Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 09:00, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап, жетілдіру жолдарын меңгеру. Сондықтан біріншісі – бұл мемелекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе, екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс-әрекеті және мәселелері. Бөлімде жетілдіру жолдары мен әдістері қарастырылған.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Шетелдегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін талқылау;
- Қазақстанның мемлекеттік басқарудағы қазіргі қоғамдағы міндетін қарастыру;
- Қазақтан Республикасының мемлекетті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау.
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өркенді өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жаңдануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Еліміз егемендік алған
алғашқы күннен бастап мемлекеттік
басқару мен мемлекеттік
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап, жетілдіру жолдарын меңгеру. Сондықтан біріншісі – бұл мемелекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе, екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс-әрекеті және мәселелері. Бөлімде жетілдіру жолдары мен әдістері қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілерін қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Шетелдегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін талқылау;
- Қазақстанның мемлекеттік басқарудағы қазіргі қоғамдағы міндетін қарастыру;
- Қазақтан Республикасының мемлекетті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын әлеуметтік және экономикалық проблемасы ретінде қарастыру.
Курстық жұмысты
жазу барысында Қазақстан
1 МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕ
Мемлекеттік басқару
мен өзін-өзі басқару
Мемлекеттiк басқару – бұл оның билiктiк күшiне сүйенетiн оны реттеу, сақтау немесе түрлендiру мақсатымен адамдардың қоғамдық және жеке тiршiлiк әрекетiне мемлекеттiң (өз құрылымдар жүйесi арқылы) практикалық, ұйымдастырушы және реттеушi ықпалы.
Мемлекеттік басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:
а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;
ә) ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны.
Мемлекет тұтас құрылым, бiрыңғай механизм, сондықтан да мемлекеттiк басқару бiрыңғай түсiнiк ретiнде болады. Сомдаудың жоғарғы деңгейiнде мемлекеттiң осы бiрлiгi мемлекеттiк басқару түсiнiгiн мемлекеттiк билiктi кiм, қандай көлемде және нысанда жүзеге асыратын тұлғаға қатыссыз және объективтi санатқа айналдырады. Басқаша айтқанда, мемлекеттiк басқару қоғамдағы мемлекеттiк билiктiң әрекет етуi болып табылады.
Мемлекеттiк басқарудың айрықша қасиетi оның бүкiл қоғамға таралатындығы болып табылады.
Мемлекет күрделi (элементтiк құрамы бойынша) және көп қырлы (қызметтерi бойынша) қоғамдық құбылыс және басқарудың субъектiсi ретiнде бола отырып, мемлекеттiк басқаруға сондай-ақ жүйелiлiк қасиетiн бередi. Басқарудың өзге түрлерiне қарағанда мемлекеттiк басқару бұл қасиетсiз бола алмайды. Онда миллиондаған адамдар, көптеген мемлекеттiк органдар мен өзге құрылымдар, ал оларда – лауазымды адамдар мен өзге де қызметшiлердiң көптеген саны қатыстырылған.
Мемлекеттiк басқарудың нақты субъектiсi мемлекеттiң сәйкес органы, лауазымды адамы болып табылады. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың әр алуан түрлерi бар.
Мемлекеттiк басқарудың объектiсi – бұл адамдардың әлеуметтiк, ұлттық және өзге де қауымдарының қоғамдық қатынастары, қоғамдық бiрлестiктердің, ұйымдардың, заңды тұлғалардың мiнез-құлқы, қоғамдық маңызға ие болатын жекелеген азаматтардың мiнез-құлқы. Кейде қоғамдық маңызға жеке қатынастар да ие болуы мүмкiн (мысалы, алименттiк қатынастар). Бұл жағдайда мұндай қатынастар мемлекеттiк реттеуге ұшырауы тиiс.
Сөйтiп, мемлекеттiк басқару – бұл заңдар мен өзге құқықтық актiлер негiзiнде жариялы билiктi мақсаттылықпен пайдалану жөнiндегi адамдардың (органдардың, лауазымды тұлғалардың) ерекше тобымен кәсiби негiзде жүзеге асырылатын әлеуметтiк қызметтiң айрықша түрi. Бұл объектiнi мiндеттейтiн тiкелей және бұйрықтық байланыстарды, бiрақ та жалпы ереже бойынша объект – субъект керi байланыстарын ескере отырып, орнатуға әкеледi. Керi байланыстар ықпалымен субъектiнiң iс-әрекеттерi өзгеруi мүмкiн.
Мемлекеттiк басқару ғылымының басты мiндеттерi мемлекеттiк аппараттағы басқарушылық үрдiстердi зерделеу, мемлекеттiк басқару өрiсiндегi объективтi заңдылықтарды табу және қоғамдық үрдiстерге мемлекеттiк ықпалдың тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын iздеу болып табылады.
Шындығында, мемлекеттiк басқару саяси, экономикалық, құқықтық және өзге аспектiлердi қамтитын күрделi әлеуметтiк құбылыс болып табылады. «Мемлекеттiк басқару, - деп атап өттi Г.А. Туманов, - зерттеу объектiсi ретiнде кем дегенде сегiз аспектiден қарастырылуы тиiс: жалпы ұйымдық, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық, психология-педагогикалық, ақпараттық-кибернетикалық, сондай-ақ белгiлiктi түрде ұйымдастырылған тiрi еңбектiң ерекше түрi ретiнде.
1.2 Мемлекеттік басқарудың маңызы
Мемлекеттік басқаруды
тарихи даму кезеңдеріне орай қарастырып,
бағаласақ жинақталған теориялы
Мемлекеттік басқарудың
әлеуметтік-экономикалық, саяси, этикалық
және психологиялық тұрғыдағы
Осы жайлардың
басымдық бағыттары Қазақстан Республика
Мемлекеттi басқару нысаны мынандай мәселелердi түсiнугiе мүмкiндiк бередi: мемлекеттiң жоғарғы органы қалай құрылады және олардың кұрылымы қандай; жоғарғы және басқа мемлекеттiк органдардың арасындағы карым-қатынастардың негiзiнде қандай принциптер жатыр; жоғарғы мемлекеттiк билiс пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
Негізінде, мемлекеттік басқаруды (басқарушы қызметті) жүзеге асыру атқарушы билікті жүзеге асыру болып саналады. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай, мемлекетті қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшуімізге байланысты, мемлекетімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар дамып, өркендеуде. Мемлекеттік емес ұйымдардың дені іштей өзіндік басқару негізінде іс-қимылдарын жүзеге асырады. Ал бірлескен басқару кезінде мемлекеттік өкілдері мемлекеттік емес ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіреді. Мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде бағдарламаларды қаржыландыру принципі жүзегеасырылады. Сонда да болса ескеретін бір жәйт, қандай да бірлескен немесе мемлекеттік емес ұйымдар болмасын, сондай-ақ қандай да мөлшерде нысанда өздерін басқаруды жүзеге асырмасын мемлекет аумағында болғандықтан мемлекеттегі барлық салалар мен жүйелерді реттейтін заңдардың күші, талаптары оларға да таратады. Себебі, мемлекет аумағында құрылып және қызмет атқара жүріп, мемлекеттік басқару аясынан тыс болу, заңдарға бағынбау ешқандай қисынға келмейтін іс болып табылады. Мемлекеттік басқару, атқару биліктері әрқашан да әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылады және олар мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі – қандай салада болмасын нақты кезеңге байланысты міндеттер мен мәселелердің бірінші кезекке қойылып, шешілуі. Түптеп қарағанда басқару әр тұрғыдан қаралуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да көзқарастар бойынша. Басқаруды әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру деп әкімшілік құқықтық нормаларымен бекітілген субъектілер жүйесін айтуға болады. Осы субъектілер жүйесін асыруға ат салысады. Басқаруды әкімшілік тұрғыдан ұйымдастырудың элементтері мынадай сипатта болады: атқарушы билік және басқа да басқару органдары; басқару жүйесі буындарының, оның ішінде, қызметкерлердің тиісті мәртебесін белгілейтін әкімшілік-құқықтық нормалары, әкімшілік құқықпен белгіленген олардың қатынастарының ауқымы; әкімшілік-құқықтық жағдайлары бойынша субъектілердің құқықтық жауапкершіліктері.
Басқаруды ұйымдастырудың мәні әртүрлі мәселелерді шешуден тұрады. Осы іс-қимылдардың ең бірінші кезектегісі – оларды заң тұрғысынан бекітудің принциптері мен нысандарын айқындау; басқару органдарының нысандары олардың атқаратын қызмет бағыттарына байланысты айқындау; олардың арасындағы міндеттерін, қызметтерін қоса отырып, межелеу; мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; басқарудың төменгі және жоғарғы тұрған буындарының арасындағы өзара іс-қимылдарының құқықтық нысандары; басқарушы қызметтің әдістері және оларды жүзеге асыру нысандары.
Тура басқару кезінде де басқару субъектісі мен объектісінің арасында тікелей байланыс, мәселең бастық пен оның қызметкерінің комндирлер мен әскери қызметкерлердің арасында туындайды. Жедел бағыну тек кейбір белгілі мәселелері бойынша басқару субъектісіне тәуелді болу кезінде туындайды.
Қосарлы бағыну
тікелей және көлденең бағынуға негізделген.
Бұл жерде бір объектіге
Басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Сол құқықтық актілерді шамамен мына өлшемдер бойынша топтастыруға болады: заңды күші бойынша; мәні бойынша; басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.
Мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады: Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару; Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің атқаратын қызметтерін реттеу; Республика аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру; Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету және т.б.
Мемлекеттік реттеу
мемлекеттік басқару
1.3 Шет елдердегі мемлекеттік басқаруды реформалау ерекшеліктері
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды реформалаудың жаңа кезеңі бастауын алуда, яғни мемлекеттік қызметті ұйымдастыруды, мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру іс шаралары жоспарланып отыр.
Мемлекеттік басқаруды реформалау қозғалысы экономикасы дамыған мемлекеттерде басталды. Ол «жаңа мемлекеттік менеждмент» деген атау алып, оның негізгі мәні азаматтарға қоғамдық, әлеуметтік маңызды игіліктерді ұсынатын мемлекеттік мекемелерге коммерциялық ұйымдарды басқару қағидаларын енгізуде болып табылды.
Жаңа мемлекеттік менеждменттің негізінде екі қағида жатыр:
1) қойылған міндеттерді орындауда билік пен жауапкершілікті нақты орындаушыларға өкілеттік ету;