Мемлекет нысанының түсініг

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:17, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбінесе монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашигтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Оглавление

1. Мемлекет нысанының түсінігі,мазмұны және мемлекетті басқару нысаны. Монархиялық басқару нысаны. Республикалық басқару нысаны;
2. Мемлекеттік әкімшілік-құрылым нысаны. Тұтас мемлекеттер. Федерация. Конфедерация;
3. Мемлекет нысанының режимдері. Саяси режим. Авторитарлық режим. Тотаритарлық режим.

Файлы: 1 файл

реферат мем.docx

— 29.33 Кб (Скачать)

     Авторитарлық режим – қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, онда саяси билік халықтың аз қатынасуымен адаммен (таппен, партиямен, бетке ұстар адаммен) жүргізіледі. Бұл режимнің ең басты сипатына авторитаризм (соөыр бағыныштылыққа негізделген) жатады, яғни билік пен басқарудың әдісі, қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде көрінеді (мысалы, Испанияда Франко, Чилиде Пиночета басқарған кезеңдер де болды.

     Авторитарлық саяси режимнің  белгілері:

   Орталықта және жергілікті жерлерде, билік біреудің не бірнеше тығыз байланысты органдардың қолына жиналады, бір мезгілде халық шын мәніндегі мемлекеттік биліктен қол үзеді;

   Заң шығаруға, атқаруға және сот биліктеріне бөлу принциптері мойындалмайды (көп жағдайда президент, атқару-бөлу органдарын өзіне бағындырып, басқа органдарға заң шығару және сот ісімен шұғылдану тапсырылады);

   Өкілетті  органдардың  билігі, билігі бар субъектімен   тежеледі;

   Шын мәнінде сот қосымша орган ретінде болады. Сотқа қатынасы жоқ органдар пайдаланылады;

   Мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды сайлау, олардың халық алдында есеп беруі, принциптерінің аясы кеміп, тіпті жоққа тән болады;

   Мемлекетті басқаруда, әкімшілік-бұйрық (командалық) әдістері үстем болады;

   Жеке цензурасы сақталады, былайша айтқанда «жартылай ашықтық» сақталады;    

   Біртұтас идеологиясы болмайды;

   Қоғамдық өмірдің барлық орталары тексерілмейді;

     Тотаритарлық саяси режимнің  белгілері:

   Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына бірдей үстемдік жүргізуге, бәрін қамтитын билікке тырысады;

   Қоғам іс жүзінде түгелімен саяси биліктен бөлінген, бірақ оны мойындамайды, себебі саяси сезімділікте (таза фашистік кейіптегі мемлекет) екендігі күмәнсіз;

   Экономиканың, ақпарат құралдарының, мәдениеттің, діннің және адамдардың жеке өмірлеріне, тіпті адамдардың қыймылдарының себептеріне дейін, мемлекеттің монополиялық бақылауында болады;

  Абсолютті «құқықтық», дәлірек құқыққа қарсы, қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни , рұқсат етіледі, тек сол нәрсе, егер ол заңмен көрсетілсе – деген принципке негізделген;

   Мемлекеттік билік бюрократтық жолмен құрылады, қоғамнан жасырын жолдармен «ореал құпиялықпен» қорщалған, халықтың атынан бақылауға жіберілмейді;

   Басқарудың әдісі ретінде, күштеу, қыйнау және террор қолданылады;

 

 

 


Информация о работе Мемлекет нысанының түсініг