Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 16:09, курсовая работа
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады.
КІРІСПЕ.........................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................4
Тұлға ұғымы.......................................................................4
Тұлғаның әлуметтенуі........................................................7
Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсері.................10
Тұлғаның әлуметтік қатынастарғы қатысуы..................12
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................20
Егер әлеуметтік жанжал қоғамдық қатынастың міндетті атрибуты болса, онда олардың себебі неде?
Біріншіден, әлеуметтік жанжалға қоғамдық қатынастың толық болмауының өзі ықпал етеді: қоғамның әлеуметтік жағынан бірыңғай еместігі, табыс деңгейіндегі, биліктегі, әлеуметтік мәртебедегі, білімге қол жеткізудегі айырмашылықтар, діни айырмашылықтар және басқа көптеген факторлар.
Екіншіден,
әлеуметтік жанжалдар әлеуметтік-
Әлеуметтік
жанжал - бұл қоғам мүшелері жалпы
мойындайтын өндіріс
Жанжалдың жағымдылығына және жағымсыздығына қатысты әр түрлі көзқарастар бар, бұл жерде сөз жанжалдың жағымды және жағымсыз қызметтері жайында болады. Жабық сипаттағы ұзаққа созылған жанжалдар адамның психикасын бұзады, үнемі шиеленіс күйінде ұстайды, сондықтан қарсылас тараптарды ашық қақтығысуға алып келетін күтпеген оқиға жағдайларды бәсеңдетеді, психологиялық қызушылықты төмендетеді, дұрыс шешім жеке адамдардың өзара әлеуметтенуіне көмектеседі, позитивті өзгерістерді ынталандырады.
Жанжалдың және бір жағымды қызметі қоғамда жұмылдырушы рөл атқару қабілетінен, әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші бола алуынан байқалады.
Алайда жанжал көбінесе жағымсыз, бұзушы сипатта болады. Олар адамдарды күйзеліс күйіне, психикасын бұзуға, достарды, ғашықтарды ажыратуға, т.с.с. әкелуі мүмкін.
Жанжалдың көптеген түрлері бар. Олар қарқынымен, типімен, қатысушылардың құрамымен, себептерімен, мақсаттарымен және салдарымен, сонымен бірге қоғамдық өмірдің салалары бойынша ерекшеленеді. Жанжалды өзара әрекеттесу субъектісіне байланысты осылайша жіктеуге болады.
Тұлғалық жанжал - ішкі күрес, жеке-дара сананың деңгейінде болады. Жүріс-тұрыстың тұрақсыздығынан көрінетін тұлғаның дағдарысы, психикалық жөнге салынбағандығы, қазіргі тым “сәтті” қоғам үшін төтенше типтілік құбылыс, ол баяғыда-ақ батыс әлеуметтанудағы ең ұнататын тақырыпқа айналды.
Қоғам тұлғалық қатынастың ішкі құрылымында гуманистік пен патологиялық немесе “шектелген” тип сипатында құрастырылуы мүмкін.
Мысалы, Польша зерттеушісі К.Поспишил өзінің “Адамдар арасындағы патологиялық қатынастың негізделуі” еңбегінде қазіргі американдық қоғамда бәсекелестік жағдайында, ақшаға және жетістіктегі жеке адамның тек өзіне ғана бағыттылығы оны жалғыздыққа, сезімсіздікке, өзімшілдікке, нарциссизмге ұшыратады деп жазды.
Қазіргі заманғы
қоғамды американдық
Жеке адам
мен тұлғаның арасында, әсіресе айқын
жеке-даралық пен әлеуметтік нақтылық
арасында әрқашан да қарама-қайшылық
бар. Әлеумет ешқашан жеке адамның
қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал
жеке адам ешқашан әлеуметтің талаптарына
жауап бермейді. Әрбір адамның
мүмкіндіктері, қабілеттіліктері, дүниетанымдық
сипаты ол нақтылықтың әсерімен қалыптасса
да, өмірдің талаптарына ешқашан
жауап бермейді. Бұл - принциптік сәйкессіздік
және сондықтан жеке- даралық пен
қоғамдықтың қарама-
Тұлғаны субъект ретінде айта отырып, негізінен, біз оның қарама-қайшылықтарды шешу қабілетіне назар аударамыз.
Тұлғааралық
жанжал - жанжалдың ең кең тараған
түрі, жеке адам-жеке адам схемасы бойынша
іске асырылады. Екі немесе одан көп
адамдар арасындағы немесе топтар арасындағы
келіспеушілік. Жанжалға әр түрлі мінезді,
темпераментті, құндылықты бағалауда
ерекшеліктері бар адамдар
Тұлға немесе топ арасындағы жанжал туралы айтқанда Т.Парсонс енгізген “рөлдік күтім”, “рөлдік орындау” түсінігін келтіруге болады. Жанжал топтық күтім жеке тұлғаның талаптануымен және күтімімен қарама-қайшылыққа түскен кезде немесе керісінше, тұлғаның күтімі, топтық күтіммен қарама-қайшылыққа түскен кезде пайда болады. Рөлдік жанжалда тұлға өзінің құндылық иерархиясына сүйене отырып, өз бетінше басым рөлге таңдау жасайды (“үлгілі әке”, “аянбайтын ғалым”, т.б.).
Жанжалды оқиғалар қайсыбір рөлдер атқаратын (жеке адамдар мен топтар) адамдармен жасалынады, яғни рөлдік жанжал болады. Онда екі аспект бар - объективті және субъективті. Біріншіден, әр түрлі рөлдер көбінесе қарама-қарсы мақсатпен және жеке адамдардың мінез-құлықтарының әр түрлі әдістерімен объективті өмір сүреді. Мысалы, өзінің жұмыс күшін сататын жалданбалы жұмысшы және ұсынылған жұмыс орнына жұмыс күшін сатып алатын жұмыс беруші. Олардың арасындағы байланыс ерекше жауапкершілікке, мүдделердің сәйкессіздігіне, қатаң келісім-шартқа және формальділікке негізделеді. Бұл жерде бір тараптың бір әрекеті тек өзара оқшауланудың ғана емес, сонымен бірге күрестің, бақталастықтың ықтималдылығының жоғары деңгейін анықтайтын маңызды шығын немесе басқаға маңызды пайда әкеледі. Жанжалды оқиғаның рөлдік негіздегі ерекшеліктерінің бірі - бұл субъектілерді белгілі бір әрекетке итермелеу. Екіншіден, қарама-қайшылықты рөлдер субъективті түрде өмір сүреді.
Қарама-қарсы міндеттер
мен қызметтерді атқаратын
Топаралық жанжал - қарама-қарсы мүддеге ие әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар, адамдар арасындағы жанжал. Топаралық жанжалдың өзіндік ерекшелігі бар нысаны ретінде этноұлттық жанжал алға шығады. Тең құқықтық, теңдік, мүдделер тепе-теңдігі, диалог - өрлеу мен әлеуметтік ұлттық салт-дәстүрді үйлесімді сәйкестендіруге, қай ұлтқа жатпаса да барлық азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктері мен құқықтарын іске асыруға көмектесуді іске асырушы, шешуші принциптер.
Қазіргі жағдайда әлеуметтік жіктелістің күшеюі Қазақстан қоғамында әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, жеке адамдардың өзара әрекеттесу процесіндегі жанжал түрлерінің пайда болуына әкелді. Олар әлеуметтік теңсіздіктің өмір сүруіне, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілмеуіне, мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қорғаудың жоқтығына байланысты. Бұл әлеуметтік жанжалдар қоғамдық қатынастың жай-күйін, олардың орындалмауын сипаттай отырып, әрі қарай оның дамуына, өздігінен жетілуіне өздері ықпал етеді және жанжалдасушы тараптарды ынтымақтастыққа, әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара қатынасының үйлесімділігіне әкеледі. Мұнда, біздің ойымызша, қарама-қарсылық бірлестігі және күрес ретінде диалектикалық заңдардың біреуі іске асуы тиіс. А.Здравомыслов былай деп жазады: “Теңсіздік, соның ішінде әлеуметтік теңсіздік жойылмайды. Және ол адамның өмірлік энергиясын ынталандыратын жанжалдың, жарыстың маңызды қайнар көзі болғандықтан, жалпы қоғам үшін жағымды мәнге ие”.
Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін теңдік және теңсіздік деңгейі, бір жағынан, адамдар арасындағы жарыстың рухы мен мақсаттылығын сақтауға, екінші жағынан, қоғамда үнемі болатын жанжалды ахуалды болдырмауға міндетті шараларға ие болу керек.
Кез келген әлеуметтік жанжал қандай да бір өлшемде бірдей болады. Онда әр түрлі топтар мен мүдделер әрекет етеді, сондықтан жанжалды шешу сипаты да өзіне тән ерекшелікке ие. Жанжалды шешу қорытындысы өзгеруші проблемалық оқиға, яғни адами қатынастар болып табылады. Әдетте, “дұшпан бейнесі” “серіктес бейнесіне” айналады, әлеуметтік өзара әрекеттесудің жаңа нысандарының әрі қарай дамуына жеке тоқталсақ, жарыстарға немесе ынтымақтастыққа жол ашылады. Бұл фактіні барлық әлемдік тәжірибелер дәлелдейді.
Қазақстандық қоғамда нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайында қоғамның ресми мәлімденген мақсаттары мен оларға жетудің әлеуметтік мақұлданған әдістерінің арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болуы девиантты мінез-құлықтың, жанжалды оқиғалардың базасы болып табылады (егер Р.Мертонның аномия теориясына сүйенсек). Кез келген дағдарыс сенімсіздікті, кері бағыттылықты, үрейді тудыратынын ұмытпау керек. Және қоғамның қазіргі күйінен жалпы бүлінуді, құлаудан басқа ештеңені көрмеу үлкен қателік болар еді. Қазіргі дағдарыс дамудың жаңа деңгейін, жаңа сапасын тудыра алатын дағдарыс
қатарына жатады.
Қорытынды
Менің жобалық жұмысымның мақсаты «тұлға» ұғымының мәнін ашу еді.Жалпы «тұлға» ұғымы тек қана әлуметтану ғылымына ғана қатысты мәселе емес, «тұлға» ұғымының толық мәнін ашу үшін,оны психология және философия тұрғысынан да қарастырған жөн.Мен бұл жұмысымда алға қойған мақсаттар мен міндерге сүйене отырып «тұлға» мәселесін әлуметтану тұрғысынан қарастырдым.
Біріншіден, мен
тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес.Сондықтан мен қортындылай келе мен мынадай тұжырымға келдім: «Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады».Тұлға .Сонымен, тұлғаның қалыптасуы өзара байланысқан бірқатар деңгейлерді - адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және дүниетанымдық қалыптасуын қамтитын күрделі процесс болып табылады. Әлеуметтену институттары адамға мінез-құлық үлгілерінің мәдени нормаларын үйретіп қана қоймай, әлеуметтік нормалар мен рөлдердің қаншалықты берік, терең және дұрыс меңгерілгенін де бақылап отырады.
Тұлғаның саяси өмірдің
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі