Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:56, курсовая работа
Іс жүзінде коммерциялық есепті шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, аз шығындар жұмсау жағдайында жақсы нәтижелерді қамтамасыз ету, үнемдеудің қатаң тәртіптерін сақтау өндірістік өзіндік құнның барлық қосындыларын тұрақты бақылап отыруды, баптар және элементтер бойынша шығындарды терең талдауды талап етеді. Осының барысында өнімді емес шығындар мен кемістіктерді мұқият талдау керек. Мұндай шығындар мен кемістіктерді күнделікті бақылау, факторларды оперативті талдау ғана жанды заттай еңбек шығынын тиімсіз жұмсауды тыяды. Үнемдеу тәртібін сақтау өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады, пайданы арттырады және материалдық ынталандыру мүмкіндігін ұлғайтады.
Кіріспе......................................................................................................................3
I. Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы.
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................7
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................12
II. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1. Тікелей материалдық шығындарды талдау.................................................16
2.2. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................19
2.3. Жанама шығындар.........................................................................................21
2.4. "Ақ алтын" ЖІПС - нің өзіндік құнын талдау.............................................25
III. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.
3.1. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері..............................................32
3.2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары................................................34
Қорытынды............................................................................................... 37
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................... 38
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен еңбек ақының өсуінің дұрыс өзара қатынастарымен анықталады. Еңбек өнімділігінің өсуі өнімнің өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз ете отырып еңбек ақының өсуінің алдына шығып отыруы керек.
Еңбек ақының өзгеру факторларын талдау барысында "Ғылыми-техникалық іс-шараларды енгізу актісін" пайдалану қажет. Ол жерде іс-шараны енгізу есебінен еңбек ақының үнемделуі көрсетіледі.
2.3. Жанама шығындар.
Өнімнің өзіндік құнының жанама шығындары келесі кешенді баптармен көсетілген: құралдарды сақтау және пайдалануға шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығындар. Осы шығындарды талдау 5-10 жыл динамикасында, сонымен қатар есепті кезеңнің жоспарлы деңгейімен тауарлы өнімнің теңгесіне олардың нақты шамасын салыстыру жолымен жүзеге асырылады. Мұндай салыстыру тауарлы өнімнің құнында олардың үлесі динамикада және жоспармен салыстырғанда қалай өзгергенін және қандай тенденция - өсу немесе төмендеу байқалатынын көрсетеді. Кейінгі талдау барысында шығындардың абсолюттік және салыстырмалы өзгерісін тұрғызатын себептерді айқындайды. Өзінің құрамы бойынша осы кешенді баптар шығындардың бірнеше элементтерінен тұрады.
Машиналарды және құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша шығындар машиналар мен технологиялық құралдардың амортизациясын, оларды ұстап тұру бойынша шығындарды пайдалану бойынша шығындарды, жүктердің зауыт ішіндегі қозғалысы бойынша шығындарды қамтиды. Шығындардың кейбір түрлері (мысалы, амортизация) өнімдерді өндіру көлеміне тәуелді емес және шартты-тұрақты болып табылады. Басқалары толығымен немесе бөлшектеп болса да, оның өзгеруіне тәуелді және шартты өзгермелі болып табылады.
Өнімдердің нақты көлемін шығаруға жоспарлы шығындарды есептеу үшін келесі формула қолданылады.
3Ск = Зп* (100 + ΔТП% *К3)/100
Зск - өімдердің нақты көлемін шығаруға түзетілген шығындар;
Зт - баптар бойынша шығындардың жоспарлы сомасы;
ΔТП % - тауарлы өнімді шығару жоспарды артық өндіру (кем өндіру);
ΔКг - өнімдерді шығару көлеміне шығындардың тәуелділік коэффициенті %.
Амортизацияның жалпы сомасы машиналар мен құрал жабдықтар санына, олардың құрылымына, амортизация құны мен мөлшеріне тәуелді. Құралдардың құны аса қымбат машиналарды сатып алу және инфляцияға байланысты оларды қайта бағалау есебінен өзеруі мүмкін. Амортизацияның орташа нормасы қорлар құрамындағы құрылымдық қозғалыстар есебінен өзгеруі мүмкін.
Осы өндірістік қуаттылықтарды өнімдер неғұрлым көп шығарса, соғұрлым өнім бірлігіне амортизациялар мен басқа да тұрақты шығындар аз келеді.
Пайдалану шығындары пайдаланылатын объектілер санына, олардың жұмыс істеу уақыты мен 1 машина сағат жұмыстарына үлесті шығындарына тәуелді.
Капиталды ағымдық және профилактикалық жөндеу жұмыстарына шығындар жөндеу жұмыстарының көлеміне, олардың күрделілігіне, негізгі қорлардың тозу дәрежесіне, босалқы бөлшектер мен жөндеу матетиалдарының құнына, оларды үнемді пайдалануға тәуелді.
Жүктердің ішкі қозғалысына шығындар транспорт құралдарының түріне, оларды толық пайдалануға, өндірістік бағдарламаларды орындау дәрежесіне, жылжымалы құрамындағыларды пайдалануға құралдарды үнемді пайдалануға байланысты. Цехтық және жалпы зауыттық шығындарды талдау үлкен маңызға ие. Себебі олар өнімнің өзіндік құнында көп үлес салмаққа ие.
Цехтік және жалпы зауыттық шығындарды талдау үшін аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолданады. Әрбір бап бойынша жоспардан абсолютті және салыстырмалы ауытқуды және олардың себептерін анықтайды.
Талдау процесінде өндіргіш емес шығындар, салғырттық салдарынан кемістіктер анықталуы қажет. Оларды өнімнің өзіндік құнын төмендетудің пайдаланылмаған резервтері ретінде қарастыруымызға болады.
Өндіргіш емес шығындар ретінде шикізаттар мен дайын өнімдердің бұзылуынан және жетіспеушілігінен кемшіліктерді, кәсіпорынның кінәсінан уақытша тоқтап тұруларды төлеуді осы уақыт үшін және жұмысшыларды квалификацияланбаған еңбекті талап ететін жұмыстарында пайдаланылуына байланысты. Қосымша төлемдерді, кәсіпорынның тоқтап тұру мерзімінде тұтынылған энергия мен отынның құнын есептеуімізге болады.
Өнім бірлігінің өзіндік құнындағы жалпызауыттық және жалпышаруашылық шығындарды талдау кәсіпорын бойынша оларды толық талдау барысында алынған нәтижелерді ескеріп жүзеге асырылады. Бұл шығындар дайындалған өнімдердің жеке түрлері арасында сатып алу материалдарынан басқа тура шығындарға пропорционалды бөлінеді.
Өнім бірлігіне тиетін осы шығындардың сомасы келесі өзгерістерге байланысты болады:
1) цехтік және жалпы зауыттық шыгындардың жалпы сомасының;
2) накладнойларды бөлу үшін база болып табылатын тікелей шығындар сомасының;
3) өнімді өндіру көлеміне.
Осы факторлардың ықпалын есептеу үшін тізбектік орын басу әдісі қолданылады.
Коммерциялық шығындар сатып алушыларға өнімдерді жіберу бойынша шығындарды (жүкті арту - түсіру шығындары, жеткізіп беру), тароға және қораптарға, жарнамаға, өткізу нарықтарын зерттеу және т.б.
Тауарларды жеткізіп беру бойынша шығындар тасымалдау қашықтығынан, тасымал жүгінің салмағына, жүктерді тасымалдағаны үшін транспорттық тарифтерге, транспорт құралдарының түріне байланысты.
Тауарларды арту және түсіру бойынша шығынды түсірілген өнімдердің салмағының және өнімнің бір тоннасын түсіру және арту бағаларының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Қораптар мен тароларға шығындар олардың саны мен құнына байланысты. Саны әдетте жіберілген өнім көлемі мен өнім бірлігіне қораптардың шығын нормасына байланысты.
Қорап материалдарын үнемдеу тиімсіз, себебі әдемі, эстетикалық, тартымды қорап - өнімге сұранысты арттырудың негізгі факторларының бірі және осы бап бойынша шығындардың артуы сату көлемінің артуы мен өтеледі. Дәл осы сияқты, жарнамаға, өткізу нарығын зерттеуге және басқа да маркетинг шығындар жөнінде айтуымызға болады.
Жанама шығындарды талдаудың соңында оларды қысқартуға мүмкін резервтер есептеледі және оларды игеру бойынша нақты ұсыныстар жасалады.
2.4. "Ақ алтын" ЖШС - нің өнімнің өэіндік құнын талдау.
Өнімнің өзіндік құныныңнақты мысалы да өндіріс көлемінің ықпалымен өзгеру сипатын қарастырамыз:
Кесте 2.1.
Шығындарының жалпы сомасының және өнім бірлігінің өзіндік құнының тәуелділігі.
Өнім өндірісінің көлемі. |
Бүкіл өндірісінің өзіндік құны, мың. тең. |
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың. тең. | ||||
| Тұрақты шығындар |
өзгермелі шығын |
барлығы |
Тұрақты шығын |
өзгермелі шығын |
барлығы |
500 1000 1500 2000 2500 |
50 50 50 50 50 |
40 80 120 160 200 |
90 130 170 210 250 |
100 50 33 25 20 |
80 80 80 80 80 |
180 130 113 105 100 |
50 мың теңге көлеміндегі
тұрақты шыгындардың жалпы
Кесте 2.2.
"Ақ алтын" ЖШС - нің өнімін өндіруге кеткен шығындар.
Шығындар элементі |
Сомасы мың. тең. |
Шығындар құрылымы % | |||||
| Жоспар |
Факт |
+,- |
Жоспар |
Факт |
+,- | |
Марериалдық шығындар Еңбек ақы Әлеуметтік қорғау қорына аударымдар Негізгі қорлардың амортизациясы Басқада өндірістік шығындар |
28168 20500 6150 3150 15564 |
31746 21465 6440 3500 15967 |
3578 965 290 350 403 |
36,14 26,3 7,89 4,04 19,96 |
37,72 25,5 7,65 4,16 18,97 |
1,58 -0,8 -0,24 0,12 -0,99 | |
Барлық өндірістік шығындар |
73532 |
79118 |
5586 |
94,33 |
94,0 |
-0,33 | |
Коммерциялық шығындар |
4420 |
5050 |
630 |
5,67 |
6,0 |
0,33 | |
Толық өзіндік |
|||||||
құн |
77952 |
84168 |
6216 |
100,0 |
100,0 |
||
Соның ішінде: |
|||||||
Өзгермелі |
|||||||
шығындар |
54567 |
59338 |
4771 |
70,0 |
70,5 |
-0,5 | |
Тұрақты |
|||||||
шығындар |
23385 |
24830 |
1445 |
30,0 |
29,5 |
-0,5 |
Кестеден көрініп тұрғандай, кәсіпорынның нақты шығындары жоспарлыдан 6216 мың теңгеге немесе 8 % - ға жоғары. Артық шығындалу барлық түрлері бойынша, әсіресе, материалдық шығындар бойынша болды. Өзгермелі және тұрақты шығындар сомасы артты. Шығындардың құрылымы да үлесі және негізгі қорлардың амортизациясы да артты, ал еңбек ақы үлесі кеміді.
Кесте 2.3.
"Ақ алтын" ЖШС
- нің тауарлы өнімінің
теңгесіне шығындар сомасының
өзгеруіне факторлардың
Шығындар |
Сомасы. мың.тең. |
Шығындардың өзгеру факторлары | |||
| Өнімдерді шығару, көлемі |
Өнімдердің құрылымы |
Өзгермелі шығындар |
Тұрақты шығындар | |
Жоспар бойынша өнімдердің жоспарлы шығарылуы |
77952 |
жоспар |
жоспар |
Жоспар |
жоспар |
Өнім өндірісінің нақты көлеміне есептелген деңгей бойынша |
79372 |
нақты |
жоспар |
жоспар |
жоспар |
Өнімнің нақты шығарылуына жоспарлы деңгей бойынша |
80640 |
нақты |
нақты |
жоспар |
жоспар |
Тұрақты шығындардың жоспарлы деңгейіндегі нақты |
82723 |
нақты |
нақты |
нақты |
жоспар |
Нақтылары |
84168 |
нақты |
нақты |
нақты |
нақты |
Кестеден, шартты - натуралды нысанда тауарлы өнімдердің шығарымы бойынша жоспарды артық орындауға байланысты шығындар сомасының 1420 мың. теңгеге өскені көрініп ұр.
Өнімдерді шығару құрылымының өзгеруі есебінен шығындар сомасы 1268 мың теңгеге (80640 - 79372) өсті. Бұл, өнімді жалпы шығаруда көп қажет ететін өнімдердің үлесінің артқанын куәландырады. Үлесті өзгермелі шығындардың өсуі 2083 мың теңге құрады (82723 - 80640). Тұрақты шығындар жоспармен салыстырғанда 1445 мың теңгеге артты, ол да шығындардың жалпы сомасының артуының негізгі себептерінің бірі.
Информация о работе Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні