Басқаруды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 07:48, автореферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiнiң басқарушылық талдауы
Субъект қызметінің жүйесіндегі басқарушылық талдаудың ролі мен мағынасы.
Басқарушылық талдаудың пәні, мағынасы, оның мақсаты мен міндеті.
Басқарушылық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы мен көзқарасы.
Басқарушылық талдаудың түрлері.

Файлы: 1 файл

Басқару талдау.docx

— 159.51 Кб (Скачать)

Талдауда ең кең тарағаны традициондық әдіс.

Салыстыру әдісі экономикалық құбылыстардағы жалпы мен ерекшені анықтауға, зерттелетін объектілердің өзгерістерін, олардың дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік береді. Жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін фактілік көрсеткіштерді жоспарлық көрсеткіштермен, ал бақылау жүргізу мен төмендету резервтерін анықтау үшін нормативтермен салыстырады. Экономикалық процесстердің даму тенденцияларын анықтау мақсатында есепті кезеңнің фактілік көрсеткіштерін өткен кезеңдегімен салыстырады. Қолданылмаған резервтерді анықтау үшін, жеткен нәтижені бағалау үшін талдалатын кезеңнің көрсеткіштерін орташа көрсеткіштермен салыстырады. Фактордың өзгеруіне дейін және фактордың өзгерісінен кейін қызмет нәтижелерін салыстыру факторлардың әсер етуі мен резервтерді санауға мүмкіндік береді. Резервтерді іздестіру үшін талдалатын кәсіпорынның көрсеткіштерін ғылым жетістіктері мен үздік тәжірибемен салыстырады. Шешімнің бір нұсқасын басқа нұсқалармен салыстыру ең оңтайлысын табуға мүмкіндік береді.

Экономикалық құбылыстар мен процесстер  абсолютті және салыстырмалы шамаларында өрнектеледі. Абсолюттік көрсеткіштер құбылыстың сандық шамасын өлшем бірліктерінде, көлемде, жалғастырушылықта, ауданда, бағасында және т.б. көрсетеді. Салыстырмалы көрсеткіштер зерттелетін құбылыс шамасының қандай да бір басқа құбылыстың шамасымен немесе басқа уақытта немесе басқа объект бойынша алынған осы құбылыстың шамасымен ара қатынасын бейнелейді. Салыстырмалы көрсеткіштер коэффициент немесе пайыз қалпында бейнеленеді. Талдауда салыстырмалы шамалардың әр түрлісі қолданылады: болжау, жоспардың орындалуы, динамика, құрылым, үйлестіру, қарқындылық,тиімділік.

Орташа шамалар біртекті құбылыстардың жиынтығының жалпылама сандық сипаттамасы үшін қандай да бір белгісі бойынша қолданылады, яғни объектілердің барлық жиынтығын бір санмен сипаттайды. Талдау тәжірибесінде орташа шамалардың әр түрлі түрлері қолданылады (жай және өлшенген орташа арифметикалық, орташа гармониялық, орташа хронологиялық және т.б.). Орташа шамаларды қолдану кезінде олардың жаппай мәліметтерге негізделіп құбылыстарға жалпылама сипаттама беретінін ескеру қажет. Олардың күші мен кемшілігі осында.

Ақпараттық топтастықтар кең қолданысқа ие - объектілердің зерттелетін жиынтығының массасын сәйкес белгілеріне қарай біртекті сандық топтарға бөлу.  Талдау мақсатына қарай типологиялық, құрылымдық және аналитикалық топтастықтар болып қолданылады. Типологиялық топтастықтарға мысал ретінде қызмет түрлеріне қарай халық топтарын, меншік формаларына қарай кәсіпорын топтарын және басқаларын жатқызуға болады. Құрылымдық топтастықтар көрсеткіштердің ішкі құрылысын және ондағы дара бөліктердің ара қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен жұмысшылардың құрамын мамандығы, жұмыс стажы, жасы, айлық норманы орындауы және т.б. бойынша зерттейді. Аналитикалық топтастықтар зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыстың бағытталуын, формасын және қолда барын анықтау үшін қолданылады. Белгілерінің сипатына қарай аналитикалық топтастықтар сапалық (белгінің сандық өрнегі болмаған кезде) және сандық болуы мүмкін. Құру күрделілігіне қарай топтастықтардың жай және қиыстырылған 2 түрі ажыратылады. Жай топтастықтардың көмегімен қандай да бір белгісі бойынша топтастырылған құбылыстардың арасындағы байланыс зерттеледі. Қиыстырылған топтастықтарда зерттелетін жиынтықтарды осылай бөлу  алдымен бір белгісі бойынша, содан кейін әр топтың ішінде -  басқа белгісі бойынша және т.б. жасалады. Осылай, екі-, үшдеңгейлі топтастықтар құрылуы мүмкін. Олар әр түрлі және күрделі өзара байланыстықтарды зерттеуге мүмкіндік береді.

Индекстік әдіс - әсіресе салыстырылмайтын элементтерден тұратын күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды өлшеуге мүмкіндік беретін индекстердің құрылуы мен талдауы негізіндегі статистикалық зерттеу әдісі. Индекстердің басқа тағайындалуы - нәтижелі белгілердің өзгерісіне әсер ететін бөлек факторларды зерттеу.

Баланстық әдіс - шаруашылық қызметтің өзара байланысқан көрсеткіштерін  олардың өзара әсерін анықтау және өлшеу мақсатында салыстырудың және де өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін есептеудің арнайы әдісі. Талдаудың баланстық әдісін қолдану кезінде бөлек көрсеткіштердің арасындағы байланыс олардың түрлі салыстырулары нәтижесінде алынған қорытынды түрінде бейнеленеді.

Қызметтің нәтижесіне әсер ететін факторларды зерттеу  мен резервтерді есептеу үшін талдауда детерминирлік және стохастикалық  факторлық талдаулар қолданылады.

Әр құбылысты себеп  деп те, нәтиже деп те қарастыруға  болады. Егер құбылыс бір немесе бірнеше себептердің әрекет нәтижесі ретінде қарастырылса және ол зерттеу  объектісі ретінде орындалса, онда оны нәтижелі деп атайды. Нәтижелі құбылыстың тәртібін анықтайтын көрсеткіштерді факторлық деп атайды. Мысалы, еңбектің өнімділігі факторлық көрсеткіш болып табылады, егер оны өндіріс көлемінің немесе өнімнің өзіндік құны деңгейінің өзгерісі ретінде қарастырса және басқа жағынан ол нәтижелі көрсеткіш те болуы мүмкін, егер оны механизация және автоматизация ықпалымен нәтиже өзгерісі ретінде қарастырса.

Әрбір нәтижелі көрсеткіш  көптеген және түрлі факторларға  тәуелді. Сондықтан, нәтижелі көрсеткіш  шамасына факторлардың әсер етуін өлшеу  және зерттеу, яғни факторлық талдауды жүргізу талдауда маңызды орын алады. Факторлық талдаудың келесідей типтері бар:

    • детерминирлік (функционалдық) және стохастикалық (корреляциондық);
    • тура (дедуктивті) және кері (индуктивті) ;
    • бірсатылы және көпсатылы;
    • статикалық және динамикалық;
    • ретроспективалық және перспективалық.

Детерминирлік факторлық  жүйені құру - зерттелетін құбылысты алгебраикалық сома түрінде, оның шамасын анықтайтын және онымен функционалдық тәуелділікте болатын жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде көрсету. Детерминирлік факторлық жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жетіледі. Элементтілер көбейткіштерге жатпайды, өйткені олар өз мазмұны бойынша біртекті. Жүйенің дамуымен бірге кешенді факторлар біртіндеп жалпылардың азына, олар өз кезегінде одан да азына, бірте-бірте өзінің аналитикалық мазмұны бойынша элементтілерге (қарапайымдарға) жақындап, бөлшектеледі.

Сонымен, факторларды жүйелеу  зерттелетін көрсеткішті қалыптастыру кезінде факторлардың өзара байланысын тереңірек зерттеуге мүмкіндік  береді, оның зерттелетін көрсеткіштерді модельдеу кезеңінде маңызы зор  болып келеді.

Факторлық талдау келесідей міндеттерді шешеді:

    1. зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды таңдау;
    2. жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында оларды топтастыру және жүйелеу;
    3. қорытынды және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу;
    4. қорытынды көрсеткіш шамасының өзгерісіндегі факторлар әсерінің есебі және олардың әрқайсысының ролінің бағасы;
    5. процесстерді басқару үшін факторлық модельді тәжірибелік қолдану.

Факторлық талдаудың бір  міндеті болып қорытынды көрсеткіштер мен оның шамасын айқындайтын  факторлардың арасындағы өзара байланыстарды  модельдеу табылады. Модельдеудің мән-маңызы зерттелетін көрсеткіштердің факторлармен өзара байланысы нақты математикалық теңдеу түрінде бейнеленуінде.

Детерминирлік талдауда ең жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей типтері ажыратылады:

    1. Аддитивті модельдер:

 

Ол қорытынды көрсеткіш  бірнеше факторлық көрсеткіштердің  алгебраикалық сомасын көрсеткен  кезде қолданылады.

    1. Мультипликативті модельдер:

 

Бұл модель типі қорытынды  көрсеткіш бірнеше факторлардың туындысын көрсеткенде қолданылады.

    1. Краттық модельдер:

Олар қорытынды көрсеткішті  бір факторды басқасының шамасына бөлу арқылы алған кезде қолданылады.

  1. Аралас модельдер: - бұл келесідей модельдердің түрлі қиыстыруларда сәйкес келуі:

 

және т.б.

 

Мультипликативті факторлық  жүйелерді модельдеу нәтижелі жүйенің  факторларын көбейткіш-факторларға  дәйекті мүшелеу жолымен орындалады. Мәселен, өнімді өндіру процесінің көлемін  зерттеу кезінде келесідей детерминирлі модельдер қолданылады:

ВП = ЧР х ГВ

ВП = ЧР х Д х  ДВ

ВП = ЧР х Д х  П х ЧВ

ВП - өнімді өндірудің жылдық   мөлшері;

ЧР - жұмысшылардың орташа тізімдік саны;

ГВ - бір орташа тізімдік жұмысшының орташа жылдық айлығы;

Д - бір жұмысшының бір  жылдағы жұмыс істеген күндерінің саны;

П - жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат;

ЧВ - бір жұмысшының орташа сағаттық айлығы.

Бұл модельдер мультипликативті түріндегі нәтижелі факторлық жүйенің бөлшектеу процесін және кешенді факторларды көбейткіштерге мүшелеу есебінен кеңеюін бейнелейді. Модельді кеңейту және бөлшектеу деңгейі зерттеу мақсатына және көрсеткіштерді белгіленген ережелер шегінде бөлшектеу және формаландыру мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Адитивті факторлық жүйелердің модельденуі аналогты (ұқсас) түрде  жүзеге асырылады. Краттық модельдерде  оларды түрлендірудің келесідей  әдістері қолданылады: ұзарту, кеңейту  және қысқарту.

Сонымен, қорытынды көрсеткіштер әр түрлі әдістермен құрама элементтерге (факторларға) жіктелуі мүмкін және детерминирлі модельдердің түрлі типтері түрінде  ұсынылуы мүмкін. Модельдеу әдісін таңдау зерттелетін объектіге, қойылған мақсатқа байланысты.

Қорытынды көрсеткіштердің  өсіміне әсер ететін жеке факторлардың мөлшерін анықтау үшін детерминирлі талдауда келесідей әдістер қолданылады: тізбекті подстановка, абсолютті айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық, пропорционалдық  бөлу, интегралдық, логарифмиялау, баланстық  және т.б.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.
  2. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.
  3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.
  4. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.
  5. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.
  6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

 

 

 

Басқарушылық  талдаудың ақпараттық базасы және ұйымдастыру

1) Шаруашылық субъектінің экономикалық  мүмкіндігін бағалаудағы басқармашылық  және қаржылық талдаудың өзара  байланыстылығы.

2)Басқарушылық  талдаудың ақпараттарының шығу  көзі, тапсырмалары және мақсаты.

3)Басқарушылық  талдаудың негізгі сатылары және  мазмұны: бизнес-жоспарды негіздеуге  талдау, бәсекелестік деңгейі, маркетингтік  қызмет, өндірістік басқа да қызметі.

4)Басқарушылық  талдаудың түрлері және варианттары.

5)Перспективалық  талдау, оның мақсаты мен тапсырмалары.

Дәрістің негізгі  мазмұны

Кәсіпорын шаруашылық қызметі  мен талдаудың пәні болып жұмыстың қорытындысы, оның өзгеру себебі мен  болуы мүмкін экономикалық зардаптарды  шаруашылық жүргізудің қорытындысы  кәсіпорынның қаржылық жағдайымен алынған  пайда көлемімен,өндірілген және сатылған өнім көлемімен және техникалық жағдайымен байланысты болуы мүмкін.

Басқаруды ұйымдастыру деңгейі  басқарушылық еңбегінің уақыт тәртібімен дайындық әдіс, шешімдер қабылдау және жүзеге асыру басқару процессін  жүзеге асыру үшін қажетті мөлшердегі және сапалы ақпараттар мен мамандандырылған басқарушылық кадр құрамы мен басқарушылар еңбектің дәрежесін анықтайды.

Қызметтің басқада түрлерін талдау. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайға негізделген, сондай-ақ олар кәсіпорынның мынандай табыстары мен  шығындарын сипаттайды:

  1. Операциондық (мүлікті  процентпен жалға беруден)

  2. Сатудан тыс

  3. Төтенше жағдайдан

Экономикалық талдаудың  міндеті:

1. Кәсіпорынның нақты  жағдайда экономикалық заңдарды  зерттеуі

2. Ағымдағы, болашақтағы  жоспарлы ғылымды негіздеу

3. Шаруашылық қызмет нәтижесіне  әсер ететін ішкі және сыртқы  факторларды  зерттеу

Қызметтің басқада түрлерінің арасында қызмет көрсету көмекші  шаруалар негізгі емес (үстеме) өндірістік талдау,негізгі өндірісті талдауға ұқсатып бөлек талданады.

1. Макродеңгейлік талдау территориялық әкімшілік, бірлік (республика, аймақ, облыстар, қала, ауылдар) экономикалық аймақтар мен аудандар,қосымша шаруашылық топтар мен салалары шегінде аймақтық шаруашылық деңгейімен талданады.

2. Микродеңгейлік талдау заңмен анықталатын экономикалық талдаудың әртүрлі құқықтық субъектілерімен шаруашылық кәсіпорынның алғашқы және негізгі болып ұсынылатын деңгейді айтамыз.

     Шаруашылық қызметтің объектілері мен субъектілерінің талдауының осылайша топтануы нарықтық экономика және басқару тәжірибесі, меншік нысандары мен басқару әдісінің әр түрлі талдау нәтижесінде болады.

Информация о работе Басқаруды талдау