Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:23, курсовая работа
Банк маркетингін банктің алдын ала қойылған мақсатқа белгілі бір мезетте жетуіне ықпал ететін басқару саласы, банктің философиясы мен стратегиясы деп анықтаймыз. Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.
Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.