Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:42, курсовая работа
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2 Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
2 .Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары
3. Жергілікті бюджет
3.1. Жергілікті бюджеттің қаржыландыруы
3.2. Жергілікті бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2
Мемлекеттік қаржының
экономикадағы маңызы
2 .Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2.
Мемлекеттік бюджет
дефицитін жабу
жолдары
3. Жергілікті бюджет
3.1. Жергілікті бюджеттің қаржыландыруы
3.2.
Жергілікті бюджеттер
жобаларын әзiрлеу ережесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
Қазақстанда
2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы
қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық
бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге
байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай
өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық
экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң
арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас
бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды
күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар
өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке
қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады
және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық
нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру
немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел
бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi
кiрiстердiң негізгі баптарын құрайтын
табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне
бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз
кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру
үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ
басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.
Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын
алған бiрсыпыра мемлекеттердiң тәжiрибесi
бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының
ықпалына ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң
басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн шикiзатқа
бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып
қалу мүмкiндігі бар екенiн көрсетедi.
Республикалық бюджеттің кірістері 2006 жылы 1 847,2 млрд. теңгені құрады немесе «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда салынғаннан 9,8% жəне 2005 жылға қарағанда 7,2%-ға көп.
Республикалық бюджетке салық түсімдері 6,8%, ресми трансферттердің түсімдері 26,4% ұлғайды. Салықтық емес түсімдер 2005 жылмен салыстырғанда 13,5%, негізгі капиталды сатудан түсімдер 5,2% азайды.
Республикалық бюджеттің 1686,3 млрд. теңгеге жеткен өсуі 2005 жылмен салыстырғанда 9,7% құрады, бұл ретте ұлғаю борышқа қызмет көрсету жəне ресми трансферттер бойынша шығындарды қоспағанда шығынның барлық баптары бойынша байқалып отыр.
Республикалық бюджет профицитпен қалыптасты, оның мөлшері 54,7 млрд. теңгені құрады (2005 жылы да 46,7 млрд. теңге профицит байқалған болатын).
Жергілікті
бюджеттер 2006 жылы 19,8 млрд. теңге профицитпен
орындалды (2005 жылы 39,4 млрд. теңге дефицитпен),
бұл ретте кірістер 37,0%, шығындар 27,7%, таза
бюджеттік кредиттеу 47,2%, қаржы активтерімен
операциялар бойынша сальдо 6,3% ұлғайды.
1.1
Дефицит, сыртқы және
ішкі қарыз
Кейнстің тұрақсыздық теориясы мемлекеттің экономикалық саясат жүргізуін анықтайды. Кейнстер көзқарасы бойынша өнім шығындарының тапшылығы жұмыссыздықтың үлғаюына әкеп соғады да, өнім шығындарының артып кетуі инфляцияға үшыратады. Сондықтан үкімет нақты бір экономикалық шыындар жиынтығын төмен кезінде азайтып, және керісінше, шығындар төмен болған сайын көбейтіп отыруы керек.
Фискалдық саясат екі негізгі экономикалық ғылымдар қорытындылары негізінде орындалады:
Фискалдық саясат ұлттық экономикаға жақсы да, жағымсыз да әсер етуі мүмкін. Егер үкімет бағалар тұрақтылығын қалыптастыру және өнім шығару көлемін оның потенциалды деңгейіне жақындату мақсатында фискалдық немесе ақша саясаты шараларын қолданса, онда бұл тұрақтылық саясаты деп аталады.
Бюджет – шығындардың, сондай-ақ үкіметтің, компаниялардың, жеке адамдардың қаржылық жоспарларының нақты сипатталуы десек, бюджет тапшылығы – мемлекет шығындары мөлшерінің мемлекеті кірістері мөлшерінен артуы болып табылады. Егер үкіметте бюджет тапшылығы орын алса, онда ол оның шығындаы кірістерінен көп екенін білдіреді.
Мемлкеттік бюджет – үкімет пен жеке меншік формалары субъектілерінің арасындағы экономикалық қатынасы. Толық теңестіріліген мемлекет бюджеті, яғни сальдосыз бюджет тек терия жүзінде ғана болуы мүмкін. Бірақ жоғарыда келтіргенімдей, бюджет дефициті әрқашан жағымсыз құбылыс бола бермейді.
Дж. М. Кейнс экономикалық өсуді жетілдіру және толық жұмысбастылықпен қамтамасыз ету үшін дефицитті қаржыландыру саясатын жүргізуді ұсынған болатын. Бюджет дефициті кенеттен болатын жағдайларға – соғыс, табиғи апаттар, т.б. жағдайларда болуы мүмкін. Яғни әдеттегі қорлар жеткіліксіз болып, басқа қаржы көздерін өажет еткенде пайда болады. Мұндай жағдайда бюджет дефициті жағымсыз және қиын құбылыс. Снымен қаа бюджет децитінің қауіпті және аса күрдеі формасы бар: экономикадағы даңдарыс жағдайында, оның құлдырауы жәнеүкіметтің елдегі қаржылық жағдайды бақылап, реттеп отыра алмайтын жағдайдағы бюджет дефициті. Бұл жағдайда экономикалық жедел әрекеттер, іс-шарала, саяси шешімдер қабылдау қолға алынуы керек.
Елдегі инфляция деңгейіне жуықтау келетін бюджет тапшылығы қалыпты бюджет тапшылығы болып саналады. Мұндай дефицит әдетте Орталық банк ұсынатын пайызсыз немесе төмен пайызды несиелер есебінен жабылады. Халықаралық стандарт бойынша бюджет тапшылығы ЖҰӨ-нің 2-3%-на сәйкес келуі керек.Мұндай дефицит мемлекеттік бағалы қағазда эмиссиясы және қаржы нарығындағы кірістер есебінен қаржыландырылып отырады. Мемлекеттің ішкі қарыздарын қаржыландыру көзін ішкі заимдар мен несиелер құрайды.
Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы қарыздардың өсуіне байланысты бюджет дефицитінің қолайлы және қолайсыз жақтары дау болуда. Алайда мына 2 басым позицияны нық басып айтуға болады:
Біріншісі экономиканы толық мағынада анықтай алмауына негізделеді. Қарыздың болуы, сол қарыздардың абсолютті түрде өсуі келе жатқан экономикалық дүрбелең ретінде қабылданады.
Екіншісі толық талдауға негізделіп, бюджет дефицитінің негізгі қолайлы жақтарын алға тартады.
Сонымен, ұлттық мемлекеттік қарыз бюджет дефицитінен құралады. Дефицитті жабу мемлекеттің ішкі қарызы мен сыртқы қарызының өзара ықпалдасуымен сипатталады. Бір жағынан ұлттық қарыз мемлекет үшін пассив және мемлекет облигацияларын (мемлекеттің бағалы қағаздарын) ұстаушыларға актив болып табылады.
Қарызды өтеу қажеттігі үкіметтің ағымдағы бюджетті теңестіруіне немесе басқа да түрлі қарыздарды өтеуге бағытталған ақша қаражаттарын жұмсауға шектеу қойылады. Дегенмен қарызды (ішкі) өтеу процесінің көп бөлігі қайта бөлу формасымен, яғни салық төлеушілердің ақша құралдары мемлекеттің бағалы қағаздар ұстаушыларына өтуімен айқындалады. Қарызды өтеудің айтарлықтай альтернативті нақты құны болмаса да, ығыстыру әсерінің ықпалы зор. Қаржы нарығында бюджет дефицитін қаржыандыру есебінен кейбір жеке секторлар қаржыландырылмай қалады, инвестициялар төмендейді.
Мемлекеттік басқару органдарының төлемдері мен түсімдері кассалық әдіспен, яғни ақша құралдарының үздіксіз айналымымен анықталады. Барлық деңгейде бюджет құрау барысында олардың төленбеген міндеттемелері бойынша қарыздары: төленбеген мемлекеттік тапсырыс; мемлекеттік қызметкерлерге жалақы бойынша қарызы, Зейнетақы қорына қарызы; Бюджет дефицитіне уақытында төленбеген дотациялар мен субсидиялар жатпайды, мысалы, көмір өндірісі және т.б.Төленбеген мемлекеттік міндеттемелер қарызды өтеу мерзімі тіркелген келісімшартты ресми міндеттемелер болып табылмайды және бюджет дефицитін арнайы қаржыландыруға жатпайды. Дегенмен экономиканың басқа секторлары жағынан олар мемлекеттік органдарды тікелей несиелеумен тең жағдайда болады және бюджет дефицитін қаржыландыру көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты мемлекет қаржысы тапшылығының альтернативті есебін жасау қажеттігі туады.
Бюджет дефициті кірістерден шығыстардың арту күшінен пайда болатыны белгілі. Бюджет дефицитінің пайда болуы мен өсу факторы кіріс қоры немесе рационалды емес шығыстардың жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін.
Егер шығыстар мен таза несиелеу кірістер мен алынатын трансферттерге қарағанда тез өсіп жатса, займдық қаражаттарға мұқтаждық та өседі. Бұл жағдайда шығарылған займдарды өтеу жаңасын, яғни мемлекеттік қарызды қайта қаржыландыру есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру сыртқы қарыз сияқты, мемлкеттің ішкі қарызы есебінен де орындалады. Елдің қаржы ресурстары, төлем балансы және экономикалық белсенділіктің өсу мөлшеріне ішкі және сыртқы қарыздың әсер етуі әр түрлі болады.
Сыртқы қарыз ақша қаражаттарының түсу кезінде елдің қаржылық ресурстарының жалпы көлемінің өсуіне әкеледі және мемлекеттің ұлттық өндіріс тауарлары мен қызметіне жиынтық сұранысын көбейтуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар шет мемлекеттердің, халықаралық қаржылық ұйымдардың және шетел банктерінің займдары мемлекеттің шетелден сатып алу, алынған несиелерді қайтару төлемдеріне қолданылуы мүмкін.
Елдің ішкі қарызы экономиканың секторлары арасындағы елде бар ресурстарды қайта бөлуді ғана білдіреді. Ішкі қарыздың экономикаға ықпалы мемлекет ақша қаражатының займ сипатымен анықталады. Егер мемлекетпен тартылған несиелік ресурстар басқа мақсаттарға бағытталатын болса, онда мемлекттің қарыздануы экономиканың басқа секторлары шығыстарының көлемін азайтады және экономикаға жалпы сұранысты ұлғайтпайды. Жеке инвесторлар категориясында займ алу маңыздылығы несиегер типі бойынша қаржыландыру операцияларының классификациясына мұқтаждығымен анықталады.
Экономикалық өсуге мемлекеттік займ әсер ету сипаты мына факторларға тәуелді: бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұқсас мақсаттары мен үлгілерін біріктіретін экономикалық әрекетіне. Егер займ алу банктерде жүзеге асатын болса, онда басқа секторлар шығындарын қысқартудан көрінеді. Экономикаға ішкі және сыртқы займдар әр қалай әсер етеді. Сондықтан ішкі және сыртқы қаржыландыру да шектеледі. Ішкі қаржыландыруда комерциялық банктерден, ақша – несие реттеу органдарынан және басқа да мемлекеттік басқару органдарынан, өнеркәсіптер мен үй шаруашылықтарынан алынатын займ құралдры болады. Ал сыртқы да – экономикалық өсу халықаралық ұйымдарынан, шет мемлекеттерден, шетел комерциялық банктері мен фирмаларынан алынатын займ.
Қаржыландыру көздерін бір топқа біріктіру мақсатында несиегер типіне қарай бюджет дефицитін қаржыландыру классификциясы қолданылады және ол былайша жіктеледі: