Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Іс жүзінде коммерциялық есепті шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, аз шығындар жұмсау жағдайында жақсы нәтижелерді қамтамасыз ету, үнемдеудің қатаң тәртіптерін сақтау өндірістік өзіндік құнның барлық қосындыларын тұрақты бақылап отыруды, баптар және элементтер бойынша шығындарды терең талдауды талап етеді. Осының барысында өнімді емес шығындар мен кемістіктерді мұқият талдау керек. Мұндай шығындар мен кемістіктерді күнделікті бақылау, факторларды оперативті талдау ғана жанды заттай еңбек шығынын тиімсіз жұмсауды тыяды. Үнемдеу тәртібін сақтау өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады, пайданы арттырады және материалдық ынталандыру мүмкіндігін ұлғайтады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3

I. Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы.
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................7
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................12

II. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1. Тікелей материалдық шығындарды талдау.................................................16
2.2. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................19
2.3. Жанама шығындар.........................................................................................21
2.4. "Ақ алтын" ЖІПС - нің өзіндік құнын талдау.............................................25

III. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.
3.1. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері..............................................32
3.2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары................................................34

Қорытынды............................................................................................... 37

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................... 38

Файлы: 1 файл

курсовая Айша!.doc

— 287.50 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

I. Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы.

1.1. Өнімнің өзіндік  құны туралы түсінік.............................................................5

1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................7

1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................12

 

II. Өнімнің өзіндік құнын талдау.

2.1. Тікелей материалдық шығындарды талдау.................................................16

2.2. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................19

2.3. Жанама шығындар.........................................................................................21

2.4. "Ақ алтын" ЖІПС - нің  өзіндік құнын талдау.............................................25

 

III. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.

3.1. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері..............................................32

3.2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары................................................34

 

Қорытынды............................................................................................... 37

 

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................... 38

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың қалыптасуы жеке кәсіпорындар деңгейінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде талдаудың дамуын негіздейді, себебі осы звенолар (қандай да болмасын меншік нысанында) нарықтық экономиканың негізін кұрайды.

Экономикалық процестерді  зерттеу жеке шаруашылық фактіден, құрылыстан, ситуациядан басталады. Олар жиынтығында басқарылатын жүйенің қандай да болмасын звеносында және басқарылатын жүйенің шаруашылық қызметін мәнін білдіретін шаруашылық процесті білдіреді.

Іс жүзінде коммерциялық есепті шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, аз шығындар жұмсау жағдайында жақсы нәтижелерді қамтамасыз ету, үнемдеудің қатаң тәртіптерін сақтау өндірістік өзіндік құнның барлық қосындыларын тұрақты бақылап отыруды, баптар және элементтер бойынша шығындарды терең талдауды талап етеді. Осының барысында өнімді емес шығындар мен кемістіктерді мұқият талдау керек. Мұндай шығындар мен кемістіктерді күнделікті бақылау, факторларды оперативті талдау ғана жанды заттай еңбек шығынын тиімсіз жұмсауды тыяды. Үнемдеу тәртібін сақтау өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады, пайданы арттырады және материалдық ынталандыру мүмкіндігін ұлғайтады.

Біздің дәуіріміздің экономикалық жүйесінде кәсіпорынның алатын орнының ерекшелігін оның өнім өндіруге шығаратын шығындарының өзгешіліктері де белгілейді.

Өндіріс шығындары деп-әдетте өнімді өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Барлық мәселе бұл шығындарды кімнің жасайтынында. Қоғам тұрғысынан алып қарағанда, тауар өндіруге жұмсалатын толық шығын толық емес шығынына (ағымдағы және заттанған, қажетті және қосымша еңбекке) тең.

Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде көрінеді. Қоғам шығындары мен кәсіпорын шығындары арасындағы айырмашылық, тиісінше, кәсіпорынның өз өнімдерін өткізетін баға мен олардың өзіндік құнының арасындағы айырмашылық кәсіпорынның таза табысын құрайды.

Таза табыстың негізгі  формасы - пайда.

Қорытып алынған түрінде пайда шаруашылықты жүргізудің нәтижелерін, ағымдағы және заттанған еңбектің жұмсалуының өнімділігін бейнелейді, сондықтан да кәсіпорындар жұмысы тиімділігінің маңызы экономикалық сипаттамасы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні.

1.1. Өнімнің  өзіндік қүны туралы түсінік

 

Өнімнің өзіндік құны-бұл кәсіпорынның өнімді өндірумен және өткізумен байланысты барлық шығындарын ақшалай нысанда білдіретін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктердің қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға олардың шығаратын өнімі қаншаға түсетінін көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнына өнімге өткізілген еңбектің шығындары (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдық, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) мен кәсіпорындардың жұмысшыларының еңбек ақысына шығындар енгізеді.

Шығарылатын өнімнің  нақты өзіндік құнын талдау, резервтері және оны төмендетуден экономикалық тиімділікті анықтау барысында экономикалық факторлар бойынша есеп қолданылады. Экономикалық факторлар өндіріс процесінің барлық элементтерін-кұралдарды, еңбек заттарын және еңбектің өзін толық қамтиды. Олар кәсіпорын ұжымдарының өзіндік құнды төмендету бойынша жұмыстарының негізгі бағыттарын сипаттайды: еңбек өнімділігін арттыру, дайындық жұмыстарын арзандату және еңбек заттарын жақсы пайдалану, әкімшілік басқару және басқа да сәйкес шығындарды қысқарту, алдыңғы қарарлы техника мен технологияны енгізу, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, ақауларды қысқарту және өнімді емес шығындар мен кемшіліктерді жою.

Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнының төрт түрін ажыратады. Цехтік өзіндік құн өнімді өндіру осы цехтың шығындарын қамтиды. Жалпы, зауыттық өнімді өндіруге кәсіпорынның барлық шығындарын көрсетеді. Толық өзіндік құн өнімді өндіруге ғана емес, сонымен қатар оны өткізуге де барлық шығындарды сипаттайды. Салық өзіндік күн жекеленген кәсіпорындардың жұмыс нәтижелеріне, сол сияқты бүкіл сала бойынша өндірісті ұйымдастыруға байланысты.

Өнеркәсіптік өнімді өндіруге шығындар алғашқы экономикалық элементтер және шығындар баптары бойынша жоспарланады және есепке алады.

Алғашқы экономикалық элементтер бойынша топтау кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттіліктерді, негізгі қорлардың амортизацияға сомасын еңбек ақы төлеуге шығындарын және кәсіпорынның басқа да ақшалай шығындарды анықтайтын, өндірістік шығындар сметасын жасауға мүмкіндіктер береді. Мұндай топтау өзіндік құн бойынша жоспардың техпромфин жоспардың басқа бөлімдерімен келістірілуі үшін, айналым құралдарын жоспарлау үшін олардың пайдалануын бақылау үшін қолданылады. Өнеркәсіпте эканомикалық элементтер бойынша шығындардың келесі топтамасы қабылданған:

- шикізаттар мен негізгі материалдар;

- көмекші материалдар;

- отын (шет жақтан);

- энергия (шет жақтан);

- негізгі қорлардың амортизациясы;

- еңбек ақы;

- әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;

- элементтер бойынша бөлінген, басқада шығындар.

Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Өнімнің  өзіндік құнына әсер етуші  факторлар

 

Шығарылатын өнімнің  нақты өзіндік құнын талдау, резервтері және оны төмендетуден экономикалық тиімділікті анықтау барысында экономикалық факторлар бойынша есеп қолданылады. Экономикалық факторлар өндіріс процесінің барлық элементтерін - құралдарды, еңбек заттарын және еңбектің өзін толық қамтиды. Олар кәсіпорын ұжымдарының өзіндік құнды төмендету бойынша жұмыстарының негізгі бағыттарын сипаттайды: еңбек өнімділігін арттыру, дайындық жұмыстарын арзандату және еңбек заттарын жақсы пайдалану, әкімшілік басқару және басқа да сәйкес шығындарды қысқарту, алдыңғы қатарлы техника мен технологияны енгізу, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, ақауларды қысқарту және өнімді емес шығындар мен кемшіліктерді жою.

Өзіндік құнды нақты  төмендетуді білдіретін үнемдеу  факторлардың келесі құрамы бойынша  есептеледі:

1. Өндірістің техникалық  деңгейін арттыру.

Бұл жаңа, прогресивті технологияларды енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматизациялау; шикізаттар мен материалдардың жаңа түрлерін пайдалануды және қолдануды жақсарту; өнімдердің конструкциясы мен техникалық сипаттамаларын өзгерту; өндірістің техникалық деңгейін арттыратын басқа да факторлар.

Осы топ бойынша өнімнің  өзіндік құнына ғылыми-техникалық жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің ықпалы талданады. Әрбір іс-шара бойынша өндіріске кеткен шығындарды төмендету мен сипатталатын экономикалық тиімділік сипатталады. Іс-шараларды іс жүзіне асырудан болатын тиімділік (үнемдеу) өнім бірлігіне шығын мөлшерлерін іс шараларды енгізуге дейін және одан кейін салыстыру және алынған айырмашылықты жоспарланатын жылдағы өндіріс көлеміне көбейту арқылы анықталады:

Э = (Ссн)* Ан ,

Э - тікелей ағымдық шығындардың үнемделуі,

Сс  - іс-шараларды енгізуге дейінгі өнім бірлігіне тікелей ағымдық

шығындар,

Ан - іс шараларды енгізуден бастап жоспарланатын жылдың соңына

дейін өнімнің натуралды бірлігіндегі көлемі.

Бір уақытта өткен  жылдарда іс жүзіне асырылған іс-шаралар  бойынша жалғасатын үнемдеу де ескерілуі  қажет. Оны жылдық есептік үнемдеу мен өткен жылдық жоспарлы есептерінде ескерілген оның бөлігі арасындағы айырма ретінде анықтауға болады. Бірқатар жылдар ішінде жоспарланатын іс-шаралар бойынша үнемдеу жаңа технологияның көлемімен орындалатын жұмыс көлеміне байланысты тек есепті жылы, осы жылдың басына дейін енгізулердің маштабын есепке алмай есептеледі. Өзіндік құнды төмендету басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, ЭЕМ қолдану, әрекет етіп отырған техника мен технологияны жетілдіру мен модернизациялау барысында да болуы мүмкін. Шығындар шикізаттарды кешенді пайдалану, үнемді алмастыргыштарды қолдану, өндірісте қалдықтарды толық пайдалану нәтижесінде де қысқарады. Үлкен резерв өзінде өнімнің жетілдірілуін, оның материалды және еңбекті қажетсінуін төмендетуді, машиналар мен құралдарды салмағының төмендетілуін, габаритті мөлшерлердің төмендетілуін қамтиды.

2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру.

Өзіндік құнды төмендету өндірісті ұйымдастыруды, өндірісті мамандандыруды дамыту барысында еңбектің формалары мен әдістерінде өндірісті басқаруды жетілдірудің және оған шығындарды төмендетудің; негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың; материалдық-техникалық қамсыздандыруды жақсартудың; транспорттық шығындарды қысқартудың; өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыратын басқа да факторлардың нәтижесінде іс жүзіне асырылуы мүмкін.

Өндірістің техникасы  мен ұйымдастыруын жетілдіру барысында әр фактор тиімділігін анықтап, оны белгілі топқа қосу қажет. Егер мұндай болу қиын болса, онда тиімділікті белгілі бір мақсатты іс-шара немесе факторлар тобына қарай бөлуге болады.

Ағымдағы шығындарды азайту үшін негізгі өндріске қызмет ету жағдайларын жетілдіру қажет. (Мысалы, ағымдық өндірісті дамыту; ауысу коэфицентін жоғарылату; технологиялық  жұмыстарды жақсарту; құрал-жабдық шаруашылығын тәртіпке келтіру; жұмыс және өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру).

Адам еңбегінің шығындарын азайту үшін қызмет көрсету нормасын жоғарылату, жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту; норманы орындамаған жұмысшылар санын қысқарту, т.б. Бұл үнемдеу мөлшерін жұмыстан шыққан жұмысшылар санының келесі жылдағы орта жалақы көлеміне көбейту арқылы анықтаймыз (әлеуметтік сақтандыруға, арнайы кесілме, тамаққа шығарылған шығындар есепке алынады). Қосымша үнемдеуді жалпы өндіріс кұрылымын жетілдіру арқылы алуға болады. Ол басқару шығындарын азайту және басқару қызметкерлерін жұмыстан шығару арқылы оларға төленетін жалақы мөлшерін үнемдеу арқылы көрінеді.

Негізгі қорларды пайдалануда  жақсарту кезінде өзіндік құнның азаюы келесі жағдайлар арқылы жүзеге асады. Құалдардың сенімділігі мен ұзақ мерзімдігін арттыру; алдын-ала жоспарлы жөндеу жүйесін жетілдіру; негізгі қорларды пайдалану, іске қосу, жөндеудің индустриялды әдісін енгізу арқылы орталықтандыру және іске асыру. Мұнда үнемдеу мөлшері бір құрамға байланысты азайған шығын мөлшерін (амортизациядан басқа) орта жұмыс істейтін құралдарға (немесе басқа негізгі қорға) көбейту арқылы анықталады.

Материалдық-техникалық қамсыздандыруды және материалдық ресурстарды  жетілдіру шикізат пен  материалдардың  шығындарының нормасын азайту, өзіндк кұнды азайту арқылы жүргізіледі. Шикізат пен материалдарды жеткізіп берушіден қоймаға дейінгі тасымалдау шығындарын, завод қоймасынан тұтыну орнына тасымалдау шығындарын және дайын өнімді тасымалдау шығындарын азайту арқылы жалпы тасымалдау шығындары азаяды.

Өзіндік құнды азайту резервтері қалыпты өндірістік процесті ұйымдастыруда қажет емес шығындарды азайту ақырлы жүргізілді (шикізат, материалдар, отын, энергия, үстеме жалақы т.б. нормативтен  жоғары шығындар). Мұндай ортақ шығындарды анықтау үшін арнайы әдістерді қолдану және коллектив назарын аудару қажет. Оларды анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіледі және ол өз уақытысында есептеледі, өндірістегі нормативтік шығындарға талдау жасалады.

3. Өнімнің көлемін және құрылымын өзгерту арқылы жағдайлы-тұрақты шығындарды, амортизациялық төлемдерді азайтуға болады және өнім номенклатурасы мен ассортиментін өзгертуге, оның сапасын жоғарылатуға болады және ол өнімнің өзіндік құнын азайтады. Жағдайлы -тұрақты шығындар арқылы үнемдеу мөлшері келесі формула арқылы анықталады:

ЭЯ=(Т*ЯС)/100

Мұндағы Эп - жағдайлы-тұрақты шығындардың үнемдеу мөлшері; Пс - базис жылындағы жағдайлы  тұрақты  шығындар  сомасы;   Т-  базис

жылымен салыстырғандағы тауар өнімдерінің өсу деңгейі.

4. Табиғи ресрстарды пайдалануда жақсарту. Мұнда келесі жағдайлар қарастырылды: шикізат сапасы мен құрамының өзгерісі, табиғи ресурстарды жер қойнауынан алу әдістері және оларды дайындау; басқа табиғи жағдайлардың айнымалы шығындардың мөлшеріне әсерін көрсетеді. Олардың өзіндік құнды азайтуға әсерін талдау өңдеуші өндіріс салаларының әдістерін негізге ала отырып жүргізіледі.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні