Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:17, реферат
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбінесе монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашигтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
1. Мемлекет нысанының түсінігі,мазмұны және мемлекетті басқару нысаны. Монархиялық басқару нысаны. Республикалық басқару нысаны;
2. Мемлекеттік әкімшілік-құрылым нысаны. Тұтас мемлекеттер. Федерация. Конфедерация;
3. Мемлекет нысанының режимдері. Саяси режим. Авторитарлық режим. Тотаритарлық режим.
Жоспар:
1. Мемлекет нысанының түсінігі,мазмұны және мемлекетті басқару нысаны. Монархиялық басқару нысаны. Республикалық басқару нысаны;
2. Мемлекеттік әкімшілік-құрылым нысаны. Тұтас мемлекеттер. Федерация. Конфедерация;
3. Мемлекет нысанының режимдері. Саяси режим. Авторитарлық режим. Тотаритарлық режим.
Мемлекет нысанының түсінігі,
Мемлекеттің
сыртқы нысаны мен ішкі
Тәуелсіз Қазақстанда
екі жылдан кейін 1993 жылғы
Конституцияның орнына екінші 1995
жылғы Конституция алынды.Бұл
соңғы Конституция
Мемлекеттік
тарихи даму процесінде оның
нысанына бірнеше жағдайлар
Мемлекеттің
құрылысына экономикалық және
саяси жағдайлар әсерін
Мемлекеттің
құрылымына қоғамның ұлттық құрамы,
тарихи әдет-ғұрыптары немесе
ерекше тарихи жағдайлары да
әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,Америка,
Мексика мемлекеттері көп
Қазақстан
жерінде көне дәуірден қазақтың
арғы атасы түріктер, бергі атасы
қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда
Қазақ хандығы құрылып,
Мемлекеттің
нысанына – халықаралық
Республика
– жоғары мемлекеттік билік
белгілі бір мерзімге
Парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады;
Президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады;
Аралас, бұл мемлекетте үкіметті
президент пен парламент
Монархиялық басқару нысаны
Мемлекеттің
басқару нысанына оның жоғары,
орталық және жергілікті органдарының
құрылуы, олардың қарым-
Монархия жоғарғы
билік бір адамның қолында
болады және бұл билік
Республикалық басқару нысаны
Егер мемлекетте жоғары және төменгі органлардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы – республика деп аталады. Республика, мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек ақсүйектері жіберілді.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика – қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).
Мемлекеттік әкімшілік – құрылым нысаны
Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы, және мемлекеттің, және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым – ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың еркшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Тұтас мемлекеттер. Қазақсатан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды, деген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады ). Сонымен, тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік жергілікті-аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, олады президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілетті органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік – аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган – әкім.
Федерация. («федус» деген сөз – одақ деп латын тілінен аударылады ). Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия БҰҰ мүшесі ) Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формалды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы СССР, Югославия, Ресей, Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағына және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы конфедерацияның заңдары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашигтон бұл федерацияны құмнан істелген арқан деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа қызмет бабы әр штатың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815 – 1866 жылдары, Швейцария – 1815 – 1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.
Мемлекет нысанының режимдері
Саяси режим
– саяси өкіметті іске асыруға
арналған құралдардың,
Саяси режим – саяси режимнің динамикалық (қыймылдығы), функционалдық (қызметтік) сипаты. «саяси режим» және «саяси жүйе» бір-бірімен тығыз байланыстағы категориялар. Егер біріншісі, қоғамның саяси өміріндегі қатынасатын комплекстегі институттарды көрсетсе, екіншісі, сол билік қалай іске асырылады, ол институттар қалай әрекет жасайтынын (демократиялық не демократиялық емес) көрсетеді.
Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдын-ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим – әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды.
Саяси режимнің белгілері:
-Саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-Мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының ара-қатынасы;
-Жеке адамның бостандығының кепілділігі;
-Қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
-Халықпен саяси билікті тікелей асыру деңгейі;
-Ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;
-Мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;
-Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Демократиялық режим. Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған режим. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР). Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан президенттік тұтас республика, демократиялық режимі қалыптасып келе жатқан дәрежеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік режим. Англия – тұтас парламенттік монархия, либералдық-демократиялық режим. АҚШ – федеративтік президенттік республика, демократиялық режим. Араб халифаты – теократиялық құрама монархия, діни саяси режим.