Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Іс жүзінде коммерциялық есепті шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, аз шығындар жұмсау жағдайында жақсы нәтижелерді қамтамасыз ету, үнемдеудің қатаң тәртіптерін сақтау өндірістік өзіндік құнның барлық қосындыларын тұрақты бақылап отыруды, баптар және элементтер бойынша шығындарды терең талдауды талап етеді. Осының барысында өнімді емес шығындар мен кемістіктерді мұқият талдау керек. Мұндай шығындар мен кемістіктерді күнделікті бақылау, факторларды оперативті талдау ғана жанды заттай еңбек шығынын тиімсіз жұмсауды тыяды. Үнемдеу тәртібін сақтау өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады, пайданы арттырады және материалдық ынталандыру мүмкіндігін ұлғайтады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3

I. Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы.
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................7
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................12

II. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1. Тікелей материалдық шығындарды талдау.................................................16
2.2. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................19
2.3. Жанама шығындар.........................................................................................21
2.4. "Ақ алтын" ЖІПС - нің өзіндік құнын талдау.............................................25

III. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.
3.1. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері..............................................32
3.2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары................................................34

Қорытынды............................................................................................... 37

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................... 38

Файлы: 1 файл

курсовая Айша!.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

-   еңбек заттарын жетілдіру (шикізаттың прогрессивтік түрін қолдану, сол сияқты материалдар мен қуаттарды пайдалану);

-   шикізаттар мен материалдарды,  жартылай  фабрикаттарды тиімді пайдалану;

-   өндірістік  процестерін  комплексті  механикаландыру  және автоматтандыру.

Мысалы, өндірістік жабдықтарды  үнемді пайдалану, өндірістік күші мол  жабдықтарды пайдалану еңбек  ресурстар шығынын азайтады, сонымен  бірге амортизациялық қайтарымы  көбейтеді т.б.

Өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісінің тиімділігін арттыру материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты.Өнімнің қор сиымдылығы мен материал сиымдлығы басты экономикалық категорияларға жатады. Өнімнің материал сиымдылығы өндіріс процесінде материалдық шғындарды тиімді пайдалану деңгейін көрсетеді. Неғұрлым жаңа технология және техника пайдаланылса, оны қолданатын жұмысшылар жоғары дәрежелі маман болса, тауардың материалдық сиымдылығы кемиді. Ол кеміген сайын оның өзіндік құны кемиді. Неғұрлым материал сиымдылығы өндірістік қорға ықпалын тигізеді. Материалдық ресурстарды үнемдеуде материалдық шығынын нормалау үлкен рөл атқарады. Барлық экономикалық болжам -есептер нормативті көрсеткіштерге байланысты. Егер материалдық шығындар нормативі техникалқ - экономикалық жан - жақты негізднлген болса, ол жағдайда материалдық шығын азаяды, пайдалану тиімділігін арттырады.

Материалдық ресурстарды  үнемдеу жолдары әрбір фактор бойынша бөлек есептеліп, қорытынды жасауды талап етеді.

Резервтерді анықтау  үшін нақтылы көрсеткіштерді номативті  көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Ол үшін калькуляциялық статьялардың жоспарлы, нақтылы көрсеткіштерін салыстырып, қорытындыларын жеке - жеке талдап материалдық шығындарды азайту, көздерін нақтылы шараларды белгілеу керек.

Өзіндік құнды жоспарлау -оның кему мүмкіндігін және өндіріске шығын мен қор жинау деңгейінің оптималды варианты көзделуі керек. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау күнделікті немесе ағымдағы және болашақтағы болып екіге бөлінеді.

Болашаққа жоспарлау  бірнеше жылды қамтиды. Ал ағымды немесе күнделікті шығынды жоспарлауда болашақтық жоспардың көрсеткіштерін қайта тексеріп анықтайды.

Әртүрлі өнім шығаратын  кәсіпорын ӨӨҚ-н кеміту жоспарын салыстырмалы тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққан өнім мөлшерімен теңестіріледі. Жоспарлаудың бастапқы кезеңінде қандай факторлардың ықпалы мен шығынның азайып көбейгендігін талдау қорытындысынан анықтау керек. Базис жылындағы өнімнің өзіндік қүны арқылы тауарлы өнімнің бір теңгесіне шағатын шығынды анықтау қажет.

Жоспарлау жылындағы  тауарлар өнімнің өзіндік қүны базис  жылындағы өзіндік құнның мөлшері мен жэне жоспарланған өндірістік өнімнің көтерме баға мөлшері мен байланысты.

ӨӨҚ-ң салыстырмалы өнімге қарағанда кемуін жоспарлау өткен  жылмен салыстырып пайыз есебімен беріледі.

Егер өндірілген өнім салыстырмалы тауарлары болмаса  теңгелік тауар өнімнің шығынын анықтау үшін өндірілген тауардың көтерме баға деңгейіндегі көлемін, жалпы немесе толық шығынына бөлу керек.

 

 

 

Қорытынды.

 

Курстық жұмыс кәсіпорын қызметінде өнімнің өзіндік құнын талдауды қолдану қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетеді. Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық тұрғыдан негізді құрастырылған ғылым ретінде сипаттауымызға болады. Әртүрлі деңгейдегі өндірістерді басқаруда бірқатар әдістер қолданылады.

Өнркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып өнімнің өзіндік құны табылады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, ұдайы өндірістің ұлғаймалы қарқыны, шаруашылық жүргізуші, субъектілердің қаржылық жағдайлары оның деңгейіне тәуелді болып келеді.

Өнімнің өзіндік құнын талдау осы көрсеткіштің өзгеру тенденцияларын, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуын, оның өсіміне факторлардың ықпалын анықтауға жэне соның негізінде мүмкіндіктерді пайдалануы бойынша кәсіпорынның жұмысына баға беруге және өнімнің өзіндік күнын төмендету резервтерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Теориялық және практикалық бағыттарда талдаудың даму перспективалары аралас ғылымдардың дамуы мен, ең алдымен математикамен, статистикамен, бухгалтерлік есеппен және т.б. тығыз байланысты.

Жалпы табыс пен таза табыстың арасындағы айырмашылық сол -біріншісі өзінің құрамына еңбекке төленетін ақыны қамтиды, ал екіншсі қамтиды.Еңбек ақы қорымен пайданы біріктіретін жалпы табыс кәсіпорынның әлеуметтік ерекшелігін бейнелейді, мұның шешуші маңызы бар. Жалпы табыс пен пайда қоғамның, еңбек ұжымының және жеке қызметкерлердің экономикалық мүдделерін үйлестіру үшін материалдық негіз құрайды. Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алу мен тікелей байланысты.

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Зайцев Н.Л. «Экономика промышленного предприятия»,чебник; 2- е изд.перераб и доп.

-М:Инерра-М, 1998 ж.

2.Сергев И.М. «Экономика предприятия»

- М: Финансы и статистика, 1997 ж.

3. «Экономика предприятия» /Под. Ред. В.Я.Хрипача.

-Минск, 1997 ж

4. «Анализ хозяйственной деятельности предприиятия». Г.В. Савицкая.

- Минск, 2000ж.

5. «Экономика предприятия». Под. ред.проф. В.Я. Горфинкеля,

-М:  1996ж.

6. «Экономика роедприятия». Ученик для экономических вузов. Под. ред. Руденко А.И.

-Минск: 1995ж.


Информация о работе Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні