Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңызы қазіргі дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді

Оглавление

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Мемлекеттік билік және басқару.
1.2. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.3.Мемлекет теориясының қалыптасуы және атқаратын қызметтері

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары

III. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ДАМЫТУ
3.1.Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері. 38 ak.doc

— 171.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттік басқару әлеуметтік  басқарудың өзге түрлерінен ерекшеленеді. Әрбір азаматтың қалыпты өмір сүруі үшін бірқатар жағдайлар, қаражат пен көрсетілетін қызмет күнделікті қажет екені белгілі. Атап айтқанда, олар – баспана, киім, тамақ, өмір мен мүліктің қауіпсіздігі, таза ауа мен су, жарық пен жылу, жол мен көлік және басқалар. Азаматтардың барлық осы мәселелерін шешуді ұйымдастыру нақты елдің барлық азаматтарын біріктіретін ұйым ретінде – мемлекеттің борышы. Сондықтан мемлекеттік басқару өз табиғаты бойынша барлық тіршілік жағдайларын ұйымдастыруға міндетті.

Сонымен, біріншіден, мемлекеттік басқарудың басты да тұрақты объектісі – сол елдің барлық азаматтары үшін объективті де қажетті тіршілік жағдайлары кешенін ұйымдастыру.

Екіншіден, мемлекеттік басқару өз миссиясын іске асыру үшін, әлеуметтік басқарудын басқа субъектілерінен өзгеше, ұйымдық-құқықтық тетіктерді толық көлемінде пайдаланады.

Үшіншіден, мемлекеттік басқару жүйесі жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігінің басты әлеуметтік өлшемдері төмендегідей көрсеткіштер:

-                     ел азаматтарының әл-ауқатының ұдайы өсіп отыруы;

-                     елде жеке және заңды тұлғалардың заңдылықты сақтау деңгейі;

-                     ұзақ мерзімге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәрежесі.

Соңғы оңдаған жылдар бойында ұдайы зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік басқарудың нәтижелі модельдері мен құрылымдары іздестірілуде. Көптеген елдерде жүргізілген эксперименттердің нәтижесінде халықты басқарудың төмендегі деңгейлері бөліп көрсетіле бастады:

-                     мемлекеттік басқару (федералдық немесе республикалық деңгейде);

-                     жергілікті мемлекеттік басқару (әкімшілік-аумақтық құрылымның жоғары буындары деңгейінде);

-                     аумақтық өзін-өзі басқару (төменгі әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейінде).

Мемлекеттік басқаруды бұлай жіктеу ғаламдану жағдайында азаматтар мен қоғам істерін жария басқару жүйесінің әлеуметтік нәтижелілігін арттыру, бұл жүйеде демократияны тереңдету қажеттілігінен туындаған. Мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамаларының авторлары мұндай құрылымды жаңа жағдайда – ғаламдану жағдайында мемлекеттік басқарудың орталық органдары негізінен елдің сыртқы байланыстарын реттеумен шұғылданып, сол арқылы мемлекеттік басқарудың ішкі міндеттерін ойдағыдай орындау үшін қолайлы сыртқы жағдай жасауға тиіс екендігімен ақтайды. Бұл деңгей сондай-ақ мемлекеттік басқару жөніндегі заңдарды қалыптастырып, жетілдіру ісіне жәрдемдесуге, салалық және басқа мемлекеттік бағдарламалар қабылдауға, ұлттық компанияларды және негізгі мемлекеттік ресурстарды басқаруға және басқа перспективалық мәселелерді шешуге тиіс.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі – орталық пен әкімшілік аумақтар арасында құзырлар ара жігін ажырату нәтижесі. Әдетте жергілікті мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік басқарудың орталық салалық органдарының агенті ретінде қимылдап, қоғамдық стандартқа сәйкес халыққа іс жүзінде барлық кызметті көрсетеді.

Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару 18 ғасырда пайда болды. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару, біріншіден, төте және өкілдікті демократияның пошымы жеке бір әкімшілік ауқымында саяси құқықтармен бостандықтарды іске асыру пошымы деп қарастырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарудың барлық буындарына азаматтардың қатысуын жоққа шығармайтынын атап өту дұрыс. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік  басқаруды толықтыру құралы ретінде қажет, ол аумақ істерін көпшілік болып басқару жүйесінде азаматтардың пікірі мен мүддесінің барынша ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс. ТМД Парламентаралық Ассамблеяның 1994 жылғы 29 қазанда қабылданған арнайы Декларациясында «жергілікті өзін-өзі басқару Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірін демократиялық жолмен ұйымдастырудың қажетті элементі болып табылады» деп көрсетілген.

    Елбасымыздың жолдауында сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатқанын ескертуде. Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.

  Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар.

     Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жөніндегі агенттік төрайымының, төтенше жағдайлар және қорғаныс вице-министрлерінің, «Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» компаниялары президенттерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды. Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлемдік антикоррупциялық рейтингтегі көрсеткішін бірден 45 сатыға жақсартты

             

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

Біз тоталитарлық, әкімшілік - әміршілік басқару жүйесінің бұғауынан шығып, қазір мемлекеттік, құқықтық және демократиялық басқаруды жүзеге асырудамыз.              

Менің пікірім бойынша мемлекет басқару саласы дамыту-Мемлекеттік қызметтің барлық ұйымдарының жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты, олар арқылы халықпен және сыртқы қолданушылармен байланысты қамтамасыз етеді. Қорытындылай келгенде, қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияны құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылыммен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік қалыптасып, бұрынғы жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді түзетуде.

              Бізде қазір Президенттік және үш деңгейлі,яғни Парламент, Үкімет және Соттық басқару қалыптасқан. Енді осы мемлекетті, мемлекеттік басқаруды одан әрі дамыту үшін жоғарыда айтылған шараларды пайдаланған жөн.Яғни, мемлекетті жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне аудару қажет және мемлекетті  басқарған кезде ақпараттық технологияны тиімді пайдалана білген жөн. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының жүйесін және құрылымдарын жетілдіру қажет.  

     Мемлекеттік басқару оргндары жұмысының сапасын көтеру ақпараттық технологияны енгізумен анықталады, ол құжат айналымын тездетеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпарат берудің шапшандығы арттырады.

               

                    

                      

 

 

                     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Уваров А.Теория государственного управления», М. 2002 г 

        

        2 ҚР Президентінің 2011 жылығы халыққа жолдауы

       

       3 «Қазақстан-2030» ҚР даму стратегиясы.

      

      4 Жоламанов Қ.Д., «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2004             

 

       5   Мұқышев.Ж., Мемлекеттік басқару органдарын жетілдіру –                 уақыт талабы, «Қаржы-қаражыт», 1996 ж. №3

 

        6.Тоқтыбеков, Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің        жолдары:тұжырымдамалар мен әдістер, «Ақиқат» 2003ж. №1

 



Информация о работе Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары