Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 16:09, курсовая работа
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады.
КІРІСПЕ.........................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................4
Тұлға ұғымы.......................................................................4
Тұлғаның әлуметтенуі........................................................7
Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсері.................10
Тұлғаның әлуметтік қатынастарғы қатысуы..................12
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................20
Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. “Девианттық мінез-құлық” санаты мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.
Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.
Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды.
Қоғам түрлі
тәсілдер мен құралдарды пайдалана
отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың
жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға
тырысады. Әрбір әлеуметтік топта
өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше
жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын
әлеуметтік бақылау жүйелері болады.
Жалпыға ортақ қабылданған
Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсері
Тұлғаның әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік қасиеттерін қарастырудың маңызы зор. Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа – райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз. Жоғарыда келтірілген Маркстің топтауына сүйенсек, тұлға өз тағдырларын өзгертуге өз септігін тигізе алады. Қоршаған ортаның ұсынған моделі үнемі өз тұжырымдауымызға сәйкес келе бермейді. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие.
Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі – бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келеді . Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар, конформды ойлау ерекшеліктері, өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайларды сөкпей қолдап отырған жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді.
Көріп
отырғандай, тұлғаны әлеуметтік
тұрғыдан қарастыруда оның
Қоғам - бұл адамдарға белгілі жүйелердің ішіндегі ең күрделісі. Ол, жеке адамдарды бір-бірімен тек тікелей емес, ең алдымен, әр түрлі қоғамдық топтардың өкілі ретінде байланыстыратын әр түрлі қатынастар басты рөл атқаратын аса қиын жүйені көрсетеді. Қоғамда ақылды және тұтас жүйе ретіндегі қазіргі қоғамның мақсаттарына сәйкес келе бермейтін өзінің мақсаттарының ізіне түскен адамдар әрекет етеді. Бұлай болу себебі адам тіршілігінде қанағаттандырылуы оның өмір сүруінің негізгі талабы болып табылатын көптүрлі қажеттіліктерді жетекшілікке алады. Алайда осы қажеттіліктердің өзі функциялық тәуелділікпен байланысты болатын басқа адамдармен өзара әрекеттесу процесінде ғана қанағаттандырылады.
Нақтылы қоғамда
адам бір уақытта оның көптүрлі қажеттіліктерін
бейнелейтін бірнеше әлеуметтік
топтарға жатады. Адамдар өздерінің
іс-әрекеттері процесінде бірігетін
және қоғамдық жүйе шеңберінде ең маңызды
қажеттіліктерін
Қазіргі қоғам жанама рөлдік коммуникациясымен адамдарды әр түрлі, көбінесе кері ықпалдасқан әлеуметтік мәртебелердің субъектілеріне айналдырады. Барлық субъектілер, өзара әрекеттесу ауқымында “осы әлемде өзінің ұстанымдарын және өзінің әлеуметтік әлемді бөлу көрінісін орнатуға ниеттенуі” арқылы әр түрлі символикалық стратегияларды пайдаланады.
Қоғам әлеуметтік қатынас жүйесі ретінде ешқашан тыныштық күйде болмайды. Ол үнемі өздерінің жеке мақсаттарын, жеке мүдделерін іске асыруға ұмтылатын жеке адамдардан тұрады. Әрқайсысының мүдделері әр түрлі болғандықтан, әрбір адам басқа адамдар жасаған кедергілермен оларды іске асыру процесінде қақтығысады. Оған басқа адамдармен араласуға, олармен тығыз ынтымақтасуға немесе жанжалдасуға тура келеді. П.Сорокин атап өткендей: “Адамзат қатынасының барлық шексіз теңізі өзара әрекеттесу процесінен құрастырылады: біржақты және екіжақты, уақытша немесе ұзақ, ұйымдасқан және ұйымдаспаған, ынтымақтастық және антагонистік, саналы және санасыз, идеялық, сезімдік-эмоционалдық және еркіндік”.
Тұлғаның мінез-құлқының нақтылы түрлері аса бағдарланбаған, тұлға барлық жағдайларда белгілі бір таңдау еркіндігіне ие, яғни оларға қарамастан, ол қоғамдық мүдделердің сәйкестігі ретінде іс жасай алады. Соңғы жағдайда біз жеке адамның мінез-құлық аномиясымен жұмыс істейміз. “Аномия” түсінігінің қайнар көзі өзінің тамырымен тереңге кетеді: көне гректер аномияны “заңсыздық”, “нормасыздық”, “басқарылмайтын” деп түсінді. Аномия әлеуметтік деңгейде және жеке-дара психологиялық деңгейде де қарастырылады. Аномиялы адам өзін жоққа шығару философиясымен ерекшеленетін, тек осы уақытқа ғана бағытталған, өткен мен болашақты мойындамайтын скептик ретінде көрсетеді.
Зерттеушілер
“аномияның белгілі бір деңгейі
қоғамда барынша еркіндік үшін қажет:
нормалардың аса қатаю
Неміс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф еңбектеріндегі әлеуметтік жан-жалдар проблемасы терең теориялық негіз алды, ол өзінің әлеуметтану тұжырымдамасын “жанжал теориясы” ретінде анықтайды. Ол қоғамның құрамына төрт жағдай кіретін, жанжалды үлгісін ұсынды:
1) әрбір қоғам
әрқашан өзгеріс күйінде
2) әрбір қоғамда
әрқашан жалпы жанжалға
3) қоғамның
әрбір элементі оның
4) кез келген
қоғам үнемі өзінің
Р.Дарендорф пікірі бойынша, әлеуметтік жанжалдың негізі саяси факторларда жатыр. Олар: билік, мәртебе, абырой үшін күрес. Жанжалдар басым түсуші және бағыныштылар бар кез келген қауымдастықта пайда болуы мүмкін, оның сендіруі бойынша: “Жалпы жанжалға қатысушы элементтер ұқсас кезде ғана өзінің қорытынды нысанына жетеді”.
Р.Дарендорф
көзқарасы бойынша, тым типтілік
қоғам үстемдік етушілер мен бағынушылар
қатынасы, жанжал мен қарсыласу қатынасы
көрінетін қоғам болып
Американ
әлеуметтанушысы Кеннет Эдвард Боулдинг
“Жанжал және қорғаныс: жалпы теория”
еңбегінде қазіргі қоғамда
Боулдинг жанжал қоғамдық өмірден бөлінбейді деп санайды. Әлеуметтік жанжалдың мәні туралы ұсыныс қоғамға оларды бақылауға, басқаруға, олардың салдарын алдын ала білуге мүмкіндік береді.
Р.Э. Парк - Чикаго әлеуметтік-экономикалық мектебінің негізін қалаушы, ол әлеуметтік жанжалды өзара әрекеттесудің негізгі түрінің: жарыстың, бейімделудің, ассимиляцияның және жанжалдың элементі ретінде қарастырады. Оның белгілеуі бойынша, жанжал процесінде өзара әрекеттесу субъектілері бір-бірін және қарама-қайшылықтарды саналы түрде таниды, туындаған жанжал әрі қарай берік байланысқа және әр түрлі ынтымақтастыққа алып келеді. Әлеуметтік өзара әрекеттесуінің маңызды элементі жанжал деп санағандар қатарында Л.Гумплович, Л.Ф.Уорд, Дж. Бернард, т.б. сияқты ірі зерттеушілер де болды.
Бір жағынан, өзара әрекеттесу негізінде ықпалдасудың адамдарды біріктіру процесі өтіп жатыр; екінші жағынан, өзара әрекеттесу кері ықпалдасуға алып келеді, сонда ғана адамдардың немесе топтың әлеуметтік мінез-құлқы қазіргі әлеуметтік ортаның құндылықтары мен нормаларынан ауытқыған болуы мүмкін қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелісін тудырады. Өз кезегінде кері ықпалдасу процесі әлеуметтік өзара әрекеттесуде адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгерісімен де, өзіне енген әлеуметтік ортаның мүдделерімен де байланыста болуы мүмкін.
Жанжал әлеуметтік
өзара әрекеттестіктің маңызды
элементі, керек десеңіз түрі болып
табылатындықтан, олардың әралуандылығынан
екі негізгі типті бөліп
Ынтымақтастық өзара әрекекеттесудің түрі ретінде көбінде адамдар арасындағы нақтылы қарым-қатынаста немесе топта адамдарды біріктіру, өзара көмек, өзара қолдау, махаббат бейнесінің негізі болып табылады.
Бақталастық өзара әрекеттесудің типі ретінде өзара әрекеттесуші тараптар жалпы бөлінбейтін объектіге үміткер болғанда пайда болады. Объектінің талабы ретінде кез келген нәрсе болуы мүмкін (билік, қызмет, сайлаушылар дауысы, жеке меншік). Егер ынтымақтастық өзара қолдау негізінде құрылса, өзара әрекеттесуді тұрақтандыру, нығайту үшін серіктес мүдделерін есепке алуға, бақталастықтың алдын кесуге, жоюға ұмтылуға болады, керісінше жағдайда тек өзінің мүддесін ғана ойлау, қарама-қарсы тараптың пікірімен санаспау, керек болса жойып жіберу, қорлау үстемдік етеді.
Бақталастық
бәсекелестік пен жанжалды қабылдай
алады. Бәсекелестік белгілі бір
ресурстарды немесе басымшылдықты
бақылауға қатысты күш