Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:21, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңызы қазіргі дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Мемлекеттік билік және басқару.
1.2. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.3.Мемлекет теориясының қалыптасуы және атқаратын қызметтері
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары
III. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ДАМЫТУ
3.1.Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
33
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Мемлекеттік билік және басқару.
1.2. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.3.Мемлекет теориясының қалыптасуы және атқаратын қызметтері
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары
III. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ДАМЫТУ
3.1.Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңызы қазіргі дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді
Тақырыптың өзектілігі:Курстық жұмыс мемлекеттік басқару теориясына негізделген.Жұмысты дайындау барысында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін даму стратегиясы, А.Уваровтың «Мемлекеттік басқару теориясы» және қазақ ғалымы Қ.Д. Жоламановтың «Мемлекеттік және құқық негіздері» әдебиеттері қолданылды.
Тақырыптың мақсаты: қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда,мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы көрсеткіштері: «Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.
Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Білім беру жүйесіндегі барлық жұмыс мынандай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады.
Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жоо-лардың үлесі 5 пайызға дейін артады.
Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс.
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1.Мемлекеттік билік және басқару.
Басқару – бізді қоршаған ортаның универсалды (әмбебап) және қажетті элементі. Кең мағынада – бұл объектілік жағдайдың, тәртіптің сапасын өзгертетін, субъектінің объектіге әртүрлі әдіспен әсер етуі.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік іс-әрекеттің анықталған түрі ретінде кең және тар мағынада түсініледі. Тар мағынада – бұл мемлекеттің әкімшілік, атқарушы-басқарушылық іс-әрекеті. Бұл позицияда мемлекеттік басқару, негізінен, әкімшілік құқықпен оқытылады. Оның объектісі – мемлекеттік басқарудың құқықтық формасы. Кең мағынада – бұл мемлекеттің ұйымдастырушылық, нұсқаулық іс-әрекеті, әртүрлі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының әрекеті жолымен мемлекеттік реттеу.
Басқару әрқашан билікті пайдаланумен байланысты. Биліктің келесі түрлері бар: жекелік, персоналды (мысалы, отбасында немесе басқарушы мен қызметтер қатынасында), корпоративті (соған ерікті кірген адамдарға ғана таратылатын жалпы ұйымның билігі) және әлеуметтік, қоғамдық – қоғамда белгіленетін билік. Политологияда қоғамдық билік әртүрлі позицияда қарастырылады: темалогиялық (бірлік мақсатқа жету), психологиялық (себептер), бихевиористік (өзін-өзі ұстауы), субъекті-объективті (қарым-қатынас), жүйелі-кибернетикалық (әлеуметтік коммуникация құралы), құрылымды-функцияналдық (белгілі бір ұйым көрінісі), заңды (конституциялық құқықтың анықталған институты) және т.б.
Қоғамда биліктің әртүрлі түрлері болуы бірден қабылданды. Ескі заман және ортағасырлар авторлары үшін билік түсінігіне синкретикалық келу сипатты болады. Ерекше әлеуметтік, қоғамдық биліктің бөлінуі жазушы-утопистер мен энциклопедистердің іс-әрекетімен байланысты. Осы уақыттағы өлеңдерде халықтың билігінің болуын сұрады.
Мемлекеттік билік қоғамдық билік ретінде, біріншіден, әлеуметтік сипаттағы әсер ету формасынан ерекшеленеді. Бұл ойды немесе ораторлық талантты көрсететін билікке қарағанда тіптен бөлек құбылыс, жағдай және қарым-қатынас. Құбылыстың бағалы сапасы табиғи мәліметтер қажетті тәртіпті билік, міндеттеу жолымен анықтамайды. Олар тек тәртіптің қозғаушы себепттерінің бөлігі болып табылады. Мұндай себептер табиғи сипатта болады.
Жалпы ереже бойынша қоғамдық биліктің әр түрлі көрініс алатын тек жалғыз керемет ұжым болады – саяси, публикалық.Бұл әлеуметтік – ассиметриялық қоғам. Саяси билік өзінің көрінісін мемлекет билігінен алады. Бірақта, саяси билік мемлекетпен байланысты болғанымен, оны мемлекеттік биліктен айыру қажет. Біріншіден, кез-келген мемлекеттік билік саяси сипатта болады, бірақ кез-келген саяси билік мемлекеттік болып табылмайды.Екіншіден, саяси билік – бұл халықтың белгілі бір кластың, әлеуметтік бөліктің құралдары. Мемлекеттік билік – мемлекеттік құралдары, оның атымен оны мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметткерлер орындайды.Үшіншіден, мемлекеттік емес саяси билік және мемлекеттік саяси билік орындаудың әртүрлі механизмін алады. Саяси билік «қызығушы топтар» іс-әрекеті жолымен іске асырылады.Мемлекеттік билік түрленген, ол мамандандырылған мемлекеттік аппараттар (парламент,үкімет,соттар және т.б.) арқылы іске асырылады. Төртіншіден, тек мемлекеттік билік қана заңды түрде бекітілген және барлық қоғам атынан жүреді. Ал саяси билік ондай іске бара алмайды.
Осылайша, мемлекеттік билік - әлеуметтік – саяси негіз болып табылады. Бұл үлкен әлеуметтік қоғамда (халық, класс, әлеуметтік бөлік) саяси билікті көрсетудің негізгі формасы. Ол ассиметриялық қоғамның функциясы ретінде жүреді, қоғамдық қатынастарды құқық арқылы реттеу үшін маманданған аппараты болады.
Мемлекеттік билік – тек әлеуметтік – саяси көрініс емес.Заңдық көзқарас бойынша бұл, сонымен қатар, конституциялық құқықтық институты, яғни берілген әлеуметтік көрінсті заңды позициясынан реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Осы нормалар мемлекеттік биліктің сипатын, мемлекеттік билік органдарының жүйесін оның іс-әрекет әдісін, тапсырмаларын және қызметін бекітеді.
Мемлекеттік биліктің оның сипаты, іс-әрекет шегі, тапсырмалары, іске асыру әдістері, органдар жүйесі бойынша бірнеше түрлері бар. Әлеуметтік сипат бойынша халықтық билікті және белгілі бір әлеуметтік кластың, бөліктің билігін бөледі. Сонымен қатар, демократиялық және демократиялық емес биліктер бар. Демократиялық мемлекеттік билік көптеген тұрғындардың қызығушылығын көрсетеді және билікті бөлу, адамның құқығын сыйлау, жергілікті өзін-өзі басқаруды, құқықтық мемлекетті мойындау және әртүрлі принциптерге сәйкес орындалады.
1.2.Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомосапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп прогрестің жаңаруы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінді: 1.Жабайы адам дәуірі – б.з.д.40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын:тас, сүйек,ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды. 2. Экономиканың қолдан жасау дәуірі – б.з.д.12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы сертификациялық қоғам,рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы – экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс,қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа,одақ, бірлестіктер. Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар – қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді ру басшыларының кеңесі басқарған.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл обьективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс – б.з.д. 15-10 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді., адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық байлық қалыптасып, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.Б.з.д. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқы тарихы туынды қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі обьективтік заңдары:
-
-
-
-
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасып, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды.
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды.
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекет – бұл елдің барлық территориясына және оның халқына өзінің билігін толық тарата алатын және сол үшін арнайы аппараты бар белгілі тәртіп шығаратын және тәуелсіздігі бар қоғамның біртұтас саяси ұйымы.
Аристотель мемлекетті ерекшелеудің келесі критерийлерін ұсынды:
1 Мемлекеттегі билік етушілер саны
2 Мемлекеттің алға қойған мақсаты
Бірінші белгі бойынша:
1 Бір адамның басқаруы
2 Мұрагерлік басқару
3 Бірнеше адамның басқаруы
Екінші белгі бойынша:
1 Дұрыс мемлекет, яғни қоғамның жалпы игілігін жақсартуға бағытталған мемлекеттік билік
2 Дұрыс емес мемлекет жеке мақсатқа жету үшін бағытталған мемлекеттік билік.
Мемлекеттерді типтерге бөлу нысандармен тығыз байланысты. Мемлекеттің нысандары 3 өзара байланысқан нысандардан тұрады:
1 Басқару нысаны
2 Мемлекеттік құрылым нысаны