Бизнес этикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 13:55, реферат

Краткое описание

Осы оқу құралында келесі жағдайлар қарастырылады: бизнес этикасы тәжірибе, ғылым, өнер ретінде; бизнес этикасының ғылым ретінде дамуы – оның негізгі концепциялар мен қазіргі кездегі тұжырымдамалар; іскерлі қатынастардың процесінің толық айналымы; этикеттің негізгі түсініктері; басқару әдісі; этика деңгейлері; басқару принциптері; этика табыстарының өлшемдері.
Бизнес этикасы - ең жас ғылымын саласының бiрi. Бизнес әдебi кәсiби әдепке жатады. Кәсiби әдеп белгiлi қызмет түрлерiне тән нормаларды, стандарттарды өндiредi.
Бизнес этикасы - бұл қарым-қатынас түрiн жазатын тәртiп кодексi. Кәсiпкерлердiң өз мiндеттерiн осы немесе басқа салада орындаулары олардың көзқарасы бойынша ең жақсы болып көрсетiледi. Әдеп ортасында мораль тұр, немесе өнегелiк қарым-қатынас жүйесi, әрекет мотивтерi, сезiм және ақыл-ой.Бұл жүйелер адамдардың ұжымдағы қарым-қатынастарын және қылықтарын қарым-қатынас шектерiн анықтайды.
Бизнес этикасы экономистер мен менеджерлердi дайындауда ажырағысыз бөлiгi болуы керек.
Келешекке қызмет ететiн кәсiпкерлерге олар өздерi және олардың серiктестерi мораль нормаларын ұстану туралы ойлану қажет. Оқытудың мақсаты - болашақ мамандарға этика бизнесiнiң саласында теориялық және тәжiрбиелiк дағды бiлiмдерiн беру.
Курстың негiзгi мiндетi болып - дәстүрлер мен ережелер арқылы бекiтiлген нарықтық заңдылыққа байланысты берiлген сөзге нәтижелi, әдiл ашық түрде қызмет ететiн бизнес әдебiнiң сұрақтарын iскер әдеп ретiнде қарастыру болып табылады. Сонымен қоса, курстың мiндетiне өндiрiстiк iс әрекеттiң әдептiлiк мәнiн ашу жатады, мұнда келесi сұрақтар қарастырылады: қазiргi бизнес әдебiнiң тұжырымдамасы, әдептiлiк кодекс түсiнiгi, бизнестегi мораль және жауапкершiлiк түсiнiктерi, басқару әдебiнiң ерекшелiгiн оқып үйрену, iскер байланыс әдебi, сонымен қатар бизнестiң қоғам алдындағы әлеуметтiк жауапкершiлiгi, әдеп пен әдептiлiктiң өндiрiстiк iс әрекеттi нәтижелi орындауға әсер етедi.
Студент курс алғаннан кейiн бiлуi қажет:
- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң өзара тәртiп мәселелерi және әдеп ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;
- бизнес этикасы компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және қоғам арасындағы, фирма арасындағы қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар арасындағы iскерлiк байланыстарды реттейдi;
- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.
Белгiлi курсты оқытудың нәтижесiн алу кезiндегi маңызды дағды ең аз экономикалық және кадрлық бәсекелес шығынында адекватты, әдептi, әсерлi, басқарушы шешiмдер, кәсiпорынның ұзақ уақыт өмiр сүруiне мүмкiндiк беру болып табылады.
Тақырыптамалық жоспар
Бизнес этикасының негізгі түсініктері. Ғылыми пәндердің арасында бизнес этикасының алатын орны.
Бизнес этикасы пәні.
Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары.
Кәсіпкердің этикалық заңдар жинағы. Кәсіпкердің қоғамдық санасы.
Этиканың заңдар жинағы мен сапалы іскерліктердің концепциясы.
Іскерлі қатынастардың этикасы.
Корпоративтік этика.
Тақырып Әкімшілік (басқармалы) этика.
Кәсіби этика.
Микро және макроэтика

Файлы: 1 файл

143_tulegenov_a._r._biznes_etikasi.doc

— 302.00 Кб (Скачать)

Рет (тәртіп). Рет мағынада барлық жұмысшының өз орны бар, ол өз орнында  болу тиіс, сол сияқты әр бір заттың да орны бар.

Қызметкерлердің тұрақтылығы. Тәжірибе көрсеткенде кадрлардың ағымы жұмыс тиімділігі мен өнімділігін төмендетеді. Өз орнын сақтағысы келетін қарапайым басшы, келіп кеткен білімді менеджерлерден жүз жерлен  артық.

Инициатива. Бұл дегеніміз, жоспарды құру мен оны іске асыруды өз қолына алу дегенді білдіреді. Ол өз уақытында кәсіпорынға күш береді.

Инициативаны кәсіпорында  дамыту үшін қызметкерлерге кейде өз бетінше жұмыс істеп бақылауды  шамамен қысқарту кажет. Сонда ғана ло өз нәтижесін бере бастайды.

Корпоративті рухы. Одақ-ол күш. Ол кәсіпкерлердің бірлігі нәтижесінде  ғана пайда болады.

Басқа принциптерге америкалық ғалымдар М. Мескон, М. Альберт және Ф. Хедоури назар аударады (1996ж.).

Кәсіпкерлік шаблондарға  қарама-қарсы менеджмент және кәсіпкерлік-бұл өнер,  ал әрбір өнердің бастапқы нүктесі-өнерлік фантазия. Өнерлік тәсілдің мағынасыө пайда болған тәжірибенің негізінде жаңа комбинацияларды реұйымдастыру.

Өнер белгілі бір  жаңалықтың құрылуына, яғни бұрын болмаған жаңалықты тудырады.

 

 

 

Кесте 3 - Персонал менеджментінің базалық принциптері

 

Принциптері

Принциптердің мәні

1

2

Ғылыми дәйектеме

Бұл қазіргі заман  ғылымының жетістіктерін кадрлық  саясат пен әлем тәжірибесінің кадрлық  менеджментінде қолдануын көздейді.

Экономикалық

Бұл нақты қаржы мүмкіндігін  есептеу, себебі әрбір еңбек күші белгілі бір шығындарды қажет  етеді.

Мақсаттық

Мақсаттың таңдауы мен  қалыптасуы – басқарушылық әсерінің алғашқы қадамы.

Теория мен тәжірибенің  бірлігі

Әрбір басқарушылық шешім  менеджменттің принциптері мен тәсілдеріне сай болу керек және бір шешімге келуі керек.

Демократиялық

Кадрлар мәселесі жөнінде  орталықтанған шешімдер әділетті болуы шарт.

Жоспарлық

Дайындау, қайта дайындау, мамандануының жоғарылауы, кадрларды кәсіпорынның дамуындағы экономикалық және әлеуметтік жоспармен сәйкестілігі.

Теңділік

Жұмысқа қабылдау кезіндегі  қызметкерлердің жыныс, жас, нәсіл, ұлт, дін бойынша шектеулілік  енгізу.

Кадрларды таңдау және орнықтыру.

Бұл қызметкер адамның  өзінің қызмет ету орнына кәсіби, іскерлік қабілеттілік, білім мен тәжірибе бойынша сай келуі.

Болжаулық

Кадрларды олардың болжаулары бойыншаорнықтыру.

Икемділік

Бір жағынан бұл тұрақтылық, ол қызметкерлердің белгілі бір  күтімді жағдайы, ал екінші жағынан  кәсіпорындағы саясат пен экономикалық жағдайындағы өзгертулер.

Заңдылық

Бұл мемлекеттік нормалар мен талаптарға сәйкестілік.


 

Қазіргі заманғы ғалымдардың  пікірінше төмендегідей басқару  принциптері болады:

1) нәтижелі менеджмент  үшін жауапкершеліктің негізі;

2) төменнен жоғарыға, жорарыдан төменге  көлденең өтетін комуникациялар;

3) қоршаған факторлардың  өзгеруіне мерзімді реакциясы;

4) адамдарды қанағаттандыратын  жұмыс істеу тәсілдерін құру;

5) менеджердің тыңдай  білу қасиеті;

6) кәсіпкерлік этикасы;

7) адамдарға сенімділік  менеджердің фунламентальды негізі болып табылатын: сапа, шығын, қызмет ету, ұйымдастыру, яғни оның қандай болу керек екендігін елестете білу;

8) жеке жұмыстың сапасы  өзгеруі.

Ұйымның даму тарихында  жұмыс істейтін Адамның түрлі  стереотиптері, экономды адам, функционалды адам,психологиялық адам,этикалық адам, психосараптама теориясы, оқыту теориясы (өзіне қатынасты моральдік тұрғыдан бағалайтын және өзіде басқа адамдарға қатынасы да олардын қатынасынан құралады).

Осы төрт стереотиптер персонал мінез-құлқында және санасында бірігіп, жұмыс істейтін адамның жағдайын анықтайтын ұйымдық мінез-құлықтың төрт сегментін құрайды: ригористикалық (қызмет міндетіне бағыну); автономды (ұйымдық маневр еркіндігі); мобилизациялық (жұмысқа психологиялық дайындық); прессингтік (кеңістікте және уақытта жұмыс операцияларына бағыныштылық).

Әлеуметтік топтармен  жұмыс олардың тұлғасын құраушыларымен жұмыста негізделген. Бірақ тұтас  топтың мінез-құлық заңдарын, оның пайда  болу себебін, динамикасын, мүшелер  мінез-құлқына әсерін түсіну қажет.

Адамдарды танып, олармен жұмыс істейтін қазіргі менеджерге ыңғайлы психологиялық мектептер, теориялар және концепциялар бар.

Психосараптама теориясы (Зигмунд Фрейд). Психосараптама екі  негізгі гипотезалардан негізделген. Біріншісінде әр психологиялық құбылыстын өзінде белгілі бір себебі болады.

Екінші негізгі психосараптама гипотезасында: санасыз процесстер саналылыққа қарағанда ойлау  мен мінез-құлықтың құрылуында маңызды  рөл атқарады.

Оқыту теориясы.

И.П.Павлов (шартты рефлекстерді зерттеді), У.Бродеса (белгілі бір ынтамен қайтарымды реакция арасында байланыс бар). Оқыту теориясы персоналдың тілектелінетін мінез-құлқын құруға және тілекті емесін жоюға қолдану қажет.

Хорс Рюкле мінез-құлықтың келесі түрлерін ашады:

- инстинктік мінез-құлық;

- алынған мінез-құлық;

- адекватты және адекватсыз мінез-құлық;

- символды мінез-құлық;

- агрессивті мінез-құлық.

Еңбек қор ұжым – қоғамның бастапқы ұяшығын, әлеуметтік құрлымның  элементі болып табылатын әлеуметтік топ.

Ұжым басшысы алдында  туындайтын мәселе ол: қиың өндірістік және әлеуметтік міндеттердібірігіп және тиімді шешетін, ойлары бір ұжымды әр-түрлі адамдардан ұйымдастыру. Сөз біріккен ұжым туралы жүруде.

Біріккен ұжымды келесі ерекшеліктер айрықшалындырады: оның мүшелерінің сезімдері мен тілектерінің жалпылығы, бірге болуға ұмтылыс, бірге еңбек ету, жалпы топтық нормалардың, құндылықтарының және жалпы міндеттерінің болуы; ұжым мүшелеріне тәрбиелі әсер ету мүмкіндігі, кез-келген жағдайдағы тәртіпке салынғандығы, өзар жауапкершілік және озара көмек сезімдері.

 

Негізгі сұрақтар

 

1 Басқарма әдебінің принцптері, мақсаты, міндеті,мәні.

2 Басшы мен бағынушы адамдардың  өзара қарым-қатынасының механизмі  мен әдіс-тәсілі.

3 Ұжымды әлеуметті психологиялық  климатты жақсарту әдісі.

4  Басшы мінезі – озаттық,  ұжыммен жұмыс істеу.

5 Жетекшілік түрлері.

 

7 Кәсіби этика

 

Кәсiби әдеп түсiнiгi және оның мазмұны. Қарым қатынас тәртiбi. Әдептiң негiзгi бiрегейлi талаптары. Кәсiби әдеп элементтерi. Адамдардың бағалы бағдарлаулар қызметiнiң  тектес байланыстары.

Кәсiби әдептiң шығуын анықтау - бұл қоғам еңбегiн бөлу мен кәсiптiң  пайда болу  мораль талаптарының өзара байланыстарын қадағалау.

Көп жыл бұрын бұл  мәселелерге Аристотель, одан кейiн  Кант, Дюркгейм көңiл аударған. Олар  қоғам принциптерiнiң  моральiмен  бiрге қоғам еңбегiнiң өзара  байланыстарын бөлу туралы айтқан. Бiрiншi рет бұл   мәселелердiң материалдық негiздеуiн К.Маркс және Ф. Энгельс бердi.

Алғашқы кәсiби әдеп кодексiнiң  шығуы 11-12 ғ.ғ. орта ғасыр  цехтарының  еңбек  кәсiбiнiң  бөлiну кезеңiне жатады. Қоғамның барлық мүшелерi үшiн өмiрлiк ең маңызды  мамандық қатары  ежелгi дәуiрде пайда болды, сондықтан мынадай «Гиппократ анты» сияқты кәсiби-әдеп кодексi өнегелi белгiлеу, сот қызметiн орындау  өте ертеден белгiлi. Кәсiби әдеп - ол адамның өз кәсiби борышына деген қарым қатынасын анықтайтын мораль жиынтығының нормасы.

Адамдардың еңбек сферасындағы өнегелi қарым қатынасын кәсiби әдеп реттейдi. Кәсiби әдеп мазмұнына адамдар  арасындағы  өнегелi өзара қарым  қатынастың анық  түрлерiн жазатын  және белгiлi кодекстер әдiстерiн  негiздейтiн кодекс тәртiбi жатады.

Кәсiби әдеп оқытады:

- еңбек ұжымының және әр маманның жекелей  қарым қатынасын;

- кәсiби борыштын жақсы орындалуын қамтамасыз ететiн маманның жекелей өнеге сапасын;

- ішкi  кәсiби ұжымдардағы өзара  қарым қатынас және  белгiлi кәсiпке тән   спецификалық өнеге нормалары;

- кәсiби тәрбиенiң ерекшелiктерi.

Кәсiби  әдептiң негiзгi түрлерi болып: дәрiгшерлiк әдеп, педагогикалық  әдеп, ғалым, суретшi, кәсiпкер, инженер  әдебi және т.б. табылады. Кәсiби әдептiң  әр түрi қызмет кәсiбiнiң  ерекшелiктерiмен анықталады, мораль саласында өзiнiң спецификалық талаптарына ие.

Кәсiби әдептiң бастапқы түсiнiгi кәсiби борыш түсiнiгiне жатады, онда мұғалiм мен дәрiгердiң, заңгердiң  және  әскери  қызметкердiң және т.б. қызмет мiндеттерi толығымен  айқын бекiтiлген.

Сондай-ақ мынадай  түсiнiктердi  кәсiби ар және кәсiби қадiр қасиеттi  белгiлеу қажет. Кәсiби ар  түсiнiгiнде, қоғам өмiрiнде сол және басқа  мамандықтың маңыздыбағасы көрiнедi.

Барлық мамандық қатары ( мұғалiм, заңгер, басшы т.б.) кәсiби өнегелiк  кәсiби әдiлдiк түсiнiгiн  енгiзедi.

Кәсiби мораль принпi ең алдымен  әрбiр кәсiби әдепке  гуманизм   принпi   бастапқы болып табылады, яғни әр адамзаттың жеке басына  сыйластық  қарым қатынасы, оның қайталанбаушылығын, өз  молшылығының құндылығын түсiну. Гуманизм  принципiмен оптимизм принципi қиылысады. Әрбiр қызмет негiзiнен адамға тiкелей жолданған қызмет, жоғары  идеямен жандандырылған болуы керек. Сондықтан  кәсiби  әдеп өзiне патриоттық  принциптi қосуы қажет.

Медицина әдебiнiң өзiндiк  ерекшелiгi оның барлық нормалары, принциптерi және бағалары  адам денсаулығына, оның жақсаруымен сақталуына бағдарланған. Бұл нормалар  алғашқыда Гиппорат антында бекiтiлген, ол медицина  кодексiнiң басқа кәсiби- моральдарының жiберуi негiзгi болып құрылды.

Мысалы, 1947 жылы пайда болған. Әлемдiк медицина ассоцияциясы өз қызметiн Гиппократ антының қазiргi нұсқасы «Женевиялық декларациясы».

«Женевиялық деклорация» - медицинадағы гуманистiк идеальдың  негiзiн салу рөлiн бекiтiп қана қоймай,сондықтан идеологиялық диктат саяси тәртiптiң  медициналық мамандардың тәуелсiз моральдық әдеп кепiлдiгi болды.

Медициналық  әдеп  ежелгі  кәсіби  әдеп  түрлерінің  бірі.  Әрине  ол  алғашқыда  теориялық  ғылым  ретінде  пайда  болған  жоқ,  ол  дәрігер  жауапкершілігінің  кодифицирленген  жүйесі  ретінде,  оның  науқас  алдындағы  міндеті,  іс  әрекет  ережелері  ретінде  пайда  болды.  Оның  пайда  болуы  медицинаның  тууымен  сәйкес  келеді - Ежелгі  Вавилонда  және  Үндістанда  Ведейлік  дәуірлерде де  3000  жыл  бұрын  дәрігерлер  медицина  әдебінің  кодексін  ұстанған.

Әрқашан  шыдамды,

Ұқыпты,  сыпайы бол.

Жұмысты  ойдын  бітімді 

логикасына  бағындыр.

Жәбірленуші  талап  етпей,

өзін  үшін  еш игіліксіз,

науқасты  тірілтуге  көмектес - деп ежелгi үндi медицинасында айтылқан.

Бүгiнгi күнге дейiн  дәрiгерлiкке арнауда студенттер ежелгi кәсiби  әдеп  кодексiн қайталайды-Гиппократ  антын: дәрiгерлiк етушi Аполонмен, және Асклепимен, және Гигимен, және Панациямен,  барлық  құдай алла тағалалармен ант етемiн, оларды  өз антыма адал болуыма және өзiм қойған  шартқа өзiмнiң барлық ойларыма және оған бар күшiмдi  салуға куәгер болуға шақырамын.Менi осы өнерге үйреткендердiң барлығын есiмде сақтаймын, егер де сауап талап етпей оны қабылдағылары келсе; ауызша және жазбаша  ғибраттамаларды  жiберiп  отырамын, сондай-ақ басқа да  бiлiм түрлерiн өзiмнiң балаларыма,  дәл солай өзiмнiң оқытушымның балаларына, және басқа оқушыларға, адал және пайдалы болуға ант еткендерге, бiрақ басқа ешкiмге.

Науқас  адамдарға  көмек беру үшiн өзiмнiң барлық күш жiгерiмдi жұмсаймын және әдiлетсiздiк пен зиян келтiруге қарсы тұрамын. Ешкiмге өздерi сұрап тұрса да өлiмге апаратын дәрi дәрмек ұсынбаймын, сондай-ақ  жүктi әйелдердi  абортқа дейiн жiбермеймiн. Өз өмiрiмдi  және өз өнерiмдi тазалық пен адалдықта сақтаймын. Бүйрек-тасты ауруымен ауыратындарға  операция жасамаймын, бiрақ оны жеңiлдетiлген тәжiрбиеде қолданамын. Барлық жағдайда әдiлетсiздiк пен  зияндықтан сақтауда  басы бос және құлдықтағы әйелдер мен  еркектердiң дене  бiтiмдерiнiң қозу ерекшелiктерiнде науқасқа көмекке келемiн. Егер мен адамдармен қарым қатынас жасауда мамандығыма байланысты немесе басқаша түрде  жария етiп айтуға  болмайтын  бiр нәрсе естiп, көрiп қалсам оны қасиеттi құпияда сақтаймын. Егер осы антыма адал  болсам және қорлыққа түспесем, онда маған өмiрдiң ең жақсысы өнер мен өмiрлiк ар жiберiлсiн.

Егер де өз антымды  бұзсам  масқаралық пен қорлыққа жабылайын.

Қоғам мен медицинаның  дамуы медицина саласының әдебi соңғы  екi мың жылдықта өзгерiссiз қалған жоқ. Медицина әдебiнiң деонтологиялық, биоэтикалық жоғарғы қызығушылық, мәселелерiне медицина құқығы қазiргi кезде мамандар айтуы бойынша бiр жағынан биология мен медицина процесi бойынша және екiншi жағынан-адам құқығының кеңеюiмен байланысты.

Дәрiгер iсiнiң тарихында  ғалымдар медицина әдебiнiң екi модельiн бөледi: Гиппократ  кезiнде болған классикалық, және қазiргi.

Классикалық модель мораль реттеуiнiң негiзгi төрт обьектiсiн  қосады:

1) дәрiгерлiк құпия; 

2) жүктiлiктiң үзiлуi;

3) эвтаназио; 

4) науқас игiлiгi.

Қазiргi құрылып жатқан модель шартында адам өмiрi мен денсаулығына байланысты дәрiгерлерге кездесетiн жағдайлардың белгiлi түрде қиындауы тәуекелдi қателiк шешiмдердiң  техникалық деңгейi өлшемсiз өстi.

Информация о работе Бизнес этикасы