Банк маркетингінің түсінігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:23, курсовая работа

Краткое описание

Банк маркетингін банктің алдын ала қойылған мақсатқа белгілі бір мезетте жетуіне ықпал ететін басқару саласы, банктің философиясы мен стратегиясы деп анықтаймыз. Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.
Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Файлы: 1 файл

Bank_marketingini_1187_t_1199_sinigi_men_m_1241.docx

— 350.06 Кб (Скачать)
  1. Банк маркетингінің түсінігі мен мәні

 

Банк  маркетингін банктің алдын ала қойылған мақсатқа белгілі бір мезетте жетуіне ықпал ететін басқару саласы, банктің философиясы мен стратегиясы деп анықтаймыз. Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты  түрде өсіріп отыру, клиентураны  тарту, өз қызметтерін өткізудің  салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты  болып табылады. Бүгінгі таңда  банктің әрбір басшысы мен  әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы  керек. Банктің барлық персоналы  қаржылық қызметтерді өткізетін  сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы  маркетинг несие ресурстарының  нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, және осы базада банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттердң тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға  септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банк саласында  салымшылардың санын арттыруды  ғана көздемейтін, сонымен бірге  қызмет көрсетудің сапасын ұдайы  жақсартып отыруды мақсат тұтатын  біріктірілген маркетинг басымдыққы ие болып келеді.

Банк саласындағы  маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға күрделі емес, сонымен қатар олар таратылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі – банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі – банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға – табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты  ұтымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінгі маркетинг  – бұл тиянақты дайындауды, терең  әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын  қажет ететін банктің стратегиясы  мен философиясы.

Банктер ең алдымен  өз қніміне емес, клиенттердің нақты  қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге –  шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп  отыратын талғамдарын және олардың  қандай қызмет түріне артықшылық беретінін  талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете  бәлу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Банк маркетингінің міндеттері, мақсаттары және принциптері

 

Банк міндеттерінен  банктегі маркетингтің келесі міндеттерін атап көрсетуге болады:

1. Банк қызметін  стратегиялық жəне жедел жоспарлаудың  тиімді жүйесін құру.

2. Бүкіл рыноктық  көрсеткіштер бойынша маркетингтік  зерттеулер жүргізу, бəсекелестерді, клиенттерді жəне іскерлік əріптестерді  жан жақты талдау жəне зерттеу.

3. Банк көрсететін  барлық қызметтердің көлемі, құрылымы  жəне сапасы бойынша клиенттердің  қажеттілігін максималды қанағаттандыру. Бұл іскерлік қарым қатынастарға  тұрақтылық орнатады.

4. Банк өнімі  саясатын жетілдіру, маркетинг  кешенін құру жəне дамыту, берілген  шектерде, уақытта жəне қолдағы  бар қаражаттардың, сондай ақ  өндіріс мүмкіндітерінін шегінде  пайда алу жəне жоспарланған  рынок үлесін жаулап алу.

5. Банк ұжымының  коммерциялық, ұйымдық жəне əлеуметтік  мəселелерін кешенді шешу.

6. Банктің тиімді  коммуникативті саясатын дамыту, банк имиджін құрастыру.

7. Банкте əр  уақытта маркетинг қызметін бақылау  жəне аудит жасау отыру керек.

      Банк маркетингінің қағидалары келесідей:

  • * Тұтынушыға жəне клиентті танып білуге бейімделу;
  • * Рыноктық жағдайларға енжар бейімделуден қызметтерге сұранысты белсенді қалыптастыруға ауысу;
  • * Рынокта мүмкін болатын жағдайларды алдын ала болжамдауға тырысу жəне тəуекелдіктерді қарастыру;
  • * Жоспарланбаған уақытта шешімдерді қабылдау, мүмкін болатын проблемаларды табу;
  • * Ұзақ мерзімді коммерциялық табысқа жетуге күшті сала отырып, қызметтерді тез жəне тиімді өткізу;
  • * Банк өндіре алатын қызметтерді сатуға тырыспай, өткізілетін қызметтерді ғана өндіруі қажет.

Банк маркетингісінің  негізгі мақсаттары:

  1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
  2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
  3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
  4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың  рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг  банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болады.

Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін»  дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің  айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен – клиент пайдасы, содан кейін – банк мүддесі. Клиентке бағдарлану – жетістікке жеткізетін басты фактор.

 

3)Банк қызметіндегі коммуникацияның негізгі түрі ретіндегі жеке сатулар

 

Банк өнімін таратудың  басты əдісі — жеке сатулар, оның барысында банк менеджері клиентті сол банктің қызметтерін тұтынуға сендіруі тиіс. Персоналды менеджерлер клиенттермен сенімді байланыс орнатуы тиіс.Ол клиенттермен ұзақ жəне тез байланыс болуы арқылы, нақты жəнеуақтылы берген уəделерін орындау арқылы, сондай-ақ пайда болғанмəселелерді тез жəне тиімді шешу арқылы мүмкін болады. Бұл жағдайда менеджерге ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялар саласындағы қол жетістіктер көмектеседі. Клиентпен жеке қарым-қатынас жасау арқылы табысқа жетуге болады, себебі ол клиенттің қажеттіліктерін анықтауға, оның психологиясын ескеруге жəне алынған ақпаратқа сəйкес өзінің мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік береді.

Іскерлік  этикеттің негізгі ережелері  мен элементтері

Этикет — адамның  қоғамдағы мінез-құлқы мəдениетін реттейтін

нормалар мен  салттар. Бұл түсінікке адамның  қоғамда өзін өзі қалай ұстайтындығымен, сыртқы киіну тəртібімен, əнгімелесу немесе хат алысу дұрыстығымен, өз ойын дұрыс мазмұндаумен, тамақтану мəдениетімен байланысты ережелер жиынтығы жатады. Бизнеске қатысты іскерлік этикет — бұл бизнес аясындағы бекітілген мінез-құлық тəртібі.

Іскерлік  əнгімелесу.

Əңгімелесу барысында  ең негізгі тəртіп бұл əлбетте  əңгімешіні

құрметтеу қажет. Көп жағдайларда əнгімелесудің  жақсы мəнеріне ақша жағдайларын, дене кемістіктерін, əңгімешінің ауруын əңгімелеуге болмайды. ңгіме жанындағы адамдар туралы болмау керек, себебі олар кейін сізді өсек таратуда кінəлауы мүмкін.

Əнгімелесу барысында  дауыс көтеруге, тақырыптан, сұрақтан ауытқуға болмайды. Сондай-ақ əңгімешіге сынай қарауға, айтқан сөздерін бағалауға болмайды, сонымен қатар əңгімешінің кез келген айтқан сөздерімен əр уақытта тез келісе салуғада болмайды. Тыңдай білу қоғамда жоғары бағаланады. Əңгімешілер ортасын жаңартып тұруға тырысыңыз, əңімелесу тақырыптарын жаңартып тұрыңыз, оларға қызықты тақырыптар табыңыз, себебі сізді мылжың екен деп қалуы мүмкін. Созылып кеткен əңгімені стаканға су құю, ыдыстағы тамақты жаңарту арқылы немесе телефонмен қоңырау соғу арқылы тоқта ен, дақсыз, көйлек — таза, аяқ-қиім — таза жəне өкшесі бұзылмаған болуы тиіс. Киім мен қосалқы аксессуар элементтері бір біріне түсі бойынша сəйкес болуы тиіс. Сонымен іскерлік киімдерге қаталдық сипаты тəн болуы керек. Яғни оның жарқыраған түстері болмауы керек. Іс адамына байсалды тондар мен фасондар таңдау қажет. Əдетте жаз мезгілінде жəне күндіз ашық түсті костюмдер, қыста жəне кешкі отырыстарда қара костюмдер киіледі.

 

 

 

 

4) Маркетингтік аудитті қолдаудың ақпараттық жүйелері

 

Маркетингтік  аудит барысындағы іс-əрекет көлемі сəйкесінше

ақпараттық қамсыздануды талап етеді, аудиторлық тексерудің бастапқы қадамы қажетті ақпарат көздерін анықтау болып табылады. Қазіргі кезедегі банктер автоматтандырылған ақпарат жүйелерінсіз жұмыс жасай алмайды. Қаржылық аудитте Audit Expert атты автоматтандырылған ақпараттық жүйе кеңінен таралған. Ол банктің қаржылық жағдайын аудиторлық тексеру барысында қолданылады. Audit Expert жүйесінің негізінде бір қатар уақыт мерзіміндегі бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттарға сай бір ортақ түрге келтіру жатады. Осының негізінде Audit Expert жұмысының нəтижелерін бүкіл дүние жүзі бойынша түсінікті етеді. Банкті маркетингтік басқару тез өзгеріп отырған макро жəне микро орта жағдайларында болашағы зор көзқарас болып табылады. Банкті маркетингтік басқару барысында көптеген мəселелерді шешу үшін кең көлемде ақпараттық база қажет, оларды сақтау жəне талдау қажет. Осыған орай қаржылық есептен басқа маркетингтік талдауға қажетті ақпараттарды жинауы тиіс.

Кең масштабты  ақпараттық-талдау маркетинг жүйесінің  негізі болып Marketing Audit атты ақпараттық-талдау кешені болуы мүмкін, оған Marketing Analytic, Marketing GEO бағдарламалары енеді, олар өз кезегінде Marketing Expert жүйесін толықтырады. Маркетингтің ақпараттық-талдау жүйесінің құрылымы келесі суретте берілген.

 Маркетингтің ақпараттыө-талдау жүйесінің құрылымы

Marketing Analytic

Ішкі  есеп

Сатулардың есебі, маркетинг саласындағы қызмет есебі

Сыртқы  талдау

Рынокты талдау

Ішкі  талдау

Сегменттік талдау, маркетингті ұйымдастыруды

Жоспарлау

Внешний учет

Рынок мониторингісі

Marketing Geo

Marketing Expert

ГЛАВА X

Жаңа технологиялар мен рыноктардың дамуы банктердің экономикалық өсуін прогрессивті білім мен қазіргі заманға сай шешімдері бар өнім жəне құрал-жабдықтар үлесімен анықталуына алып келді.

М. Хаммер, "реинжиниринг" термининінің авторы, шаруашылық үрдістер реинжинирингінің пайда болуын экономикадағы революция деп түсінеді.

Реинжиниринг – бұл бизнес үрдісті толығымен қайта ұйымдастыру. Бұл қайта ұйымдастырудың мəні қазіргі жаңа бəсекелестік орта мен технологиялық даму жұмысты жүргізудің жаңа əдістерін талап етеді. Банктердің барлық күш-жігері де осыған бағытталған. Банк реинжинирингінің концепциясы – бұл барлық қызметкерлерді қатаң уақыт талабына сай қоятын өте ауыр үрдіс. Дегенмен бұл үрдісті басқаруға болады. Басқа басқару əдістерінің арасындағы қазіргі реинжинирингтің орынын анықтайық: тəжірибеде ұйымдастыру үрдістерін жəне жалпы ұйымды дамыту стратегияларын қалыптастырудың көптеген əдістері бар:

* Интенсификация – жоғары деңгейдегі тиімділікке жету мақсатында үрдістерді жетілдіру.

* Кеңею - өткізудің жаңа рыноктарына шығудың ең күшті үрдістерін пайдалану.

* Өсім – клиенттерге кең ауқымды қызмет көрсету үшін үрдістерді дамыту.

* Конверсия – басқа экономикалық субъектілерге қызмет көрсету үшін ең тиімді үрдісті қолдану.

* Инновация – жаңа қызметтерді жасау үшін жəне оларды ұсыну үшін ең тиімді үрдістерді қолдану.

* Диверсификация – жаңа қызметтер үшін жаңа үрдістер құру.

Банктердің реинжинирингке жүгінудің үш жағдайы бар: 1) банктер қиын жағдайда тұр (рынок үлесінің жоғалуы, пайданың төмендеуі, жоғары шығындар жəне т.б.); 2) банктер қиын жағдайда емес, бірақ оның болашақта болуын сезіп тұр; 3) банктер өз тиімділігінің шыңында тұр.

Бірінші жағдайда жүйелік реинжинирингті қолданған жөн, екінші жағдайда – шаруашылық үрдістер реинжинирингі, ал үшінші жағдайда – екі стратегияны бірге қолданған жөн.

* Реинжинирингтің басты мақсаты жүйені, оның үрдістерін жəне оның бөліктерін тиімділікті арттыру үшін түпкілікті өзгерту.

Реинжиниринг ұйымдастырудың барлық «ауруларына» ем емес. Ол тек қана ұйым мақсатына жету құралы, белгілі бір өзгерістер мен жақсартуларға жетуге ықпал етуші құрал

 

5)Шетелдік банк  қызметтер рыногының заңдылықтары  және Қазақстанның банк жүйесінің  дамуы

 

Қазақстан Республикасының Орталық банкі  еліміз тәуелдік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық еңсесінің  негізінде 1990 жылдың желтоқсанында  алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік  банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі  деп аталады.

Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары бірінші деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне  қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің  міндетті түрде орындауы үшін нормативтік  актілер шығарады. Ол нормативтік  актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального  Банка Казахстана» атты қазақ  және орыс тілдерінде шығатын ресми  басылымдарда жарияланады.

Информация о работе Банк маркетингінің түсінігі мен мәні