Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:21, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңызы қазіргі дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Мемлекеттік билік және басқару.
1.2. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.3.Мемлекет теориясының қалыптасуы және атқаратын қызметтері
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары
III. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ДАМЫТУ
3.1.Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3 Мемлекеттік тәртіп нысаны.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекеттік билік органдардың құрылымын көрсетеді және олардың арасындағы қарым-қатынастарының құрылуы мен таратылуын білдіреді. Мемлекеттік басқару нысаны екіге бөлінеді:
1 Монархиялық
2 Республикалық
Монархия-бұл жоғарғы мемлекеттік билік жеке түрде мұрагерлікке берілетін билік нысаны.Оның негізгі белгілері мыналар:
1 Өмір бойы билік жүргізетін жеке дара мемлекет басшысының болуы
2 Жоғарғы билік мұрагерлікке тәртіп бойынша беріледі.
3 Мемлекеттік билік монархтың көзқарасы бойынша өзгереді.
4 Монархты заң алдында жауапкершілікке тарта алмауы.
Республика – бұл халық белгілі бір кезеңге өзі сайлайтын және мемлекеттік билік тандау арқылы жүзеге асырылатын басқарудың ерекше нысаны. Негізгі белгілері мыналар:
1 Мемлекеттік билік біржақты және коллектив арқылы жүзеге асады.
2 Мемлекет басшысы мен жоғарғы мемлекеттік билік органдыраның мүшелері белгілі уақыт кезеңіне сайланады.
3 Мемлекеттік билік өз еркімен емес халықтың ұсынысымен жүзеге асады.
4 Мемлекет басшысының заңда қарастырылған құқықтық жауапкершілігі бар.
5 Олардың шешімдері бәріне міндетті болып табылады және олар азаматтардың қызығушылықтарын қорғайды.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік билік арасындағы және олардың құрам бөліктерінің арасындағы өзара қатынастарды сипаттайтын мемлекеттің ұлттық административтік(әкімшілік)
Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша барлық мемлекеттерді 3 негізгі топқа бөлуге болады:
1 Унитарлы
2 Федеративті
3 Конфедеративті
Унитарлы мемлекет дегеніміз – тұтастай басқарылатын, яғни биліктің орталық органдарына бағынатын әкімшілік – территориялық бірліктерден тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Оның келесі белгілері бар:
1 Унитарлық құрылым барлық ел үшін біртұтас сәйкес органдарға басшылық ететін өкілетті, атқарушы және соттық органдарының болуы.
2 Унитарлы мемлекет территориясында бір Конституция, заңдылықтың біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді,
3 Унитарлы мемлекеттің құрам бөліктері мемлекеттік суверенитетке ие болмайды.
4 Унитарлы мемлекетте мемлекеттік билік пен органдары басшылық ететін біртұтас қарулы күштері болады.
Федерация – бұл бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бір одақтық мемлекетке өз еркімен бірігуі. Оған тән сипаттар:
1 Федерация территориясы оның жеке субьектілерінің жеке территориясынан құрылады.
2 Одақтық мемлекетте жоғарғы заңдылық атқарушы және соттық билік федералды мемлекеттік органда болады.
3 Федерация субьектілері өзінің жеке конституциясын қабылдау құқығына және жоғарғы мемлекеттік заңдылықты атқарушы және жоғарғы соттық органдарын құру құқығына ие.
4 Федерациядағы негізгі мемлекеттік сыртқы саяси іс-әрекетті одақтық мемлекеттік органдар жүргізе алады.
Конфедерация – бұл өздерінің жалпы қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін құрылған тәуелсіз мемлекеттердің уақытша одағы.
Мемлекеттік тәртіп нысаны бойынша барлық елдер демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық тәртіп – құқықтық мемлекеттерде қалыптасады.Ол жеке тұлғалардың дамуын қамтаммасыз етеді, заңдар көмегімен оның қызығушылығын қорғайды. Келесі белгілері бар:
1 Экономикалық іс-әрекет саласында тұлғалар еркіндігі.
2 Азаматтардың жеке құқықтары мен еркіне кепілдік беріледі.
3 Жеке тұлғалардың құқықтары әрқашан құқық қорғау органдарымен қорғалып отырады.
4 Тұлға мен қоғамның дамуының обьективті қажеттілігін көрсететін заңдарға негізделеді.
Антидемократиялық тәртіп келесі жағдайлармен сипатталады:
1 Мемлекет өзінің құрамына кіретін әртүрлі басқару органдарының көмегімен жеке тұлғаны басып тастайды, құқықтарын қорғамайды және еркін дамуына кері әсерін тигізеді.
2 Барлық қоғамдық өмір саласына мемлекет қатаң бақылау жүргізеді.
3 Барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекетсіздендіреді.
4 Жеке тұлға өзінің субьективті құқықтарынан айырылады.
5 Мемлекет құқықтарын халыққа кері бағытта қолдана алады
1.3.Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді.Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келеді.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың қысқаша мазмұны келесідей:
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен тағы басқалар.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекет басшысына айналады. Отбасы басшысы - әке, мемлекет басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды(Фильмер, Михаиловский тағы басқалар).
Органикалық теоия – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV-III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс тағы басқалар. XIX ғ. ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамы да табиғаттың обьективті даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.Мемлекет Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғ.ғ. қалыптасты.Өкілдері:Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев тағы басқалар. Теория мазмұны адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау, т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, яғни зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қаишылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің конституциясына кіреді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг тағы басқалар. Теория мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді.Себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсаттарарды қорғауы. Кемшілігі – мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы қателіктері.
Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:
1 Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдарын, тәсілдерін көрсету.
2 Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту.
3 Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп басқарып отыру.Бюджеттің дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады.
4 Мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана – сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие және тағы да басқа мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
5 Экологиялық функция – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет.
6 Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы – қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, ғанибатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын, реттеп басқаратын мемлекет және оның органдары.
7 Қоғамдағы тәртіпті қоғау функциясы – бұл мемлекеттің органдары қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
8 Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарөынды түрде дамуына толық мумкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
1 Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. іс-әрекеттер жасау.
2 Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу.
3 Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру және т.б. жолдарын іздестіру.
4 Дүниежүзілік, ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары керек.
5 Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтті. Тарих ауқымын алғанда бұл – уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыт ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. 20 жыл бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж) мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайта түсті,билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр.Жыл өткен сайын ұлттық нарық толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексі қалыптасты. Қазақстан халықаралық нарыққа да жан-жақты араласуда.
Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі, БҰҰ-ның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.
Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көіңл-күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салалар да біршама күрделі жұмыстар атқарылды, Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына,тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайна, әлеуметтік тегіне, тұоғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар тендігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.
Адамдарды патриотизмге, азаматтылыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмейтін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жоқшылықты бастан кешіре білді.Келешекте біз де дағдарыстан шығып, экономика мен әлеуметтік жағдайды жақсартып, құқықтық демократиялық мемлекет орнатып, дамыған елдердің қатарында боламыз.