Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:23, курсовая работа
Фирма деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару сыртқы экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шетелдік нарықтағы фирманың тәртібін, сыртқы сауданың жоспарын құру, сыртқы экономикалық қызметті басқару органдарының тиімді құрылымын қалыптастыру, оның фирманың басқа қызметтерімен үйлестіру, шетелдік серіктестермен экономикалық қатынастар шешімін ақпаратпен қамсыздандыру сияқты мәселелерді шешуді талап етеді.
Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде
Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары
Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері
Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
2.1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және басқару жүйесі
2.2. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)
2.3. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2008 – 2010 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау
3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері
3.2. Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
а) Барлау шығындары
б) Игеру шығындары
5. Ағымдық шығындар күнтізбелік жыл ағымында рұқсатты алаңның нақты блогында өндірілген және сақталған мұнайдың роялти және капиталды шығындарды жабатын мұнай көлемі есептелгеннен кейінгі құнынан алынады.
6. Рұқсатты алаңның нақты блогында өндірілген және сақталған мұнайдың роялти, капиталды және ағымдық шығындар өтелгеннен кейінгі қалған бөлігі осы блоктан белгілі күнтізбелік жылы алынған Пайда мұнайы болып табылады. Пайда мұнайына табыс салығының 25%-і есептелгеннен кейінгі көлемі, яғни таза пайда Қазақстан және Түркия жақтары арасында олардың үлестеріне қарай пропорционалды қатынаста бөлінеді.
Басқару гонорары
Бірлескен
кәсіпорын Түрік жағының
Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер
№2 Келісімге сәйкес БК Қатысушылардың Жалпы Жиналысымен және ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігімен бекітілген жалпы даму бағдарламасында көрсетілген мерзімде және көлемде жойылу қорына кезеңдік аударымдар (төлемдер) жасап отыруы міндетті.
Шартты және мүмкін болатын міндеттемелер
Салық жүйесі
БК және оның Қазақстандық, Түркиялық жақтары №1 Келісімге сәйкес қарастырылған салықтар мен төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл Келісім күшіне енген күннен кейінгі жаңа салықтар түрі кірістірілмейді деп көрсетілген.
БК мемлекетке мұнай өндіру көлеміне байланысты төмендегідей шарттармен бір реттік Бонустар төлейді:
БК кез келген күнтізбелік жылы мемлекетке кез келген рұқсатты алаң блогында өндірілген мұнай көлеміне байланысты төмендегі прогрессивті ауытқымалы шкала бойынша роялти төлейді (№1 Келісім бойынша):
Күнтізбелік жылы өндірілген мұнай көлемі:
1,0 - 3,0 тонна аралығында - 4,5%
3,0 - 5,0 тонна аралығында - 5,5%
5,0 - 10,0 тонна аралығында - 6%
10,0 - 20,0 тонна аралығында - 8%
20,0 - 30,0 тонна аралығында- 10%
30,0 - 50,0 тонна аралығында - 11%
50,0 тоннадан жоғары - 12,5%
№2 Келісімге байланысты оның деңгейі мұнай өндіру көлемі бойынша 2%-4% аралығында ауытқиды.
Роялтиді төлеу Үкіметтің қалауы бойынша ақша немесе табиғи формада жүзеге асады.
БК салықтық міндеттемелерді Келісімдерге сәйкес жүзеге асырады.
№1 Келісімге сәйкес БК мұнай кірістеріне салынатын табыс салығын 25% мөлшерінде төлейді. Егер ішкі табыс нормасы (ІТН) 30%-тен асатын болса, төмендегі шкала бойынша қосымша табыс салығы төленеді (ҚТС):
Ішкі табыстың қалыпты нормасы – 22%
№2 Келісімге сәйкес БК осы келісім күшіне енген уақытқа дейінгі салық заңнамасымен бекітілген табыс салығын төлеуге міндетті болып саналады. Егер БК ішкі табыс нормасы 20% асатын болса, қосымша табыс салығын төлеуге тиіс болады. №2 Келісімге сәйкес ҚТС максималды ставкасы 30% құрайды, яғни ішкі табыс нормасы 30% және одан жоғары көлемді құрайтын болса.
БК жыл сайын жерге, яғни территорияға жал (аренда) төлемін жасап отырады. Ол келесі ретпен рұқсатты алаңның әрбір шаршы шақырымына төленеді:
Барлау кезеңі:
Бірінші фаза (4 жыл) – 20 АҚШ доллары
Екінші фаза (4 жыл) – 40 АҚШ доллары
Үшінші фаза (3 жыл) – 60 АҚШ доллары
Игеру кезеңі – 60 АҚШ доллары
Баға қалыптастыру мәселелері
Бірлескен кәсіпорынның қызметі экономикалық, саяси, әлеуметтік, яғни Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән тәуекел түрлерімен тығыз байланысты. Бұл тәуекел түрлеріне үкімет саясатының, экономикалық жағдайдың, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістердің нәтижелері, валюта бағамының ауытқулары және келісімшарт құқықтарының жүзеге асу мүмкіндіктері әсер етеді.
Бірлескен
кәсіпорын экспорттық квотаға, яғни
ҚР Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға
белгілейтін жыл сайынғы
Мұнай өндіруші саладағы кәсіпорындардың баға қалыптастыру мәселелері біршама ерекшеліктерге ие.
Мұнайдың халықаралық нарықтық бағасы БК-ның екі жақтық таңдауы бойынша өндірілетін мұнайдың тығыздығы мен сапасына сәйкес келетін кем дегенде бір мұнай эталонына өндіру операциясы басталғанға дейін, сапа айырмашылықтарын және транспорт шығындарын есепке ала отырып анықталуы тиіс.
БК мұнай эталонының бағасын Платтц басылымындағы «Мұнай бағасының жаңалықтарының» «Шикі мұнай» секциясындағы көрсеткіштер бойынша алады, яғни онда көрсетілген мұнай эталоны және БК өндірген мұнайдың сапа бойынша және жеткізу құны бойынша айырмашылықтары есепке алынады. Мұнай бағасы Платтцтың өткен аптадағы немесе сатылған мұнайдың транспорттық накладнаясы көрсетілген күннен кейінгі аптадағы көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Егер талап етілетін баға осы апталардың ешбірінде көрсетілмесе, онда осы аптадан кейінгі жақын арадағы апталардың біріндегі нарықтық баға алынады. Егер Платтцта «Мұнай бағасының жаңалықтары» басылмайтын жағдайда, екі жақтың келісімі бойынша мұнайдың нарықтық бағасы көрсетілетін балама басылымды қолдануы тиіс.
Отандық
тұтынушыларға мұнай бағасы Платтцта
көрсетілген әрбір мұнай
Кесте
1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2008-2010 жылдардағы
қаржылық-экономикалық көрсеткіштері
Жылдар | Өндіріс
шығындары
(АҚШ доллары) |
Өткізілген
өнімнің
көлемі(тонна) |
Өнім бірлігінің өзіндік құны(АҚШ доллары) |
2009
2010 |
38
160 961
48 364 675 |
408
931
340 968 |
93
142 |
Өнімді өткізуден түскен табыс(АҚШ доллары) | Өндірістік
персоналдың орташа тізімдік саны(адам) |
Еңбек өнімділігі(АҚШ доллары/адам) | |
2009
2010 |
84
361 000
109 724 000 |
180
201 |
468
672
545 891 |
Салық төлегенге дейінгі табыс(АҚШ доллары) | Өндіріс
шығындары (АҚШ доллары) |
Рентабельділік коэффициенті | |
2008
2009 2010 |
6
751 000
24 765 000 41 142 000 |
14
573 000
38 160 961 48 364 675 |
46%
65% 85% |
Меншікті
капитал
(АҚШ доллары) |
Қарыз
капиталы
(АҚШ доллары) |
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті | |
2008
2009 2010 |
7 934
000
18 516 000 28 157 000 |
215 799
000
194 124 000 168 683 000 |
0,04
0,1 0,17 |
Ағымдық
активтер
(АҚШ доллары) |
Қысқа
мерзімді
міндеттемелер |
Өтімділік коэффициенті | |
2008
2009 2010 |
19 523
000
31 910 000 39 312 000 |
3 819
000
6 808 000 10 238 000 |
5,1
4,6 3,8 |
Өнімді өткізуден түскен табыс | НҚ
орташа
жылдық құны |
Қорқайтарымдылық
коэффициенті | |
2008
2009 2010 |
45 235
000
31 910 000 109 724 000 |
182 747
500
130 066 500 57 239 500 |
25%
65% 191% |
Дебиторлық
берешектің орташа
көлемі |
Өнімді
өткізуден түскен табыс |
Дебиторлық
берешек айналымдылығы
коэффициенті | |
2008
2009 2010 |
3 762
000
2 563 500 36 500 |
45 235
000
84 361 000 109 724 000 |
8,3%
3,03% 0,03% |
Кредиторлық
берешектің орташа
көлемі |
Өнімді
өткізуден түскен табыс |
Кредиторлық
берешек
айналымдылығы коэффициенті | |
2008
2009 2010 |
163
000
540 000 1 441 500 |
45 235
000
84361 000 109 724 000 |
0,36%
0,6% 1,3% |
Экономикалық
тиімділікті бағалау
Өнім бірлігінің өзіндік құн көрсеткіші. Бір тонна мұнайдың өзіндік құны 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 49 АҚШ долларына артық болған. Себебі 2009 жылғы өндіріс шығындары 38 160 675 АҚШ долларын құраса, 2010 жылы өндіріс шығындары 48 364 675 АҚШ долларын құраған болатын, яғни 10 203 714 АҚШ долларына артық. Жоба бойынша 2010 жылы өндіріс шығындары 28 428 246 АҚШ доллары көлемінде жоспарланған.
Өткізілген өнім көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 67 963 тоннаға кем. Жоба бойынша өткізілетін өнім көлемі 363 728 тонна көлемінде жоспарланған және сәйкесінше жоспар бойынша өнімнің өзіндік құн көрсеткіші 78,16 АҚШ долларын құрауы тиіс болатын. Жоспарлық және нақты көрсеткіштер арасындағы ауытқу 63,68 АҚШ долларын құрайды. Осыған сәйкес бір тонна мұнай бағасы да жоспардағы мәнінен 61 АҚШ долларына артық, яғни жоспар бойынша 253 АҚШ долларына сәйкес келсе, нақты бағасы 314 АҚШ долларына тең болған (сурет 1).
Еңбек
өнімділігі көрсеткіші. Бір адамға
шаққандағы еңбек өнімділігі 2010 жылы 2009
жылмен салыстырғанда 77 216 АҚШ долларына
артық болған. Себебі өнімді өткізуден
түскен табыс 2010 жылы өткен жылғы көрсеткішінен
25 363 000 АҚШ долларына артық болған. Сонымен
қатар 2010 жылы өндірістік персоналдың
орташа тізімдік саны 21 адамға артқан
(сурет 2).
Өнім
рентабельділігін бағалау
2008,
2009, 2010 жылдардағы рентабельділік көрсеткіші
оң нәтижемен сипатталады, орташа есеппен
оның мәні үш жыл ішінде 19,5% өскен. Бұл
маңызды өсуді салық төлегенге дейінгі
табыстың өсуімен түсіндіруге болады.
2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ол 18 014 000
АҚШ долларына, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда
16 377 000 АҚШ долларына өскен (сурет 3).
Қаржылық
тұрақтылықты бағалау
Бұл көрсеткіш 2008, 2009, 2010 жылдар бойынша өзінің қабылданған мәнінен (0,5) төмен деңгейімен сипатталады, сәйкесінше 0,04; 0,1; 0,17. Оның төмен деңгейі қарыз капиталы құрамындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер көлемінің жоғары деңгейімен түсіндіріледі.
Бірлескен кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері Бірлескен кәсіпорын Қатысушыларына міндеттемелерден және Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелерден құралады.
Бірлескен кәсіпорын Қатысушыларына міндеттемелер мұнай кен орындарын барлау және игеруге жұмсалған қаржылық шығындар бойынша кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады. Ол көрсеткіш 2008 жылы 211 980 000 АҚШ долларын, 2009 жылы 187 133 000 АҚШ долларын, 2010 жылы 158 118 000 АҚШ долларын құраған.
Информация о работе Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары