Мемлекеттік бюджетті теңестіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 16:42, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2 Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
2 .Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары
3. Жергілікті бюджет
3.1. Жергілікті бюджеттің қаржыландыруы
3.2. Жергілікті бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Бюджет тапшылығы курсовой.doc

— 1,010.00 Кб (Скачать)

   Бюджет  кодексіне сөйкес, мемлекеттiк бюджет – араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

   Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

   Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

   Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

   Жергілікті  бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.

   Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар рсспубликалық бюджетте бектілетін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

   Iске  асыру тәсiлiне байланысты бюджеттiк  бағдарламалар: 
      1) бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары; 
      2) бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi.

   Бюджеттiк  бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау үш сатыда – бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде, бюджеттiң атқарылуы кезiнде; бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде жүзеге асырылады.

   Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.

   Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасыңда бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

   Бюджет  кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.

   Жергілікті  бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% құрайды. Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары мыналар:

   1. Төленбеген төлемдер. Бұл проблема мыналардан шығатын айналым қаражаттарының жетіспсушілігі салаларынан пайда болады:

    еркін баға белгіленімін белгілеуден;

   кәсіпорындардың өзара коммерциялық кредиттер беруінің тоқтатылуынан;

    төлем және есеп айырысу кредиттерінің  күшін жоюынан;

    өндіріс тиімсіздігінен.

   Төленбеген  төлемдердің проблемасы мұндаға  дейін қосымша төлем қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.

   2. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда болады:

    1) ақша  қаражатының тапшылығы;

   2) ақша қаражаттарын айналымға  коммерциялық құрылымдарға қасақы жіберу;

   3) әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;

   4) бюджеттер жоспарланған деңгейдегі қаражаттарды ала алмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   3.Жерглікті  бюджет 

   3.1. Жергілікті бюджеттің  қаржыландыруы 

Жергілікті  бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:

а) әрбір  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын  көлемін жоспарлау;

ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық  және басқадай түсімдер түрін анықтау;

б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп  беру;

в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;

г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;

ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру. 

   Жергілікті  бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды  шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады. 
 

3.2. Жергілікті бюджеттер  жобаларын әзiрлеу  ережесі 

1-бөлім.  Жалпы ережелер  

1-тарау.  Жалпы ережелер 

1. Осы  Жергілікті бюджеттер жобаларын  әзірлеу ережесi (бұдан әрі –  Ереже) Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және жергілікті бюджет жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Жергілікті  бюджеттер жобаларын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды: 

1) Өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуы және  бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзiрлеу және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауы;

2) атқарушы  органдардың стратегиялық жоспарларының,  бюджеттік өтінімдерінің жобаларын  әзiрлеу және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауы;

3) жергілікті  бюджет туралы мәслихат шешімініңжобасын  әзірлеу.  

2-бөлім.  Облыстық бюджет, республикалық маңызы  бар қала, астана  бюджетінің жобасын  әзірлеу 

2-тарау.  Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананыңәлеуметтік-экономикалық  дамуының және бюджеттік параметрлерінің  болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананыңәлеуметтік-экономикалық  дамуының және бюджеттік параметрлерінің  болжамы стратегиялық және бағдарламалық  құжаттарды ескере отырып әзірленеді  және:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананыңбес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;

бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтитын құжатты білдіреді.

Бюджеттік параметрлердің болжамы:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананыңсалық-бюджет саясатының негізгі  бағыттарын;

тиісті  жергілікті бюджеттердің болжамын;

жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс.

Жергілікті  атқарушы орган әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі  мүмкін.

5. Облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қала, астана бюджеттері түсімдерінің  болжамды көрсеткіштері мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады.

6. Жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері  бойынша шығыстардың болжамды  көлемін айқындау мынадай кезеңдерді  қамтиды: 

1) облыстық  бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемін айқындау;

2) жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері  бойынша шығыстардың болжамды  көлемін айқындауды.

7. Облыстық  бюджеттің, республикалық маңызы  бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі:

жергілікті  атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге  және өтеуге;

жергілікті  атқарушы органның резервін трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар  қала, астана бюджеттері түсімдері көлемінің 2 %-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.

8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың әлеуметтік-экономикалық  дамуы мен бюджеттік параметрлері  болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдайды.

9. Тиісті  жергілікті атқарушы орган мақұлдаған  облыстың, республикалық маңызы  бар қаланың, астананыңәлеуметтік-экономикалық  дамуының және бюджеттік параметрлерінің  болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.  

3-тарау.  Облыстық бюджеттен, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджеттерінен  қаржыландырылатын атқарушы органдардың  стратегиялық жоспарларының жобалары  мен бюджеттік өтінімдерді әзірлеу 

10. Облыс,  республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:

1) стратегиялық  жоспарлар жобаларын; 

2) бюджеттiк  өтiнiмдердi әзірлейді және мемлекеттік  жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органға ұсынады.

Ереженің  осы тармағында көрсетілген құжаттарға нәтижелеріне бағалау жүргізілген  жағдайда бағалау нәтижелері қоса беріледі.

11. Атқарушы  органдардың жоспарлы кезеңге  арналған стратегиялық жоспарларының  жобалары облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананыңәлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы мақұлданған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде жыл сайын әзірленеді.

12. Бюджеттік  бағдарламалар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананыңәлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамында жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемі шегінде әзірленеді.

Облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі осы Ереженің 7-тармағында айтылған шығыстар шегерімімен базалық шығыстарға және жаңа бастамалар шығыстарына бөлінеді.

Информация о работе Мемлекеттік бюджетті теңестіру