Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:23, курсовая работа
Фирма деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару сыртқы экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шетелдік нарықтағы фирманың тәртібін, сыртқы сауданың жоспарын құру, сыртқы экономикалық қызметті басқару органдарының тиімді құрылымын қалыптастыру, оның фирманың басқа қызметтерімен үйлестіру, шетелдік серіктестермен экономикалық қатынастар шешімін ақпаратпен қамсыздандыру сияқты мәселелерді шешуді талап етеді.
Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде
Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары
Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері
Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
2.1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі
2.2. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)
2.3. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2008 – 2010 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау
3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері
3.2. Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Контрактілерде инвестордың мемлекет бюджетіне төлейтін салық түрлері көрсетіледі. Әдетте көмірсутектерді өндіруге салынатын салықтар екі түрге бөлінеді: барлық шаруашылық қызмет түріне салынатын салықтар және мұнай өндірісіне салынатын арнайы салықтар. «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да төлемдер туралы» Заңға сәйкес пайдалы қазбаларды игерушілерге салынатын салықтар жазылымдық, коммерциялық анықтау, өндіру бонустары, роялти, үстеме жоғарғы пайдаға салынатын салықтар болып бөлінеді.
Айта
кететін жайт, Қазақстандағы мұнай
операцияларымен айналысатын бірлескен
кәсіпорындардың қызметін реттеу барлық
халықаралық стандарттарға жауап береді.
Мұнай операциялары саласында салынған
капиталдың қауіпсіздігі туралы кепілдік
құқықтар, мұнай операцияларын мемлекеттік
басқару мен бақылау модельдерін жетілдіру
шаралары әзірленген.
2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
2.1
«Қазақтүрікмұнай»
ЖШС БК құрылу тарихы,
негізгі қызметі және
басқару жүйесі
1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен Түрік Ұлттық мұнай компаниясы (ТПАО) арасында «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны мұнай өндірісі саласы бойынша егемен Қазақстандағы тұңғыш бірлескен кәсіпорын ретінде 1993 жылдың 4 ақпанында ресми тіркеуден өтті. БК-нің бастапқы құрылу кезеңдерінде негізгі құрылтайшылары «Түркие Петроллери Аноним Ортаклиги» (ТПАО), «Каззарубежгеология» және «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясы болатын. Олардың еншілері сәйкесінше 49%, 26%, 25% көлемінде болды. 1994 жылдың 31 мамырында бірлескен кәсіпорын жайлы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ҚР Үкіметі мен БК арасында «Көмірсутектерді барлау, әзірлеу, өндіру және өткізу» келісімі (№1 Келісім) жасалды. Бастапқыда келісім жеті рұқсатты алаңды қамтыған болатын және келісімнің шарттары бойынша БК көмірсутектердің коммерциялық қорлары анықталмаған жағдайда олардан бас тарта алады. 1997, 1998, 2000 жылдар ағымында БК бес рұқсатты алаңнан бас тартты. 1997 жылы екі отандық құрылтайшыларының еншілері «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясына беріледі де, кәсіпорын 1998 жылдың 3 ақпанында қайтадан тіркеуден өтеді. 1999 жылдың 18 мамырында ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігі және «Қазақтүрікмұнай» БК арасында 2026 жылдың 26 желтоқсанына дейін белгіленген «Оңтүстік Қаратөбе аймағындағы көмірсутектерді барлау және өндіру» келісімі (№2 Келісім) жасалады. 2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметі үкімімен «Қазақойл»
Ұлттық мұнай компаниясы мен «Мұнай және газды тасымалдау» Ұлттық компаниясы қосылып, нәтижесінде жаңа кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) құрылады. «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясының еншісі ҚМГ-ға (51%) беріліп, 2002 жылдың 17 ақпанында БК тіркеуден өтеді. Қазіргі уақытта ол өз қызметін қарқынды жалғастырып, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы кен орындарында мұнайды әзірлеп, сатуда. Қазір бірлескен кәсіпорын осы аймақтарда үш блок бойынша мұнайды игеру жұмыстарын жүргізеді:
1) Елемес–Бекболат блогы (20. 03. 1996ж.)
2) Шығыс Ақжар блогы (30. 04. 2003ж.)
3) Оңтүстік Қаратөбе блогы (1999ж.)
. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны «Шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының /21.06.1991 ж./ 1 бөлімінің 2-бабына сәйкес Жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріндегі заңды тұлға болып табылады. БК құру және оның коммерциялық қызмет шарттары:
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК коммерциялық мақсаты - рұқсатты алаңдарда мұнай және газды барлау, анықталған кен орындарын әзірлеу, рентабельділік қағидасы шегінде өндірілген көмірсутек шикізаттарын өткізу және экспорттау шараларын бірлесе отырып жүзеге асыру. Екі жақты келісім бойынша БК қызмет сферасын кеңейте алады. БК өзінің коммерциялық мақсатын жүзеге асыру барысында ҚР Заңнамасы шегінде келесі құқықтарға ие болады:
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Құрылтайшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (51%) және Түрік ұлттық мұнай компаниясы (49%) болып табылады. Жарғылық капиталы 4 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық жақ бастапқыда жарғылық капиталға географилық координаттары Батыс Қазақстанның картасында көрсетілген алаңдардағы скважиналарды бұрғылау мәліметтері, геологиялық және геофизикалық ақпараттар түрінде 1 500 000$ АҚШ доллары көлемінде қаржы салған болатын, яғни ол Жарғылық қордың 60% құрады, ал Түрік жағы ақша құралдары түрінде 1 000 000$ АҚШ долларын салады, яғни Жарғылық қордың 40% тиесілі болатын. Келісімге сәйкес қазақстандық жақ Жарғылық қордағы өз үлесінің 9% түрік жағына береді. 1994 жылдың 27 маусымындағы Жарғылық қордағы үлесті ұлғайту үкіміне сәйкес Қазақстандық жақ геологиялық ақпараттар түрінде 765 000$ АҚШ доллары көлемінде, Түрік жағы ақша құралдарымен 735 000$ АҚШ доллары көлемінде қаржы салады[13,14].
Бірлескен кәсіпорынның жоғарғы басқару органы ретінде Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің әрқайсысынан төрт адамнан сайланған, жалпы сегіз мүшеден құралатын Жалпы Жиналыс( Общее Собрание) танылады.
Жалпы Жиналыс төрағасы Қазақстандық жақтан, орынбасары Түркия мемлекетінен сайланады. Әрбір мүшесі бір дауысқа ие және екі жыл мерзімге тағайындалады.
Жалпы Жиналыс отырысы оның төрағасының немесе орынбасарының 30 күн алдын-ала жазба нұсқада жариялап шақыртуымен ұйымдастырылады.
Жалпы Жиналыс отырысы жылына екі рет немесе қажетінше одан артық ұйымдастырылуы мүмкін. Жалпы Жиналыс бірлескен кәсіпорынның оперативтік қызметінен басқа барлық мәселелер мен сұрақтарды шешуге құқылы.
Жалпы Жиналыстың шешімін міндетті түрде талап ететін мәселелерге келесілер жатады:
Жалпы Жиналыс өзінің мүшелерінің немесе резервтік мүшелерінің ішінен Жалпы Жиналыс комитетін немесе басқа да комитеттерді құра алады. Комитеттің міндеттерін, өкілеттіліктері мен жұмыс әдістерін Жалпы Жиналыс анықтайды.
Жалпы Жиналыс мүшелері өз қолма-қол шығындарымен қатар, әрбір өткізілген отырыс үшін бір реттік сыйақы алады.
Бас дирекция іскерлік және маманданған қабілеті бар алты нақты мүшеден құралады.
Бас дирекция құрамы:
Бас директор – ҚР-ның азаматы, орынбасары – Түркия мемлекетінің азаматы. Екеуі де тең құқыққа ие.
Қаржылық директор – ҚР-ның азаматы, орынбасары – Түркия мемлекетінің азаматы.
Өндірістік директор – Түркия мемлекетінің азаматы, орынбасары – ҚР-ның азаматы.
Жалпы Жиналыс Бас дирекцияны үш жыл уақыт мерзіміне сайлайды.
Бас дирекция БК қызметін кәсіпорын мақсаты шеңберінде, Жалпы Жиналыс шешімдері және еңбек келісімшарттары негізінде жүзеге асырады.
БК қызметіне байланысты мәселелерді шешу бірауыздан бас директор және орынбасарына жүктелген. Пікірталас туындаған жағдайда Жалпы Жиналыс араласады[15].
Бас дирекцияның функциялары:
2.2
Бірлескен кәсіпорын
қызметінің ерекшеліктері
(есеп беру жүйесі, салық
жүйесі, баға қалыптастыру
мәселелері)
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің қызмет ерекшелігін толығымен түсіну мақсатында мұнай саласындағы кәсіпорындар қызметіндегі негізгі мәселелерге тоқтала кетуге болады.
Есеп саясаты
БК-ның есеп саясаты және оның принциптерінің ерекшелігі бірлескен кәсіпорын құрылған күннен бастап, яғни 1993 жылдан бері Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде есеп жүргізіп келеді. Сәйкесінше барлық қаржылық көрсеткіштер АҚШ долларында көрсетіледі.
БК бухгалтерлік процедураларының мақсаты бірлескен кәсіпорынның нақты шығындары мен табыстарын айқын көрсететін бухгалтерлік есеп принциптерін бекіту болып табылады. БК ның бухгалтерлік процедуралары №1 Келісімге сәйкес Бірлескен шотты қолдануды және №2 Келісімге сәйкес Мұнай операцияларының шотын («Бірлескен шот») қарастырады.
Бірлескен шот деп БК-ның өз қызметіне қатысты барлық төлемдерді, шығындар мен түсімдерді, сонымен қатар БК Қатысушыларыан алынған аванстарды көрсететін шоттар тобын атайды. Мұндай шоттар үш субшоттан құралады: бірі – барлау, екіншісі - әзірлеу және игеру, үшіншісі - операциялық шығындар бойынша[17].
БК
жалпы мұнай саласының
Қаржылық есептегі ерекшелігі бар бірнеше ұғымдарға тоқтала кетуге болады:
Шығындарды қаржыландыру және жабу
БК рұқсатты алаңның нақты блогында шығындаған мұнай шығындарын тек осы блокта өндірілген мұнай есебінен келесі түрде жаба алады:
Информация о работе Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары