Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.........................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................4
Тұлға ұғымы.......................................................................4
Тұлғаның әлуметтенуі........................................................7
Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсері.................10
Тұлғаның әлуметтік қатынастарғы қатысуы..................12
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................20

Файлы: 1 файл

tulga.docx

— 48.44 Кб (Скачать)

АҚ «ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобалық жұмыс

Тақырыбы: Тұлға ұғымының мәеі мен түсінігі

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған:Тортаев Т.К.

 

Орындаған:Ақтай С.Ғ.

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

2012 жыл

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ.........................................................................................3

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................4

 

    1. Тұлға ұғымы.......................................................................4
    2. Тұлғаның әлуметтенуі........................................................7
    3. Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсері.................10
    4. Тұлғаның әлуметтік қатынастарғы қатысуы..................12

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................19

 

  1. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Адамзаттың  жекелеген өкілдерінің өмір сүруі  “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы  әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған  жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын  көрсету үшін енгізілген, яғни бұл  ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Бүгінгі таңда тұлғаны  өзіндік ерекше қасиеттерге ие құбылыс, қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі, «жүйенің» қызметтік рөлдік «жүйелері» ретінде өзіндік реттеуге, адамшылық-эстетикалық, саяси дүниетанымдық таңдауға саналы және еркін түрде қабілетті тұлғаны жан-жақты зерттеудің өмірлік қажеттілігі қазіргі уақытта қоғамтану және «адамтану» ғылымдары үшін өте өзекті мәселе болып отыр.

Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтанудың да осы мәселеге қосар өзіндік үлесі бар. Өйткені  әлеуметтану үшін тұлғаның қалыптасуы мен оның гуманистік айқындалуы және дамуын айқындау өте маңызды. Сол себепті мен жобалық жұмысымның тақрыбын «Тұлға ұғымының мәні және түсінігі»-деп алдым.

Жобалық жұмыстың зерттеу объектісі: Тұлға және тұлғаны қоршайтын қоғам.

Жобалық жұмыстың мақсаты:Тұлға ұғымының мәнін ашу.

Жобалық жұмыстың міндеттері:

    1. Тұлға ұғымын жан-жақты қарастыру.
    2. Тұлғаның қалыптасуы мен әлуметтенуін көрсету.
    3. Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсерін бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұлға ұғымының мәні мен  түсінігі

 

Тұлға - жеке адамның өзіндік  адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі

Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әртүрлі  деңгейлерінде жеке алғандағы және нақтылы-тарихи өзгешіліктерін көрсету  үшін “индивид” деген ұғыммен  қатар, “тұлға” деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз – индивид  дамуының қорытындысы және мұнда  барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.

Әлеуметтік  өмірде адамдардың бір бірімен әртүрлі  салада тығыз қарым-қатынасының, өздерінің  белсенді, саналы іс-әрекеттері арқасында  индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте бірте, келе келе тұлғаға айналу керек. Тұлғаның өзіндік өзгешіліктері, саналығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналад. Тұлға өзі өмір сүріп отырған  әлеуметтік ортада болып жататын  әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың  себепшілері де болып табылады. Сондықтан  да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар  проблеманың тұлғалық жағын ғана жоққа шығармауға тиіс.

Адамзаттың  жекелеген өкілдерінің өмір сүруі  “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы  әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған  жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын  көрсету үшін енгізілген, яғни бұл  ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Әлеуметтік өзара іс-қимылдар мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан:

    • табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын деңгей;
    • биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда адамның жануармен ұқсас болуы міндетті емес;
    • мұрагерлік деңгей - ата-аналарының тектік қорының негізінде тіршілік етіп дамитын деңгей; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес);
    • әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен өзара іс-қимылы барысындағы деңгей.

 

Әлеуметтік көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады:

    • өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет деген белгілер жиынтығы;
    • ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын, жеке адамның ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы;
    • ізгі - адамдағы әдеп нормаларын ең жоғары талаптар ретінде сақтауға байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі.

Бұлайша іріктеу “адам”, “жеке адам” және “тұлға” ұғымдарының аражігін ажырату  үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, ол барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттерді сипаттау үшін пайдаланылады. Бұл ұғым дүниеде  өзіне ғана тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарих дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.

Бірақ адамзат  өз бетінше өмір сүрмейді. Өмір сүретін  де, әрекет ететін де нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі  «жеке адам» деген ұғыммен  көрсетіледі. Жеке адам - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерінің: ақыл-ойының, ерік-жігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. “Жеке адам” ұғымы  бұл арада “нақты адам” мағынасында  қолданылады.

Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі  деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “жеке  адам” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.

Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу  объектісі болып табылады. Философия  тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным  және шығармашылық субъектісі ретінде  қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.

Әлеуметтану проблемаларының бірі тұлғаның құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке адамның әр алуан қызметі  барысында, өзі кіретін қауымдастықтар мен бірлестіктердің ықпалымен  қалыптасатын және қызмет атқаратын  объективті және субъективті қасиеттерінің  жиынтығын қамтиды. Тұлғаның құрылымында  мыналар бөліп қаралады:

1) өмір салты  мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде  көрінетін әлеуметтік сапаларды  жүзеге асыру тәсілі;

2) тұлғаның  объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық  бөлігі, сондықтан оның құрылымы  негізінде қоғамдық қажеттіліктер  орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік  иесі ретінде адамның дамуын  анықтайтын объективті заңдылықтармен  айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді  ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер  тіршілік етуін, өмір сүруін  тоқтатпайды және  тұлғаның мінез-құлқына  айқындық енгізіп отырады;

3) шығармашылық  қызметке - қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері;

4) қоғамның  мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі; 

5) тұлға басшылыққа  алатын ізгілік нормалары мен  принциптері. Және, ақырында сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын  анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.

Әлеуметтануды бірінші кезекте ортақ мәселе қызықтыратын болғандықтан, жеке адамға қатысты әлеуметтанудың түбегейлі  проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады.

 

Әлуметтену ұғымы.

 

“Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде жеке адамның әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және жеке адамның қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.

Әлеуметтенуден  бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің  уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының жеке адамның рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің  мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай  келетін адамның белгілі бір  типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың  мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси  құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда  қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы  бар екенін айтуға болады. Соған  сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір  ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап  және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Әлеуметтену процесінің мазмұны  кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті  меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды  сыйлайтын азаматтар болуына (саяси  әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі  ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену  объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде  адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін  жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен  және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен  етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

Информация о работе Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі