Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:21, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңызы қазіргі дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Мемлекеттік билік және басқару.
1.2. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.3.Мемлекет теориясының қалыптасуы және атқаратын қызметтері
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары
III. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ДАМЫТУ
3.1.Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
III. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажет екені айдан анық. Биліктің жұмыс істеуінің маңызды және қажетті шарты-ақпаратты алып беру, сараптау және оны тиімді пайдалану. Ақпараттық қызметтің, ресурстар мен бағдарламалық өнімдердің, Қазақстанның ақпараттың әуелетінің таралуына жасалған талдау олардың бөлінуінің біркелкі еместігін көрсетеді. Мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық қамтамасыз етілуі әлі де төменгі деңгейде қалып отыр. Мамандардың әртүрлі бағдарламасы бойынша басты қызметкерлер өзінің уақытының 30 пайыздан 80 пайызға дейінгісін ақпаратпен жұмыс істеуге жұмсайды. Сондықтан қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдаланудың нәтижелілігіне негізделген шешімдер қабылдау мен жүзеге асыру-мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің аса маңыздыалғы шарты болып табылады. АҚШ-та ақпараттық технологияны интенсивтендіру (қарқындандыру) жасанды интелект жүйесі негізінде мемлекет ішінде біртұтас ақпараттық – телекомуникациялық кеңістікті құрумен ілесе жүргізіледі. Мұндай процестер – Жапония , Германия, Канада, Англия және тағы басқа елдерде қарқын алуда.
Елімізде қабылданып жүрген елдің, өңірдің және жергілікті органдардың әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативті жоспары – бұрын қалыптасқан үрдістерді келешекке көшіріп пайдалануға негізделген инерциялы сипаттағы құжат болып қалуда. Өз кезеінде мемлекеттік, Республикалық және жергілікті бюджеттер олардың жекелеме бөлімдері мен баптары Парламент мен Үкімет арасындағы мәмілеге келудің нәтижелі болып табылатындығына қарамастан инерциялық алпатта болып келеді. Елдің даму жоспары мен бюджет сияқты аса маңызды құжаттар әзірлеудің мұндай тетігі іс жүзінде технологиялық қайта өндеудің барлық соңғы аяқтаушы кезеңіне және бүкіл әлемдік экономиканы қамтитын трансұлттық және мультипликациялық сипатта дамыған ұлттық бизнеске қолдары жеткен ұлттық экономикасы тұрақты қалыптасқан АҚШ,Жапония, Германия, Франция сияқты және басқа да ірі елдерге тән әлемдік экономикалық жүйеде өз орнын іздеуші, дамушы елдер қатарына жататын Қазақстан Республикасы үшін елімізге тиімді болып келетін, әлемдік даму үрдістеріне мезгілінде енуге мүмкіндік жасайтын шешімдер қабылдауда серпінді үрдіс қажет.
Әлемдік ақпараттың жүйе деңгейінде ашық ақпараттың жүйеге жатқызуға болатын дамыған биржалық және банктік ақпарат технологиялары, интернет ,трансұлттық пен өңірлік қоғамдастық комуникация болып табылады. Мемлекеттік және ведомстволық шешімдер қабылдау тәжірибесіндегі деректерді жинаудың және өңдеудің ұлттық компьютерлік жүйесі мен ақпараттық технологиясы әлемнің дамыған елдерінде жоғары дәрежеде. Мұндай жүйелерге, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияның «жаңа индустриалды елдері» ие. Олар компьютерлік және ақпараттық технологиялар салаларын құру процесінде шешім қабылдауға қажетті өздерінің ұлттық ақпараттық жүйелері жасалды.
Жан-жақты қамтып жатқан жаһандану және ырықтандыруы бар және ықпал мен мүдде салаларын қайта бөлуі бар жаңа әлемдік экономикалық тәртіп қалыптасып жатқан жағдайда ақпараттық ресурстар рөлінің күшеюі басымдыққа айналуда және оны қай елдің болмасын экономикалық дамудың мүмкіндігінше қамтамасыз ететін ұлттық ресурстар қатарына жатқызуға болады. Әлемдік, сонымен бірге Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік шешімдерді қабылдау үшін тиісті компьютерлік және ақпараттық технологияларды игеру – ел үшін жаңа бәсекелестік мүмкіндіктер бере алады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының болашақта маңызды шешімдер қабылдауы үшін ұлттық компьютерлік жүйенің құру саналы түрдегі қажеттілікке айналуда. Елдің, өңірлердің және жергілікті органдардың әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары, мемлекеттік, Республикалық және жергілікті бюджеттер сияқты негізгі құжаттарда әзірленген кезде әлемдік экономиканың деңгейіндегі ақпарат жинаудың, талдаудың және шешім қабылдаудың ақпараттық технология құралдары пайдалануға тиіс. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық және әлемдік экономикалық ортаның тқрақты мониторингтік деректерін пайдалану жолымен әлемдік экономика процестерінің шапшаң ахуалдық талдауы мен бұл болжамын барынша ескеру негізінде, сонымен қатар әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің сандық мөлшерін әзірлеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін ұлттық компьютерлік үлгіні жасау қажеті туындап отыр.
Біртұтас ақпараттық кеңістік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың маңызды кезеңі – мемлекеттік ақпарат үшін басымдылықтарды анықтау болып табылады. Мемлекеттік ақпарат нормативтік құжаттар, басқару шешімін және әрекеттер үшін негіз ретінде қызмет етеді. Ол әкімшілік саяси шешімінің оңтайлысын таңдауды анықтаудың тікелей себебі болып табылады. Дамудың қазіргі кезеңінде мемлекеттік ақпараттың басымдылықтарына келесілерді жатқызуға болады: құқықтық ақпарат, мемлекеттік билік органдарының қызметі жөніндегі ақпарат, төтенше жағдайлар, қауіпті табиғи құбылыстар туралы ақпарат мемлекеттің мәдени мұрасын сақтау мен пайдалану туралы ақпарат, мемлекеттік статистика органдарының ақпарат.
Мемлекеттік билік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету – басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз болатын өнделген ақпарат алынуы талап етеді. Бұл мақсатқа жету алғашқы ақпаратты жинау, оны сақтау, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен олардың қызметкерлердің арасында бөлу, өңдеуге даярлау, басқару орнына өңделген түрде беру,талдау сияқты міндеттерді шешуден тұрады.
Осы заманғы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті БҰҰ негізгі құжаттарында белгіленген. Мәселен, 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан адамның табиғи мүддесі мемлекет мүддесінен басым деген іргенлі тезис туындайды.
Көптеген бір ұлтты және көп қоғамдардың құрылуының ,дамуының,гүлденуі мен күйреуінің сан ғасырлық әлемдік тарихи тәжірибесі мемлекет пен мемлекеттік басқару күрделі құбылыс екенінің, бұл құбылыстың көптеген елдерде аяғына дейін жеткілікті зерттеліп, зерделенбегенінің айғағы. Көптеген дамушы елдерде өкімет құрылымдары мемлекеттік басқаруды көбіне тар мағынада байыптап, оны ұлттық саясаттың өрісі деп біледі, соның салдарынан болымсыз әлеуметтік нәтижелерді, адамдардың төмен тұрмыс деңгейі, экономикадағы сәтсіздіктер қарадүрсін- оппозицияның немесе сыртқы жаулардың, тіпті жекелеген шенеуніктердің қаскөйлік әрекеттерінің салдары деп түсіндіріледі. Осы заманғы мемлекетті жіктеу мен сипаттау өлшемдерін зерттеу жаңа ғасыр мемлекеттің табиғаты едәуір күрделі деуге негіз береді.
Біріншеден, мемлекет сыртқы аренада ұлттық егемендіктің иесі болып, сыртқы қатынастарға және құқықтық реттеуге монополиялық құқығын іске асырады.
Екіншіден, мемлекет ел азаматтарының саяси бірігуінің пошымы ретінде көрінеді. Сонымен қатар демократиялық қоғамдарда халықтың егемендігі де танылады, ол елдің ішкі өмірінде көрінеді.көптегенелдердің конституцияларында елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық және оған тән ерекше құқықтар қорғалған деген принципті қағида бекітілген.
Үшіншіден, мемлекет қоғамның істерін жария басқарудың субъектілерінің бірі болып табылады, сондықтан мемлекеттік басқарумен бірге қоғамдық басқару да жұмыс істеуге тиісті.
Төртіншіден, мемлекет қоғамдағы заңдық мекеме қызметін атқарады.
Осы заманғы дүниеде мемлекеттік басқарудың жеті үлгісі бар деп есептеледі, олар табиғи, климаттық, демографиялық және басқа да параметрлерді ескере отырып жүргізілген зерттеулер мен эксперименттер негізінде тұжырымдалған. Мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесін жіктеу өлшемі ретінде оларды қалыптастыру негізіне алынған мемлекеттік басқару теориясын яки тұжырымдамасы алынады. Атап айтқанда, әлемде мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесін ұйымдастырудың бес негізгі тұжырымдамасы бар.
Біріншеден, барлық жүйелердің ең қарапайыми – либералдық тұжырымдамаға негізделген мемлекеттік басқару жүйесі. Бұл жүйе ұлттық (мемлекеттік ) меншікті барынша жекешелендірумен, азаматтарға мемлекеттердің әлеуметтік қызметі мен көмегін, сондай-ақ мемлекеттік басқару сонымен бірге мемлекеттік құрылымдардың азаматтар аолдындағы жауапкершілігін азайтумен ерекшеленеді.
Екіншіден, мемлекеттік басқарудың неолибералдық тұжырымдамасының либералдық тұжырымдамадан айырмашылығы, мұнда, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, негізгі шаруашылық жүргізуші субьектілердің, сондай-ақ азаматтық қоғамның кейбір субьектілерінің қызметін, құқықтық реттеудің неғұрлым баянды да әділетті режимі жасалады.
Үшінші, мемлекеттік басқарудың социалистік тұжырымдамасының ерекшелігі – іс-жүзінде барлық табиғи, қаржы және басқа ресуртар мен шаруашылық жүргізудің негізгі обьектілері демократиялық мемлекет иелігінде болады. Бұл тұжырымдама меншіктің қоғам мен экономика салаларының негізгі аясының дамытылуын мемлекеттік жоспарлаудың үстемдігін мойындайды. Социалистік мемлекеттік басқару тұсында мемлекет барлық басқару дауларын шешудің құқықтық реттелуін және сот тәртібін қамтамасыз етеді, бірақ мұнда нарықтық қатынастар дамымайды.бұл тұжырымдама басшылыққа алынғанда азаматтық қоғам институттары мемлекеттік басқару құрылымдарын қалыптастыру және қызмет нәтижесіне бақылауды қамтамасыз ету процесінде елеулі рөл атқарады. Бірақ қазіргі кезде шетелдік ғалымдарда КСРО-да мемлекеттік басқарудың шынайы социалистік тұжырымдамасымен үйлеспейтін мемлекеттік басқарудың комунистік жүйесінің бір буданы болды деген пікірде бар. Мұндай пікірдің жақтастары мемлекеттік басқарудың кеңестік будан жүйесінде құқықты барлық деңгейдегі партия органдарының толып жатқан шешімдері алмастырды, сондықтан басқарушылық қатынастарын реттеудегі құқық пен соттардың рөлі елеусіз болды деп санайды.Сөйтіп бейбіт заманда елде біртіндеп мемлекеттік құрылымдар есебінде қосып жазу, сапалы тауарлар мен қызмет көрсетудегі тапшылық, жемқорлық, орталық органдардың саяси мафиялары, партиялық және мемлекеттік басқару институттарына сот жүйесіне құқыққа азаматтардың күдікпен қарауы сияқты теріс әлеуметтік құбылыстар етек алды. Қысқасы батыс сарапшыларының пікірі бойынша Кеңес Одағында мемлекеттік басқарудың шынайы социалистік жүйесі болған жоқ. Әлемде қолданылатын төртінші мемлекеттік басқару тұжырымдамасын аралас деп атайды, өйткені онда социалистікте , неолибералдықта тұжырымдамалардың элементтері барынша ескерілген бұл тұжырымдама бойынша қазіргі кезде Қытайдың Араб шығысының көптеген елдерінің, Оңтүстік Кореяның Египеттің және басқа елдердің мемлекеттік басқару жүйелері дамуда.
Мемлекеттік басқарудың бесінші тұжырымдамасы ретінде шетелдік ғылыми ортада соңғы кезде мемлекеттік басқарудың өзіне қаптал жететін версиясы аталатын тұжырымдамасын бөліп қарайды. Бұл тұжырымдаманың негізіне сарапшылар жаңғырту кезеңінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың белоруссиялық тәсілін алған. Белоруссь Президенті А.Лукашенко бұл тұжырымдаманы былай сипаттайды:
Мемлекет қиын уақытта халықтың басым көпшілігінің мүддесін сенімді қорғай алатын болса ғана өзінің өркениетті ел деп санай алады. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің рөлі экономикада жүріп жатқан барлық процестерді тиімді бақылау мен реттеуде саяды. Белоруссь үлгісі болжам мен жоспарлауды жоққа шығармайды. Біз реформаны өзгерістердің эволюциялық жолы деп білеміз. Бұл үлгі әлеуметтік жағынан бағдарланаған, көп уклатты базар экономикасы қалыптастыруды көздейді, онда мемлекеттік және жекеменшік тең құқықпен жұмыс істейді, шаруашылықты жүргізуді әртүрлі:акционерлік, ұжымдық, арендалық және басқа пошындары болады . Шетелдік сарапшылар бұл тұжырымды Белоруссьта экономикалық тұрақтануда, және жалпы ішкі өнімнің өсуіне жол ашты деп санайды. 1999 жылы мамырда ол 5 пайызға жетіп 1990 жыл деңгейінің 83 пайзына жетті.
Жаңа мыңжылдықта, жаппай ақпараттандыру, адам мен азаматтың жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде – мемлекеттік басқару жүйесі елдің азаматтары жөнінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап айтқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тиіс. Алдағы жаһандасу жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен рөлі күрделене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашанда оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала береді.
Қазіргі кезде әлемде әртүрлі тұжырымдамалар ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың, оған баға берудің және жетілдірудің әртүрлі жолдары да қолданылады. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының қызметін бағалаған кезде әлемде әртүрлі өлшемдер пайдаланады. Атап айтқанда «процестік және жемістілік өлшемдері ойдағыдай қолданылады.
Мемлекеттік аппарат қызметке баға берудегі процестік жол әдетте басқарудың авторитарлық немесе демократиялық емес режимі қолданылатын елдерде, яғни мемлекеттік басқарушылық құрылымдары бірінші кезектебилік жүргізуші авторитарлық режим жүйесін сақтауды міндет санайтын елдерде қолданылады. Бұл жолдың ерекшелігі мынада. Мемлекеттік басқарудың бюрократтық аппараты әрқашан халыққа өзінің толассыз қызметін көрсетуге тырысады. Мұнда мемлекеттік басқару оргондарының жұмысын тек жоғары тұрған құрылымдар бағалап, бұл орайда жоғары тұрған басшылардың әр түрлі тапсырмаларын төмендегі шенеуніктердің мезгілінде орындауы, бекітілген график бойынша әртүрлі басқару құжаттарын немесе актілерін қабылдау, жоғары тұрған құрылымдар үшін әртүлі шараларды әзірлеу, жұмысты ұйымдастыру жоспарының мазмұны,өткізілген кеңестер, кездесулер және басқа басқару процедуралары сияқтыөлшемдер бойынша бағалайды.
Мемлекеттік басқаруға баға берудің жемістілік өлшемі мемлекет салық төлеушілер мен сайлаушылар ретінде азаматтарға қызмет көрсетуге міндетті көптеген демократиялық елдерде орын алып отыр. Бұл жол қолданылған кезде мемлекеттік басқару органдарына бағаны азаматтық қоғам институттары, яғни азаматтардың әртүлі бірлестіктері, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтардың өкілдікті демократиялық органдары береді. Мемлекеттік басқару құрылымдарының жұмысы азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін көшедегі қауіпсіздік, экологияның жай-күйі, көшелердің тазалығы, жақсы жолдар, таза сумен сапалы қамтамасыз ету, базарларда сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы және көптеген басқа практикалық өлшемдер бойынша бағаланады.