Басқаруды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 07:48, автореферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiнiң басқарушылық талдауы
Субъект қызметінің жүйесіндегі басқарушылық талдаудың ролі мен мағынасы.
Басқарушылық талдаудың пәні, мағынасы, оның мақсаты мен міндеті.
Басқарушылық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы мен көзқарасы.
Басқарушылық талдаудың түрлері.

Файлы: 1 файл

Басқару талдау.docx

— 159.51 Кб (Скачать)

 

 

 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті


    

 

           «Есеп және статистика» факультеті

            

 

    «Статистика  және экономикалық талдау» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

UA 3211 «Басқару талдау»

 

Дәріс кешені

 

Мамандық: Еңбекті нормалау және ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

Нарықтық экономика  жағдайындағы шаруашылық субъектiлерiнiң  қызметiнiң басқарушылық талдауы

  1. Субъект қызметінің жүйесіндегі басқарушылық талдаудың ролі мен мағынасы.
  2. Басқарушылық талдаудың пәні, мағынасы, оның мақсаты мен міндеті.
  3. Басқарушылық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы мен көзқарасы.
  4. Басқарушылық талдаудың түрлері.

Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз етудегі басқарушылық талдаудың маңыздылығын түсіндіру.

Дәріс сұрақтар:

1 Басқарушылық талдаудың  мақсаты мен міндеті. 

2 Басқарушылық талдаудың  рөлі мен мәні. Басқарушылық және  қаржылық талдау арасындағы байланыс.

3 Басқарушылық талдаудың  ақпарат көздері.

4 Басқарушылық талдаудың  ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері,  мазмұны.

Дәрістің негізгі  мазмұны

Талдамалық жұмыс шешім  қабылдайтын әрбір басшының, әрбір  менеджердің қызметтің міндеттеріне кіреді. Осыдан оны ұйымдастыруда  маңызды қағидаларға кіретіндер:

  1. Атқарушылар арасында талдауды жүргізу бойынша міндеттерді анық бөлу;
  2. Талдамалық үдерістің үнемделуін және тиімділігін қамтамасыз ету;
  3. Регламенттеу және унификациялау. Регламенттеу әрбір атқырушы үшін кестелер мен талдаудың шығыс нысандарын міндетті минимумдарын өңдеуді қарастырады.

Экономикалық талдаудың  әрекет етушілігі мен тиімділігіне байланысты болатын маңызды шарт ол талдамалық жұмыстың жоспарлануы  табылады. Жоспар кешенді және тақырыптық болуы мүмкін.

Талдамалық жұмыстың кешенді  жоспары оны жүргізуге жауапты  болып тағайындалған маман бір  жылға дайындайды. Жоспарда талдау объектілерінің тізімі қарастырылады, талдау мақсаттары, әрбір объекті  бойынша талдау жүргізу кезеңділігі  және талдамалық жұмыстың орындалу мерзімі, ақпарат көздері мен әрбір  зерттелетін сұрақ бойынша талдауды әдістемелік қамтамасыз ету анықталады.

Тақырыптық жоспарлар  – бұл терең зерттеуді талап  ететін кешенді сұрақтар бойынша  талдау жүргізу жоспарлары. Онда талдау объектілері, субъектілері, сатылары, жүргізу мерзімі, оның атқарушылары қарастырылады.

Талдаудың барлық ақпарат  көздері жоспарлы, есептік және есептен  тыс болып бөлінеді.

Жоспарлы сипаттағы ақпарат  көздеріне кәсіпорында өңделінетін  жоспардың барлық типтері жатады (перспективті, ағымдағы, оперативті, технологиялық  карталар, нормативтік материалдар, сметалар, ценниктер, жобалық тапсырмалар).

Есептік сипаттағы ақпарат  көзіне бухгалтерлік, статистикалық, және оперативті есеп пен есептілік құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер жатады.

Есептен тыс ақпарат көздеріне  шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар жатады. Оған мемлекет заңдары, жарлықтары, бұйрықтары, тексеру және ревизия  актілері, келісім шарттар, баспалық жариялымдар, есеп берудер және т.б. жатады.

Басқаруды талдауды ұйымдастырудың негізгі сатыларына мыналар жатады:

1. Экономикалық талдаудың  субъектілерін, объектілерін зерттеуді  ұйымдастыруды анықтау

2.  Аналитикалық жұмысты  жоспарлау

3.  Экономикалық талдауды  ақпараттармен қамтамасыз ету

4.  Мәліметтерді аналитикалық  талдау

5.  Талдаудың нәтижелерін  рәсімдеу

6.  Талдау нәтижелері  бойынша ұсыныстарды өндіріске  енгізуді бақылау

Экономикалық талдау үшін барлық ақпарат көздері жоспарлы, есепті және есептен тыс болып  бөлінеді.

Жоспарлы ақпараттарға барлық жоспарлардың түрлері: ағымдпғы, жедел  ақпараттар жатады.Есепті ақпарат көздеріне:

  1. Бухгалтерлік есеп және есеп беру
  2. Статистикалық есеп және есеп беру
  3. Жедел есеп және есеп беру
  4. Іріктелген есеп мәліметтері жатады

Есептен тыс ақпарат көздеріне  жататындар:

  1. Ішкі және сыртқы ревизия материалдары
  2. Ішкі және сыртқы аудит материалдары
  3. Салық қызметі тексерудің метериалдары
  4. Басылым материалдары
  5. Түсініктеме хаттар
  6. Өндіріс жиналысының материалдары

Талдаудың нәтижелері құжаттар түрінде рәсімделуі тиіс. Оларға түсіндірме хат, анықтама, қорытынды есеп берулер  жатады.

Түсіндірме хат мынандай сұрақтарды көрсетуге тиісті:

  1. Кәсіпорының экономика дамуының деңгейі
  2. Шаруашылық жағдайын
  3. Қызметтің жеке бағыттар және жоспарының орындалуын көрсетуге тиісті

Анықтама мен қорытындылар түсіндірме хаттан айырмашылығы олар жетіспеушіліктер анықталған резервтерді  өндіріске енгізуді нақты көрсету  кезінде қажет етеді.

Өз білімін  бақылау сұрақтары:

  1. Ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізудегі басқарушылық талдаудың ролі
  2. Басқарушылық талдаудың ұйымдастырушылық нысандары мен атқарушылары.
  3. Талдамалық жұмысты жоспарлау.
  4. Ұйымның шаруашылық қызметін талдауды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.
  5. Басқарущылық талдау нәтижелерін құжаттық рәсімдеу.
  6. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

 

 

 

 

 

 

Басқарушылық  талдауда қолданылатын әдiстер мен тәсiлдер

  1. Талдау әдісі мен оның сипаттамалық ерекшеліктері.
  2. Жүйелі көзқарас пен өзара байланысты аналитикалық көрсеткіштерді жетілдіру.
  3. Экономикалық ақпаратты басқарушылық талдауда өңдеудің дәстүрлі  тәсілдері.
  4. Факторлық талдаудың әдістері.
  5. Детерминирлі талдаудағы факторлардың әсер етуін өлшеу тәсілдері.
  6. Экономикалық мән - маңызы, резервтерді іздеу мен есептеудің ұйымдастырылуы.

Әдіс кең мағынада жалпы диалектикалық таным әдісі негізінде өз пәнін тану тәсілін түсінеді. Диалектикалық әдіс бойынша барлық құбылыстар мен процесстерді үздіксіз қозғалыста, өзгерісте және дамуда болады деп талқылау қажет.

Басқарушылық  талдау әдісінің сипаттамалық ерекшеліктері болып келесілер табылады:

    • экономикалық құбылыстарды өлшеу үшін көрсеткіштер жүйесін қолдану;
    • талдау объектісінің ерекшеліктері тәуелділігінен бағалау өлшеуіштерін таңдау;
    • факторларды анықтау және өлшеу, математикалық, статистикалық және есептеу әдістерін қолдану арқылы олардың қорытынды көрсеткішке әсерінің өзара байланысы.

Талдау әдісінің әдістемелік сипаты:

    • салыстыру әдісін қолдану;
    • талдау тек қана себеп - салдарлық байланысты орнатуды ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипат беруге бейім болып келеді, яғни  қызмет нәтижесіне әсер ететін факторларды өлшеуді қамтамасыз етеді;
    • ішкі қарама-қарсылықтарды, әр құбылыстың жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу қажеттілігі;
    • жалпы әдістемелік зерттеу тәсілдерін қолдану: индукция мен дедукцияны;
    • талдау объектілерін зерттеудегі жүйелі және кешенді көзқарас;
    • экономикалық құбылыстарды құрамдас бөліктерге бөлшектеу. Ол зерттелетін объектідегі ең маңыздылары мен негізгілерін анықтау үшін қажет;
    • элементтердің жүйелілігі олардың өзара байланыстылығын, әрекеттестігін, өзара тәуелділігін және өзара бағынушылығын зерттеу негізінде жүргізіледі. Бұл зерттелетін объектінің үлгісін құруға, зерттелетін көрсеткіштің ішкі байланыстарын зерттеу үшін талдаудың логико - әдістемелік схемасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді;
    • қорыту (синтез) - зерттелетін факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлуге және негізгілері мен шешімділерін атап көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі көзқарасын атап кету қажет.

Жүйелі көзқарас - бұл талдау позициясынан экономиканы бір бүтін ретінде кешенді зерттеу. Ол объектіні тереңірек зерттеуге, ол туралы одан да толығырақ білуге, осы объектінің бөлек бөлімдері арасындағы себеп - салдарлық байланысты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүйелі көзқарастың  негізгі ерекшеліктері болып табылады:

    • динамикалылық;
    • әрекеттестік;
    • жүйе элементтерінің өзара тәуелділігі мен өзара байланысы;
    • кешенділік;
    • тұтастылық;
    • бағыныштылық;
    • жетекші буынды бөліп көрсету.

Жүйелі көзқарас айқын артықшылықтарға ие: шаруашылық міндеттерді ғылыми дәлелді шешу нұсқаларын өңдеуге , нұсқалардың тиімділігін анықтауға, нағыз мақсатқа сәйкес басқарушылық шешімдерді таңдауға, резервтерді іздеу схемасын, шаруашылықтану нәтижелерінің объективті бағасын, оперативтілік, әрекеттілік, талдау мен оның тұжырымдарының дәлдігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жүйелі көзқарасты қолдану келесідей кезеңдерден  тұрады:

1 - кезең: жүйенің функцияландыру  мақсаттарын анықтау, басқа жүйелермен  өзара байланысы;

2 - кезең: барлық элементтерге, өзара байланыстарға толық және  сапалы баға беретін көрсеткіштерді  таңдау;

3 - кезең: жүйенің негізгі  компоненттерін, өзара байланысын  және олардың арасындағы бағынушылықты  орнату;

4 - кезең: жүйенің экономика  - математикалық үлгісін құру;

5 - кезең: шаруашылық қызметтің  нәтижесін объективті бағалау,  өндірістің тиімділігін арттыру  үшін резервтерді анықтау.

Сонымен, шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі көзқарастың негізгі  құндылығы оның көрсеткіштер мен  факторлардың арасындағы ішкі байланыстары көрсетілген логико - әдістемелік  схеманы құруға мүмкіндік беретіндігінде.

Талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің нақты әдістемелерінің  ішінен байқалады. Әдістеме негізінде қандай да бір жұмыстың мақсатқа сай орындалған тәсілдер мен ережелердің жиынтығы түсіндіріледі.

Басқарушылық талдаудағы әдістеме талдаудың мақсатына жету үшін бағынышты шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде аналитикалық ережелерінің жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Талдау әдістемесінің  жалпы және жеке түрлері айқындалады.

Жалпы әдістеме - экономикалық талдаудың түрлі объектілерін ұлттық экономиканың әр түрлі секторларында зерттеуде бірдей қолданылатын зерттеу жүйесі.

Жеке әдістеме - экономиканың айқын секторларын, өндіріс түрлерін, зерттеу объектілерін, талдау түрлерін салыстыру негізінде жалпыны нақтыландырады.

Шаруашылық қызметті талдауда қолданылатын көптеген әдістерді келесідей  схема бойынша көрсетуге болады:

    1. Дәстүрлі  әдістер:
      1. салыстыру
      2. салыстырмалы және орташа шама
      3. мәліметтерді графикалық және кестелік ұсыну
      4. топтастықтар
      5. баланстық
      6. эвристикалық әдістер
    2. Детерминирлік факторлық талдаудың әдістері:
      1. тізбекті подстановка
      2. абсолютті айырмашылық
      3. салыстырмалы айырмашылық
      4. индекстік
      5. интегралдық
      6. пропорционалды бөлу
      7. логарифмиялау
    3. Стохастикалық факторлық талдау әдістері:
      1. корреляциондық талдау
      2. дисперсиондық талдау
      3. компоненттік талдау
      4. дискриминанттық талдау
      5. көпөлшеулі
    4. Міндеттерді оптимизациялық шешу әдістері:
      1. сызықты және сызықсыз бағдарламалау
      2. ойын теориясы
      3. массалық зерттеу теориясы
      4. операцияларды зерттеу

Информация о работе Басқаруды талдау