚШ-тың мұнай өндірісі соңғы 20 жылда 10%-тен артық төмендеген жоқ.
Канадада мұнай көлемінің 1/3-і шағын, жеке компаниялармен өндіріледі. Ұлыбританияда мұнай-газ саласында маңызды рөлді жаңа технологияларды, өндірістік құрал-жабдықтарды және қызметтерді әзірлеуге маманданған кіші фирмалар атқарады.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, әділетті бәсекені орнату үшін және шикізаттық базаның табиғи тозу процесінде максималды өндіріске қол жеткізу үшін шағын мұнай өндіруші кәсіпорындарды мемлекеттік деңгейде қолдау және ынталандыру қажет.
Қазақстанда объективті себептерге байланысты пайдалы қазбаларды пайдалану заңнамалары, жалпы құқықтық база қалыптасудың бастапқы сатысында табылады. Олар пайдалы қазбаларды пайдалану объектілерін игеруді жетілдіру тұрғысынан да, пайдалы қазбаларды игеру субъектілері-өндіруші сала кәсіпорындары, соның ішінде шағын кәсіпорындар тұрғысынан да әрі қарай дамуды талап етеді.
Шағын өндіруші кәсіпорындарға басқа шаруашылық субъектілерге қарағанда бірнеше ерекшеліктер тән. Пайдалы қазбаларды игеруге қол жеткізу ресурстық база есебі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әділетті бәсеке принциптерін сақтау сияқты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және енгізу мемлекеттік заң және атқарушы билік органдарының негізгі міндеттері болып табылады.
«Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Көптеген мамандар пікірі бойынша «Пайдалы қазбалар учаскелерін қолдануға арнайы салық режимі» туралы Қазақстан Республикасының заңын қабылдау қажет делінеді.
Қазіргі кезде заңнамамен шешілмеген проблемалардың бірі- лицензия иесімен әлі игерілмеген объектілердегі пайдалы қазбаларға қол жеткізу мүмкіндігін ықшамдау. Яғни негізгі лицензия иесі мен уақытша тартылған кәсіпорын арасындағы өзара тиімді әріптестікті заңнамалық актілермен бекіту, тартылған кәсіпорынға меншік құқығын және қызмет нәтижесінде өндірілген мұнайды иелену құқығын бекіту сияқты мәселелерді шешу талап етіледі.
Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген. «Пайдалы қазбалар туралы» заңда қарастырылған ресурстық төлемдер жеңілдігі өте шектеулі көлемде. Сондықтан әлсіз антимонополиялық саясат жағдайында жоғарыдағы заңнама және салық саясаты мұнай өндіруші саладағы шағын және орта бизнестің тиімді даму мүмкіндігін жояды.
Шағын және орта бизнесті қолдау барсындағы мемлекеттің мақсатты бағытталған саясаты ең алдымен инновациялық қызметті интенсификациялауға және отандық инвестицияларды екі елдің де мұнай өнеркәсібіне тартуға мүмкіндік туғызады.
Көптеген мұнай өндіруші саладағы бизнестің шағын формаларын белсенді дамытып отырған елдердің тәжірибесін талдау және біздің елдің нақты жағдайларына үйлестіре қолдану, олардың қателіктерін, шектеулерін ескеру, отандық заңнаманы оперативті жетілдіру Қазақстанның мұнай-газ секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ескі мұнай- кен орындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұнай-газ секторындағы институционалдық қайта құрулар мынадай сипатта болуы тиіс:
Осы
бағыттағы институционалдық қайта
құруларды жүзеге асыруға бағытталған
құқықтық және экономикалық алғышарттар
ұлттық шаруашылық айналымына ұсақ мұнай
кен орындарын тартуға, көмірсутектерді
өндіруді тұрақтандыруға, жұмыс орындарын
сақтап қалу және жаңаларын ашуға, қорларды
қолдану тиімділігін арттыруға, жалпы
жаңа кәсіпорындардың сыртқы нарыққа
шығу мүмкіндіктерін ұлғайтуға себеп
болады.
3.2
Қазақстан Республикасындағы
бірлескен кәсіпорындардың
шаруашылық қызметін
жетілдіру жолдары
Бірлескен кәсіпорынның жемісті қызмет етуі біздің еліміздің және шетелдік инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуіне тәуелді. Бұған бірлескен кәсіпорын қызметін экономикалық және құқықтық ынталандыру тетіктерін күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл бағыттағы бағдарлама алдымен қаржылық ынталандырушы тетіктер көмегімен жүзеге асырылады. Яғни тиімді салықтық жағдай бірлескен кәсіпорынның жоғарғы қайтарымдылығын қамтамасыз ете алады.
«Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Көптеген мамандар пікірі бойынша «Пайдалы қазбалар учаскелерін қолдануға арнайы салық режимі» туралы Қазақстан Республикасының заңын қабылдау қажет делінеді.
Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген.
Екінші бір мәселе – амортизация. Нарықтық экономикадағы елдердің көбінде салық мөлшерлемелерімен қатар амортизация анықталып, бекітіледі. Негізгі қорлардың жаңарып отыруы өндіруші өнеркәсіптің іскерлік белсенділігін арттырады
Қазақстан үшін бірлескен кәсіпорындар сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың сыртқы нарықтағы экономикалық қызметін күшейту факторы - Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.
ДСҰ ережелерінде Қазақстандағы шетел инвесторларын және авторлық құқықты қорғауды қамтитын мәселелер бар. Сонымен қатар еліміз сауда жанжалдарын реттеу және халықаралық сауданың жаңа ережелерін әзірлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Ескеретін жайті экономика жалпы алғанда дамығанымен, жеке салалардың артта қалу қаупі де бар. ДСҰ-на кіру алдында ұлттық мүдде мен салалық мүддені ажыратып алу қажет. Салалық мүдде сыртқы нарыққа қол жеткізуді, өндірісті толықтыратын импорттық комплектілер мен шикізатты талап етеді, бірақ сонымен қатар ішкі нарықты бәсекелес өнімді импорттаушылардан да қорғау міндеттеледі. Жеке салалардың қызығушылықтары бір біріне қайшы келіп жататындығы белгілі, әрбір сала өзін бәсекеге қабілетті санайды және қолдауды талап етеді. Ал егер олардың барлығын қорғау өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Информация о работе Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары