Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Іс жүзінде коммерциялық есепті шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, аз шығындар жұмсау жағдайында жақсы нәтижелерді қамтамасыз ету, үнемдеудің қатаң тәртіптерін сақтау өндірістік өзіндік құнның барлық қосындыларын тұрақты бақылап отыруды, баптар және элементтер бойынша шығындарды терең талдауды талап етеді. Осының барысында өнімді емес шығындар мен кемістіктерді мұқият талдау керек. Мұндай шығындар мен кемістіктерді күнделікті бақылау, факторларды оперативті талдау ғана жанды заттай еңбек шығынын тиімсіз жұмсауды тыяды. Үнемдеу тәртібін сақтау өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады, пайданы арттырады және материалдық ынталандыру мүмкіндігін ұлғайтады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3

I. Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы.
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................7
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................12

II. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1. Тікелей материалдық шығындарды талдау.................................................16
2.2. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................19
2.3. Жанама шығындар.........................................................................................21
2.4. "Ақ алтын" ЖІПС - нің өзіндік құнын талдау.............................................25

III. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.
3.1. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері..............................................32
3.2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары................................................34

Қорытынды............................................................................................... 37

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................... 38

Файлы: 1 файл

курсовая Айша!.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

5. Салалық және басқа да факторлар, олар: жаңа өндірісті, цехтарды, өндіріс бірлігін енгізу және жүзеге асыру; Жұмыс істеуші өндірістен жаңа өндірісті дайындау және жүзеге асыру; басқа да факторлар. Ескі цехтарды ликвидациялау және жаңа цехтарды енгізу, өндірістерді жоғары техникаландыру нәтижесінің ең жоғарғы көрсеткіштерін пайдалана отырып, өзіндік құнды азайту үшін резервтерге талдау жасалуы қажет.

Резевтерде сонымен қатар жаңа өнімдерді дайындау және өндіру, жаңа технологиялық процестерді қолдану, жаңа цехтарды енгізу уақытысына шығындарды азайту арқылы өзіндік құнды азайту қарастырылады.

Шығындарды өзгеру сомасын есептеу формуласы келесі түрде көрсетіледі:

Эп= (Сх / Д1 -  С / Д0)*Д1

Мұндағы, Эп - өндірісті дайындау жэне іске қосу шығындарының өзгерісі;

С0}- базисті және есепті жылдағы шығындар соммасы; Д0,Ді - базисті және есепті жылдағы тауар өнімінің көлемі. Өнімнің өзіндік құнын талдау объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады:

1. тауар өнімінің бүкіл немесе шығындар элементтері бойынша толық өзіндік құны;

2. тауар өнімінің теңгесіне  шығындар;

3. салыстармалы тауар  өнімінің өзіндік құны;

4. жеке өнімнің өзіндік құны;

5. шығындардың баптары  немесе жекелеген элементтері.

Ақпарат көздері: өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу туралы кәсіпорынның "Есеп", өнімнің өзіндік құнының жоспарлы және калькуляциялары, негізгі және көмекші өндірістер бойынша синтетикалық жөн аналитикалық есеп мәліметтері және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау

 

Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашыылқ шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді.

Экономкалық элементтер бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. Сондықтан экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтаумен қатар өндіріске шығындар шығындардың баптары (калькуляция баптары) бойынша жоспарланады және есепке алынады.

Шығындар калькуляциялық баптар бойынша топтау шығындарды оларды орны мен қолданысы (мақсаты) бойынша көру, кәсіпорынға жеке өнім түрлерін өндіру және өткізу қаншаға түсетінін білу мүмкіндігі. Калькуляция баптары бойынша өнімнің өзіндік құнын жоспарлау және есепке алу өзіндік құнның осы деңгейі кандай факторлардың ықпалымен қалыптасқан, оны төмендету үшін күресті қандай бағыттарда жүргізу қажет екендігін анықтауға мүмкіндіктен береді.

Өнеркәсіпте негізгі калькуляциялық баптардың келесі номенклатурасы қолданылады:

1)  шикізаттар мен материалдар;

2)  техникалық қажеттіліктерге  отын мен энергия;

3)  өндірістк жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;

4)  құралдарды ұстап түруға және пайдалануға шығындар;

5)  цехтік шығындар;

6)  жалпы зауыттық  шығындар;

7)  ақаудан кемшіліктер  (потери)

8)  өндірістік емес  шығындар.

Шығындардың алғашқы  жеті бабы фабрикалық - зауыттық өзіндік  құнды құрайды. Толық өзіндік құн фабрикалық - зауыттық өзіндік құннан және өндірістік емес шығындардан қалыптасады.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін кәсіпорынның шығындары жанама және тікелей болып бөлінеді. Тікелей шығындарға өнімді шығарумен тікелей байланысты және оның жеке түрлері бойынша тікелей жолмен есепке алынатын шығындар жатады: негізгі материалдардың, техникалық мақсаттарға, отынның, энергияның құны, негізгі өндірістік шығындардың еңбекақысы және т.б. жатады.

Жанама шығындарға өнімнің  нақты түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызу мүмкін емес немесе тиімсіз болып табылатын шығындар жатады: цехтік, жалпы зауытттық, құралдарды сақтау және пайдалану бойынша шығындар.

Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны өнім бірлігін өндіруге және өткізуге шығындардың мөлшері көрсетілетін калькуляцияны құру жолымен анықталады. Калькуляция өнеркәсіптің осы саласында қабылданған шығындар баптары бойынша құрастырылады. Калькуляцияның үш түрін ажыратады: жоспарлы, есепті және нормативті. Жоспарлы калькуляцияда өнімнің өзіндік құны шығындарды жекелеген баптар бойынша есептеу жолымен, ал нормпатвтік-берілген кәсіпорында әрекет етіп отырған нормалар бойынша анықталады. Сондықтан ол жоспарлы калькуляциямен салыстырғанда ұйымдастырущылық-техникалық іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде нормативтердің төмендетілуіне байланысты қайта қарастырылады, әдетте, ай сайын. Есепті калькуляция бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде құрастырылады және өнімнің нақты өзіндік құнын көрсетеді. Соның арқасында өнімдердің өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуын тексеру және өндірістің жекелеген учаскелерінде жоспардан ауытқуларға анықтауға мүмкіндіктер болады. Есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі аса прогресивті болып табылады және өндірістік процестің жүруін, өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша тапсырмалардың орындалуын күнделікті бақылау жүргізуге мүмкіндіктер береді. Осы жағдайда өндіріске шығындар екіге бөлінеді: норма шеңберіндегі шығындар және шығындар нормасынан ауытқулар. Норма шеңберіндегі барлық шығындар топтамалық, жеке тапсырыстар бойынша ескеріледі. Белгіленген нормалардан ауытқулар олардың себептері мен кінәлары бойынша есепке алынады, және ол ауытқу себептерін оперативті талдауға, жұмыс процесінде олардың алдын алуға мүмкіндіктер береді. Осындай жағдайда есепке алудың нормативтік әдісінде өнімдердің нақты өзіндік құны нормалар бойынша шығындар мен ауытқу және ағымдық норматвтердің өзгеруі нәтижесіндегі шығындарды сомалау жолымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Өнімнің өзіндік құнын талдау.

 

Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент. ӨӨҚ өндіру сатыларына байланысты: цехтық, зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.

Өнімнің цехтық өзіндік  құн - бүған өндірілетін өнімге цехта, учаскелерде, бригада да шыққан шығын кіреді.

Өндірістік өзіндік  құн - бұл цехтық шығындар + жалпы зауыттық, өндірістік шығындар.

ӨӨҚ=ЦӨҚ(1+Әжөш)

Жалпы өндірістік шығын (Әжөш) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтың шығындарға шаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэфициенті 0,5 болса, ӨӨҚ = 1+ 0,5=1,5 ЦӨҚ

Өнімнің толық  өзіндік құны. Өзіндік қүн + өнімді өткізуге кететін шығындар.

ТӨҚ = ӨӨҚ (1+0,03) мұндағы 0,03 коэфициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері.

ӨӨҚ қолдану мақсатына  қарай (жоспарлау, есептеу, талдау, т.б) бірнеше түрге бөлінеді: өнімнің  жалпы, тауарлы немесе сатылған өнімнің  өзіндік кұны, салыстыратын өнімнің  өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және т.б. болып бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзіндік құны жоспарлы, болжамды, (есеп) нақтылы деп бөледі.

Жоспарлы өзіндік  құн - бүл қажетті шығындар, ғылым мен техника жетістігіне ұйымдастыру жағдайына баланысты.

Болжамды есеп өзндік құн - бұл техникалық - экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін т.б ғылыми жетістіктерді ескереді.

Нақтылы өзіндік  құн - барлық өнімге шаққандағы нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.

 

2.1. Тікелей материалдық шығындарды талдау.

 

Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнында көп үлес салмағын шикізаттар мен материалдарға шығындар алып жатыр. Осы бап бойынша шығындардың жалпы сомасы (2-сурет) өнімдерді өндіру көлеміне (УВП), оның құрылымына (УД,) және жеке өнімдерге үлес шығындарының өзгеруіне (УМЗі) байланысты.

 

Сурет 2.

Тікелей материалдық  шығындардың факторлық жүйесінің  блок схемасы.




 


 

 




 

 

 

 

 

Жекелеген өнімдерге  үлесті материалдық шығындар өнім бірлігіне жұмсалған  материалдар  санына (массасына)  (УР,) және материалдар

бірлігінің орташа бағасына (Ц1) байланысты.

Осы факторларлардың  ықпалын есептеу тізбектің орналастыру әдісімен жүргізіледі.

Өнім бірлігіне шикізаттар мен  материалдардың шығыны сапаға, материалдың  бір түрін басқасына ауыстыруға, шикізат рецептурасының өзгеруіне, техника мен технологияға өндірісті ұйымастыруға, жұмысшылардың квалификациясына, шикізат қалдықтарына байланысты.

Ең алдымен қандай да болмасын факторлардың есебінен материалдық үлесті шығындарының өзгеруін біліп алып, содан кейін барып өнімнің түрінің жоспарлы бағалары өндірістің нақты көлеміне көбейту қажет.

 

ΔМЗХі = ΔУРХіІл *VВП

 

Материалдың бағасының орташа деңгейі  шикізаттар нарығына, мердігерлердің жіберу бағасын, материалдық ресурстардың топ ішіндегі қүрылымына, транспорттық жэне дайындау шығындарының деңгейіне, шикізаттардың сапасына жэне т.б. тэуелді. Осылардың эқайсысына байланысты материалдық шығындардың жалпы сомасының өзгеруін білу үшін і - түріндегі тауардың орташа бағасының немесе материалдар тобының і - факторы есебінен өзгерісін сәйкес түрде қолданылатын материалдардың нақты санына көбейту қажет:

 

ΔМЗХі = ΔУРХі * Ц,п * VВПІф

 

Көптеген кәсіпорындарда басқа да мақсаттарда іс жүзіне асыруға немесе қолдануға болатын жоспардан артық қайтарымды қалдықтар орын алуы мүмкін. Егер, олардың құнын мүмкіндігінше пайдалану бағасымен салыстыратын болсақ, онда өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындар қанша сомаға артқанын білуімізге болады.

Бұдан басқа, жоспардан ортақ қайтарымды қалдықтарға байланысты өнімдердің қаншалықты алынбай қалғанын есептеуімізге болады. Ол үшін бастапқы шикізат бағасы бойынша жоспардан ортақ қайтарымды қалдықтардың қүнын олардың шығын нормасына, өнім бірлігіне бөлуіміз қажет.

Жоспардан ортақ қайтарымсыз қалдықтардың болуы өнімнің тікелей қымбаттауына және оны шығаруды азайтуға (кемітуге) әкеп соғады. Материалдық шығындардың сомасы қаншалықты өскенін анықтау үшін жоспардан ортақ қайтарымсыз қалдықтардаң санын бастапқы материалдың

жоспарлы бағасына көбейту қажет. Содан кейін, осы фактор есебінен өнімді шығару қаншалықты төмендегенін және осған байланысты өнім бірлігінің өзіндік құны қалай өзгергенін анықтауымыз керек.

Бір материалды басқасымен ауыстыру нәтижесінде тек өнім бірлігіне тұтынылған материалдардың саны ғана емес, сонымен қатар олардың құны да өзгереді. Осыған байланысты өнім бірлігіне материалдық шығындары қалай өзгергенін анықтау үшін ауыстырғыш материалдың үлесті шығыны (УР0)  арсындағы  айырманы  ауыстырылатын материалдың  бағасына (Ц0)

көбейту керек, ал ауыстырғыш материал бағасы (Ц) мен ауыстырушы материал бағасы (Ц0) арасындағы айырманы ауыстырғыш материалдың үлестік шығынына (УРХ) көбейту жэне нэтижелерді қосу керек.

 

ΔУМЗ = (УР, -УР0)*Ц0<;     ΔУМЗ = (Цг0)*УР,

 

Егер кәсіпорында сатып алынатын комплектілеу бұйымдары мен жартылай фабрикаттар бар болса, онда кәсіпорын үшін кооперация қаншалықты тиімді екенін анықтауға болады. Ол үшін сатып алу бағасы мен кәсіпорында өнімді дайындаудың өзіндік салыстырады. Егер сатып алу бағасы дайындаудың өзіндік құнынан төмен болса, онда өнімді немесе жартылай фабрикатты сатып алу тиімдірек.

 

 

 

 

2.2. Еңбек ақы төлеуге  шығындарды анықтау.

 

Өндірістік жұмысшыларың еңбек ақысына шығындар тікелей шығындар баптарында көрсетіледі. Көмекші жұмысшылардың еңбек ақысы негізінен құралдарды сақтау және пайдалану бойынша шығындар баптарында көрсетіледі, қызметкерлердің еңбек ақылары цехтің және жалпы зауыттық шығындар құрамына кіреді. Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақылары бу, су, электр қуатының өзіндік ұнына кіреді және таулы өнімдердің өзіндік құнына тікелей емес, ал жанама түрде будың, судың, электр қуатының шығындары жатқызылған кешенді баптар арқылы ықпал етеді.

Сондықтан, еңбек ақыны талдау, ең алдымен, оның жалпы қоры және кәсіпорынның  өнеркәсіптік-өндірістік   қызметкерлердің    жеке

категорияларының қорлары  бойынша, бұл еңбек ақы қандай баптарда көрсетілгеніне қарамастан жүзеге асырылады. Жекелеген категориядағы жұмысшылардың еңбек ақы қорының өзгеруіне әкеп соққан себептерді анықтағаннан кейін, осы өзгерістер өнімнің өзіндік құнындағы әртүрлі баптарына қандай шамада ықпал еткенін анықтауға болады. Еңбек ақы қорының жоспардан ауытқуын өнімдерді шығару жоспарын орындау процентіне шығуымыз, еңбек ақының жоспарлы қорынан салыстырмалы ауытқуын есептеуіміз керек. Осының барысында жұмысшылардың еңбек ақысына ықпал ете бермейтінін ескеруіміз керек. Егер, өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің еңбек ақы қоры тек кесімді - жұмысшылар бойынша өнімді шығару көлеміне пропорцияналды өзгеретін жағдайды ескеретін болсақ, онда ИТР қызметкерлер, МОП, қорғаныс қызметкерлерінің еңбек ақы қоры бойынша салыстырмалы үнемдеу есептелінбейді.

Кәсіпорынның жұмыс тиімділігіне және еңбек ақы қорының шығынына жұмысшыларды сыйақылау құралдарын пайдалану көп ықпалын тигізеді. Сыйақылау жөнінде ережені талдау тиімділігі өнімді өткізуден алынған қосымша пайданы немесе жүзеге асырылады.

Тікелей еңбек ақының жалпы сомасы тауарлы өнімнің өндіріс көлеміне, оның құрылымы мен жекеленген бұйымдарға шығын деңгейіне байланысты. Олар өз кезегінде 1 адам/сағ еңбек ақы деңгейі мен еңбекті қажетсінуіне тәуелді.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен мәні